Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






УАҚЫТ ЖӘНЕ МЕКТЕП




Қанафин Ә

Бұл өңір шөре-шөреде жүріп, әсіресе, мәдениет, оқу-өнер саласындағы мән-жайы ақпарлардажеке көрсетілмегендіктен ұмыт қалып бара жатқан сыңай байқатады. Ал, «...халық бірлігі мен ұлт тарихын» зерделеу жолында Жезқазғанға қараған өңірдің алар орны да, қосар үлесі де ерекше. Көненің көзіндей мол ескерткіштер, археологиялық, этнографиялық материалдар өткендегі халық тарихының елесі ғана емес, бұл өңірде жоғары мәдениетті, күшті буынның өмір сүргенінің де айғағы.

Халық басынан өткен қола, мыс, темір дәуірлерінің айшықты дәйектері де осында.

Алаша хан, Жошы, Едіге, Домбауыл ескерткіштері, Беғазы-Дәндібай кешендері өткенге құрмет, үлкен шеберлік үлгілері ғана емес, үнсіз күй мен жыр шертіп тұрған шежіре де.

Бұл зор мақсаттың ашық көрінісі, басты шарты - мектеп.

Қазақстанда тұңғыш мектептер парасатты әм ауқатты адамдардың қолдау-демеуімен ашылып, жаз киіз үйде, қыс қыстауда оқыған.

Көне құлақ қарттармен сырласқанда бұл аймақта: Кеңгір өңірінде Ерден, Қарабұлақ, Ақшатау жерінде Байсейіт, Адамбай-Тұрсын, Ақсу-Аюлы сілемінде Жанғұтты, Тоқырауын бойында Баймұрын, Нұрмұхамед (Ә.Бөкейханның әкесі), Тоқтауыл, Қызыларай, Қасабай өлкелерінде Ермек, Ахметжан, Қарабұлақта Бижан, т. б. ауылдық мектептері болды.

Ауыл мектептерінде сабақты Бұхар, Қазан молдалары және сол медреселерден оқыған қазақтар берген. Олардың мақсаты - арабша хат таныту, құран парызының негізгі талаптарымен таныстыру болды.

Халыққа беделді, сөзі өтетін ауыл ақсақалдары ілтипатпен қадағалап отырған жерлерде бұл мектептер елеулі рөл атқарғаны мәлім.

Ұлытау өңіріндегі Оразай, Ақтоғай өңіріндегі Берікқара мектептерінің шеңбері кең, медресе типтес болған.

Егемен Қазақстанның ұлт тарихын бұлыңғырлатпай, орынсыз мақтамай адал-ақиқатқа негіздеп жасауда, М. Әуезовтің даналық ойына жүгінсек, қазақтың киіз үйінде туып, атамекен топырағынан нәр алған, халқының тіл, оқу-өнер, мәдениетін кеңейте, өркенін өсіре еңбек сіңірген ұлы құбылыстар Шоқан, Ыбырай, Абайлардың нұр өлкесіне тереңдей, қазынасына ене, тамырлана зерттемесек, тағы да «әттеген-ай!», «әй-қап!» — тап сан соғуымыз сөзсіз.

Оқу-ағарту жүйесінде бұл ұлағатты тұлғалардың «Құрметті қамқоршылардың» еңбегі, ісі өлшеусіз.

Шоқан - өз халқын өзгеге, бізді әлі білмей, не білгісі келмей отырған әлемге танытып, халық тарихын, әдебиетін, дәстүрін зерттеп, болашаққа сілтеді.

Абай - өзгені өз халқына таныта отырып, олардың жақсы жақтарын қабылдай, өнер-білімге, оқуға шақырды.

Ыбырай - Шоқан, Абай жолдарын түйістіре, үзақ өрісті, зор келешекті істі өз қолымен жүзеге асырды.

Бір-ақ адам (молда, ишандар) оқытып келген ауыл мектептері өміріне енген үлкен өзгерістер Торғай облысына 1879 жылы халық ағарту ісінің инспекторы болып Ыбырай Алтынсариннің тағайындалуынан бастау алады. Бұл мерзім қазақ даласына сауда капиталының аранын аша, етек жая келу кезеңі еді.

Құнарлы жерімізді, тұнып тұрған байлығымызды баса-көктей, омыр- аулай, дөрекі түрде орныға бастаған отаршыл Россия өзінің зымиян- зұлым ойын жеделдете, жебей жүргізуде сенімді көмекшілер керек екенін сезініп, болыстық бір, екі сыныптық мектептер ашып, қазақ жастарын тарта бастады.

Бітіргендерден «шен-шекпенге» қызығып, миссионерлік жолмен кеткендер де болды.

Озық ойлы, зиялы топ: «... Әділдік жоқ жұртта береке-бірлік болмайды. Байлықты өнермен, шаруамен, қызметпен іздемей, жұртты тонап, мо- мынды жылатып іздеген мырза қысты күні үңгірде жатып өз аягын өзі сорған аю мысалында ғой, қанша қомағайлана сорса да сорғаны өз аягы...» (Ә.Бөкейхан) деп, ұлттық сананы оята, сақтандыра іске кірісті.

Бұдан жүз жыл бұрын айтылса да, бүгінгі күнімізді тап басып түр. Тарих сабақтарынан нәр алып, тамырлана іске кіріспей, көп «әй, қап»- тың негізі - осы да.

Осы аласапыранда Ыбырай халықты сауаттандыру, жан-жақты білім беру, рухын көтеру мүддесін берік ұстады.

Мектептің мән-мағынасын түсіне бастаған ауқатты адамдар қамқорлық көрсете бастады.

«... Троицк қазақ мектебінің құрметті қамқоршысы Қарпықов260 сом, Ақтөбе мектебінің қүрметті қамқоршысы Беркінбаев109 сом, Торгай мектебінің құрметті қамқоршысы Бірімжанов200 сом және Ыргыз мектебінің құрметті қамқоршысы Құлымбеков100 сом қаржы беріп отыр» деп хабарлайды Ы. Алтынсарин. (Ы. Алтынсарин, Таңд. А., 1955.)

Осындай тұрақты «Құрметті қамқоршылар», әсіресе, ауыл мектептеріне қазір де керек-ақ.

1893 жылы Орынбордағы қазақ мұғалімдері училищесінде Торғай өлкесінен Балғымбаев, Тоқтабаев, Оразов, Григорьев, Лазаревтердің дайындықтан өткені айтылған. («Кир. степная газ». 1895 г, 18 июнь.) Мектептердегі үлгілі ұстаздар Жолмурин, Қожанов, Оразов, Сарыбатыровтар еңбектеріне сілтеме жасалады. (А. Е. Алекторов. «Очерки наробра в Торг. обл.». Оренбург— 1900, 95-96-бет.)

Осылай басталған өмірдің ең бір өзекті талабы - жастарға білім беру замана көшімен алға қарай, ұлғая жылжи берді.

Бұл қозғалысты мойындаған әрі халық қолдауынан сескенген Орын- бор генерал-губернаторы Крыжановский 1879 жылы Торғай, Орал облыстарында болыс сайын ауылдық мектептер ашып, олар халық ағарту министрінің бақылауына берілсін деген хат жариялады.

Қазақ қоғамына ең қажет, дамуға бет алған ағартушылық, демократиялық қозғалыс - білім беру жүйесінің жайы сынға түскен кезеңде Сарыарқаның қасиетті топырағы халқымыздың адал ұлдары Ә. Бөкейхан, Ә. Ермеков, С. Сейфуллин, Ж. Ақбаевтарды тарихқа шығарды.

Ә. Бөкейхан: «Қазақтың ұлт болып, өркениетті ел қатарлы өмір сүруі үшін, ең алдымен, халықтың сана-сезімін оятатын жагдай жасау керек, қазақтың ұлттық тілін, әдебиетін өрістету керек...» деп, бұл игілікке қазақ зиялыларын түгел қозғай, басшылық етті.

С. Сейфуллин уақытында: «... Жаңа оянып келе жатқан қазақ интел- лигенциясының ол кездегі дем беруиілері Бөкейханов, Дулатов, Байтұрсыновтар болды» деп бағалады.

Ахмет Байтұрсынов - 1891 жылы Торғайдағы екі сыныптық, Орын- бордағы мұғалімдер мектептерін бітірген соң 15 жылға жуық ауылдық және болыстық мектептерде ұстаздық етті. Үлкен ағартушылық қызметімен бірге бірқатар оқулықтардың авторы.

Қазақ мектептеріне жедел хат таныту мақсатында «сулы жадид» (төте оқу») алфавитін енгізді.

Сәкен Сейфуллин -еңбек жолын Бүғылы, Нұрада ауыл мұғалімінен бастап, жоғары оқу орындарында ұстаздық етіп, Қазақстан халық ағарту комиссарының орынбасарына шейін осы салада еңбек етті.

Әлімхан Ермеков -халық алдындағы парызын үлкен қоғамдық қызмет пен тәлім-тәрбие, білім салаларымен ұштастыра жүргізді. Жоғары оқу орнына алғаш математика оқулығы мен сөздігін жасады.

Міржақып Дулатов -халқына ояну, сілкіну, ілгері басудың көзі:

... Газет, журнал оқысаң,

Көзіңді қазақ ашасың.

Дүние халін білмесең,

Ілгері қалай басасың, - «Оян, қазақ!» - деп, жар сала, ғылыми-педагогтік еңбектерімен ұштастырды.

Қоғам қопарылғанда өзінің сындарлы азаматтарын астына ала құлайтын әділетсіз «заңдылық» бұл тұлғалардың бәрін мезгілсіз әкетті.

Ағарту жолына ұлттық тіл, дәстүр мақсаттарын беттеріне ұстай белсене кіріскен ауыл мұғалімдерінің топастардың жалған жалаларының құрбаны болып кеткендері аз болған жоқ.

Ұлылардың тағдыры әмәнда топастардың қолында екендігі де - сол әділетсіз «заңдылық».

Осы өңірде еңбек еткен Нұржанов Мағауия, Айжанов Хасен, Мұқанов Серік, т. б. алғашқы ауыл мұғалімдерінің тағдыры осылай болды.

М. Нұржанов (сол ортаға белгілі Нұржан ақынның баласы) Ақтоғай (Қоңырат) ауданы Қызыларай ауылдарында мектеп ашып, Қарқаралы педтехникумында, Семей, Павлодар облыстарында ерекше еңбегімен көзге түскен. Ақыры «халық жауы» деген жаламен 1938 жылы 11-наурызда Алматыда («Жаңалық») атылды.

Жезқазған жеке облыс болып (1973) құрылғанда: халқының саны - 440900;

Оның ішінде:

жоғары білімдісі - 20755;

аяқталмаған жоғары білімдісі - 3240;

арнайы және жалпы орта білімдісі - 115000;

жалпы білім беретін мектептегі оқушылар - 90900 болды.

Батысы қасиетті Ұлытаудан басталып, арқаның Ақсу-Аюлы, Қайдауыл-Шеруке, Ақтас-Қызыларай, Беғазы-Саяқ жоталарымен, оңтүстігі Балқаш көліне тіреліп 312,6 мың шаршы километр көлемді ала, малды-астықты кең дала мен алып өнеркәсіп орталықтары мысты Балқаш, рудалы Жезқазғанды, Қоңырат, Қаражал, Жайрем, Жезді, Ақжол, Ақшатау, Саяқ сияқты кен көздерін бауырына ала ашылған Жезқазған экономикасымен қоса мәдениеті де толымды облыстардың бірі болды. Жалпы білім беретін 241 мектепте 103,9 мың бала оқыды. 57 жұмысшы-жастар мектебі мен оқу-консультация тіректерінде 3200 адам өндірістен қол үзбей білімдерін жалғастырды.

Төрт мектеп-интернат, мектеп жанынан ашылған 60 интернат, бір жетім балалар үйі 4 мыңнан астам оқушыны қамтыды.

Балқаш қаласында даму қабілеті баяу дамыған және қияңқы балалар мектептері жұмыс істеді.

Ұзартылған күн тобы 26,1 мың оқушыны қадағалады. Кейін облыста 3 гимназия (Жезқазған, Балқаш, Сәтбаев қалаларында), 12 лицей сыныптары ашылды. Бұлар өмір сынында.

Жастарды жан-жақты жетілдіру талабын көздеген 71 мектептен тыс мекеме жұмыс істеді. Оның ішінде 14 оқушылар сарайы мен үйлері, 16 музыка, 3 сурет, 1 өнер, 16 спорт мектептері, 11 жас техниктер, 9 натуралистер, 1 туристер станциялары, аулаларда ашылған мүдде клубтары 40 мыңға тарта оқушыны қамтыды.

Оқушыларды еңбекке баулып, өндіріс, ауыл шаруашылық салаларына алғашқы дағдылар беруді көздеген 699 шеберхана, оқу-тәжірибе үлескілері, комбинаттары, колхоз-совхоз кешендері, 17 дала қосы, 11 далалы және еңбек лагерлері жүмыс істеді.

Жоғары сынып оқушыларына алғашқы әскери дайындық беретін 71 толық кешенді (лагерь, тир, алаң, кабинет) 130 толық жабдықталған кабинеттер үйымдастырылып, 130 офицер, прапорщик, сержанттар сабақ берді.

Барлық сегіз жылдық, орта мектептерде патриоттық сезімдерге негізделген мұражай, қызыл бұрыштар ұйымдастырылды.

Қазақстанда тұңғыш балабақшасы 1917 жылы Верный (Алматы) қаласында 1-мамыр күні ашылғаны мәлім.

Балабақшаларды ұйымдастырып, дұрыс жолға қоюда белгілі қоғам қайраткері Нәзипа Қүлжанованың («Мектептен бұрынғы тәрбие»-1923, «Ана мен бала» - 1927, Қ-Орда) еңбегін еске алуымыз орынды.

Республикада 1987 жылы 8096 балабақша жұмыс істеп, 1027526 балбөбектерді тәрбиеледі.

Жезқазған облысында 275 типтік үйде ашылған балабақшалар 344735 сәбилерді аялады, бұл 1-ден 6 жасқа дейінгі бүлдіршіндердің 60% еді.

Педагогикалық және кәсіптік-техникалық кадрлар жайына келсек, рес- публикада педагогикалық кадрлар 21 пединститутта (70167 студент), 18 училищеде (39856 оқушы) дайындалды.

Жезқазғанда пединститут 1975 жылы ашылып, 375 абитуриент қабылданса, 20 жылдан кейін 3500-ге жетті. 1996 жылы Пединститут Тау-кен институтымен қосылып, университет ашылды. Облыста 8 арнайы орта- кәсіптік және 15 кәсіптік-техникалық училищелер жұмыс істеді. Жезқазған таукен, ауыл шаруашылық, Балқаш техникумдары, Қаражал, Ақтоғай училищелері мамандар дайындауға үлкен үлес қосты.

1990 жылдары облыс көлемінде 7021 мұғалім еңбек етті, оның 4760 жоғары білімді болды.

Қоғам өзінің ең қымбаттысы, ең құндысы, үміті, болашағы балаларды оқытып, тәрбиелеуді, негізінен, мұғалімдерге тапсырған дей отырып автор ойын былайша жалғастырады:

Бұл ізгі, аса жауапты міндетті - балаға сүйіспеншілігі, жан жомарттығы, ісіне жоғары адалдығы, білім өресі, мәдениеті, материалдық жағдайы берік мұғалім ғана ойдағыдай орындай алады.

«... Балаңды құлга тәрбиелетпе, екі құл аласың» дейді грек даналығы.

Облыс жеке отырған мерзімде тынымсыз іздену, еңбектерімен жұртшылықтың ризалығы мен құрметіне бөленген, мақтан тұтқан ұжымдар мен ұстаздарды атап, ұрпақ зердесіне қалдыру керек. «... Көргенін, білгенін айтпаса, ага кінәлі» (Платон).

Жезді мектеп-интернаты (директоры I.Құсайынов), Балқаш мектеп- интернаты (директоры Б.Махатова), Жаңаарқа спорт мектебі (директоры Т.Асқаров), Ақтоғай ауданы «Қуаныш» мектеп жанындағы интернаты (меңгерушісі М.Жүнісов), т. б. балалар мекемелерінің істері облыс, республика көлемінде танымал болды.

168 мектеп қызметкерлері орден, медальдармен мараппаталды. 24 мұғалім «ҚазКСР-інің еңбек сіңірген мүғалімі» құрметті атағының иегері болды.

Облыстың қала, аудандарында Ә. Қанафин, Қ. Шыңғысов, Ә. Смағүл-ов, К. Әбілдиндер үзақ мерзім ағарту саласына басшылық етіп, көрнекті деңгейден көрінді.

Облыс көлемінде: С.Мыңшалов, X.Жомартова, Ж.Сапарғалиев, Т.Сардарбеков, А.Драгунова, Н.Сыздықов, Ш.Қанафина, Г. Ақпанова, Қ. Байдағүлов, О.Табоева, Т.Адамбаев, Қ.Алтынбеков, И.Садуақасов, Ш.Адамбекова, Н.Шенеуова, Н.Хабарова, Т.Нүрышев, М.Смағұлова, К. Дихамбаева, Ж.Жанкин, Б.Серладинова, Б.Төлеуов, В.Мошковская, т. б. ұстаз рухын жоғары ұстаған ұлағатты мұғалімдер ұзақ жыл еңбек етті.

Әрқашан жүздері жайдары, көңілдері көтеріңкі болды.

Міне, Қарағанды облысына қайта қосылған Жезқазған өңірінің оқу-ағарту саласының тарихы осылай жалғаса бермек.

Ағарту саласының жалғыз ғана бай қамқоршысы (меценаты) — мемлекет. Мемлекет мектепті тек өз қолына алғанда ғана дені-жаны сау, ары таза, қабілетті болашақ иелерін тәрбиелей аламыз.

Ел тарихының ұмыт қалып бара жатқан бір бөлшегі іспетті - кешегі Жезқазған облысы тарихынан мақала жариялауды мақұлдаған «Қазақстан мектебі» журналына, оның ақылдастар кеңесіне бүгінгі Қарағанды облысы аймағындағы Сарыарқаның жері, белі, желі, үлкен-кішісі бәрі мың алғысын айтады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных