Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






XX ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ Шамшиева М




Қазақ халқы тәуелсіздік алғанға дейінгі оқу-білім саласындағы қол жеткен жетістіктерінің мақтанарлық жақтары аз емес. Осы жетістіктердің негізінде тәуелсіздікке қолы жеткен қазақ халқы бүгінде экономикалық реформалармен қатар саяси-әлеуметтік, мәдени өмірде де, халыққа білім беру мен өскелең ұрпақты тәрбиелеу саласында да өзгерістер мен жаңа бағыттар қарқынды жүріп жатыр. Сондықтан қазіргі ұлттық сананың жаңғырған кезінде Отанымыздың тарихын, оның мәдени-рухани өмірін объективтік түрғыдан қайта қарау қажеттілігі артып отыр.

Елбасы Н.Назарбаев халқымыздың басынан өткен қиыншылықтарды сипаттай отырып, бүгінгі жетістіктеріміз білім мен ғылымның дамуына байланысты екеніне назар аудара келіп, алдағы уақытқа үлкен үміт артады: "Уақыт қарқыны зымыран. Күні кеше өткен сияқты оқиғалар бугінде тарих беттеріне айналып үлгерді. Бұл жаңа мемлекет пен жаңа қоғамның дүниеге келуінің азапты толғаққа толы, сонымен бірге ғаламат сәті еді. Ең қиын жылдар артымызда қалды, сондықтан да мен еліміздің еңсесі биіктей беретініне сенемін”.

XX ғасырдың бірінші жартысында мәдени-ағарту міндеттерді жүзеге асыру үшін Қазақстанда мәдениет пен ағарту орындары ашыла бастады. Ағарту мен мәдениеттің жаңа ұйымы өз қызметін таптық бағытпен ағарту саласында дінге қарсы саясатпен бастады.

Өткен ғасырдың басында Қазақ АКСР-нің құрылуына байланысты халық ағарту комиссариаты қүрылды. Бұл Қазақстанның барлық облыстарында халық ағарту ісін жаңғыртуға қолайлы жағдай туғызды. Соның нәтижесінде 1917 жылдан бастап халық ағарту ісінде көптеген игі бет-бұрыстар жасалды.

Кеңес өкіметі орнағаннан кейін шаруашылықты қалпына келтіру, халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру, экономика мен мәдениетті ілгері дамытудағы басты міндеттердің бірі - жаппай сауатсыздықты жою, жалпыға бірдей білім беру болды. Бүл міндет барлық елді мекендегі хапықтардың алдындағы өткір мәселелердің бірі еді.

Азаттыққа, тең құқылыққа ұмтылған мұсылман халықтары бірігіп, 1917 жылы мамыр айында Мәскеуде Бүкілресейлік мұсылман сиезін өткізді. Петроградта мемлекеттік думадағы мүсылман фракциясының үсынуымен бүкілресейлік мұсылман сиезін өткізуге әзірлік жасау үшін қатарында Ахмет Байтұрсынов секілді зиялылар бар “мұсылман бюросы” құрылды. Осы сиезде шеткері аймақтарға сырттан қоныс аудару шылар тоқтатылсын, ұлт аймақтарындағы мектептерінде оқу ана тілінде жүргізілсін, дін істері үкіметтен бөлінсін, Ресей ұлттық федеративтік негіздегі демократиялық республика болсын деген мәселелер күн тәртібіне қойылды.

Батыс Қазақстан аймағындағы білім беру жүйесі туралы бірқатар еңбектер жарық көрді. Олар - Т.Тәжібаевтың “Қазақстанда XIX ғасырдың екінші жартысындағы ағарту ісі мен педагогикалық ойдың дамуы”(1958), Қ.Бержановтың “Ағарту ісін дамытудағы орыс-қазақ ынтымақтастығы”, Ә.Сембаевтың "Қазақ совет мектебінің тарихы”, Ә.Сыздықовтың “Ы.Алтынсаринның педагогикалық идеялары мен ағартушылық қызметі”, Қ.Жарықбаев, С.Қалиевтардың "Қазақстанның педагогикалық ой-пікірлер антологиясы”, т.б. Бұлардан басқа Батыс Қазақстандағы халық ағарту ісі мен мектептердің дамуы туралы Қ.Аймановтың, Х.Табылдиевтың, Қ.Сейталиевтің еңбектері жарық көрді.

Қазақ жерінде аралас мектептердің ашылуы, негізінен, прогрессивтік рөл атқарып, оның жергілікті халық үшін пайдалы жақтары болғанымен, қазақ халқы үшін ана тілінде жұмыс жасайтын мектептердің қажеттігі туды. Мұны сол кезде-ақ А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов сынды қазақтың көрнекті қайраткерлері жақсы түсінді. Мысалы, А.Байтұрсынов “Қазақ” газетінің 1914 жылғы 62 санында жарияланған “ Мектеп керектері” мақаласында "Үкіметке керегі мемлекеттегі жұрттың бәрі бір тілде, бір дінде, бір жазуда болу, әр халыққа керегі діні, тілі, жазуы сақталуы. Солай болған соң, бастауыш мектеп әуелі миссионерлік пікірден, политикадан алыс боларға керек” деп, өз пікірін ашық білдірді.

А.Байтұрсынов қазақ мектептеріне бағдарлама, оқулық, әдістемелік құралдардың, білікті мамандардың қажеттілігін баса айтты.

А.Байтұрсынов бастаған оқытудың жәдид (төте оқу) деп аталатын жаңа ағымы патша үкіметінің орыстандыру саясатына қарсы күресті. Жәдид ағымының өкілдері үлт мектептерінің қажеттерін сөз ете отырып, мына мәселелерді көздеді: біркелкі оқу жоспары мен бағдарламасын жасау арқылы мұсылман мектептерін бірізге түсіру, оқу жоспарына арифметика, жағрафия, жаратылыстану, тарих, т.б. пәндерді енгізе отырып, шәкірттерге тиянақты білім беру, сауатсыз фанатик молдаларды тиісті білімі бар мұғалімдермен алмастыру, дыбыстық оқыту әдісін енгізу, мектеп пен медресе бітіргендерге емтихан тапсыратын куәлік бергізу, мектептерді мемлекет тарапынан қаржыландыру, мектеп үйлерін салу, оқу құралдарымен қамтамасыз ету, мүғалімдерге тұрақты жалақы төлеу, т.б. мәселелерді шешуді талап етті. Ұлт аймақтарындағы оқу-ағарту, мәдениет мәселелерін Мемлекеттік думаның алдына (петиция) талап етіп қойды.

Батыс Қазақстан мұғалімдерінің 1920 жылдары пайдаланған А.Байтұрсыновтың оқулықтары мен оқу құралдарының тізімі жинақталған. Олардың ішінде оқытушыларға арналған әдістемелік көмекші құрал “Баяншы” (Қызылорда, 1920), ересек адамдарға арналған “Әліп-би” (Семей, 1921), мектеп балаларына арналған “Әліп-би” (Қызылорда, 1926) және тағы басқалар бар.

Атырау өлкесінде А. Байтұрсыновтың жолын қуып, жадидше сабақ берген ұстаздар көптеп кездеседі. Мәселен, бөкейлік Ғабдулғазиз Мұсағалиев (1880-1933) Каирдегі университеттің заң факультетін 1909 жылы үздік бітіргеннен кейін бірнеше жыл бойы атақты “Мамания” медресесінде дәріс беріп, оны басқарғаны туралы мәлімет бар.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных