ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
АЗАҚСТАНДА ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМЫНЫҢ ДАМЫП, ҚАЛЫПТАСУЫ Қалиев СерғазыҚазақстанда педагогика ғылымының дамып, қалыптасуына және педагогикалық ой-пікірдің, теориялық еңбектердің Қазақстан топырағында тұңғыш пайда болуына Қазан төңкерісінен кейін 1918 жылы Семей қаласында шыға бастаған «Абай» журналы мен 1919 жылы Орал қаласында шыққан «Мұғалім» журналдары елеулі үлес қосты. Осы журналдарда А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Әуезов, Ғ.Қарашевтардың ғылыми-әдістемелік, теориялық мақалалары жиі-жиі жарияланып отырды. Мәселен Ғ.Қарашевтің «Педагогика» атты еңбегінде қазақ халқының ұлттық тәлім-тәрбиесімен бірге ертедегі грек философтері Аристотель, Сократ, ХVШ-ХІХ ғасырлардағы орыс, француз ағартушы-демократтары Ж.Ж.Руссо, Л.Н.Толстой, К.Д.Ушинский, А.Пироговтардың еңбектері де сөз болады. Ал, Ж.Аймауытов өзінің «Тәрбиеге жетекші» мақаласында ұлттық тәрбиенің мәселелері туралы сөз етеді. 1920-1930 жылдары қазақ зиялылары оқу-ағарту, денсаулық сақтау, әйел теңдігі, сауатсыздықпен күрес, ауыл мәдениетін көтеру сияқты мәселелерге де арнап құнды мақалалар жазды. Әсіресе, бүл жылдары оқулық жазумен, оқу-ағарту мәселелерімен тікелей айналысқан Ә.Бекейханов, А.Байтұрсынов, Н.Төреқұлов, С.Сәдуақасов, О.Жандосов, М.Әуезов, Т.Шонанов, Қ.Жұбанов, С.Сейфуллин, М.Жолдыбаев, Б.Майлин, Ж.Кемеңгеров сияқты қайраткерлер болды. Атап айтқанда, Н.Төреқұловтың «Ұлт мәселесі және мектеп» (1926), «Бізге әліппе неге керек?» («Шығыс әйелдері» журн. № 1,2. 1928), О.Жандосовтың «Жаңа алфавит туралы» («Еңбекші қазақ» газ. 1928), Т. Шонановтың «Оқыту, зерттеу туралы» («Жаңа мектеп» журн. № 4, 1926), С.Мұқановтың «Тәрбие туралы» («Еңбекші қазақ» газ. 1928), Ә. Сыдықовтың «Оқу, жазудың психологиялық негізі» (« Жаңа мектеп» журн. № 10, 1929), Ә.Сәтбаевтың «Оқытушы деген кім?» («Таң» журн. № 1, 1925), «Ағарту жолында не шара қолдануға болады?» («Таң» журн. № 4, 1925), М. Жолдыбаевтың «Мектепте оқу тілі» («Жаңа мектеп» журн. № 8, 1930), Ш. Әлжановтың «Ауыл мектептерін политехнизацияландыру жолдары» («Мектепті политехнизациялау» журн. № 2, 1933), С.Аманжоловтың «Мектепте ана тілін оқытудың мақсаты мен маңызы» («Жаңа мектеп» журн. № 7, 8, 1932) мақалаларында оқушы жастарға білім мен тәрбие берудің мәселелері жан-жақты көтерілген. 1920-1930 жылдары ұлт мектептеріне керекті оқулықтар мен оқу- әдістемелік құралдар Қазан, Орынбор, Ташкент, Қызылорда, Алматы қалаларында кітап болып басылып шықты. Оқу-ағарту істерін жандандыру, мектептерді керекті оқулықтармен, оқу-әдістемелік құралдармен жабдықтау ісімен Қазақ АКСР Оқу халық комиссариаты жанынан құрылған Академиялық Орталық айналысып отырған. Оның басында кернекті тіл ғалымы А. Байтұрсынов тұрды. Сондай-ақ Орталық құрамына көрнекті қоғам қайраткерлеріміз М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, С.Сәдуақасов, О.Жандосов, С.Сейфуллин, М.Әуезов, Т.Шонанов, С.Асфендияров, Т.Жолдыбаев, Ш.Әлжанов, Ә.Ермеков, Б.Майлиндер енді. Орталық, негізінен, жаңа жазылған оқулықтар қолжазбаларының сапасын тексеру ісімен айналысты. 1929 жылы республика жұртшылығы сан ғасырлар бойы қолданыпкелген араб алфавитінен латын графикасына көшті. Латынға көшу жаңа сауаттанып келе жатқан қазақ халқының мәдени даму ісіне үлкен соққы болып тиді. Бұл мәселе 1926 жылы 26-ақпанда Баку қаласында өткен Бүкілодақтық түркологтердің бірінші құрылтайында талқыланды. Қазақстан делагаттарын бастап барған көрнекті түрколог-ғалым А. Байтұрсынов сиезде баяндама жасап, араб әрпін пайдаланудың тиімділігін жан-жақты дәлелдеп берген еді. Оның пікірі бойынша араб алфавиті тез оқуға, жылдам жазуға қолайлы. Ал ол жастарды тез сауаттандыруға мүмкіндік туғызады. Баспахана техникасы мен өнімнің құнын төмендетуге де араб әрпін қолдану арзанға түседі және әрпінің құрамы қазақ тілінің орфологиялық қажетін толық қанағаттандырады. Ең бастысы, ежелден бүкіл Орта Азия елдері пайдаланып келген мәдени мұрадан көз жазып қалмау үшін араб әрпін сақтау пайдалы. Ғалымның мұндай дәйекті пікірлері «Халық жауы» деп айыпталғанда көпе-көрнеу бұрмаланып, ұлтшыл, пантуркист, кеңестік саясатқа қарсы деген кінәлар тағылып, оның көзін жоюға себепші болды. Отызыншы жылдардың басында «Жалпыға бірдей бастауыш білім беру» туралы Заң қабылданды. Осыған байланысты «Бастауыш және орта мектеп туралы» (1931 жылы қыркүйек) және «Бастауыш және орта мектептердегі оқу бағдарламалары мен режимі» (1932 жыл, тамыз) атты екі тарихи қаулы қабылданып, Қазақстанда оқу-ағарту істеріне түбірлі өзгерістер енгізілді. Оқытудың сыныптық-сабақтық жүйесі берік орнады. Барлық пәндердің бағдарламаларын қайта қарау, сонымен бірге жаңа идеядағы оқулықтар жасау істері қолға алынды деп автор хабарлайды. Бүл істерді ұйымдастыру үшін ғылыми-педагогикалық кабинеттің негізінде (бұрынғы Академорталық) Педагогикалық ғылыми-зерттеу институты (1933 жыл, қаңтар) құрылды. Алғаш оның құрамында бағдарламалық-әдістемелік, педагогикалық және политехникалық 3 сектор болды. Институттың директорлығына Мәскеудің Ұлттар ағарту институтының аспирантурасын бітіріп келген жас ғалым Ш.Әлжанов тағайындалды. Ол 1933-36 жылдары ҚазПИ-дің педағогика кафедрасы меңгерушісі және профессорлық қызметтерін қоса атқарды. Институттың тұңғыш ғылыми қызметкерлері С.Балаубаев (психолог), Қ.Жұбанов (түрколог), Ә.Сыдықов (педагог), Е.Бекмаханов (тарихшы), Б.М.Хамутов (әдіскер), С.Логинов, С.Жиенбаев, Ш.Кәрібаев (тілші- әдіскерлер), Ә.Қоңыратбаев (әдебиетші), Ә.Шәмиева (ұйғыр тілінің маманы), т.б. болды. Олардың тікелей басшылығымен кеңестік Қазақстан мектептерінің жаңа оқулықтары, оқу-әдістемелік құралдары жарық көрді. Ұлт мектептеріне қажетті оқулық жазу ісіне С.Сейфуллин, М.Әуезов, С.Мұқанов, Б.Майлин сияқты көрнекті жазушылар, С.Асфендияров, Қ.Жұбанов, Ә.Сыдықов, Х.Досмұхамедов, Ә.Ермеков, С.Боқаев сияқты ғалымдар да тартылды. 1935 жылы профессор Ш.Әлжановтың басшылығымен екі бөлімді «Әлемдік педагогикалық хрестоматия» басылып шықты. Онда дүниежүзілік педагогиканың классиктері Я.А.Коменский, И.Г.Песталоции, И.Ф.Гербарт, К.Д.Ушинский, Л.Н.Толстой, Н.К.Крупская, А.С.Макаренко еңбектері қазақшаға аударылып берілді. Сондай-ақ мектептер тарихын зерттеу істері қолға алынды. Институттың қызметі 1930 жылдардың екінші жартысында өте-мөте жемісті болды. 1938 жылдың аяғында институттың аты мектептер институты болып өзгерді. Институтта Е.Бекмаханов, С.Жиенбаев, Ш.Кәрібаев, Р.Г.Лемберг, Н.Сауранбаев сияқты белгілі ғалымдар еңбек етті. Халық ағарту комиссариаты мен институттың қызметкерлерінің белсене араласуымен 1940 жылға дейін республиканың ұлт мектептері төл және аударма оқулықтар кешенімен толық қамтамасыз етілді. Солардың ішінде С.Жиенбаевтың орыс мектептерінің VI-VШ сыныптарына арналған «Қазақ тілі», Қ.Жұбановтың «Қазақ тілінің грамматикасы», С.Аманжоловтың «Қазақ тілінің грамматикасы» (синтаксис), Е. Кротевичтің «Орыс тіліндегі оқу кітабы», А.Воскресенская мен Л.Головорьконың «Орыс тілі», т.б. оқулықтары бар. Бұл оқулықтардан мектеп шәкірттерінің әлденеше буыны білім алып, сауат ашып, кейін олар республикадағы ағарту ісінің алға басуына үлкен үлес қосты. Мұғалімдерге арналған әдістемелік құралдар да көптеп шығарыла бастады дей келе автор еңбектерді атап өтеді. Олардың қатарында Ш.Кәрібаевтың «Әдеби оқу» (1940), «Қазақ тілінің әдістемесі» (1941), С.Жиенбаевтың «Қазақ мектептеріндегі орыс тілінің әдістемелік тәжірибесі» (1941), Г.Бегалиевтің «Орыс мектептерінде қазақ тілін оқыту» (1940) сияқты еңбектерді атауға болады. Өкінішке орай, 1937 жылы сталиндік репрессияның кесірінен Қазақстаннның бір топ педагог-ғалымдары жазықсыз халық жауы атанып қуғынға ұшырап, абақтыға жабылды, жер аударылды. Олардың сапында бұрынғы институт директоры Ш. Әлжанов, педагог-ғалымдар Қ. Жұбанов, Қоқымбаев, Ш.Көрібаев, Ә.Қоңыратбаев, Ә.Сыдықов, Е.Бекмаханов, С.Қожахметов, т.б. бар еді. Осы орынсыз қуғын-сүргіннің кесірінен 1937-1947 жылдар арасында Қазақстанда ұлттық педагогика ғылымы біршаматоқырап қалды. 1946 жылы екінші дүниежүзілік соғысы аяқталысымен, КСРО Ғылым Академиясының қазақстандық бөлімшесі дербес Ғылым академиясына айналды. Осыған байланысты Мәскеу, Ленинград, Киев, Одесса, Новосібір қалаларынан әр ғылым саласынан көрнекті ғалымдар Қазақстанға қызметке жіберілді. Олар - С.Е.Малов, А.Н.Бернштам, А.М.Панкратова, Е.П.Брусиловский, А.П.Нечаев, С. Н.Покровский, У.М.Ахметсафин, М.П.Русаков, И.Г.Галузо, А.П.Полосухин, Н.С.Смирнова, т.б. Сөйтіп, орталықтан келген академик, түрколог, педагог, психолог ғалымдардың басшылығымен қазақстандық төл ғалымдар шығып, ғылым докторлары, профессорлар атанды (I.Кеңесбаев, Н.Сауранбаев, М.Балақаев, Қ.Жұмалиев, Ысмайылов, Ә.Сембаев, М.Ғабдуллин, Ә.Тәжібаев, М.Мұқанов, С.Қожахметоа, Ә.Сыдықов, Қ.Бержанов, Қ.Жарықбаев, Т.Сабиров, т.б.). Соғыстың басталуына байланысты 1941 жылдың 15-желтоқсанынан ғылыми-зерттеу институты уақытша жабылып, 1943 жылдың 1-сәуіріндеашылды. Институтта 13 адамдық штат белгіленді, тек 1959 жылы қызметкерлердің саны 35 адамға жетті. Оған қоса институттың құрамында да өзгерістер болды: тарих, КСРО конституциясы және географиясы, физика және математика, жаратылыстану және химия, ән, сурет, денешынықтыру сияқты секторлар құрылды. Бұл ғылыми-зерттеу жұмыстарының тақырыбын елеулі түрде кеңейтуге және әдістемелік көмек көрсетуді жақсартуға мүмкіндік туғызды. 1943-1952 жылдары институттың директоры болып істеген Ә.Сыдықовтың «Ы.Алтынсарин педагогикалық ойлары мен ағартушылық қызметі» монографиялық еңбегі 1949 жылы жарық көрді. Онда ұлы ағартушының педагогикалық озат идеяларынан бастап, қазақ даласындағы қазақ мектептерің ашу жолындағы күресі, жалпы қазақ халқының мәдениетін дамытудағы аса қажырлы еңбегі көрсетілген. Бұл еңбек Ы.Алтынсаринды педагог-ғалым ретінде тұңғыш танытқан іргелі ердің бірі әрі бірегейі. 1950 жылдардың басты мәселесі ретінде толық емес білімді, яғни алғашқы жеті жылдық, кейін сегіз жылдық білім беруді жүзеге асыру күн тәртібіне қойылды. Бұл кезде институт директоры филология ғылымының кандидаты Ә.Ермеков (1952-1954) еді. Сөйтіп, 1958 жылы бұрынғы КСРО-да жалпыға бірдей сегіз жылдық білім беру енгізілді. Институтта сегіз жылдық және жалпы білім беретін политехникалық орта мектептердің оқу жоспары жасалып, жаңа оқу бағдарламалары, оқулықтар мен оқу әдістемелік құралдарды даярлау бағытында жұмыс жүргізіліп, қарқыны артты. Осы кезде қазақ тілі мен әдебиетінен оқулықтар даярлау мен оларды оқыту әдістемесін жасау ісіне Қазақ КСР ҒА корреспондент мүшесі, филология ғылымының докторы, 1953-1962 жылдар аралығындағы институт директоры А.Ысқақов, ғылым кандидаттары И.Ұйықбаев, Ә.Хасенов, профессорлар С.Аманжолов, М.Балақаев, К.Аханов, М.Ғабдуллин,Қ.Жұмалиев, С Қирабаев, Ә.Шәріпов, т.б. үлкен үлес қосты. 1959-1960 жылдары белгілі қазақ тарихшысы Қазақ КСР ҒА корреспондент мүшесі, тарих ғылымының докторы Е.Бекмаханов (1937-1939 ж.ж. институт директоры) мектептің 8-10 сыныптарына арнап Қазақстан тарихы бойынша оқу құралын жазды. 1950 жылдардың соңында институт Педагогика ғылымдары ғылыми зерттеу институты атанды. Институт қызметінің жандануына 1960 жылдың 25-шілдесінде Қазақстан КП Орталық Комитетінің «Республикада педагогикалық ғылымды одан әрі дамыту шаралары туралы» қаулысының біршама әсері тиіп, жаңа талаптардың негізінде институттың құрамы әрі қарай жетілдірілді, бастауыш оқытудың әдістемесі, мектепке дейінгі тәрбие, ұйғыр тілі мен әдістемесі, халыққа білім берудің экономикасы мен жоспарлау, еңбекті оқыту мен бағдарлау, тәрбие жүмыстары, кешкі мектептер, техникалық құралдары секторлары құрылды.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|