Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






ТАУ БОЛЫП КЕТСЕМ... 8 страница




Айдай сұлу, талшыбықтай құрбылар.

Сөз жетпейді өздеріңді жырлауға,

Ішкі сырдың айтылатын сырты бар.

 

Нәзіктерім, кінәмшілім, мәрттерім,

Ауыртады бізді де сол дерттерің.

Қыз бар жерде жігіттерде намыс бар,

Тұтандырар бізді дәйім өрттерің.

10.10.07.

 

***

АЙТ КҮНІ

Оразаның түгесілген шағы бұл,

Сол себепті жанның таза ағы тұр.

Құдай үшін ниеттендік мінәжәт,

Елеулі күн келіп жетті тағы бір.

 

Құдай жолы адам үшін ұлы жол,

Алла үшін оның нағыз құлы бол.

Тек ашығу оразаның парқы ма?

Жалбарынар таза жанның бірі бол.

 

Бүгін айт күн, арды таза ұстар күн,

Құдай жолда тазалыққа құштармын.

Ниет түзу, арамдық жоқ ойымда,

Сәтін салса оразаны ұстармын.

 

Саулығым бар үзір еткен сыр айтар,

Бәрін біліп қарап тұрған құдай бар.

Құдайға құл, Мұхаммедке үмбетпін,

Шадиярға дос бола алар сыңай бар.

 

Айт күнінде мерекелеу дұрыс-ты,

Мұсылмандар пәк жүруге тырысты.

Қате үшін кешірім де сұраймыз,

Адам үшін арадағы жымысқы.

 

Адал болу басты міндет пендеге,

Соған тырыс, ей бауырым, ендеше.

Айт күнінде жамандықтан аулақ боп,

Намысыңды нәпсің үшін берме де.

 

Қабыл болсын, айттың ұлық мейрамы,

Адалдыққа толсын пенде иманы.

Айттан айтқа аман-есен жетейік,

Той боп өтсін мұсылманның жиғаны!

09.11.07.

 

***

ЖАЗҒЫ АУЫЛ

Жазғы ауыл жаймашуақ шалқымалы,

Сары дала сағымдарын толқытады.

Сарыарқа белдерінде құлан өріп,

Ту бие тулай алмай алқынады.

 

Киіз үй керегесін кеңге жайған,

Су ағар күркіреумен терең сайдан.

Қарағай қараяды алыстардан,

Қойтасты төңкерілген көрем ойдан.

 

Қойшының қойлары да дамыл табар,

Қоңырау түс ауғанда дабылдатар.

Түйеші боталарын бөлек баптап,

Жусанын қысқа арнап шауып жатар.

 

Жылқышы құрық керіп кереметтей,

Жатуды жанына дос керек етпей.

Келеді сары далада малшы қазақ,

Масаны маза бермес елең етпей.

 

Шұбат пен қымызы бар сусындарға,

Ұсынар жеңгей құртын уысың толса.

Күбіден әжем алып сары майды,

Жүрегің балқыр қыздар ұмсынғанда.

 

Жаз осы жалын орап, жан жылытқан,

Саяны іздеп тапсаң бұлттардан.

Жемісін ұсынады мәуе бақтар,

Жидекті бақшасына кіріп барсаң.

 

 

***

 

ҒАШЫҚ ҒҰМЫР

Демейін мен өзімді дәрменсізбін,

Көрсем де қиянатын көргенсіздің.

Өмір үшін туғанмын, өмір үшін,

Кейіпі боп кетпеші көрген түстің.

 

Мен сені ойыма алып өбектедім,

Өбектедім, қырларға жетектедім.

Армандарым асуда асқақтады,

Келмейді өзіңсіз өң керек дегім.

 

Неткен ғажап мына әлем жалаулаған,

Неге енді еріспес қалауға адам?

Жүрегімнің түбінде өзің тұрсың,

Махаббатым, маздайсың алаулаған.

 

Неге адам арманға ерісе алмас,

Ғашық жүрек бір-бірін көрісе алмас.

Қанатым жоқ құс болып барар едім,

Әттең кеме қос болып жарыса алмас.

10.09.07.

 

***

 

БҰЛТТАР

Бұлттар, елге сәлем ала баршы,

Қанатыңмен тозаңды жара баршы.

Менен елге сәлем айт дұғай-дұғай,

Жаңбырыңмен қуант та балаларды.

 

Бұлттар, бұлттар, Тамдыға қона баршы,

Мен болып қуанта бар жораларды.

Қанатыңа мен жазған хатты салып,

Жария етіп даламды аралашы.

 

Бұлттар, бұлттар, ақ ұлпа мақталарым,

Қандай ғажап көгімді қаптағаның.

Саған арнап сөзімді қала бердім,

Саған ғана сырымды ақтарамын.

 

Тамшы болып Тамдыға тамып өтші,

Жыр қанат боп жүректі жанып өтші.

Мен жолдаған сәлеммен жұрты оятып,

Шудаланып іңгендей желіп өтші.

11.09.07

 

***

ҚИМАСТЫҚ

Жұтардай құрбандыққа даяр уды,

Жыр көңіл құмартқанмен неге жеткен.

Барамын қимай кетіп ай аруды,

Жағасын айдын көлдің мекен еткен.

 

Тап болып құдіреттің киесіне,

Жеңілер кез бе осы күресімде.

Жыр қалды оқылмаған иесіне,

Сыр қалды айтылмаған, білесің бе.

 

Таянған бұл да маған мылтық шығар,

Көз түссе ес кеткенмен жамалына.

Ай ару ол да маған ынтық шығар,

Жүруші ед жалтақтаумен жанарыма.

 

Жырымды шабыттана таратушы ем,

Қалімде кездеспейтін қиын кез деп.

Қызғалдақ келбетінен нәр алушы ем,

Жағдайым алда қалай күйін кешпек.

 

Жүректен жалын шарпып, қан атылған,

Қимастық тұңғиыққа батырғандай.

Айырылып қимасынан, қанатынан,

Барамын қош деуге де дәтім бармай.

11.07.07

 

***

 

ПЕЙІЛДЕНУ

Жаттығың жоқ біріңнің де тап маған,

Армандарым араңда жүр таппаған.

Соның үшін өздеріңді сүйемін,

Қадағала алға қадам аттасам.

 

Қандай жақсы ортаңызда болғаным,

Сендер ғана менің биік қорғаным.

Жаңбыр болып жауып өтсе бұлттар,

Қолшатыр боп тағы өзің қорғадың.

 

Сендер барда мен де бармын, тасамын,

Тек сендермен келер менің жасағым.

Еркелеткен, серке еткен өздерің,

Маған ортақ жаттығы жоқ қазағым.

 

Аспан жалғыз, ақындар көп әлемде,

Небір дарын тұлғаларың бар елде.

Өмір кеме желкендері тербейді,

Семіремін жазған сайын өлеңге.

 

Неткен ғажап дүниедемін, елдемін,

Марапат қой бұл өмірге келгенім.

Ал өлеңші ақын болу дегенің,

Көрсетеді тіршіліктің өлшемін.

 

Пейілдімін, зейіндімін, зердемін,

Көрмегеннен көп емес қой көргенім.

Жыр оқысам сыр оқимын ортаңда,

Онсызда мен қымыз жырға шөлдедім.

 

Құшағыма сияр ма едің бәрің де,

Жыр сомдадым жата қалып әлімше.

Қатар қуу ақын жанды тоғытар,

Дараланар Құлагер жыр көрінсе.

 

Жаным жаздай, туған күнім тамызда,

Жазғандарым айналған жоқ аңызға.

Өмір деген кейде аңыз, кейде шын,

Шабытыма кетем майды тамызса.

 

Заман менің жырларымдай жайдары,

Маза берер өлеңнің де қаймағы.

Замандаспен зораямын заңғарсып,

Мақтанышым өмір тірлік айлағы.

 

Кім елейді тегі мені сендерсіз,

Қадағанмен кеудеме әкеп міндер мұз.

Шыңдаламын дарындарша дандайсып,

Бәйге алдым атағыңмен жүлдеңсіз.

 

Бүгін кіммін, атылатын оқтаймын,

Қайда барып дамыл тауып тоқтаймын.

Оныдағы өздерің ғой бағамдар,

Жүргенімде ортаңызда жоқ қайғым.

 

Алатаумын, Ақтаумын да Алтаймын,

Жастық жырмен келмес әлі қартайғым.

Пейіліме Аллам берсін береке,

Жақсылармен жамандыққа бармаймын.

26.09.07.

 

***

ҚЫРЫҚ БЕС

Келдім кеше қырық беске, қырқаға,

Қырқа жасым шабытымды қарқа ма?

Қырықпайды, шабытымды қайрайды,

Қырық бес жас менің үшін бір баға.

 

Қырық бес жас жастың сондай қыраны,

Жаз деп тұрар мынадан соң мынаны.

 

Ондай жастан қалай енді шошиын,

Заулап жатса кең даланың құланы.

 

Қырық бес жас тоқтам жасы толарлық,

Аға дейді сені қамқор боларлық.

Мұндай жастан қалай енді айналман,

Есеп беріп арқаға бір қарарлық.

 

Қырық бес жас қырық бес жүк артады,

Міндеті де атқаратын бар тағы.

Сырқырамас үшін енді тіземіз,

Сүрлеу жолың белестерге тартады

 

Қырық бес жас қырық жастың ортасы,

Майдан алған өміріңнің тортасы.

Есе кетсе өзің бірге кетесің,

Қалмау үшін жігіт алға тартады.

 

Қырық бес жас жастың сол бір ағасы,

Беріледі осы жаста бағасы.

Екі алсаң өзіңнен көр азамат,

Бүр жарады бұл жаста да ағашы.

 

Солай достым, қырық бестің мінезі,

Көрер бәрін келіп жетсе кім өзі.

Қырық бестен қашу әбес әдетте,

Қызып жатар мұнда өмір күресі.

 

Осы жасқа келдім бүгін тайсалмай,

Алға озып, тағы кейін қайта алмай.

Қуанамын өмірімнің нарқына,

Жүруші едім жырмен сырды айта алмай.

 

Қырық бесті кімдер жырлап, тойлаған,

Елеп өтер осы жасты ойлы адам.

Тағы қырық бес жасау да бір арман,

Жасару жоқ болсадағы қайтадан.

 

Бала едім кеше ғана доп қуған,

Келемін деп кім ойлапты тап бұған.

Таңырқаймын өмірдің бұл сәтіне,

Қапелімде қырық беске тап қылған.

 

Қайран өмір, жастық шіркін қиқулы,

Өте шықтың сайтандайын қитұрқы.

Өкініш жоқ бірақ менде айтатын,

Аға болу деген менде би тұрды.

 

Қырық бесім бесігімнің бастауы,

Толды бүгін өмір өлшем астауы.

Әлі талай жыр жазамын көсіліп,

Қажет маған шабытымның қашпауы.

 

Қырық бесте сол бақытты келсе кім,

Болар мұнда айтарлықтай бел шешім.

Есейгендік еңсемізді түсірмес,

Көсілтеді көсегелі кең кесім.

26. 09.07.

 

***

 

ЗАМАНЫМ

Әй, заманым, зыңғырлаған заңғарым,

Маған ой бер толайымды аңғарым.

Қалай енді тоқырайын өзіңде,

Армандарға жақындатса таңдарым.

 

Заманымның доңғалағын сырғытып,

Келдім тұлпар шабытымды ырғытып.

Сақал сипар саудагерің емеспін,

Өлеңім тұр тауыс құстай құлпырып.

 

Заманымның перзентімін еншілес,

Өлең жазсам құптар досым көршілес.

Жаңарғанда елім сондай гүлденіп,

Жаным қалай жаңаруға өршімес.

 

Зымыраса зымырасын уақытым,

Қарсы алса болғаны да бақытым.

Байлықтарым шабытты жыр дегемде,

Таласады дұрыс демей тағы кім.

 

Түлкі болса заман шіркін, тазымын,

Аттап өмір кете алмаймын жазымын.

Әлі қанша өмірім бар білмеймін,

Өлмес өлең болсын дедім азығым.

27.09.07.

 

***

 

ТАУ БОЛЫП КЕТСЕМ...

Биіктен тұрсам көз тастап мынау тірлікке,

Мұз қатып жатса ірілікпенен кірпікке.

Тау болу деген адамға сондай бір арман,

Дөң болып біраз күйбеңдеп қатар жүрдік те.

 

Тау болу арман, арманның сонау шыңдары,

Тартылған оған табан жолдардан сымдары.

Адамның жаны биіктен орын алса егер,

Арылар ма еді деп ойлап жүрмін мұңдары.

 

Тау болып кетсем, таңырқай көрме қарағым,

Тау болсамдағы өзіңе дәйім қарармын.

Адамдар неге сол тауды атып, талқандар,

Түскенін көрдім тау жанарына жараның.

 

Тау болып кетсем, тамсантар едім бәріңді,

Толағай болып танытар едім әлімді.

Таулардан алса бастауын мөлдір бұлақтар,

Жүрегім менің бұлақтай таза көрінді.

 

Тауларға ғашық даланың ұлы келіп тұр,

Деміңмен кәусар тап бүгін мені еліктір.

Тас болып қалмай, тау болып тұлға танытсам,

Тамсанып күнде маңыма жақын келіп тұр.

 

Тұлғалы таулар мәртебе сынды биігім,

Ақ бөрігінен бастайды киіп киімін.

Пәктік пен мәрттік таулардан тұрар байқалып,

Көтеріп тұрған сияқты өмір қиынын.

28.09.07.

***

 

ҚАЛА АДАМЫ

Пәтерде бәрі, керегі сонан табылар,

Нанының өзі тандырсыз күнде жабылар.

Ақ келін келіп самауыр қойып шәй бермес,

Жылы суы да шүмектен күнде ағылар.

 

Жалқаудың нағыз аспанға қарап жатары,

Қалада таңның белгісіз қайдан атары.

Сиырды сауып бел ауыртатын жеңге жоқ,

Тізілген үйдің шұбырған кілең қатары.

 

Қоқысты тастар орын да үйдің маңында,

Оятпас тауық шақырып сірә таңында.

Тефалға қойып шәй қайнататын жеңгенің,

Әжетханасы жататын бөлме жанында.

 

Қазаққа қала қол болып көрмеп еді дер,

Таппайсың адам, қолайлы дейді осы жер.

Компьютер басып, телефон шалып шалқыған,

Жаңарған қазақ ұрпағы бүгін осы дер.

 

Қалалық болсаң қаншама білгір данышпан,

Шыққандығыңды ұмытып кетпе алыстан.

Қалалық қазақ далалықтарға табынсын,

Далалықпын де қалада тұрып таныссаң.

28.09.07.

 

***

 

ЖАУЫНДЫ КҮНІ

Ақ жауын жауды бүгін де тағы сіркіреп,

Тұрмасадағы төбеде бұлт күркіреп.

Жауынды күннің ызғары өтіп табаннан,

Тұрады жаның күлімдейтұғын күн тілеп.

 

Тағы да жауды жауыны ұсақ тамшылап,

Табан астында сап-сары шөптер жаншылат.

Жаңбырдың суы ағады біраз жылғамен,

Тұрады сонан жапырақ тозған тал жылап.

 

Жауыны жауды сарғайған күздің ерінбей,

Көк аспан қалды кіреукі көздей көрінбей.

Қарғалар қашты жауыннан зытып бұқпалап,

Тек адам ғана көшені кезген берілмей.

 

Жауынды күнде суқаның суды сүймейді,

Тал-терек байғұс сілкініп барып билейді.

Қолшатырларын жинаған адам сияқты,

Гүлдер де сұлу қартайған шалдай күйрейді.

 

Жауынды күннің бұлты ауыр қорғасын,

Тасады арық қойнауы суға толғасын.

Маңайдың бәрі малмандай ызғар тартыпты,

Ой ғана жалғыз жаныңа серік жолдасың.

 

Жауыннан қашып келеді бала сөмкелі,

Бұғады жігіт болса да үлкен еңселі.

Теректер ғана берілмей қалды қадалып,

Бауыржан сынды хас батыр ерім елдегі.

 

Жауыны жауса жаусын деп тұрдым мендағы,

Сұр бұлт сыршыл төбеме келіп төн тағы.

Ақ жауын түгіл қардан да ақша қорықпан,

Заманның мен де қырағы тұрған солдаты.

2.10.07.

 

***

 

МЕНІ ҰМЫТЫП КЕТПЕҢДЕР

Әй, адамдар, асылдар,

Мені ұмытып кетпеңдер.

Назар салмай кетпеңдер,

Сәлем бермей өтпеңдер,

Мұраттарға жетсеңдер,

Көктем болып өпсеңдер,

Мені ұмытып кетпеңдер.

 

Тау да болып өссеңдер,

Сұңғыла боп бөссеңдер,

Қорқыт сынды кезсеңдер,

Жан дауасын сезсеңдер,

Мені ұмытып кетпеңдер.

 

Алма болып татсаңдар,

Салғыласып жатпаңдар,

Қапса аяқты қақпандар,

Алаш бабам аттандар,

Сонда өзіңді баптаңдар.

Ақшалы боп тассаңдар,

Досың болса қас жандар,

Аяқты алшаң бассаңдар,

Мені ұмытып кетпеңдер.

 

Жұлдыз болып жансаңдар,

Бал шәрбатқа қансаңдар,

Қолдап тұрса мың сандар,

Ана ақылын тыңдаңдар.

Қораң малға толғанда,

Қарын тойып болғанда,

Бара қалсаң орманға,

Мені ұмытып кетпеңдер.

 

Жауын болып жаусаңдар,

Жамандыққа аусаңдар,

Семіз денең аудаңдар,

Нағыз олжа саусаңдар,

Мені ұмытып кетпеңдер.

 

Дала кезсең мақсатты,

Иемденсең жақсы атты,

Жар тапқанда жап-жақсы,

Иелесең бақ, тақты,

Мені ұмытып кетпеңдер.

 

Қысың келсе қыраулы,

Тұрса өмір сұраулы,

Бастай алмай жылауды,

Ұстай алмай шылауды,

Тән ала алмай сынауды,

Тұрса ойың құраулы,

Мені ұмытып кетпеңдер.

2.10.07.

***

ЖҰЛДЫЗДАР

Жымыңдаған аспанда бар сан шырақ,

Сан шыраққа қоям күнде жан сұрақ.

Осыншама қолжетпесте тұрсыңдар,

Неге ағып жатасыңдар тамшылап?

 

Неге ағып түсесіңдер құлдиға,

Жымыңдайсың қарағанда ылғи да.

Ылғи ару шығарсыңдар көктегі,

Байлап қойған маржанкөздер ылдиға.

 

Сансыз сөктер төгілмейтін кезексіз,

Жан ба едің қадалған құр өзексіз?

Жердегілер таңырқасын дегендей,

Сандарың да саналмайтын есепсіз.

 

Жанған нұрлар жанарларды ықтырған,

Кездерің жоқ сырларыңды ұқтырған.

Қол созғанда пердесімен жүзіңді,

Қызғанғанда бұлт шіркін тықтырған.

 

Жұлдыз біткен жәудір көзді шырақтар,

Жауап алу қиын қойсаң сұрақтар.

Қандай жақсы дер едім мен мұндайда,

Жан біткенге жұлдыз сынды ұнап қал.

5.10.07.

 

***

 

ҚАЗАҚЫ ТАҒДЫР

Көк бөрі менен ақ қазын жүрген пір тұтып,

Арғымақ атын кең даласында ырғытып.

Сойқанын көріп заманның талай қым-қиғаш,

Сынынан өткен, көрмеген бірақ іркіліп.

 

Сынынан өткен, көрмеген бірақ іркіліп,

Жауына шапқан ұранын айтып дүрлігіп.

Жоңғар мен қалмақ ту-талқан етсе даласын,

Кезі келгенде қайтара қуды бірігіп.

 

Кезі келгенде танытқан елім бірлігін,

Білмейді дейсің қазақты сірә кім бүгін.

Еркіндік үшін күрескен бабам армандап,

У жұтты-ау сорлы, дәуірдің көріп сұмдығын.

 

Дәуірдің көрген қазағым осы сұмдығын,

Қара бұлт жапты қараша үйдің түндігін.

Бекболат, Тоқаш, Аманкелділер қол бастап,

Әлиби еді танытқан қазақ кімдігін.

 

Ерлерім еді танытқан қазақ кімдігін,

Қылышпен кескен әкемнің бабам кіндігін.

Қызылбастарға тәуелді болмау жолында,

Жанпида етті ерлері қазақ ұлтының.

 

Мұстафа, Тұрар, Ахметтерім алға озды,

Сталин озбыр қырды ғой ылғи жампозды.

Тәуелсіздікті аңсаған ерлер ұлы еді,

Сәкен мен Ілияс, Бейімбеттерім жанды-өшті.

 
 


Жанды да өшті жайсаңым, ылғи қаймағым,

Танытты сұмдар озбырлықтың да айласын.

Ішіңнен шыққан жау жаман деуші ед бабалар,

Құлатты солар қазақтың қайран байрағын.

 

Қазақтың қайран байрағын керек көтеру,

Борыштар тұрды кезегін күтіп өтелу.

Жетпіс жыл бойы боданы болып одақтың,

Не істеу керек, жеңілу ме әлде не жеңу?

 

Сарыарқа беті жыртылды орып аяусыз,

Қалмады көңіл қазағым үшін қаяусыз.

Есіктен кіріп төр менікі деп келімсек,

Қала жаздадық қазақ боп тұрып жаяу біз.

 

Төрт түлік мал мен жаны да тозды қазақтың,

Мұнарып жатты аңсайтын халқым азат күн.

Сексен алтыда желтоқсан желі желпініп,

Танытып қойды әлемге дүйім қазақ кім.

 

Құрбаны болып Қайраттай қыран өр тұлғам,

Топтасты жасым еркіндік үшін ұмтылған.

Тоқтата алмас ешбір күш жеткен толғақты,

Өйткені алда азаттық атты күн тұрған.

Өйткені қазақ пісіп жетілген мың сыннан.

***

 

ҚАЗАҚТЫҢ ТІЛІ

Мың бұралған сан тарауға көндіккен,

Өз тіліме таң қаламын мен тіптен.

Қайда бұрсаң соған бейімделетін,

Қазақ тілге лайықты төр тіптен.

 

Неге олай дегеніңе жауабым-

Жасап жатыр тілім жұртқа сауабын.

Қырық екі әріп бар ма қай тілде?

Ашу үшін қажет болған сауатын.

 

Бабам тілі – көнбіс тіл де жұмсағым,

Бәйгеге сал, сан тарауға жұмсағын.

Оқи алар қазақ әлем тілдерін,

Өз әрпімен жеткілікті мұнша тым.

 

Ахмет пен Ыбырайлар қалаған,

Қазағымның жазуы бар тараған.

Ана тілім бәрінен де ардақты,

Сүйем оны тым асыра шамадан.

 

Керемет тіл бояуы да қаныққан,

Ән естимін өз сазымен халықтан.

Көп ұлтты Қазақстан кең байтақ,

Тек кей халық өз тілінен «жалыққан».

 

Қайран қазақ өз тілінен «жалыққан»,

Абай еді-ау жұртқа елін танытқан.

Бүгінгінің «оқымысты» қазағы,

Тілін білмей ел алдында қамыққан.

 

Көп тіл білу әр қазаққа мақтаны,

Алуан тілде тіл табысып жатқаны.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных