Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Ақыл-ой тәрбиесі және халыққа білім беру мәселесі туралы.




Сұлтанмахмұт – ұлы Абайдың және Ыбырай Алтынсаринның ағартушылық идеяларын дамытқан ақын. Абай мен Ыбырай өзінің туған халқына қараңғылықтан, надандықтан құтқару үшін, оқуға, білімге шақырған еді, туған халқын жарық күнге шығаруға талпынды. Жастарды өнер, білім жолына түсуге шақырды. Оларға:

«Қарасаң басқалардың жастарына,

Өнер ғылым толып тұр бастарында.

Өзіне от, жел, суды жалшы қылып,

Алланың сайран етер аспанында,» - деп басқа елдің өнерлі жастарын үлгі етіп көрсетді.

«Басқалар жоғын тапқанда,

Біздер қайтып қаламыз.

Тәуекелге бел бусақ,

Кедергіні аламыз», - деп, оқуға талпынған жастарға сенім білдіреді. Бірақ ол заманда қазақ жастарының білім алуына, өнер, ғылым іздеуіне бөгеттер көп еді. Ең басты бөгет – қараңғылық пен надандықтың зардабы болатын. Феодалдық ертартпа тәртіптер, ескі діннің шырмауы, жалқаулық, еріншектік, жатыпішерлік секілді дерттер жастардың оқып, білім алуына тұсау салды. Сондықтан Сұлтанмахмұт елдің еңсесін көтертпеген қараңғылық пен надандыққа қарсы күрес ашты. «Сахарада өмірі кешіріп жүрген қазақ баллары... жасынан бір ауыз ғылым оқымаған, әліпті таяқ деп білмейтін, айуан секілді ішіп-жеп, мал бағып, өсек аңдып, айтуға ауыз шошитын неше түрлі бұзық мінездермен қараңғылықта күнін өткізіа барады», - деп, күйініп жазады Сұлтанмахмұт «Зарландым» әңгімесінде.

Сондықтан қазақтың жас өспірім балаларын надандықтың шеңгілінен құтқару үшін, ең алдымен, солардың ата-аналарының санасын ояту керек. Жастарды надандықтан құтқаратын жол – білім. Ал білім алу үшін оқу керек, осыны түсіндіріп, балаларын оқытуға ата-аналардың ықыласы ниеттерін түзету керек деп талап қойяды. Кейбір ата-аналар оқуға барған баласына «қалам, сия, қағаз, қарандаш та әпергісі келмейді» деп сынайды. «Бір баланың тілек-батасы» деген өлеңінде:

«Оқыт бізді әкетай,

Қам көңілім болсын жай.

Надандықтан құтқарып,

Қуанта көр, құдай-ай», - деп жастардың оқып, білім алып, надандықтан құтылуына олардың ата-аналары қарсы болмауын тілейді.

Сұлтанмахмұт балаларға оқуға ұсынылатын кітаптардың мазмұны қызықты, тілі түсінікті болуын, жас өспірімдерге білім, үлгі-өнеге беретін қасиеті жоғары болуын талап еткен. Баланың «зейінін ашып, ақыл беретін, ұғынуына қолайлы, заманына лайықты бұл уақытта пайдалы кітаптар көп, соларды оқыту керек» - деп жазады. («Зарландым»).

Өркендеген елдердегі дамыған ғаламды Сұлтанмахмұт екі жікке бөліп, бірі – дене азағы, бірі – ар азығы деген анықтама береді. Адам баласының күн көрісіне жеңілдік келтіретін құралдарды, мысалы: параход, от арба, телефон, самолет, электр және басқа осылар сияқтыларды дене азығы деп айтады. Ал ар азығы дегеніміз - әділдік дейді. Егер ар азығы - әділдік табылмаса, дене азығы қаншама көбейгенмен, адам баласының бақытсыздығы азаймайды деп қорытынды жасайды. «Соның үшін, - деп жазады Сұлтанмахмұт – қазақты бақытты қылуға кірісе бастаған біздің мектептеріміз, осы бастан жас буындарымызға Европаның дене азығы өнерлерімен бірге ар азығын да беру керек. Ар азығынсыз, құр өнердің өсуімен басқалардың бақытты бола алмағаны секілді, келешекте қазақта та баққыты бола алмайды». («Социализм» мақаласы).

Сұлтанмахмұт бұл сөзінде жастарға білім беру, өнерге үйрету жұмыстарын оларды адамгершілік жағынан тәрбиелеу ісімен тығыз ұштастырып жүргізу керек деген мәселені алға қойып отыр.

«Қазақ ішінде оқу, оқыту жолы қалай?» мақаласында Сұлтанмахмұт қазақ ауылдарында балаларды оқыту ісінің нашарлығы және мұғалімдердің тұрымысының ауырлығы туралы мәселе көтерді. Балаларға оқу оқытуда, ақыл-ой тәрбиесін беруде Сұлтанмахмұт дидактиканың принциптеріне сүйенгенін көреміз. Біріншіден, балаларды оқытқанда, оларға ең түсінікті нәрселерді үйретуден бастау керек дейді. Бұл – дидактиканың жеңілден күрделіге қарай оқытуды ұсынатын принціпі.

Екіншіден, оқытуда балалардың жас ерекшеліктері және қабілеттілері ескерілуі керек дейді. «Қазақ ауылдарында балалардың жас мөлшеріне қарамай, бәрінің басын қосып, бір мұғалімге жиып бере салады» дейді Сұлтанмахмұт. «Ал енді қалай оқытуға керек?» деп сұрақ қояды. – Бірінің баласы жүйрік, бірінікі жорға, бірінікі шабан. Балалардың жайын түсіндіріп реттеймін деуге көне қоятын қазақ па!

Сұлтанмахмұт 1914-1915 жылдарды Тарбағатайдағы қазақ ауылдарында өзі мұғалім болып, бала оқытқан. Қазақ ішінде оқу оқытудағы осындай кемшіліктерді өз көзімен көрген. Бала оқытушы мұғалімдердің жағдайлары да өте ауыр екендігін өз басынан кешірген. Қазақ ауылдарында бала оқытуда белгілі жүйе жоқтығын, мұғалімдердің жағдайын ауырлатып отырған ең бірінші ауыртпалық сол екендігін дәлелдеп айтады. «Осы күні қазақ ішіндегі молдалардың қолында жеті бөлімнен кейін шәкірт жоқ. Бір бөлімнің балаларын ата-анасы разы болмағандығын, я бір уақытта жиналмағандығынан, екі-үш бөлім қылып оқытуға тура келеді. Олай болғанда әрбір бөлім басына күніне екі мезгіл оқытқанда, ең азы үш түрлі сабақ үйретуге керек. Бөлім басы үш сабақтан күніне жеті бөлімге 21 сабақ болады. 21 сабақты жақсылап үйретуге 21 сағат уақыт керек.Міне,сонда мейлің бұлбұл бол, мейлің дүлдүл бол, 21 сағаттың жартысын оқытатын шамаң бар ма? Жоқ, оған сен де,балалар да шыдамайды»,- деп жазады.

Сұлтанмахмұт халыққа білім беру мәселесінде, әсіресе, жасөспірімдерді оқыту ісіне қатысты үлкен талаптар қояды.

Ақыл-ой тәрбиесінде Сұлтанмахмұт ана тілінің үлкен рөл атқаратынын терең түсінген. Сұлтанмахмұт ана тілінің тазалығы үшін күреседі. Ана тілін шұбырлаушыларды сынайды. Қазақ тілінде шыққан кітаптардың тіліндегі кемшіліктерді көрсетіп: «Бұлардың көбінде қазақтың иісі де жоқ»,-деп қатты айтады («Қазақ тіліндегі өлең кітаптары жайынан» мақаласында). Сұлтанмахмұт ана тілінің қасиетінің Абайдың шығармаларынан үйренуге шақырады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных