Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






М. ӘУЕЗОВТЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КӨЗҚАРАСЫ




Сарыбекова Ж

 

Сөз зергері, халқымыздың мақтанышы Әуезов Мұхтар Омарханұлының педагогикалық мұрасына үңілер болсақ, ұлы жазушының қазан төңкерісінен кейінгі жылдары баспасөз беттерінде педагогика, әдістемелік ғылымдар және халық ағарту ісінің толып жатқан өзекті мәселелерін көтергенін көреміз.

Әуезов Мұхтар ғұлама ғалым ғана емес, ұлағатты ұстаз да еді. Сонымен қатар оның жасаған құнды шығармалары қазақ халқының тарихын, өмірін, мәдениетін, тәлім-тәрбиесін, ұлттық мінезін бүкіл әлемге паш етті. Олай дейтініміз, Әуезовтың оқу-ағарту және тәрбие саласына арнап жазған ғылыми-әдістемелік еңбектері мен оқулық кітаптары, мақалалары ұшан-теңіз.

Мұхтар Омарханұлы жиырма жасында-ақ ғылымға, оқу-ағарту ісіне, мәдениетке көп көңіл бөліп, оны өз еңбектерінде анық та айқын көрсете білді. Атап айтар болсақ, олардың қатарында – «Қайсысын қолданамыз», «Оқу ісі», «Ғылым тілі» және т.б. еңбектері бар.

Мұхтардың балалық шағына көз жүгіртсек, ол атасы Әуезден ескіше хат таныған және оған жастай әсер еткен ауылдағы өмірі, қоршаған ортасы, ұлы Абайды көзінің көруі, оның өлеңдерін жатқа айтуы дер едік. Соның игі әсері болса керек, ол тым ерте кезден-ақ Абай ғибраттарына, оның жалпақ ел өміріне еккен үлгі-өнегесіне айрықша көңіл аударып, ер жетеді.

Мұхтар Омарханұлының тұңғыш жарық көрген тырнақалды туындысы –

«Адамдық негізі – әйел» (1917) деп аталады. Бұл мақаласында Әуезов тәрбиенің түпкі тамыр-тереңіне сүңгіп барып, тарихи салыстырулар арқылы «Отан отбасынан басталатынын» дәлелдейді. «Ер жағы қара басынан басқаға қарамай жүргенде, балаларын баулып, асырап, үйлік ұйымның басын құрған –әйел» дей келе, Мұхаң болашақ ұрпаққа адамгершіліктің негізін беретін «Ана» екенін баса айтады.

«Адамда екі түрлі қылықтың жолы бар: бірі – тіршілік қамы, бірі – адамшылық қамы. Тіршілік қамы – дүниедегі барлық мақтау, пайда, байлық, дәулет, жақсы жұмыс, бақ менің басымда болса, ең болмағанда туысымда не аталасымда болса деп тек өз қамын, хайуандық тіршілігін ойлайтындар, ал екіншісі өз еліме, жеріме, күллі адам баласына, мүсәпірлерге әлім келгенше жақсылық жасасам, соларға титтей де болса пайдам тисе деген адамдық жолы».

Бұл ғұмырда адам баласының жетпеген жетістігі жоқ. Тіршілік үшін бұл өмірде бәрі бар. Аспанда да, жерде де, суда да өмір сүргізіп, небір жансыздарға жан бітіріп ешбір қиындықсыз күн кешуде. Ал, адамшылықтың шыңына қол жеткіздік пе? Міне, ғұламаның меңзеп отырғаны осы.

«Әуелі адам баласының келешектегі адамшылығына ірге болатын істі сол адамның шыққан ортасы бір сурет жасап беріп соған өзі киген тонын кигізеді» - дейді Мұхтар Омарханұлы. Шынында да солай. Өйткені баланың ата-анасынан алған үлгі-өнегесі, жақсы-жаман мінезі, бәрі-бәрі соған байланысты. Сондықтан да Мұхаң адамшылықтың түп-тамыры отбасынан басталатынын баса айтып, адам қоғамындағы адамгершіліктің нәтижесі ана тәрбиесі екендігін дәлелдейді. Қазіргі кездегі қыз балаларымыздың тәрбиесіне көп көңіл бөлу керек екендігіне көзімізді жеткізеді.

Бүгінгі қыз – ертеңгі ана. Ал ана – балаға байлық. Өйткені, ана – бала дүниеге келіп, көзін ашқаннан жақсылық пен жамандықтың ара жігін ашып, адамшылықты бойына салатын тәрбие көзі. Ендеше тәрбие көрмеген, қараңғылықта өскен анадан үлгі алған бала ертең қандай жақсы ортаға түспесін, анадан алған әуелгі тәрбиесі ішкі сырының арқауы болып, сол мінез алдынан кесе-көлденең шығып отырады.

Отбасы тәрбиесінен бастау алатын тәлімнің бірі – сәлемдесу. Халқымыз «сәлем – сөз басы, көңіл арнасы» деп түйсе, осы жайлы Әуезов Мұхтар өз шығармасында «...оқудан оралған бала Абайдың шешелеріне бет алғанда, Ұлжан баласына әуелі әкеңе сәлем бер», - деп, бұрып жібергені қазақ әйелінің азаматын сыйлау дәстүрі, адамгершілік жоғары қасиеті емес пе? Ал екіншіден, қазақ аналарының ақыл-кеңесі мен аналық мейірімі, отбасындағы ер-азаматтың өзіндік орны бар екендігін меңзеп тұр. Аналарының өнегелі тағылымын жадына тоқып өскен Абай үлкенді сыйлау, құрметтеу, адамгершілік, рахымшылдық сияқты қасиеттерді бойына сиғыза білген.

М. Әуезовтың роман-эпопеясы – ұлттық таным мен тәлім-тәрбие мәселелерін терең түп-тамырына дейін бойлататын жоғары мәндегі философиялық-этикалық шығарма ғана емес, таптырмайтын тәрбие құралы, халқымыздың рухани энциклопедиясы іспеттес.

Сонымен қатар, М. Әуезов өз мақалаларында оқу-білімнің түп мәні туралы өз пікірін айтады. Мәселен, мына сөзі: «Адамшылықты таза жүргізу үшін көп ой керек, ой ойлау үшін оқу керек». Білімнің жоғарғы түп нұсқасы, негізі – оқуда, ойды дамытуда екендігін біз ұғынамыз. М. Әуезовтың білім беру туралы бұдан басқа да айтар ойлары көп. Мысалы, ұлы ғұламаның ойынша, мектептерде оқытылатын пәндер тек теориялық жағынан ғана танылмай, практикалық жағынан меңгерілуі қажет. Әр мектептің жаны – оқу құралдары. «Оқу ісін түзеу үшін ең бірінші кезекте оқулықтар жазылуы қажет екендігін» өзекті мәселе етіп қояды. Бұл пікір бүгінгі күнде де өзекті мәселе болып отыр. Яғни М. Әуезов айтқандай, оқу материалдарын жылдан жылға жаңарту, жақсарту қажет. Тек сонда ғана білім, тәрбие деңгейін жоғары сатыға көтеруге болатыны белгілі.

Қорыта келгенде, М. Әуезов көрсетіп кеткен осы жолмен жүріп, болашақ

ұрпақты сол жолдың сүрлеуіне түсірсек қана білімнің, адамгершіліктің, мәдениеттіліктің жоғары шыңына жететіндігімізге еш шүбә келтіруге болмайды және оның құндылығы ешқашан өз мәнін жоймақ емес.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных