Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






ТӘЖІБАЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР




Мақашева А

 

Бүгінгі қоғам талабына саи білім мен тәрбие ісінің негізгі мәндерінің бірі - ұлттық рухани құндылықтарды сақтап отырып әлемдік өркениеттің даму көшіне ілесу. Ол үшін орта және жоғарғы оқу-тәрбйе үрдісісін ұлттық негізде ұйымдастыру мәселесіне ерекше мән берілуі тиіс. Бұл жерде ұлттық құндылықтар қазынасы болып табылатын халқымыздың бай мәдени мұрасын, ондағы педагогикалық ой-пікірлерді пайдаланудың маңыздылығы айқындала түседі.

Жас ұрпақты отан сүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеуде ұлттық сана-сезімді қалыптастыруға ықпал ететін Әбділда Тәжібаевтың шығармашылығындағы тәлім-тәрбиелік ой-пікірлері қазақ педагогикасына нақты үлесін қосатыны даусыз.

Қазақ этнопедагогикасын зерттеуші ғалымдардың пікірінше, шығармашылығы арқылы тәрбие мектебіне айналған ғұлама ойшылдар мен ақын-жыраулар, т.б. ұрпақ тәрбиесіне өнегелі өсиет айта білетін тұлғалар ”тәлімгер” деп аталған. Осы пікірлерге жүгіне отырып Әбділда Тәжібаевты тәлімгер-ақын ретінде қарастырамыз. Себебі Әбділда Тәжібаевтың шығармашылығындағы педагогикалық ой-пікірі жастарға білімдік және тәрбиелік қасиеттерді қалыптастырудағы мүмкіндіктермен айшықталады. Әбділда Тәжібаевтың өмірі мен қоғамдық қызметі, жастарға өнеге мұрасы - ұлттық үлгідегі педагогикалық құрал, ақын шығармаларының құндылығы уақыт озған сайын әлеуеті арта тусетін рухани қазына болып табылады.

Ә.Тәжібаев поэзиясының ең басты мақсаты мен негізі ұстаздық, үйретушілік қызмет екендігіне көзімізді жеткіземіз. Өйткені, поэзияны тәрбие құралы деп қараған Әбділда ақын ” Өлеңнің өмірге ұқсауы жетімсіз, өмірдің пафосы, оның ең басты мақсаты, оның ұйытқысы мен негізі жырлануы керек. Әйтпесе поэзия ұстаздық, үйретушілік қызметін атқара алмай қалады” деген қағиданы ұстанып, өз шығармаларында тәрбие берудің мазмұнының байып, тәрбиелік ұғымдардың мағыналық тұрғыдан ашылуына және оның маңыздылығына ой-пікірлерін білдіреді.

Әбділда Тәжібаев тікелей педагог болмаса да өз шығармашылығын жастарға тәлім-тәрбие беруге арнағанын байқаймыз. Ақындық бейнесі адами абзал қасиеттермен қалыптасқан азамат ойы мен сөзін өзінің адамгершілік кеңістігінде тоғыстырады. Өмірді сүю арқылы адамзаттың бәрін жақсы көретін ақынға тән адами ізгі сапалар Әбділда Тәжібаев дүниетанымына негіз болғандығын аңғарамыз. Өзінен бұрынғыларды құрметтеу, өзінің замандастарын сыйлау, кіші буынға ізет білдіру сияқты азаматтық ұстанымдары арқылы жалпы оқырмандары жақсылыққа үндейді, ізгілікке шақырады.

Тәлімгер ақын қарастырған тәлім-тәрбиелік ой-пікірлердегі ұрпақ тәрбиесінде дәріптелер аталмыш жоғары сапалы шынайы адагершілік қатынастарға: жолдастық, ынтымақтастық, өзара көмек, қарапайымдылық пен кішіпейілділік, т.б. адами қасиеттерге негізделуін көздегендігі айқындалады.

”...Ойсыздық, идеясыздық - көзге байланған орамал” деп Әбділда Тәжібаев кез-келген істі ақылмен шешіп, ой таразысына салу қажеттігін айтады.

Ұлттық тәрбие дәстүріміздің арқауы - қайырымдылық, кішіпейілділік, ізеттілік, инабаттылық, үлкенге құрмет көрсету, сыйлау, ар-ұятты сақтау, қамқоршылық қасиеттері отбасы тәрбиесі негізінде қалыптасатынын ақын өз шығармашылығында айқын көрсете білген. Тәлімгер - өз туындылары арқылы игі қасиеттерге баулып, адамгершілігі мол тұлғаларды дәріптеп, әсерлі де тартымды суреттеумен қатар, жағымпаздық, екіжүзділік, көлгірсу сияқты пасықтыққа тән қылықтарды түйреп-мінейді. Осыдан байқайтынымыз, Ә.Тәжібаев адами құндылықтарды жақсы мінезбен жаман мінезді салыстыру арқылы жастар бойына егуге тырысқан, яғни жаманның жамандығы әрқашан жақсымен қатар тұрғанда ғана көрінетінін ақын терең ұғындырады.

”Жақсының жарқылдаған жаны жомарт,

Жаманның жаны бейім дұшпандыққа ”дейді ақын.

Әбділда Тәжібаев шығармашылығын зерделей келе тәлімгер-ақын жастарға эстетикалық тәрбиені төмендегі тақырыптағы өлеңдер негізінде үлгі еткенін: тұған жер табиғатынын сұлулығын, табиғаттағы жыл мезгілдеріне қатысты әдемілікті (қыс, көктем, жаз, күз), қазақ халқының ұлттық болмысындағы сұлулықты (қазақ қыздарының), табиғаттағы жеке құбылыстар әсемдігін (тау, жер, т.б.), төрт түлік малдың сұлулығын, қасиеттілігін (жылқы, түйе, т.б.), дәріптеу арқылы сезімге әсер етіп эстетикалық талғам қалыптасуға әдемілікті бағалай білуге үйретуге ұмтылғанын аңғарамыз.

Ә.Тәжібаев шығармашылығын жас ұрпақты еңбексүйгіштікке дағдыландырумен қатар еліне адал қызмет ететін тұлғаларды тәрбиелейтін педагогикалық идеяларымен де құнды. Оны ақынның еңбек озаттарының өнегелі өмірін жас өрендерге үлгі етіп, сұлу табиғат көрінісімен және еңбек күйімен байланыстыра жұмысшы бейнесін сомдауы еңбекті байлық, молшылық көзі ретінде насихаттауы, жердің қадір-қасиетін ұғындырып, егер еңбек ете білсең берер пайдасы мол екенін баса айтуы, жұмысты жат санайтын жалқауларды оңай олжа тапқысы келетін жатып ішерлерді аямай сынға алып, оларды қоғамға зиян тигізушілер қатарына қосуы арқылы келешекте жастарға сабақ болсын ұғымымен үйрету, үлгі ету, мадақтау әдістерімен жүзеге асыра білуіне байқауға болады. Өйткені Әбділда ақын кәсібі қызметін атқару үстіндегі еңбекқор тұлғаның шын көңілімен қызмет еткен мамандығын мақтан тұтып, еңбек арқылы бейнеленетін сұлулықтың шынайы көрінісін жасайды. Тәлімгер-ақын эстетикамен еңбек тәрбиесін ұштасырады. Еңбек әрекетіндегі сұлулықты дәріптейді.

Әбділда Тәжібаев отан сүйгіштік тәрбиесіне ерекше мән бергенін көреміз. Тәлімгер-ақын келешек ұрпаққа туған жері мен елі алдындағы перзенттік парызын түсіндіруге, туған өлкесіне деген сүйіспеншіліктері мен мақтаныш сезімдерін арттыруға зор көңіл аударған жастарымызды ұлттық намысқа, қайталанбас ерлікке тәрбиелеу қажет деп санаған.

“Халықтың қуаты - тілдің қуаты. Біз ана тілімізді ең айтқыш, ең білгір, ең бай тілдердің біріне айналдыруымыз керек. Бұл бүгінгі біздің, ертеңгі жас ұрпақтың міндеті” деп қазақ тілінің мәртебесін көтеруді, қасиетін арттыруды көздеген.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных