ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
ЛАМАЛАР ТАҒЫЛЫМДАРЫЕлікбаев К ХХ ғасырдың бірінші ширегінде қазақ елінде педагогикалық психологияның қалыптасуына Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытовтар зор үлес қосты. Ш. Құдайбердиев білім беруде жастардың ойлау белсенділігін, ақыл-парасатын дамытуды басты бағдар деп танытады. Берілетін білім мен оның тәлімдік, тәрбиелік ғибрат жолын бөлмей, бірлікте қарауға айрықша мән берді. Оқудың әдіс-тәсілдеріне уақыт деңгейі тұрғысынан қарап, білімді алудың өнегелі жолын дұрыс көрсетті. Білім әр адамның жеке басына тән ерекшеліктерге, қабілетіне және мүмкіндіктеріне қарай іске асырылса, нәтижелі болатынын дұрыс нұсқады. Демек, берілетін білім де, тәрбиелік тәлім де шәкірттің шамасына үйлесімді, таным-түсінігіне сәйкес келсе ғана жүзеге асады. Ал білсін, ұқсын деген құр игі тілек баланың жасы мен түсінігіне үйлеспесе, нәтиже шықпайтынын дөп баса айтқан Шәкерім: «Оқыту мен үйрету зорлау, күш көрсету емес, баланың дербес ерекшелігі мен бейімділігіне қарай жүргізілсе дұрыс болады» дейді. Жас баланы ұрғанмен шырылдатып, Ойы толмай тұрғанда ақылы еңбес. Адамның танып білуі үшін, терең ойланып, толғану үшін көрнекілікті тиімді пайдалану, сезім мүшелерінің бәрін қатыстыра алу ақыл-ойдың дамуына, түсініктің дұрыс та тиянақты болуына жол ашатындығын пайымдайды. Тән сезіп, құлақ естіп, көзбен көрмек, Мұрын-иіс, тіл-дәмнен бермек, Бесеуінен мидағы ой хабар алып, Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|