ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Адамгершілік тәрбиесі туралы.Барлық елдердің де бұрынғы өткен ұлы ғалымдары мен жазушылары, атақты педагогтері адамгершілік тәрбиесі туралы үлкен ойлар айтқан. Қазақ халқының өткен ғасырда жасаған ұлы ағартушылары: Шоқан, Ыбырай, Абай сол пікірлермен таныс болған. Олардың адамгершілік тәрбиесі жөніндегі ойлары солардың адамгершілік ойларымен үндес келіп отырады. Сұлтанмахмұт туралы да осылай айтуыңызға болады. Оның шығармаларында адамгершілік туралы тәрбиесі жөнінде өте бағалы пікірлер бар. Сұлтанмахмұт адам жаратылысынан жаман болып тумайды деп қарайды. Жас баланың жаны кіршіксіз таза болады деп сипаттайды: Өмірде әртүрлі оңбаған, бұзық, өтірікші, тағы осылар сияқты адамгершілігі төмен адамдар толып жатады. Осылар қайдан шығады? Сұлтанмахмұт бұл мәселені тәрбиеге байланыстырып қарайды. Сұлтанмахмұт тәрбиенің күшіне сенеді. Дұрыс тәрбие арқылы адамгершілік жақсы қасиеттерді қалыптастыруға болады деп есептейді. Бұл ретте ата-ананың, өскен ортаның тәрбиелік ықпалы зор болатындығын атап көрсетеді. Сонымен қатар адамның өзін-өзі тәрбиелеуі мәселесіне ерекше назар аударады. Жақсы істерге ұмтылу, жаман қылықтардан аулақ жүру, өнегелі, мәдениетті азамат болуы үшін тырысу – осылардың барлығы адамның өзіне, яғни, оның ерік-жігеріне байланысты нәрселер. Адам өзінің ерік-жігерін күшті етіп тәрбиелей білу керек дейді Сұлтанмахмұт. «Ендігі бет алыс» деген өлеңіндегі: «Адам құл – өзін жеңіп ұстамаған» деп, данышпан Сократтың бір нақылын мысалға келтіреді. Қоғамнан өз орнын тауып, халқына пайдалы және адал қызмет істеуді – Сұлтанмахмұт ең ардақты азаматтық борыш деп көрсетеді. Ардың таза болуын, арға дақ түсірмеуді – адамгершіліктің еңбірінші парызы деп санайды. Адамның ақылы, ойы, ісі, мінезі, көркі түгел сүйкімді болуын арман етеді. Сұлтанмахмұт адамгершілікке кір келтіретін міндерді сынайды. Әдепсіздік, жеңілтектік, екіжүзділік, көрсеқызарлық, опасыздық, өркөкіректік сиаяқты ұнамсыз мінездерді қатты әшкерелейді. Адамның адамгершілігіне баға болатын сипаттың бірі – адалдық, достық қасиеттерді жоғары ұстайды. Сұлтанмахмұт адамдардың біріне бірі сүйеу болуын, ынтымақтары жарасып отыруын тілейді. «Адам сәні - абырой, бірлік, ынтымықта» - деп көрсетеді. Ақын «достық» деген сөзді – екі адамның немесе ағайындылардың арасындағы жарастық деген мағнада ғана алмайды, одан гөрі кең ұғымды алады. Адам өз ағайындарын, өз ұлтын сүюмен қатар, басқа халықтарды да дос тұтып, құрметтеп, сүйе білуге тиісті деп, үлкен гуманистік пікір айтады. «Адамның дүниедегі бәрі досың» («Қызым» өлеңінде), «Өнер, білім, әділет, кім қолдаса, қай ұлт болсын – бәрі де бауыр маған» («Ұлт» өлеңінде) дейді. Сұлтанмахмұт жастарға ата-ананы, туып-өскен жерді, туған ұлтты сүю – ең жоғары қасиетті сезім екендігін айта отырып,басқа халықтарды да өз жұртындай жақсы көру – жүректегі үлкен адамгершілік сезімді көрсетеді деп қорытынды жасайды. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|