Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Керімов Л, Қиясова З




Жас ұрпақтың патриоттық санасын қалыптастыру үрдісіндегі іс-әрекетіне қажетті төмендегідей саяси-педагогикалық категориялар мен тұжырымдардың мәнін тереңірек анықтауға ой жүгірткен дұрыс:

Елжандылық – қоғамдық құбылыс, тарихи ұғым;

Елжандылық дегеніміз, әр адамның өзінің араласқан белгілі бір саяси, мәдени және әлеуметтік ортасына - Отанына деген аса терең сезім;

Қазақстандық елжандылық – Қазақстан Республикасын біртұтас Отаны ретінде қабылдап, өзін республика халқының құрамдас бөлігі сезінетін азаматтық парыз бен намысын тәрбиелеу деп баяндаған.

Елжандылық тәрбие, ең алдымен, азаматтық тәрбиемен тығыз байланысты болғандықтан, мұнда өзара қатынастар мен заңдылықтар жүзеге асылады. Жеке оқушының азаматтық сапасын қалыптастыру үшін тәрбие барысындағы кез келген іс-әрекет осы бағытта жүргізілуі тиіс.

Бүгін, бұл бағытта Қазақстан мектептері жүйесі алдында оқушылардың саяси білім негіздерін жетілдіру қажеттілігі, оларды өз азаматтық құқықтары мен міндеттерін білуге тәрбиелеу, сондай-ақ сыни ойлау мен азаматтық көзқарастарын қалыптастыру сияқты өткір мәселелер тұр.

Азаматтық сана – әлеуметтанушылық көзқарас, ниет тазалығы, еңбексүйгіштік, дене шындалуынан жетілуі оқушыларға мектеп қабырғасында беріледі. Бұған қоса, өскелең ұрпақтың парасаты биік әр жан-жақты сауатты, жауапкершілік сезім қалыптасқан болуы үшін және олардың Отан алдындағы азаматтық борышын өтеу сиақты асыл қасиеттерді бойларына сіңіру мақсатында Қазақстан мектептерінде кешенді шаралар жүргізілуі тиіс.

Атап айтқанда, қоғамдық-саяси және гуманитарлық пәндердің мазмұнына терең көңіл бөлу. Оқушылардың қоғамдық өмірге белсене қатысуы үшін сыныптан және мектептен тыс жұмыстар ұйымдастыру, т.б.

Міне, осы орайда ХХ ғасырдың басында-ақ «Қазақстандық елжандылық» идеясына аса зор мән берген педагогтердің қатарында С.Асфендияров есімін атауға болады.

Республикадағы қоғамдық ғалымдардың көш бастаушысы, белгілі тарихшы ғалым ретінде профессор Асфендияров Санжар, өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен білім берудегі қоғамдық пәндердің маңызына ерекше тоқталады. «... Болашақ жастар өмір сүріп отырған мектептің өткені мен келешегін, оның алдында тұрған жоспарларды жақсы білуі қажет,- дейді С.Асфендияров, - соынмен бірге, оқушы өз елінің басынан кешкен қиындықтармен танысып қана қоймай, сондай қиындықтан елін, халқын алып шығуға қатысып, оған өзінің үлесін қосатындай болып тәрбиеленуі керек». Қазақстан сияқты көп тілді, түрлі дінді ұлт пен ұлыс өкілдері шоғырланған іргелі мемлекеттің бала тәрбиесінде ұлы державалық шовинизм мен ұлтшылдықтың көлеңкесі деболмауы тиіс деп тұжырым жасаған С.Асфендияровтың бұл ойлары бүгінде өз маңызын жойған жоқ.

Елжандылық, азаматтық тәрбиені біріктіре отырып, оны оқушылар бойына сіңіруде 30-жылдары қалыптасқан оқу-тәрбие үрдісінің кешенді саласы – өлкетану ісі айтарлықтай нәтижеге қол жеткізгені белгілі. Республикамызда өлкетану ісінің қарыштап дамуына өзіндік үлес қосып, оның жас ұрпақты тәрбилеудегі орнын жоғары бағаланған педагог-ғалымдарымыздың бірі – профессор С.Асфендияров.

Профессор С.Асфендияров еліміздің 20-30 жылдары қоғамдық-саяси өміріне белсене атсалысқан белгілі мемлекет қайраткері, Қазақстандағы жоғары мектеп пен ағарту ісінің көрнекті ұйымдастырушыларының бірі және шығыстанушы ірі ғалым ретінде сан-саналы істерді атқарумен қатар, оның педагогикалық бай мұрасының ішінде мектептердегі Өлкетану ісін дамытуға қосқан үлесі ерекше.

Кеңес үкіметінің білім беру мен ағарту саласында атқарған игі істерінің қатарына мектептегі өлкетану жұмысын да жатқызуға болады. Үкімет өлкетану ісіне халық ағарту саласының маңызды бір бөлігі ретінде қарап, мемлекеттік деңгейде көңіл бөлінуін қадағалады. Өйткені, өлкетану оқушылардың дүниетанымының қалыптасып, білім деңгейінің артуына, сонымен бірге жан-жақты дамуына ықпалын тигізетін білім беру мен тәрбие ісінің негізгі бөліктерінің бірі болып табылады деп есептеледі. Сол себепті, 1920 жылы қазан айында құрылған Қазақстанды Зерттеу Қоғамы республиканың этнографиясына, тарихына, фольклоры мен музыкасына, сондай-ақ табиғатына байланысты үлкен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізген болатын. Қоғам, екі жаратылыстану-география және тарих-археология секциясынан тұрады. 30-жылдары Зерттеу Қоғамы Қазақ КСР Халық Комиссарлар Кеңесінің жанында, Өлкетану Бюросы деген атпен жұмыс істеп, халықты өлкетану ісіне жұмылдыруға атсалысқан. Бірақ, сауатсыздық толық жойылып бітпеген шақта бұқараның бұл іске араласуы тым сылбыр болды. Соған қарамастан Өлкетану Бюросы өз отырыстарында бір қатар қаулы қарарлар қабылдап, алдағы мақсаттарын айқындады. Негізінен, ол мақсаттар төмендегідей сипатталды:

1. Қысқа мерзімде курстар ұйымдастыру арқылы өлкетану мамандарын тез арада даярлау.

2. Мектептермен техникумдар және жоғару оқу орындарында өлкетану ұйымдарын ұйымдастыру, сол арқылы мұғалімдер мен студенттердің, әсіресе мектеп оқушыларының бұл іске деген қызығуын арттыру. Міне, осы және басқа да міндеттерді жүзеге асыру, белгілі бір кезеңде, Қазақстан Орталық Өлкетану Бюросының төрағасы болған С.Асфендияров есімімен тығыз байланысты. Тарихы ғасырлар қойнауында кететін Қазақстан Республикасы үшін аса маңызды өлкетану қозғалысын ұйымдастыруда С.Асфендияров қызметінің өзіндік мәні зор болды. Ол кең байтақ Қазақстанның әр ауданының табиғи ерекшеліктерін, экономикасының дамуын зерттеп, жинақтау, сонымен бірге тарихи ескерткіштер туралы мәліметтерді жинау өлкетанушылардың алдындағы үлкен әрі жауапты міндет деп білді.

Осындай тынымсыз істердің арқасында Өлкетану Бюросы 1930 жылдың сәуір айында өзінің алғашқы бүкіл қазақтық өлкетанушылар сьезін шақырады. Айтулы сьезді ұйымдастыру жұмысы О.Жандосовтың төрағалығымен мүшелері: Шафров, Иванов, Манаев, С.Асфендияров, Абрамович, Астромович сияқты көрнекті ғалымдардың қатысуымен жүргізілді.

Аталған сьезд студенттермен мектеп оқушыларының арасында өлкетану ісін жандандыру мәселесіне ден қойып қаулылар шығарады, Өз өлкесінің табиғи өндіргіш күштерін, тарихын, климатын, өсімдіктер әлемін, т.б. білу, тек қана біліп қоймай, Қазақстанды дамытуға пайдалана білу аса қажеттіэлемент болып табылғандықтан, өлкені танып- білу жұмыстары студенттердің арасында әлі де шектеулі дәрежеде деген сиезд шешімі жоғары оқу орындарындаөлкетану үйрмелерін ашуды ұсынды.

Республика үкіметінің арнайы шешімімен, еліміздің педагогикалық оқу орындарының арнайы пән ретінде енгізілуі мектептердегі өлкетану ісінің жандануына себеп болды. Бірақ, өлкетану мәселесінде ғалымдар ортақ пікірде болмады. Географтар өлкетануды – географияның бір бөлігі деп қарастырса, біреулері – өлкетануды ғылым емес, тәрбиелеу әдісі, яғни жасөспірімдерді туған өлкеге деген ыстық сезімге тәрбиелеу деп есептеді.

Ал, профессор С.Асфендияров өлкетану ісінің оқушылар танымын арттырудағы маңызын жоғары бағалап, олардың өз Отанын, ұлтын сүюге, оның табиғи байлықтарын игеруге әрі сақтауға көмектесетін бірден-бір пән деп есептейді. Ғалым-педагог өлкетануды туған өлкенің тарихын, этнографиясын, әдебиетін, мәдениетін, табиғатын, халық шаруашылығын оқып-үйренуді бірлестіретін, яғни оқыту мен тәрбиелеудің маңызды бір педагогикалық құрамы ретінде кешенді пән деп қарастырады. «Өз өлкеңді барлық жағынан: геологиялық, этнографиялық, фольклор, география және гидралогиялық білуде өлкетану ісі түсінікті әрі қарапайым мектеп болып табылады» - деп жазды С. Асфендияров. Ол сонымен бірге, мектептегі өлкетану ісідұрыс жолға қойылған жағдайда оқушылардың Отанына, ұлтына деген патриоттық мақтаныш сезімін арттыруға нәтижелі үлес қосады деген пікір болды.

Әрбір халықтың рухани азығының қайнар бұлағы оның халықтық педагогикасы мен ұлттық салт-дәстүрлері болып табылатыны баршаға аян. Ұрпақ тәрбиесінде тән азығы мен жан азығының тепе-теңдігін сақтап, әсіресе жан азығына басым көңіл бөлген халқымыздың дүниеге келген нәрестені бесік жыры арқылы тербетуінің үлкен пәлсапалық мәні бар деп автор өз ойын білдіреді.

Ежелгі заманнан өмір сүріп келе жатқан түркі тайпалары негізінде қалыптасқан іргелі халықтардың бірі – қазақтар ғасырлар бойында жазба мәдениеті болмаса да, ауыз әдебиеті негізінде өзіне тән бай рухани мұра жасай білді.

Сондықтан ауыз әдебиеті өте жоғары дамыған қазақ халқының бала тәрбиесінде бейнеленген эпостық жырларға ерекше көңіл аударуы да тегін емес. Өйткені, олар халқын, жерін, Отанын жаудан қорғаған батырларды мақтап жырға қосу арқылы жас ұрпақты ерлікке, өрлікке, мәрттікке, елжандылыққа үйретуге тырысқан. Сондықтан, дәстүрлі қазақ эпосы – ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығының айқын айғағы ретінде бүгінгі күні де халықтың жадында сақталып, ғасырдан – ғасырға, ұрпақтан–ұрпаққа асыл мұра болып жетіп отыр.

Осы асыл мұраны, яғни эпостық жырларды профессор С.Асфендияров алғашқылардың бірі болып тарихи деректанудың ең маңызды қайнар көзі деп тауып, оны ғылыми түрде жан-жақты зерттеу ісін қолға алуды ұсынды. Сонымен бірге ол жоғары бағалап, «Қазақ эпосы туралы» деген мақала жазды. Аталған мақалада С. Асфендияров «Ер тағдыры», «Ер Көкше», «Едіге батыр», «Шора батыр», т.б. жырлардың тарихын үңіліп, өзіндік ойларын білдірген.

Осылайша С.Асфендияров жас ұрпақтың бойында адамгершілік, имандылық, мейірімділік, т.б. сияқты халқымыздың асыл да абыройлы қасиеттерін егумен қатар елжандылық, отансүйгіштік сезімді қалыптастыруда, ең алдымен, халықтың рухани азығының қайнар бұлағы, оның халықтық педагогикасы – ұлттық салт-дәстүрін терең сіңіру керек деп есептейді.

«Қоршаған ортаны аялай білу – өзінің туған елін сүюдің белгісі»,-деп кезінде жазушы К.Паустовский айтқанда, ааматтық тәрбиенің бір бағыты – өскелең ұрпақтың бойында туған жердің, өскен елдің табиғатын аялай білу сезімін қалыптастыру болып табылады. Бүгінгі таңда келешек ұрпаққа экологиялық білім мен тәрбие беру жұмысы – өмірдің өзі алға қойып отырған үлкен міндет. Себебі, ХХ ғасыр ғылыми-техникалық прогрестің тез қарқынмен дамып, ғарыш ғасыры атануымен қатар табиғи ресуртарға орасан зор нұқсан келтіріп, қоршаған ортаның адамзат өміріне қауіп төндірерлік апатқа ұшырауына әкеліп отыр. Бұл жағдай адам баласының алдында тұрған кезек күттрмейтін әлемдік деңгейдегі күрделі мәселеге айналуда.

Сондықтан да, дәл қазіргі оқыту мен тәрбие үрдісіндегі көкейкесті мәселелердің бірі – жастарға экологиялық білім беру арқылы табиғатқа жауапкершілікпен қарайтын ұрпақ тәрбиелеу.

Оқыту үрдісінде отызыншы жылдардың өзінде табиғатты қоғау ісін жандандыруда біршама алға жылжу байқалды. Мәселен, өсімдіктану, география, жануартану пәндерінің оқу бағдарламаларына экологиялық білім беру мен табиғатты қорғау ісіне тәрбиелеу жөнінде қосымша материалдар енгізіле бастады.

Профессор С.Асфендияров оқушылардың табиғатқа қатынасы, яғни экологиялық тәрбиені өлкетану ісімен тығыз байланыстырады. Олар өз өлкесінің табиғаты туралы нақты мәліметтер жинай отырып, табиғат жағдайындағы өзара байланыс пен қарым-қатынасты игеруге дағдаланған жағдайда қоршаған ортаның үйелесімін бұзбай ұстау көзқарасы қалыптасады деп пайымдайды С.Асфендияров.

Ұлан-байтақ жерін қорғап, елдігін сақтаудың басты шарттарыныңбірі – сол елдің тілін сақтау екенідаусыз. Сондықтан, ұлт мәселесінің жанды тұсы – тіл тағдыры кеше де, бүгін де талай қазақ зиялысын толғандырған.

«Тілінен айырылған жұрт – жойылған жұрт. Мектеп пен баспаның тілі дұрыс болса, елдің тілін көркейтіп, байытып, гүлдендіреді, мектеп пен баспада қолданудан қалған тіл – бақытсыз тіл», - деген Х.Досмұхамедовтың сөзі бір маңызын жойған жоқ. Керісінше, қазақ халқының, қазақ тілі мен әдебиетінің, мәдениетінің күрделіде қайшылықты даму жолын көрсетіп тұрғандай.

Бұрын да, күн тәртібінен түспей, ұлттық проблемаға айналып отырған қазақ тілі мәселесіне С.Асфендияров та бей-жай қарамаған. Профессор С.Асфендияров отызыншы жылдардың өзінде-ақ қазақ тілінің техника, ғылым тіліне айналуына барынша ден қойған. Сондықтан, қазақ тілінің болашағын латын графикасымен байланыстырып, оны ең прогрессивті бағыт деп қараған ғалымдардың ортасында болды.

С.Асфендияров «жаңа әліпби үшін күрес – жаңа мәдениет үшін күрес» дегенкөзқарасты ұстанып,латын әліп-биін қазақ халқы үшін дүниежүзілік тарихи маңызы бар оқиғаретінде қарастырды. Сонымен бірге, қазақ мәдениетінің жаңаша дамуын тікелей үлес қосады деген сенімде болды.

С.Асфендияров Бүкілодақтық Жаңа Түрік әліпбиі Орталық Комитетінің құрамында белгілі ғалымдар, мемлекет қайраткерлері: Агамаглы-Оглы, Айтақов, Ахунбабаев, Икрамов, Комчи-Бек, О.Жандосов, Б.Досов, Н.Нұрмақов, Ғ.Тоғжанов, Т.Шонанов, Т.Рысқұловтармен бірлесіп жұмыс істеп, Алматыда 1930 ж. жаңа түрік әліп-биі Комитетінің ІV пленумын ұйымдастыруға қатысып, баяндама жасады. Бірақ, екпіні қатты болғанмен жаңа әліпбиге көшу көп қиындықтарға кездесіп, Ахмет Байтұрсынов бастаған топтың қарсылықтарына ұшырағаны да белгілі. Дегенмен, соңғы жылдары ғасыр басында көтерілген латын алфавитіне көшу қайта жанданып, тіпті көрші республикалардың біртіндеп осы алфавитке көше бастауы, кезіндегі С.Асфендияров сынды латыншылардың еңбегін ақтағандай болып отыр.

С.Асфендияровтың жас ұрпаққа елжандылық азаматтық тәрбие берудегі басты ұстанымы: туған өлкенің тарихын, этнографиясын, әдебиетін, мәдениетін, табиғатын оқып-үйретуді бірлестіретін кешенді пән – өлкетануды дұрыс жолға қою.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных