ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Ойлайтындар мен емес бір күнгісін.Жұрт ұқпаса, ұқпасын жабықпаймын, Ел – бүгіншіл, менікі – ертеңгі күн үшін, - деп өткен ісінің нәтижесін өзі көрмесе де болашақ ұрпақтың көретінін, соған үміт артатынын ақтарыла жырлайды. Ұлы ғұламанын еткен еңбегі еш кеткен жоқ, оның өзі өмір сүрген ХХ ғасырдың бас кезінде-ақ қазақ интеллигенциясының «рухани көсемі» болған Ахмет Байтұрсынов туралы заманымыздың заңғар жазушысы, академик Мұхтар Әуезов тебірене қалам тартып, «Ахаң ашқан қазақ мектебі, Ахаң түрлеген ана тілі, Ахаң салған әдебиеттегі орны – «Қырық мысал», «Маса», «Қазақ» газетінің 1916 жылдағы қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер-білім, саясат жолындағы қажымас қайраты... тарих ұмытпайтын іздер болмақ» деп, 1926 жылы «Ақ жол» газетіне көлемді мақала жазып, ылайықты бағасын берген болатын. Н.Құлжанова ғылыми-педагогикалық жұмыспен бірге қоғамдық істерге де белсене араласқан қоғам қайраткері. Ол 1919 ж. Шығыс әйелдерінің І съезін ұйымдастырушылардың бірі болған. 1905-1920 ж.ж Семей қаласында мұғалімдер семинариясында оқытушылық қызметпен бірге, Ресей география қоғамының Семей бөлімшесіне мүше ретінде өлкетану, халық ағарту мәселелерімен де айналысқан. Өкінішке орай, қазақ мәдениетінің өсіп, өркен жаюына кезінде қарлығаштай қанатымен су сепкендей болған, қазақ әйелдері арасынан тұңғыш шыққан педагог-ғалым, публицист-журналист Нәзипа Құлжанованың еңбегінің осы күнге дейін еленбей келуі, оның атына бірде-бір көшенің, бала бақшаның немесе мектеп пен педколледждің берілмеуі, оның педагогикалық еңбегі жайында арнайы диссертациялық еңбектің жазылмауы зиялы қауымды қынжылтады. Қорыта келе, жоғарыда сөз еткен ғұламаларымыздың ой-пікірлері бүгінде өз мән-маңызын жоймай, өміршең болып отыр. Сондықтан өркениетті даму жолына түскен егемен еліміз мектебіміздің, оның оқу құралының және ондағы тәрбиенің бағытын саралағанда олар нұсқаған жолдарын ескеріп, елегені жөн. Олардың педагогикалық еңбектерін бүгінгі күн тұрғысынан ғылыми тұрғыда зерделеу келешектің абыройлы ісі демекпіз. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|