Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Эстетикалық тәрбие туралы.




Адамды жан-жақты тәрбиелеудің бір түрі – эстетикалық тәрбие. Сұлтанмахмұттың эстетикалық тәрбиеге қатысты ойлары оның әдебиет пен өнер мәселесі туралы айтқан пікірлерінен көрінеді. Адамға өмірдің әсемдігін танытатын, оның жүрегін нәзік сезімдерге бөлейтін ең әсерлі құрал – әдебиет деп санайды Сұлтанмахмұт. «Бір халықтың сүтпен бірге байланысқан ірік-шірік қара көңілдерін аршып, жаңа рухпен қандандыратын, таза пейілмен жандандыратын машина – шын жүректен шырқып шыққан өлең-жыр, әдебиет деген нәрсе болады. Көңілді түзейтін машина – өлең-жыр», - деп жазады («Өлең һәм айтушылар» мақаласында).

Ән мен күй өнерінің тәрбиелік әсері қандай күшті болатындығы туралы ұлы Абай: «Құлақтан кіріп бойды алар, жақсы ән мен тәтті күй, Көңілге түрлі ой салар, әнді сүйсең, менше сүй» - деп, өте тамаша айтқан.

«Жақсы ән халықтың армен-тілегін, мұң-мұқтажын білдіреді. Мұндай ән, қандай жүректі болса да, жібітпей қоймайды, қанды қайнатады, арқаны қоздырады, көзден жас моншақтатады», - дейді Сұлтанмахмұт. «Біздің қазақ ән құмар халық» деп баға беріп, балалардың жан дүниесіне, кішкентайкезінен бастап, халқымыздың осы қасиетін сіңіру керек деп талап қояды. Ол үшін баланың жанына әннің рухын сіңіруді мақсат ету керек дейді. «Бір халықтың әні кетсе, сәні кетеді. Сәні кетсе, жаны кетеді. Қазақты жансыз ағаш қылып отқа жаққыларың келмесе, әнді сақтаудың қамын қылыңдар... Жас балаларды ән үйретуге қызықтырыңдар! Жаңа шыққан өлеңдердің жүрек жандыратындарынан үні жақсы балаларға әнгесалғызып қойсаңдар- ау! Шіркін, қандай өтімді». – деп жазады ақын.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных