ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
ЛЫ МҰРАНЫҢ ҰЛАҒАТ КӨЗДЕРІИбрагимов Т Біраз жылдан бері «Абай-Мұхтар жерлеріне саясат» тақырыбында республикалық саяхат сапары көпшілікке қызмет көрсетіп келеді, сонғы жылдар сапар бағдарламасына Шәкәрім есімі де қосылды. Сапар әңгімесінде айтыла бермейтін, айтқыза бермейтін құлыпты кұпияларға да жол ашылды. Жолдан қалыс, көзден таса қала беретін орындар да орайын таба бастады. Жүз елу жылдық қарсаныңдағы шараларға орай жол да жақсарып, топтық, жекелеме саяхатшылар сапары да жиілей бастады. Семей қаласынан аттанатын ресми бюро топтарынан басқа облыстың алыс аудандарының мектеп оқушылары мектеп көлігімен арнайы келіп кайтатын сәттері де бар. Ұлылар мекеніне ынтыққан осындай топтар арнайы сапармен Көкшетау, Кереку, Қарағанды облыстарының да, сирек те болса, Семейдегі Абайдың орталық қорық-мұражай ғимараттарында, Бөкерілідегі Мұхтар Әуезовтың мұражай-үйінде, жалғасында Жидебай қорық-мұражай және Абайдың үй мұражайында болып, Абай мен Шәкәрім зираттарына тағзым етіп қайтады. Барыс-қайтыста жиырмаға жуық тарихи, мемориалдық орындар сыры әңгімесіне қанады. Бұл бағыт саяхат сапары - әзірге бір күндік. Болашақта екі-үш күндік, апталық мерзімді жолдамалы саяхат әрі демалыс сапарына айналдыру да ойда бар. Семей-Қарауыл арасымен шектелетін осы сапар жолаушысына айтар сыр, шертер әңгімесі аз көрінбесе керек. Ол біз жедел де қысқа атап өтер орындар атауынан-ақ аңғарылар. Семейден шыға берістегі бірінші аялдама - Шағыл. Шағыл: елге жете таныс «Сұрғылт тұман дым бүркіп» атты аударма өленінің және әнінің туған жері. Сонғы кей деректерге қарағанда: өлең - Дельвигінің «Дождичок» өленінің Ақылбай аудармасы екен. Әнін де шығарған - Абайдың тұнғыш ұлы Акылбай. Туу тарихы, таралу жайы, өзге авторлар тарапынан жалғасқан қосымша нұсқалар әңгімесі – өз алдына ұзақ хикая. Оны сәті түскен тұста тағы бірде әңгімелерміз. Бұл жолы бұл жайға да, жол бойғы өзге орындарға да қысқаша тоқтала өтіп, негізгі ауқымды сапарнама сөз Жидебайға іліне бере басталмақ. Сонымен, Шағылдан басталған ескерткіш мекендер мен орындар: Күшікбай кезеңі (Күшікбай асуы деп те аталады) -М.Әуезовтың «Қорғансыздың күні» әңгімесінің оқиғалары өткен ескі бекет орыны, бұлақ бастаулы асу. Абайдың дос-шәкірті Көкбай Жанатай ұлының дүниеден қайтқан жері де осы. Өзге де сырлары қыруар. Қанай. Абайдың «Қыс» өлеңінде аталатын адамдар есімдес, Құнанбай, Абай ауылдарның қысқы мал жайылымы болған. Арал төбедегі ауыл малымен өрістес қалың қарағанды алқап. Бөрілі. Әуезовтер әулетінің ата қонысы. Келушілерге Мұхтар Әуезовтың үй-мұражайының есігі әрқашан айқара ашық. Мұхаңның кіндік қаны тамған топырақ. Абай әулетінің көп жандарының өмір, тағдырына да көп-көп куә-шежіре мекен, Біржан да болған. Шилі өзек. Құнанбай, Абай ауылдарының көктеу, күзеу қонысы, «Абай жолында» да суреттелген. Қос бұлақ басы – жолаушылар аялдамасы. Қасқа бұлақ. Мұхтар Әуезов атындағы шаруашылық орталығы. Бұл жерде Мұхан 1957 жылы соңғы рет болған еді. Сырт Қасқа бұлақ. Құнанбай әулетінің күзеу-қонысы. Абайдың кіндік қаны тамған көп көзді бұлақ алаңы. Болашақ ұлы жанның нәресте үні тұңғыш тіл қатқан ең қасиетті орын. Тәкежан бұлағы. Сырт Қасқа бұлақтан шақырымға жетер-жетпес бұлақты кезең. Абай ағасы Тәңірбердінің қыстау орны. «Абай жолындағы» Базаралы шабындысы осы жота жонынан басталады. Ералы. «Абай жолынан» көпке мәлім Құнанбай, Бөжей, Абай айналасына қатысты шытырман оқиғаларға төсі куә – атақты қорық. Алдыңғы екі бұлақтың да су аяғы сонда сарқады. «Үш күндік жолдың бүгінгі, соңғы күнде бала шәкірт барын салды. Қорықтан күн шыға атқа мінейік деп асыққан-ды», - дейтін жолдардағы Қорық – осы. Оны басып өтпейтін оқиға жоқ, қиырына да, сан әңгіме шиырына да көз жеткісіз... Шұбар төбе, Үй тас. Еңлік пен Кебектің жерленген тәрбиесі және екеуінің қолға түсіп жазаланарға дейінгі паналаған тас мекені. Ешбір саяхатшы оларға соқпай өтпейді. Шілікті кезең. Абайдың Ербол екеуі Семейден қайтып келе жатып екі орда арасындағы ауылда Әйгерімді алғаш кездестірген қыстау аяғындағы шілікті бұлақ кезеңі. Қазір мереке, мерей тойлар орны. 120 жылдықтың той дүрмегінің де бірі осы кезең алаңында өткен. Үлкен Орда, Кіші Орда. Абайдың Шәкәрімнің жазбаларынан таныс, «Абай жолында» сан суреттелетін қос тау. Еңлік пен Кебек паналаған Үй тас Кіші орда ішінде. Орда аталуы Шыңғысханның жорығымен байланысты... Жидебай. Орда асқан жолаушының көзіне алдымен оттай басылары – Шыңғыс. «...сұлу сағым толқынданады,...Осы сағым ар жағында, көкшіл мұнар арасында, Шынғыстың қалың катпар, қара көк биіктері көрінеді»,-деген Әуезов сөзімен жүз ашқан кереге тау көз тарта көлбей береді, «Абай жолына» баксақ: әлемде одан асқақ, одан сұлу тау жоқ. Жолаушының жеткенше асығары да содан болар. Әйтеуір, кімнің де болса Шыңғыс, Жидебай десе, көңілінің алабұртып қалары рас. Жолаушының онысы орынды. Шілікті кезең асқанша жол бойы көзі көріп, естіп, білгені аз болмаса да ендігі күткені, ендігі көрмек көрінгені мен әнгіме де ала бөтен. Жолдың 167-шақырымнан оңға тартар сапар бағыты он шақырымнан соң-ақ Жидебай қорық мұражайы шетіне табан тигізбек. Ұлы ақын өскен ортамен, шығармашылық өмірімен кітап бетінен таныс оқушының ойындағы адым аттаған сайын парақталып жүре бермек. Үш алып өмірінің беттері көңілде қайта бір парақталғандай күйге бір сәт бөленері сөзсіз. Өйтпегенде ші: Абайдың балалық, жастық шағының көп қызық, көп қиындықтары өткен ата қоныс өмірінің соңғы он жылы мен сырларына да куә. Соңғы он жыл айналасындағы тағдыр зорлығы мен өмір әділетсіздігін, «надандық»-қиянатын көзбен көріп, көп тартып, көңіл қалған шағы еді. Олармен айқасып, күресіп, жеңуге қуаты кеміп, қайраты қажалып, шарасының аздығынан рухани жалғыздықтың жапасын шеккен ең бір мұңды да, қам көңіл шағы еді. Оның үстіне: іні-серік-тірегі Оспан мен аяулы ұл ардағы Әбдірахман қазасы іркес-тіркес келіп қан жылатқан қайғы да ойсыратқан қаралы жылдар оңай соққы емес еді. Осынау тағдыр талқысын басынан өткеріп, азабын азада тартып, көңілі шерге толған ақынның өмір кезеңінің осы сәттерін мына бір өлең жолдары запыран зардай жеткізіп жатса керек: Жүрегім менің – қырық жамау, Қиянатшыл дүниеден. Қайтіп аман қалсын сау, Қайтқаннан соң әрнеден. Бірақ «Әрнеден қайтқан» ақын «жүрегі» өлеңнен қайтқан жоқ еді. «Заманының ойы танымай, талабы жанбай, қайғы мен арман дерті көп көп міндетін артып жүргенде де Абайдың айнымай, қажымай ұстап қалған бір құралы, бір досы бар ды. Ол - ол сол ақындық еді. Өзгесінің бәрінен ажыраса да, жалғыз айырылмас сол серігі арқылы келген ұрпақ туар тарих жарқын күйімен қатысқандай, қабысқандай болатын», - деп Мұхтар Әуезов жете айтқандай, ол жылдар, ол сәттердің жұбатушысы да, алданыш-сүйері де өзегіндегі өрті мен мұң уын соған ақтарып тынар өлеңі болатын. Жүрек шері, көңіл мұңын өлеңіне шағып, жұбанышты да, жұртын да содан тапты. Осы жылдарда (1894-1904) осы Жидебай қыстаған жылдарда Оспан орны Еркежан қолында өткен соңғы он жылда сексен төрт өлеңі туыпты, Лермонтов, Крылов, Полонскийлардың отыз алты шығармасын аударыпты. Олардың ішінде «Қарашада өмір тұр», «Жас өспірім замандас қапы қалды», «Ғашықтың тілі - тілсіз тіл», «Сұм дүние тонап жатыр, ісің бар ма?», «Өлсем орным қара жер мұз болмай ма?», «Әсемпаз болма әрнеге», «Ескілік киімі», «Өлсе өлер табиғат адам өлмес», «Балалық өлді, білдің бе?», «Лай суға май бітпес қой өткенге», «Оспанға», т.б. және Әбдірахманға арналған топтамадағы бар өлеңі туған еді. Өмірінің соңғы он жылы, Жидебай жері дегенде: кемеңгер ойшылдың «Қара сөздерінің» осы жылдар осы мекенде дүниеге келіп қағазға түсуімен де ерекше ыстық. «Ел бағу», «мал бағу», «софылық қылып, дін бағу», «бала бағу»,- бәрінен баз кешіп, «ақ қағаз бен қара сияны ермек қылғандығы»- тапқаны таусылмас қазына сыйлаған да осы Жидебай ғой. Мақсұт мұратын содан тауып: ұшы қиырсыз кенен ой, таусылып бітпес тағылым, тәрбие, таным сабағы етіпалдыға жайып салар - бүгін де, ертең де, онан соң да олардан әркім өз керегі жан азығын таба бере қырық алты қара сөз, ғақлия; шексіз, шетсіз ой әлемінен бүкіл ғалам жаратылыс, тәңір, жан құпиясының қойнау қатпарына осы Жидебайда отырып жұртын бастаған, барлатқан, бағамдатқан Абайлық кеніш кеңістігін елестетіп көріңізші. Ендеше, осының бәрінің жөргегі де, бесігі - Жидебай кімге ыстық көрінбес, кімнің көңілі толқымас. Петербор бармай, Алматы келмей Семей мен Жидебай арсында әлем, дүниенің күре тамырын басып көріп бәрін байқап біліп отырған Абай бар»,- деген Асқар Сүлейменовтың сөз шындығы да осыдан көрінсе керек. Ол аздай: осы жылдар, осы Жидебайда өзінің аса сүйер рухтасы, «ашуы» ашулас Лермонтовтың жиырма өлеңі «Вадим» поэмасын аударып, бұрынғы жарастығын жалғаса; ал Крыловпен еркін табысып, заманы мен ортасының кеселі мен кесірін, келеңсізі мен кемшінін, адам, ұрпақ болашағына тиер кінаратын онымен ортақтаса сынап, бірлесе сылығандай он төрт шығармасын аударыпты. Оған дейін қазақ даласына беймәлім Полонскийге де бір соғып өтіпті. «Әкесінің баласы - адамның дұшпаны. Адамның баласы - бауырың» деген түйіннен әлемдік ойға терезе тескен Абайлық тарихат пен тағлым достық пен ынтымақтастыққа бастап өнерде әлемдік, өмірде бар болашаққа орыс халқы, орыс тілін байланыс көпір өрісі деп ұсынған тұсы да осы. «Әрбіреудің тілін, өнерін білген кісі сонымен бірдейлік дағуасына (теңдікке) кіреді, арсыздана жалынбайды»,- деп сол кездің өзінде ұлт теңдігінің халықтардың өзара түсінісуі арқылы бірін-бірі сыйлап, құрметтеуінің түйінін айтты. «... Орыстың ғылымы, өнері - дүниенің кілті, оны білгенге дүние арзанырақ түседі»,- дегенде: оларға табынуды, құлшылықты ұсынбайды,-олардың өмірдегі адам, қоғам дамуы барысындағы орнын, атқарар қызметін түсінген қадір мен құрметті мегзепті. Қым қиғаш қайшылықтардан ұйысқан түнегі басым сол жылдардың доңыз айбат, дойыр қолы ұлы даланың ілгерішіл көзқарасынан асып, назарлықтан қара басына қамшы үйірген тұманнан жол тауып, жеке тағдырының қайғы бұлтын оймен, жырмен сейілткен, серпіп жеңіске жеткен Абайдың табанына тірек, ойына жөргек болған Жидебай мен ол жылдар бүгінге неге аяулы, жақын көрінбесін, әлем назарын өзіне аудармасын. Жидебай жерінде көңіл толқытар өзге сәттер аз ба. Ат басын тірегенге алдымен есігін айқара ашар, ауласын тосар мұражай үйі өзінің бес бөлме, екі кіреберіс себеті, шошала экспозициясынан орын алған түпнұсқа экспонат-ескерткіштер өзінің туыс-жақын айналасының көздеріндей көрініп, келушілерді тебірентпей қоймайды. Әр кезде бұл жер, бұл үйде болып айлап, апталап қона түнеген Тәттімбет, Біржан, Әсет, Көкбай, Әріп, Жаяу Мұса, Естай сияқты өнер тұлғалары және қиын кездің өзінде қиысып, озық ой, гуманистік көзқараста танысып, табысқан, жандары ауырғанда Абайдан жәрдем тапқар Семейге жер ауып келген саяси қылмыстылар: Е.П.Михаэлис, Н.И.Долгополов, Н.Я.Коншин, П.Д.Лобановский, С.С.Гросстардың осы қыстауда Абай үйінің құрметті қонағы болғандығы туралы материалдар да келушілерді аз мағлұматқа кенелтпеді. 1985 жылы Долгополов арқылы Семей өлкетану мұражайы қорына тапсырылған, Абай жіберген алпыстан астам этнографиялық заттардың біршамасы осы мұражайдың көрмесінен жылы жүз тапқандай. Өзге де өзекке жылу тептірер де тебірентер себептер баршылық. Жетпіс жыл ішінде кезең-кезеңдердің шабындысына сан ұшырған Абай артынан қалған мұралар онша көп болмағанымен, жеткен, жұрнақтан қалған дүниелердің азының өзі көптей көңіл елжіретеді. Жаңадан қосылып, жасақталып, жабдықталып жатар жайлар да бар. Мұражай-үйдің аула экскурсиясын қорық өңіріне ауысқан әңгіме қыстау мен Абайдың зират қорғаны аралығында сан толқытып, сан кідіртпек. Құнанбай анасы - Абай әжесі Зере, аяулы анасы Ұлжан жерленген Құдайберді бейітіне кейінгі жылдар орнатылған қабір ескерткіш қорғаны енді қалпына келтіріліп, қайта тұрғызылатын Абайдың туыс-жақындарының көбі алдынан сабақ алған Ғабитхан бейіттері, Шәукембай қабірі саяхатшы сезіміне мейір ұшқынын үйірмей тұрмайды. Оларға жалғас 1891 жылы Абай өзі қолдан қойып, құлпытас ескерткіш-естелігін қолдан өзі жаздырып орнаттырған, 1904 жылы өзі де сонда жерленген Оспан бейіті мен Еркежан зираты қатарласқан гүлзарлы бақ алаңында болған жанның оларға деген ізет ілтипат тағзымында шек жоқ шығар. Ал, осы қорғанның жанындағы Абай ағасы Құдайбердінің бала-немересі - Шәкәрім мен Ахат топырақ томпайтқан дөңес тағы да мен мұңдалап тұр. Бұл екі қабірдегі әкелі-балалылардың кешегі кіді кезең зауал зардабынан осы дөңге жеткенше тартқан тауқыметтерінің өзі ғана бірнеше романға арқау жан түршігерлік қаралы халді баян етер еді. Әке сүйеу Бақанастан қазып әкеліп, өлгеніне 30 жыл өткенде осы дөңге жерлеген Ахаттың өзі болатын. 1984 жылдың маусымында өзі де әке жанынан орын тапты. Осы Жидебай Шәкәрімнің балалары: ақын, сазгер, күйші, Қабдеш, Гүллар, Ғафыр, Зият басынан өрлі қилы қиямет жайлар бір сала болар болмас хикаялар. Зұлматтар өтті. Серпілер, сейілер, етек жиып, еңсе тіктер мезгіл де жетті. Абайдың мұражайы «Абайдың мемлекеттік тарихи және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайы» болып қана құрылды. Жидебайдағы мұражай және 6400 гектарлық табиғи қорық мұражайдың орталық әкімшілігі арқылы мәдениет министрлігіне қарайды. Тиыннан ине, сабақ жібіне министрлік тарапынай қаржыландырылып, Семейдегі орталық қорық- мұражай әкімшілігі қамтамасыз етеді. Табиғи қорық-мұражайға жататын 6400 гектар алқаптың әр нүктесі ескерткіш мұражайлары. Ол Кеңгірбай-би ұнамсыз бейнеде түсіндіріліп келді, ендігі сөз басқа - өз лайығында. Махмұт қорық Құнанбай тұсында ашылған, ол патша үкіметіне жолдаған ресми хат негізінде қол жеткен мектеп орны. Абай төңірегінің ол мектептен сауат ашқаны аз саналмайды. Сол кезең шегіндегі құдығы әлі күні сақталған қалпына келер бір орын да осы. Қорық құрамындағы ырғызының қорасы - Құдайбердінің баласы ырзықбай қыстау жері. Оның қасы жұртқа мәлім - «Абай жолынан жете таныс Ызғұтты бейіті және Абайұлы Тарағұлдың қыстау орны алыс емес. 1927 жылдан бастап ГПУ дің Түріғұлдың қыр соңына түсіп жүріп ақыры түрмеге алып, жер аударып тынар тарихы да осы қыстауда басталды. Шәкәрімнің өнерлі ұлы Қабыштың Оспан үйі мен ырғыз қорасы арасында 1932 жылы аштан өлген жері де Жидебай шиінің арасы қай жерде қалғаны күні бүгін мағұлматсыз.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|