ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Бижанова Ғ., Тәуекелова А
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогика институтында "Ыбырай Алтынсарин - қазақ халқынын ұлы ағартушысы" деген студенттердің іс-тәжірибелері мектептерде қолданылатын пәнаралық деңгейлік тапсырмалар арқылы өткізілетін дамыта оқыту ісі. Ол мына төмендегідей құрылымда болады: — Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығына шолу; — Ы.Алтынсариннің шығармаларын талдау; — Ы.Алтынсариннің әңгімелерінен драмалық үзінді көрсету.
Сабақты осындай құрылымда өткізу үшін студенттер оқушылармен мына деңгейдегі тапсырмалармен жұмыс жасайды. Бірінші денгейдің тапсырмалары білімнің минималдық шегі, ол мемлекеттік стандарт талабына сай оқушының жас ерекшелігіне сәйкес болады. Бұл деңгеймен сынып оқушылары толықтай жұмыс жүргізе алады. Бірінші дңгейде оқущыларға Ы.Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығына арналған сұрақтарынан тұратын тапсырма беріледі. Бұл сұрақтар көп ойлануды талап етпейді. Сондықтан оқушылар жедел түрде тапсырманы орындай алады. Екінші денгейдің кезеңіне көтерілгенде тапсырмалар күрделене түседі. Оқушы өз бетімен жұмыс жасауға көшеді. Оқушы бойына ойлау, таным дағдылары қалыптаса бастайды. Оқушылар алгоритмдік сатыға көтерілгенде ағартушының шығармалаларын талдауға көшеді. Үшінші деңгей оқушылардың шығармашылыққа деген мотивтерінің айқын көрінуі мен қисынды ойлау дәрежесінің жоғары болуымсн. Өз жеке басының белсенділігімен, өз ісіне талдау жасай білуімсн, білімді жаңа жағдайға пайдаланумен сипатталады. Оқушы талдау, жинақтау, салыстыру сияқты танымдық әдістермен жұмыстар жүргізеді. Төртінші деңгей қабілетті, дарынды, ізденгіш, талантты оқушыларға арналған саты. Бұл сатыға сыныптағы өз бетімен жұмыс жүргізетін ұшқыр ойлы оқушылар ғана көтеріле алады. Тіл сабақтарында, негізінен, бұл сатыда оқушылар ө з бетімен Ы.Алтынсариннің көркем шығарма кейіпкерлеріне хат, шығарма жазатындығын тілге тиек ете отырып, сабақ жоспарын ұсынады: Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|