Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






ТАУ БОЛЫП КЕТСЕМ... 3 страница




Кім маған жағына алар?

Кімге мен табынамын,

Мені кім сағына алар?

 

Кім мені аңғарады,

Қу кеуде қаңғалады.

Кімге сыр ашып айтам,

Бұған кім таң қалады?

 

Ақылшы адам бар ма?

Зар ұғар заман бар ма?

Ерлерді таба алмадым,

Бүрі жоқ табандарда.

 

Кім қане сырласады?

Қайнаса жыр қазаны.

Қараймын алақтаумен,

Маңымды мұң басады.

 

Кімдерді іздеймін мен?

Тілеулес бар ма тілем.

Емдейтін жарақатты,

Жаныма біздей кірген.

5.10.07.

 

***

КӨҢІЛІМ ҚАЛДЫ

Көңілім қалды адамнан өзімсінген,

Өзімсінген адамнан көзімсінген.

Қандай жаман еді бұл өмір сәті,

Қандай жақсы болар ет сөзін білген.

 

Көңілім қалды бүгін жақынымнан,

Қалмап еді көңілім қатынымнан.

Күні үшін жанын салған сондайлар бар,

Жарылқасын лайым ақырынан.

 

Қалды көңіл көкке ылғи қарайтұғын,

Жақын тұтып анаға балайтұғын.

Бәрінің де құлқыны аңғарылды,

Сосын ғана мен алам қалай тыным?

 

Бәрінің де ойлары өз бастары,

Пайда үшін ар жиып сөз бастады.

Ісім түсіп тұрған соң үндемедім,

Сонда ашық көңілді мұң басқаны.

 

Көңіл қалар бір атым насыбайдан,

Арылмайды қайтсең де басың ойдан.

Жақыным деп жүргенде арын сатса,

Онан кейін мен кімге ақыл айтам?

5.10.07.

***

МЕНІҢ ЖАНЫМ

Менің жаным айға ынтық, күн құмар,

Осы жолда маған қарсы кім тұрар?

Адам өзі талаптанса тау асып,

Жауһарланып жалын атып құлпырар.

 

Менің жаным тоқтап қалған тоған ба?

Тоған емес, көз жеткізші оған да.

Тасып жатқан дария сынды күркіреп,

Долы күшпен көмек берем қоғамға.

 

Менің жаным вулкандайын шашылған,

Ал қабағым жаз күніндей ашылған.

Барлық адам менен бақыт табады,

Мендегі ой бар жаманды қашырған.

 

Мен келемін арып-ашып елім деп,

Елім десем анам көзге көрінбек.

Әкем болса тілеулесім, қорғаным,

Аунамақпын ақ құмына төрім деп.

 

Менің жаным мәңгілік жаз қызулы,

Ойламадым ата жолды бұзуды.

Елім барда мен де бармын талапқор,

Оттан алам жалын жүрек қызуды.

 

Шіркін өмір, өлшеп берген тағдыр-ай,

Кімге ғана бара аласың бақ сұрай.

Өз-өзіңе қожа әрі жалшысың,

Бергің келер сосын тынбай шапқылай.

 

Менің жаным жанып жатқан сексеуіл,

Сексеуілде береке бар ексе кіл.

Қызылқұмның жанын сақтап қалатын,

Томарлары әжем сынды кексе бір.

 

Солай, жаным, өзім жайлы толғасам,

Толысармын әлі толық толмасам.

Жан жылуы керек болса келіңдер,

Қайран қалма жамандықтан қорғасам.

16.10.07.

***

ДАУЫЛДЫ ШАБЫТ

Дауыл шабыт мені бүгін қайрады,

Жырлар қысып біліп білмес қайдағы.

Тайбурыл-жыр тұлпарында барамын,

Ал пейілім жаймашуақ жайдары.

 

Таудан асып, аспанменен тілдестім,

Мені құшып жатқан мына гүл көшкін.

Мерейімнің үстемдігі бағасыз,

Сол себепті келер менің күнде өскім.

 

Шабыттымын, арқалымын, нулымын,

Ну жырларым шырқалатын туды күн.

Жаңбыр болып жауып жаттым тағы да,

Бұлт болып көтерілер булымын.

 

Көкке өсіп, көктен түстім жерім деп,

Жаным сондай жаз күні боп көрінбек.

Бүкіл аспан маған қарар таңырқап,

Буырқанған жыр жауын болып төгілмек.

 

Дауылдымын, дуалымын, киелі,

Бүкіл жаным муза мәнін сүйеді.

Серпілгенде серіппесі шабыттың,

Адырнадан ұшқан жырым тиеді.

 

Қандай ғажап мынау әлем, нұрлы шақ,

Нұрлы шақта жыр топтадым бір құшақ.

Осыныммен кетіп бара жатырмын,

Кең даланың киелісі пір құсап.

 

Талғаным жоқ, қалғаным жоқ, жүнжімен,

Тер қысты ма, жыр қысты ма, сілкінем.

Бар сырымды жырға әкеп тоғытсам,

Ақының боп шығам тегі түркіден.

23.10.07.

***

 

ЕСЕЙДІМ БЕ?

Есейдім бе, есті болған данадай,

Кім біледі, есермін бе баладай?

Ақыл айтсам кім тыңдайды, ондайлар

Кімге өкпелер кетсек егер қарамай.

 

Ақыл айтар адам қалмас тегінде,

Ақыл алғым келіп жүр ғой менің де.

Есейсем де есерліктен кенде емен,

Ойнақтағым келер бала көрінсе.

 

Кім есейді, кімдерді не есейтті?

Осы сұрақ көкейімді тесе өтті.

Жасы жеткен қария болу шарт па деп,

Кім боратар арқамыздан өсекті?

 

Есейгенде жаның бірге есеймес,

Көкірегің бала қиял пәсеймес.

Жылдар жөңкіп жөнелсе де сен қалып,

Келе жатқан сияқтысың әдейі кеш.

 

Не жазықты арқалаймын айыпсыз?

Нелер жасап қойдым екен байыпсыз?

Күнім үшін күйбеңдедім бе екен бір,

Судан өтем деп талпынып қайықсыз.

 

Не үшін мен есеп берем біреуге?

Қате жасап қойған болсам ілеуде.

Безбен тартса шығар сонда өз шамам,

Мұқтаж болып тұрғаным жоқ тіреуге.

 

Есейтсең де сала қоям есейіп,

Өмір жолын нәсіп еткен кешейік.

Маңдайдағы жазу болар тегінде,

Тек әйтеуір дегім келмес бөсейік.

31.10.07.

***

ЖЫР ТАУСЫЛМАС

Таусылуы мүмкін бе екен жыр деген?

Кезің ғажап жырға құмар гүлдеген.

Фариза ақын түгестім дейт бүгінгі,

Ойдың бәрін орағытып мен деген.

 

Жаңа қиял кезген ақын тоқтауда,

Тың сүрлеуді іздеп қана жоқтауда.

Жыр болмасы анық дейді шимайдың,

Сол себепті кейбір ақын ақсауда.

 

Бірақ жырды тауысуға бола ма?

Қазына боп қатталмаған далада.

Ақын үшін шабыт керу жаңа әлем,

Серпін керек шығар сірә санаға.

 

Жыр түгемес жыршың дайын ортаңда,

Тауысам деп өлеңімді қорқам ба?

Қорықпаймын, туып жатыр өнімім,

Қап-қап жыр бар жазылмаған арқамда!

 

Фариза ақын тауысса егер жазарын,

Тартты ма екен жырдың кейбір азарын.

Тың жол тапса, тілеулеспін тапсын ол,

Шошытпасын жырым жоқ деп қазағын.

1.11.07.

***

 

ЖЫР САЛМАҒЫ

Салмақ болар өлеңде де өлшемді,

Жеңіл өлең жеңіл-желпі мөлшерлі.

Ондай жырмен шыға алмассың биікке,

Өрлеуің де қиын сонан төрге енді.

 

Жыр салмағы батпан болсын бойлаған,

Орындалсын айтар ойың ойлаған.

Төрт-ақ ауыз сөзге бәрін сиғызсаң,

Тойынар ед көңіл аңсап тоймаған.

 

Жыр салмағы таразымен өлшенбес,

Өлшенеді ой салмағы безбенде ес.

Ақындардың ақыны бар салмақты,

Деңгейлері мұхиттармен мөлшерлес.

 

Жыр өлшесең - сыр өлшейсің тұра қап,

Сіміресің жыр шәрбатын сыралап.

Қандай ғажап жырдан құмар қандырсаң,

Ұжмақ-өмір сүргендейсің нұра-бақ.

 

Жыр салмағы ой түйсігін қозғайды,

Қозғаған соң салмағы да тозбайды.

Тозбас жырлар жазу қандай ғанибет,

Ол ақындар дүниеден озбайды.

 
 


Жырда - салмақ, сырда - сана жолығар,

Жыр жасымас болса арын жолы бар.

Аққу қанат ақ ниеттер алысқа,

Бастайтұғын сапарымен толығар.

7.11.07.

***

САПАРДАМЫН

Сапарларым мені қайда апарар?

Мені қайда көтереді шақалар?

Жоғарыға шығу үшін әуелі,

Жердегіні орынды ғой бағалар.

 

Сапарларым сан тарапқа тартады,

Қамти алдым дей алмаймын баршаны.

Жолдарымда қанша міндет дайын тұр,

Салмақ салар арқама кеп қаншасы?

 

Сапардамын, мәңгі жүрген жолдамын,

Сапарымды жаратушым қолдасын.

Жол пірінен бата алып келемін,

Жолсерігім - жанжүрегім жолдасым.

 

Мен келемін түгесілмес жолыммен,

Жыр шаһарын тұрғызумен қолыммен.

Қанша қала сала алдым сәулетті,

Базар етіп шабыт толы барыммен?

 

Сапардамын, құр сандалу емес бұл,

Әр жолымда өзім өтер белес тұр.

Белестен де, таудандағы асқанмын,

Ал арымда аппақ пердем емес кір.

 

Жолда жүрмін, ақын жолы сынақты,

Сол сынақты жаным адал ұнатты.

Талай күндер жыр құраумен өтседе,

Денсаулығым барлығына шыдатты.

 

Сапарлымын, сындарлымын, сырлымын,

Алаңсызда өткені жоқ бір күнім.

Қалтам тесік болсадағы санам бай,

Менен биік ұша алмас бүркітің.

 

Келем тағы, келе берем тоқтамай,

Тынарым жоқ ел сенімін ақтамай.

Ата-анам менен үміт күтіп ед,

Таза жолмен, жамандықты жақтамай.

 

Талай жолдар тартар алға тынбаған,

Машақаттар күтседағы мыңдаған.

Арып-ашып барам барлық тарапқа,

Жүрген сайын толысам да шыңдалам.

7.11.07.

 

***

ҚАТАРДАМЫН

Неге енді қалар екем қатардан?

Маған қырын қарамайды атар таң.

Соның үшін тыңнан сүрлеу іздеймін,

Қалай енді шабыттанбан бата алсам?!

 

Қатарымнан қалатындай күйім жоқ,

Жыр жазамын жойылмасқа бейімдеп.

Айтылмаған талай сырды ақтарып,

Отырмадым өлең қаттау қиын деп.

 

Қалай енді өзгелерге жол берем,

Жырым жатыр жазылмаған көлдеген.

Қиындықтан қашатындай кезім жоқ,

Жыр шәрбатын ішем егер шөлдесем.

 

Сапта бармын, жүгіруден қалмадым,

Өлеңдерім жинаған қор, бар малым.

Осы ырзық ысытатын жүректі,

Топтастыру менің оны арманым.

 

Мен жолдамын, сапарларым шақырған,

Нәр аламын аға айтқан ақылдан.

Күнім үшін күшік болып кетпедім,

Кейбіреудей күйттеп жүрген пақыр жан.

 

Тағы жолға шықтым бүгін ерінбей,

Тоғышарға қолпаштаған берілмей.

Ақын десе масайраған жерім жоқ,

Мақтанбадым, содан жүрдім көрінбей.

 

Сапардамын, ертең тағы жолдамын,

Ел адамы болу менің арманым.

Ит боп үріп кеткенім жоқ күн үшін,

Ақын болсаң ақ жүрегің арға сын.

07.11.07.

***

 

ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСАУ

ҒАНИБЕТ

Жасасам деп жақсылықты біреуге,

Жаным күнде ізгілікке жақындар.

Дайынмын деп айта алмаймын мінеуге,

Жамандықтан қашар рас ақындар.

 

Жақсылықты жасасам деп жандарға,

Таңдарменен таласамын ерінбей.

Жан сырымды назар салып аңғарса,

Қалмас пейіл мендегі ақ білінбей.

 

Көктем көңіл көгілдір от маздатқан,

Арамдардан бойды аулақ қашырып.

Ақын арлы ақ пейілін жазбақ сан,

Жақсылықты таудай етіп асырып.

 

Барлық адам жақсылыққа беттесе,

Залымдыққа орын қалмас еді-ау шын.

Жамандыққа қолы ешкімнің жетпесе,

Тұрар еді-ау аппақ арлар тонаусыз.

 

Жақсы болу сонша қиын қатпар ма?

Неге адамдар қабақтарын түйеді?

Игілікке жан-дүниесін ақтарса,

Барлық адам бірін-бірі сүйеді.

 

Жақсылықтан тау тұрғызып соғар ма,

Қарайтұғын барша күнде жаңылмай.

Мейірімділік қанат жайса қоғамда,

Бірігер ек апам илер қамырдай.

08.11. 07.

***

АРМАН ЖОЛ

Әркімдерде бір арман,

Жетсем дейді қалайда.

Арман қырға шыға алған,

Бақытты ма алайда?

 

Бақыт деген арманның,

Орындалған шағы ма?

Мақсат деген бар жанның,

Армандығын ұғар ма?

 

Қос ұғыммен жасаған,

Қос қанатты құстайын.

Көкте тәңір жасаған,

Жазмышыңды ұстайтын.

 

Ниет түзу болса егер,

Жарылқаусыз қалмассың.

Өмір тәтті бал, шекер,

Сынақты сәт алғашқың.

 

Әркімде бар қанша арман,

Түгемеген толассыз.

Күтер күндер қанша алдан,

Бақ қона ма талассыз.

 

Бақытың бар қолыңда,

Талпынғанда жететін.

Тегін емес оның да,

Жері мезі ететін.

 

Тәңір ием көктегі,

Бәрін көріп тұрғандай.

Арманға адам жетпегі,

Әрекетте әрқандай.

09.11.07.

***

 

ҚЫС МІНЕЗІ

Бетті шымшып аяз шіркін,

Шапалақпен ұрады.

Таяғынан қашып күлкің,

Тоңар адам құлағы.

 

Табан асты сықыр-сықыр,

Етік тұрмас тайғанап.

Жүрер адам тыпыр-тыпыр,

Тыныш сүрлеу қайдалап.

 

Бет шымшыған аяз арсыз,

Үлкен екен демейді.

Қалай енді аянарсыз,

Сені кім кеп демейді?

 

Бетке бүркіп бұршақтарын,

Күн де қарап жатпайды.

Сақ болмасаң кім сақтасын,

Жаның жай да таппайды.

 

Құлар болсаң шалқалақтап,

Жұрттар күлмес сүрініп.

Кім балаша арқалатпақ,

Жүргенің тек бүлініп.

 

Аяз болса арқаланып,

Сағат сайын күштенер.

Бүрсеңдейді барша халық,

Мезгілі өтіп түстенер.

 

Қыс қытымыр қырауланар,

Ақ шашуын таратып.

Бала көңіл жылауға бар,

Жүргенімен қар атып.

 

Адамдарды аяу тұрсын,

Ұрар қардың күрегі.

Көше кезген аяз шіркін,

Сақ-сақ етіп күледі.

 

Құтыртумен жас-баланы,

Тұлпарлы аяз мінері.

Осындайдан басталады,

Қысылшаң қыс мінезі.

09.11.07.

***

БОЛАШАҒЫМ

Бүгінімнен ертеңіме ұмтылам,

Көштен қалмау үшін мен де ынтығам.

Арды сатпай арман күнге барамын,

Несібесін алар мол қып кім мұнан?

 

Болашағым болмасын деп бұлыңғыр,

Талаптандым тастүйін боп бүгін бір.

Қалам орнын компьютерлік перне алды,

Танытпауы керек күнің қырын бір.

 

Тың шабытты, орақ ойлы келбетім,

Жыр гүліне көмкеремін жер бетін.

Ертеңіме барам балаларыммен,

Жол бастаймын олар маған ергесін.

 

Болашағым сенімдерге байыған,

Келгендерге кілем болып жайылам.

Ақыл берер ағаларға сүйеніп,

Інілерге кеңес айтып қайырам.

 

Бала бүркіт қыран болып қалықтар,

Топ бастарын сүйер ұлт, халықтар.

Мен де бармын сондай топта ниетті,

Қайрар мені Отан үшін жорықтар.

 

Елім аман, жұртым тыныш, есенмін,

Кеткен жері бар ма екен есемнің.

Осы жағын таразылап көргесін,

Қалып қоймай нәрім барда өсермін.

 

Болашағым мені есейтті, күттірді,

Орап алар алдан ұлық құт тұрды.

Отанымда дандайситын түрім бар,

Жастық жолым талай сында ұттырды.

 

Ұттым сонан, ұтылғаным аз болды,

Көктемнен соң келген мезгіл жаз болды.

Жаз өмірім жырымменен жайнады,

Қанағат қып жүрдім сонан аз-кемді.

 

Ал ертеңім, арықтатпа мені тек,

Күндер зулап барған сайын кемімек.

Кем күндерден үлесімді алайын,

Армандарды бағындырып тезірек.

 

Болашағым, бағым әрі сорларым,

Өртенбесін аман болып орманым.

Зейнет көрер күндерім бар батпандай,

Емес жаным мынау күндер толғаным.

3.10.07.

***

 

ҚАР ЖАУДЫ

Қар жауды себелеп,

Қар жауды не керек.

Қар жауды мақтадай,

Қар жауды ебелек.

 

Жаусын қар аппағым,

Аппақ боп жатқасын

Басамыз аяқпен,

Басар жол тапқасын,

 

Білмейміз басқасын,

Қайсы күш жасқасын,

Ақша қар - ақ арман,

Арманың ағарған.

 

Ақтықта бір құт бар,

Жанарың тазарған,

Маңайың ағарған,

Ақша қар ақтығым,

Ақтығым-пәктігім.

3.10.07.

***

 

ШАҚЫРАДЫ КҮНДЕРІМ

Шақырады асыл күндер алдағы,

Сезілгендей татпай тұрып бал дәмі.

Өмірімнің маңыздары өрілген,

Меңгеремін мен осылай қаншаны.

 

Шақырады келешегім керімдей,

Қоймас сірә берекесі көрінбей.

Іңкәрлікпен өмір сүрем ізетпен,

Сүтке толы берері көп желіндей.

 

Қандай ғажап мына әлем мамырлы,

Терең тартқан бой алдырмас тамырлы.

Тамырыма арқа сүйеп көктеймін,

Сол арқылы жырларым да танылды.

 

Шақырады алда күндер қатталар,

Осы жолда менен өшпес ат қалар.

Хат та қалар қатпарында күндердің,

Мұраларым керек кезде жатталар.

 

Шақырады алда күндер қол созған,

Қол созғанда жетістігім алға озған.

Арман деген осындайдан бітісіп,

Жақсылығым жақсы жолмен жалғасқан.

 

Шақырғанға барам талмай, қалмаймын,

Қызығына мына өмірдің қанбаймын.

Ақша емес мына менен жыр қалсын,

Шабыт па ол от секілді жанбайтын.

 

Шақырады алдағы күн алаулым,

Десе десін алға озған анау кім.

Өзгелерден озып кетсем қанеки,

Қолда болған кезі жақсы жалаудың.

 

Алға озам, артта қалу жараспас,

Ұлы жолда кім бәйгеге таласпас.

Шалқар жолым шалқып жатса қатерсіз,

Кімдер сосын меніменен санаспас.

 

Жаным жаздай, аязым жоқ шөкімдей,

Жүрсем дедім топ ішінде өкінбей.

Бар адамға жақсылықтар жаратып,

Бергеннен соң қалғаным жоқ жетілмей.

 

Күнім абат, жанымда бар шоқтарым,

Басқаларға сілтенбеді шоқпарым.

Дұшпандарды достығыммен күйреттім,

Дарытпадым олар атқан оқтарын.

 

Өмір өзі мені мынау шыңдады,

Шақырды да тіршіліктің шыңдары.

Шыңыраудан шықтым сосын ұмтылып,

Сабап жатты жалғандықтың «сындары».

 

Шақырған күн әлі талай шақырар,

Ой орамы тұңғиыққа батырар.

Сол жолдардан сабақ алдым тамаша,

Аршып алды мені сонан ақын-ар.

 

4.10.07

 

***

СЕНІ СҮЙДІМ

Сені сүйдім жаным, сүйдім ынтыға,

Ұқшы жүрек мәнін, тағар кім кінә?

Өтті жаз бен қыс та, жетті көктемім,

Айтшы қашан сенесің махаббатыма?!

 

Айтшы қашан сенесің махаббатыма, махаббатыма?!!

 

Ұғынасың сезім дастандарына,

Көктемдегі гүлдей жанған бағыма.

Әлде оның жалғандығына,

Сүйетінің қашан махаббатымда!!!

 

Саған көктен айды әпермеген ем,

Жұлдыздарға қолым жетер демеп ем.

Ешкімді де мұншама сүймеген едім,

Айтшы, қашан сенесің махаббатыма?!!

 

Сенсіз көрген күнімде күнге ұқсамас,

Кірпік ілмес кештерім түнге ұқсамас.

Ешқандай сұлтан да саған ұқсамас,

Айтшы, қашан сенесің махаббатыма?!!

 

Дүние сұлтандары саған ұқсамас,

Айтшы, қашан сенесің махаббатыма?!!

 

***

САҒАТЫМ

Тоқтап қалды қолымдағы сағатым,

Тыным алмай тоқтамастай соғатын.

Тоқтамаймын, ол тоқтаса тоқтасын,

Үрлей берем тіршіліктің шоқ-отын.

 

Тоқтап қалды қолымдағы жүргішім,

Кідіріпті түгескен соң бар күшін.

Мен өзімді мықты көрдім сағаттан,

Жүз жасаймын ата-баба салты үшін.

 

Алла береген сағат-жүрек соға түс,

Қан желісім жүйкемдегі тола түс.

Орындайын талай мақсат-мұратты,

Мені сонан биігіңе ала ұш.

 

Тоқтап қалса сағат шіркін тоқтасын,

Маятнигі соқпай қалса соқпасын.

Жүрегімнің дүрсілдері таусылмай,

Денсаулығым бар денемді баптасын.

 

Сағат болса темір да ол жаралған,

Мендегі от қан тамырдан таралған.

Жаратқаным жүрек-сағат иесі,

Оныңдағы ұлылығын тән алғам.

 

Тоқтап қалса сағат қана тоқтасын,

Кім қайғырып өз сағатын жоқтасын.

Адамдардың соға берсін сағаты,

Мезгілінше тоқтамасын соққасы


 
 



Менің отбасым: Қарашаш, Полатбек, Нұрсұлтан, Қалдыгүл, Манас



3. А н а т і л і ң – а р ы ң б ұ л!


АНА ТІЛІМ

Қандай ғажап менің тілім, өр тілім,

Өр тіліммен алып жүрмін мол білім.

Мол біліммен болашаққа аттанам,

Аттанамын ертеңіме, жарқыным.

 

Менің тілім өзіме тән ерегім,






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных