Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






I.Талантқа тағзым




Халқымыздың біртуар ұл-қыздарына, солар бейнесіндегі ұлылыққа бас ию, тағзым ету – азаматтық борыш екені ешкімге де жаңалық емес. Ұлттың атын шығаратын, ұлтты өзгелерге танытатын - оның аса дарынды, ерекше талантты президенттері, халық, адамзат үшін жаратылған ұл-қыздары. Солардың бірі - асыл Ахаң болса, енді бірі - ұлы Мұхаң, Әуезов Мұхтар Орманханұлы. Мен ұлы жазушының не Алматыдағы, не Семейдегі, яки басқа жердегі тойында болған жоқпын. Мен сияқты барғысы келген, көргісі келгендер жүздеп, мыңдап болды ғой, әрине.

Қатардағы қаламгердің бірі емес, әлем таныған Әуезовтің тойына жолы түскендер қандай бақытты еді деп қызықтым. Бірақ мүмкіншіліктің бәріне бірдей туа бермесі ақиқат. Алайда мен Әуезов тойын өзімше тойладым. Өз жұмыс орнымда, әріптестеріммен, студенттермен атап өттім.

Ұлы адамға деген ықылас, құрметтің ол туралы оқып-білуден басталатыны анық. «Әуезов тағылымы» деген кітапты бастан-аяқ оқып шықтым. Фатима Ғабитованың «Алыптар туралы хикаяттарын», мерзімдік басылымдардан немесе қарындасы Гүлнар, үлкен қызы Мұғамила апайлардың естеліктерін, замандастарының, шәкірттерінің жазғандарын оқыдым.

Қайран асыл ер! Жаптым жала, жақтым күйе дегендей, негізсіз қараланып, жазықсыз жапа шеккен ұлы Мұхаң өмір бойы ақиқат үшін арпалысып өтті. Ұлылықтың құдіреті мен қияметін бірдей шекті, тіпті ұлылығы үшін көрген қиямет-қасіреті басым болды. Ол өмірінің соңғы жеті жылын ғана тыныштықпен өткізе алыпты.

Күннің көзі өзінен төмендегі бұлтпен қаншалықты көлегейленіп тұрса да, бәрібір уақыт өте жарқырап шыға келеді. Сол сияқты, алып тұлғаны қаншалықты мұқатпақ, аласартпақ болғандардың әлегі түкке тұрғысыз болып, жайына қалды. Қазақ даласының көгіндегі Әуезов жұлдызы жарқырый түсті. Тек қазақ көгінен ғана емес-ау, әлем, адамзат көгінен нұрын шашты. Әлем әдебиетінің классигі М.Әуезов бүкіл адамзаттың мақтанышы. Мұндай адамды жақсы көрмеу мүмкін емес. Сондықтан «Менің Әуезовім» деуге баршаның құқы бар.

М.Әуезовке телінген 1997 жылы өзгелермен бірге ұлы даланың ұлы тойына өзімше үлес қостым деп ойлаймын. «Қазақстан мектебі» журналының 1997 жылы 10-шы нөмірінде ұлы жазушының тойына бағыштап қазақ тілі мәселелеріне қатысты «дөңгелек үстел» және «Орыс мектептеріндегі қазақ тілі сабақтарында М.Әуезовті оқыту әдістері» деген студенттердің педагогикалық практикасына арналған конференция ұйымдастырғанымды қысқаша жазған болатынмын. Кейін, «М.Әуезовті - ұлы жазушы, ғалым, ұстаз» тақырыбына ғылыми-теориялық конференция өткізуді мойныма алдым. Қазақ тілі мен әдебиетінің оқытушысы Хасенов Арман, филология факультетінің студенттері баяндама жасады. Конференцияның мазмұнды, тартымды өтуіне педколледж директоры Д.Сүймеков, қазақ бөлімінің меңгерушісі Б.Жұрқабаев аса ынталы болып қолдан келген көмегін аямады. Қаладағы қазақ мектебінің, орыс мектептерінің қазақ тілі пәнінің мұғалімдері, жергілікті радио, теледидар қызметкерлері қатысып, конференция өте жоғары деңгейде өтті.

Дәуіріміздің дара тұлғасы Әуезов Мұхтар Омарханұлының төл мамандығы мұғалім болғандықтан, баяндаманың тақырыбын «М.Әуезов - ұлағатты ұстаз» деп атадым. Әлем таныған тарихи тұлғаның ұстаздықты қадір тұтып, білім беру саласында аянбай еңбек еткені қазіргі оқытушылар, өзіміз даярлап жатқан болашақ мұғалімдер - студенттер үшін зор мақтаныш, ғибраты мол тағылым екенін аз да болса баяндап өтейін деген мақсатпен ұлы тұлғаның педагогикалық қызметін, көзқарастарын сөз етуді жөн көрдім. Еліне танылған, халқына адал қызмет жасаған ұлылардың көпшілігі мұғалімдікті қалағанына, мұғалімдік қалағанына, мұғалімдік киелі, ізгі мамандық екеніне тоқталғым келеді.

 

II.Ұстаздықтан бастау алған ұлылық

Академик М.Қозыбаев «Ұлтымыздың ұяты мен мияты» деген мақаласында қазақ қалқының зиялы қауымын құрағандарының дені мұғалімдер екенін мақтаныш сезіммен жазған еді. Шындығында қазақ ұлтының қамын жеп, мүддесін қорғаған, оның келешегі үшін аянбай еңбек еткен азаматтардың біразы мұғалімдер болғаны мерейімізді өсіріп, мақтаныш сезімі тудырары сөзсіз. Ұлылыққа бастау болған мұғалім мамандығы екеніне мына бір фактілер айғақ.

А.Байтұрсынов 1891-95ж.ж. Орынборда мұғалімдер даярлайтын мектепте оқып, Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралыда бала оқытқан.

М.Жұмабаев Омбы қаласында мұғалімдер семинариясын 1916 жылы бітіріп шықты.

Ж.Аймауытов 1914-18ж.ж. Семейдегі оқытушылар семинариясында оқыды. Оқу комиссариатының алқа мүшесі болу, Шымкент педагогикалық техникумындағы директорлық қызмет - Ж.Аймауытовтың жаңа өмірді орнықтыру жолындағы күресін, өмір белестерін көрсетеді.

С.Сейфуллин 1913-16ж.ж. Омбы мұғалімдер семинариясында оқып, еңбек жолын ауыл мұғалімі болудан бастады.

С.Мұқановтың да осы Омбы мұғалімдер семинариясында оқығаны мәлім.

Б.Майлин 1916-19ж.ж. ауылдық жерде мектепте жұмыс істеді.

І.Жансүгіров 1920 жылы Алматыда үш айлық мұғалімдер курсын тәмәмдап, Ташкенттегі қазақ ағарту институтында оқиды. Кейін Жетісу жеріндегі Қосшы комитетінде губерниялық оқу бөлімінде жұмыс істейді.

Ы.Алтынсариннің ағарту саласындағы қызметі өз алдына бір төбе. Ия, осы сияқты асыл азаматтар әу бастан мұғалімдікті қалап, бар саналы ғұмырын халыққа адал қызмет етуге арнады.

Заманымыздың заңғар жазушысы М.Әуезов қаламгерлікпен қатар, ұлағатты ұстаз, көрнекті ғалым-педагог болғандығы баршамызға аян. Елдің ілгері басуы, өркениетке қол жеткізуі алдымен халықтың білім деңгейіне байланысты екенің түсінген жас Мұхтар Семейдегі мұғалімдер даярлайтын семинарияға оқуға түседі. 1922 жылы Ташкент мемлекеттік университетіне өз бетімен тындаушы болып қабылданады да, бір жылдан соң Ленинград университетіне ауысып, оның филология факультетін бітіреді. Кейін Орта Азия мемлекеттік университетіндегі Шығыс факультетінің аспирантурасында оқып шығады.

Өз Отаның шексіз сүйген жалынды патриот М.Әуезов халық ағартуды, жас ұрпақты оқытып тәрбиелеу ісін аса маңызды міндет санап, сол үшін өмір сүру, күресу және еңбектену қажеттігін терең сезінді. Газет-журнал беттерінен өз халқын өнер-білімге шақырды.

1925 жылы Ленинград университетінде оқып жүріп, студент М.Әуезов «Қазақ әдебиеті тарихының» қолжазбасын аяқтады. Оның «Қазақ даласында болашақ ғылыми білім көздерін ашатын қазақ оқырмандарына арнаймын» деген сөзінде үлкен мән бар. Реті келгенде, тағылымы мол Әуезов мұрасының өміршендігін, қазіргі күнмен үндестігін, «білімсіз күнің жоқ» деген нақылдың жаңғыра түскендігін айта кетудің артығы болмас деп санаймын. Бұл президентіміз Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасында білімнің басымдылығына оң көзқарасы куә. М.Әуезов жазған «Қазақ әдебиетінің тарихы» 1927 жылы Қызылордада басылып шықты. М.Әуезов - бірнеше оқу құралдарының авторы. Ол қазақ мектептерінің бастауыш сыныптарында орыс тілін оқыту құралы – «Новый аул» хрестоматиясын жазды. Хрестоматияға А.Пушкин, И.Никитин, Д.Бедный, т.б. қабылдауға жеңіл, тәрбиелік мәні зор өлеңдерін, шығармаларынан үзінділер енгізді. Сонымен, қатар қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерінен, күнделікті тіршіліктерінен хабардар ететін «Жайлауға көшу», «Құртты қалай қайнатады», «Қой қырқу», «Қойға шапқан қасқыр», т.б. әңгімелер жазды. Қазақ балалары үшін бейтаныс сөз, терминдерді «Поезд не дейді», «Автомобиль», «Заводта» сияқты әңгімелер арқылы түсіндіруге тырысты.

М.Әуезов 1930 жылы «Жеткіншек» оқу құралын басып шығарды. Бұл кітап жастар мектептері үшін бастауыш сыныптың оқу бағдарламасына лайықталып жасалды. Халық ағарту комиссариатының қаулысына орай, 1930 жылы «Кедей жастары мектептерінде оқыту бағдарламасы мен нұсқаулары» шықты. Бұл - қазақ мектебінде нені және қалай оқыту қажеттігін айқындайтын алғашқы оқу бағдарламасы еді. М.Әуезов - осы оқу құралындағы «Иллюстрациялы әдебиет» бөлімінің авторы.

Мұхтар Әуезовтің мектепке арналған оқу құралын жазуға белсене ат салысуына Халық ағарту комиссары болып қызмет еткен Ахмет Байтұрсынұлының ықпалы мол болғанына еш күмән жоқ. «Елім, қазағым деп» аянбай еңбек еткен ұлы Ахаң мен Мұхаңның жас ұрпақтын алтын бесігі іспетті еңбек ісіне құлшына араласуы қай ұрпаққа болсын өнегелі жол болуы тиіс.

М.Әуезотың педагогикалық мұрасының құндылығы сол, ол қазіргі кезеңдегі дамыта оқыту принциптерімен сарындас, үндес, сабақтас. Мұхтар Әуезов балаларды білімді өз бетінше толықтыруға, кітаппен, газет-журналмен жұмыс істеуге, өз ойын ауызша да, жазбаша да жүйелі баяндауға, дұрыс қорытынды, пайымдаулар жасауға үйретуі тиіс деп санады. Сонымен қатар, үй тапсырмасын дұрыс ұйымдастыру баланы өздігінен жұмыс істеуге, жауапкершілік сезімін арттыруға ықпал ететінің айтты. Оқыту, деп санады ол, баланың мүмкіншіліктерін жан-жақты ашуы керек, ол тек мәліметтерді хабарлау түрінде өтуі тиіс. Сабақ оқушылардың мүмкіншіліктеріне орай өте жеңіл де, өте қиында болғаны жөн.

М.Әуезов қазақ мектептері үшін даярланатын мұғалім кадрлардың әдістемелік деңгейлерінің төмендігіне қынжылатын. Тек жақсы оқитындарды ғана оқытып, соларға ғана сүйене бермей, орташа, нашар, үлгермейтін баланы да назарда ұстау қажеттігін баса айтты.

Ұлағатты ұстаз мұғалім мамандығын ең жауапты, ең ізгі мамандықтандың бірі ретінде бағалады. Мұхаңның сөзімен айтсақ, «Мұғалім өз заманының талаптарын жақсы білетін, мәдениетсіздікке, надандыққа қарсы күресетін, биік мұраттарға талпынатын адам болуы тиіс. Ол қол жеткен табыстарына тоқмейілсімей, қанағат тұтпайтындай күй кешу керек, сонда ғана мұғалім жас ұрпақты оқытып-тәрбиелеуде жаңа жетістіктерге жете береді. Мұғалім өзінің міндеттерін мінсіз орындауы, өз пәнін терең білуі, оқытудың мақсат - міндеттерін, әдістерін жетік меңгеруді, педагогикалық шеберлікті жетілдіруді, балаларды сүюі жоғары мәдениеттілік пен біліктіліктің үлгісі болуы тиіс. Ынта-ықыластың жоқтығы дарынсыздық, дөрекілік, менмендік, кеудемсоқтық - адам басындағы жаман қасиеттер ғана емес, оқу-тәрбие ісіне залал тигізетін үлкен кесел».

М.Әуезотің маңызды педагогикалық принциптерінің бірі - оқу мен тәрбиені тығыз бірлікте санауы. Ол жастарды әсемдікті көріп, сүйе білуге, шығармашылықпен айналысуға, жақсылық жасауға, бүгінде айтылып жүрген патриоттық істерге арқау болуға, халық үшін еңбек етуге, Отанды гүлдендіруге үлес қосуға, достықты бағалауға үндеді. Қазіргі ұрпақ, әр азамат өзі үшін ғана емес,бір күндік қамы үшін емес, бізден кейінгі ұрпақтар үшін өмір сүріп, еңбектенуге, жарқын із қалдыруға тиіс екендігін айтты. Ол жастарды белсенділікке, қоғам алдындағы міндеттерді бірлесе шешуге үндеді. Жастар мен мұғалімдерге «тарихтың саналы, белсенді құрылысшылары» болуды өсиет етті.

М.Әуезов өзінің бүкіл саналы өмірін осы бір ізгі мақсатқа арнады. Жазушылықпен қоса педагогикалық қызметпен айналысып, сол кезде шыққан оқулықтардың бәріне дерлік рецензия жазды, талапқа сай келмейтін оқулықтарды қатаң сынға алды. Ол халыққа білім беру ісіне, әсіресе, қазақ әдебиеті мен тілін оқыту әдістемесіне теңдесі жоқ үлес қосты. 1959 жылы «Әр жылдағы ойлар», 1962 жылы «Уақыт және әдебиет» еңбектері басылды. М.Әуезов өзінің замандастары, ғалым-педагогтер С.Көбеев, Қ.Жұбанов, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, М.Жұмабаев туралы мақалалар жазды.

Жазушылыққа, ғалымдыққа қоса, оқытушылық қызмет атқарды. Семей қазақ педагогикалық техникумында қазақ әдебиеті тарихынан, арнайы мектепте қазақ және орыс әдебиетінен дәріс берді. Профессор М.Әуезов Абай атындағы Қазақ педагогикалық институты мен Қазақ мемлекеттік университетінде қызмет ете жүріп, ғылыми жетекші ретінде аспиранттармен көп жұмыс істеді, талай жас ғалымдарды тәрбиелеп шығарды.

1954 жылы Мәскеу мемлекеттік университетінде профессор ретінде қазақ әдебиеті тарихынан дәріс оқыды. М.Әуезов - осы университетте аталған пәннен дәріс берген тұңғыш қазақ. Жарты ғұмырын оқу орындарындағы ұстаздық қызметке арнауы - М.Әуезовтің ұлылығының кесек көрінісі. Ұлы тұлға Мұхаңның «Ұстаздық - ұлы нәрсе» деп пайымдауы тегін болмаса керек. Өмірден ерте кеткен Ахаңның - Ахмет Байтұрсынұлының ұстаздық жолындағы ұлы арманы қазақтың дара туған перзенті асыл Мұхаңның - Мұхтар Әуезовтің, біртуар замандасының өнегелі өмір жолында осылайша өрісті жалғасын тапты.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных