Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Ы.АЛТЫНСАРИННЫҢ ҰСТАЗ ТҰЛҒАСЫ ТУРАЛЫ ИДЕЯЛАРЫНЫҢ МАҢЫЗЫ




Р.Мұсаев

Туған еліне қалтқысыз берілген, оның болашағы үшін жаны ауырған біртуар азамат Ыбырай Алтынсарин бір өзі бірнеше әлеуметтік топтар орындайтын ауқымды жұмыстарды өте қиын жағдайда іске асырған, мектеп ашу үшін ақша табу, қолайлы үй-жай қарастыру, оларды қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, ақыр аяғында балаларын оқуға жіберу үшін ата-анасын көндіру сияқты жұмыстарды ұйымдастыру, шаруашылық мәселелерімен тікелей айналысқандығын, еңбекқорлығы, ізденімпаздығы, халқына шексіз сүйіспеншілігі оған әр уақытта демеу болғандығының арқасында қажымай-талмай оқу бағдарламаларын дайындаған және солардың мағынасын бала санасына құюдың, жеткізудің жолдарын іздеген, бұл ізденістері оқу-әдістемелік құралдарда, сынып жұмыстарын сараптауда, әртүрлі бағыттағы нұсқауларында көрініс береді.

Жаһандану мен ұлттық бірегейлену заманында білім алу және білім беру үрдісі қоғамдық. прогрестің маңызды өлшемі. Бұл үрдістің негізгі субъектісі - ұстаз бен шәкірті. Осы екі маңызды әрекет өзара қарым-қатынасының тереңдігінен, жарастылығынан, тұрақтылығынан, даму қарқынынан білімнің жасампаз қасиеттері мен белгілері туындайды. Бұл білімді жасайтын, тудыратын екі субъектінің өзара сұхбаты. Осы сұхбат нәтижесінде тың адами дағдылар мен қызығу жүйелері қалыптасады. Бір қызығу жүйесі екінші бір жүйелерді тудырады, сөйтіп білім беру, алу үрдісі жалғаса береді. Өйткені білімі көбейген сайын адам бір биіктіктен екінші бір биіктікке ұмтыла береді. Бар мәселе осындай іс-әрекетті бастау, оған бұлақтың көзін ашқандай жан бітіру, жан бітірілген, көзі ашылған бұлақ дарияға айналатыны сияқты дамып, ныгайып, жетіліп. адам баласын бұрын-соңды болмаған жаңа асуларға, биіктерге жетелейді.

Ы.Алтынсарин осы ақиқатты жақсы түсінген.

ЬІ.Алтынсарин оқытушының тек өзі оқытатын пәнді жақсы білуінің аздық ететінін ескерткен. Яғни ол ұстаздың жан-жақты білімді, интеллектуалдық өрісі кең, жаңа нәрселсрді қабылдауға икемді болғанын қадағалаған. Оқушыларға арналған оқу-әдістемелік құралдардан басқа оқытушыларға олардың оқып-біліп, өнеге алуы міндетті кітаптардың атын атап отырған. Олардың арасында Бобровскийдің "Педагогика", Коменскийдің "Ұлы дидактикасы", Реклюдің "Жер, құрлық және мұхит" сияқты кітаптары бар.

Әрине, Ыбырай заманынан бері психология, педагогика, жаратылыстану ғылымдары дамып ілгері кетті. Бірақ ол назар аударған Я.А.Коменскийдің "Ұлы дидактикасы" әлі де маңызды.

Бала мен ұстаз арасындағы қарым-қатынас жақсы нәтиже беруі үшін олардың арасында шынайы әріптестік қатынас орнауы тиіс. Яғни ұстаз бала табиғатын, оның психологиялық ерекшеліктерін жан-жақты біліп, онымен тіл табысуға ұмтылуға міндетті екенін ескере отырып, Ы.Алтынсарин қаламынан туындаған хрестоматияға үңілсек, ғалым балалардың назарын аударған бірнеше маңызды этикалық ұстанымдарға тап боламыз.

Біріншіден, ғалым-педагог балаларды еңбексүйгіштікке баулуды ұсынады. Ы.Алтынсарин хрестоматиясында еңбекпен келген игіліктің баянды болатынын көрсететін мысалдар молынан қездеседі.

Атымтай жомарт бай болса да отын жарып, су тасудан ешбір қашпаған көрінеді. Мұның себебін сұрағандарға мынадай уәж келтіріпті: Әуелгісі, әдемі am, асыл киім, асқан дәулетті өнe бойы әдет етсең, қөңілге жел кіргізеді, сол желіккен қөңілмен өзімнен терезесі төмен бейшаралардан жиреніп, көз салмай. кемшілікке жәрдем беруді ұмытармын деп қорқамын. Екіншіден, бар бола тұрып мен жұмыс қылсам, мұның кемшілік емес екенін біліп, кейінгілер ғибрат алсын деймін. Үшіншіден, күн сайын өз бейнетіммен тапқан бір-екі пұлға сатып алып жесем де бойыма сол тамақ болып тарайды, еңбекпен табылған дәмнің тәттілігі, сіңімділігі болады екен. Тәртіншісі: құдай тағаламның берген дәулетін өзімсініп тиісті орындарына жаратпай, көбісін өзім ішіп-жеп, өзім тұтынсам, берген иесіне күнәһар болармын дen қорқамын "деген екен. Miнe, тәрбиелікмәні өтe жоғары, берері көп, қарапайым мысал.

Екіншіден, шын мәніндегі адам бақыты таза еңбекте. Өзінің жеке таза еңбегімен күнелтудемін деп айта алатын алам еркін және бақытты.

Үшіншіден, ұстаз бала болмысына оны сыйлау, құрметтеу сезімімен қарауы тиіс, өйткені туысынан ақылсыз бала жоқ.

Төртіншіден, балаға үлкен мейірбандықпен қарап, оқу материалдарын түсінікті әрі жеткілікті жеткізіп, оған сенім арту арқылы жақсы адамгершілік қасиеттерін дарытуға болады.

Бесіншіден, патриотизм мен гуманизм - жоғары адамгершілікті адамның маңызды белгілері. Оны әр уақытта іс жүзінде көрсетуге тырысу қажет.

Осындай негізгі ұстанымдар тұрғысынан Ы.Алтынсарин ұстаз тұлғасын бағалаған.

Адамгершілік-этикалық құндылықтар - ғылым мен білімнің негізі. Мұны кез-келген ұстаз әр уақытта білуі керек.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных