ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
ТЕЛЖАН ШОНАНОВ ЖӘНЕ МЕКТЕПТЕГІ ӨЛКЕТАНУТөкенов Ә Дарынды педагог және жан-жақты ғалым Т. Шонанов сан алуан ғылыми және педагогикалық идеялардың иесі болды. Т. Шонановтан ғалым-энциклопедияшы және ғалым-педагог бейнесін көруге болады. Т. Шонановтың ғылыми педагогикалық мұрасынан әр түрлі жанрдағы 100-ден аса шығармалары, соның ішінде 31 оқулық және «Қазақстандағы жер мәселесінің сұрақтарының тарихы» (1921 жылы жазылған) ірі монографиясы табылды. Олардың ішінде оқулықтар, бастауыш мектепке және орыс оқырмандарына арналған қазақ тілінің хрестоматиясы, әдебиеттану, тіл білімі, география, аймақтану, оқыту әдістемесі туралы мақалалар бар. Ол сондай-ақ әр түрлі кітаптарды орыс тілінен аударды, балаларға арналған әңгімелер жазды, міне осының бәрін не бәрі 15-16 жылдың ішінде үлгерді (1921-1937ж.ж). Өкінішке орай, 1937 жылдың шілде айындағы қамауға алу мен ары қарай 1938 жылы 28-ақпандағы ату жазасы Т. Шонановтың ғылыми ізденісін үзіп кетті. Т. Шонановтың педагогикалық көзқарасы Ресейдің төңкеріліске дейінгі орыс ғалымдарының алдыңғы қатарлы педагогикалық идеялары, сондай-ақ 20-30-жылдардағы кеңестік педагогикалық ой-пікірлердің ықпалында қалыптасты. Еңбектеріне қарап, Т.Шонановтың ұлы қазақ ойшылдары-ағартушылары – Абай Құнанбаев, Шоқан Уалиханов, Ыбырай Алтиынсариннің еңбектеріне терең бойлағанын байқаймыз. Педагог және ғалым Ахмет Байтұрсынов Т.Шонановқа тікелей әсер етті. Мұны Т.Шонановтың «Ахмет Байтұрсынов халық ағарту және әдебиеті жөнінде» деген көлемді мақаласынан көруге бролады. Т.Шонанов А.Байтұрсынов, Е.Омаровпен бірге 1917жылы желтоқсанда II бүкілқазақ съезінде сайланған халық ағарту ісі комиссиясының құрамында болғаны белгілі. Одан кейін Т.Шонанов А.Байтұрсыновтың ұйымдастыруымен шыққан «Қазақ» газетінде қызмет атқарды, сондай-ақ онымен бірге қазақ тілін дамыту туралы «Оқу құралы» хрестоматиясын жазады. Ғылыми-педагогикалық еңбектер жазумен қатар ол КазМУ-де, КазПИ-де сабақ берді, ҚазАССР халық ағарту комиссарының оқу әдістемелік кеңесінде ғылыми қызметкер болды. Т.Шонановтың өмірбаянындағы деректер оны 20-30 – жылдардағы педагогикалық ой-пікірлер жөнінде тек қана теоретик емес практик ретінде сипаттайды. Т.Шонановтың өте бай педагогикалық мұрасының ішінде оның мектептегі өлкетануды дамытуға қосқан үлесін айтуға болады.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|