ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
ТАУ БОЛЫП КЕТСЕМ... 11 страница
Жақыннан көруімде кемшінім жоқ, Алыстан ала алмаспын еншіні тек. Жырақты қашып кеткен дәл қасыма, Көзәйнек әкеп қойды кескінін дөп. Мұншама болады деп кім ойлаған, Жанарым – шырағымсың, қалай болған. Көзімнің көрегені – бақытым ғой, Әйнексіз алыстарды қалай тартам.
Көз көрсе, көкірек те көрер бәрін, Тіл еді тәттілерден көрер дәмін. Жанарым, жабырқама, таңырқама, Жасалар әлі талай сенің қамың. 1.06.2011 ***
АЛТЫНШАШ Ақ жүзді, алтын шашты бір қыз отыр, Он қарап атырапқа бір-ақ шоқыр. Сымбаты сымдай түзу қарлығаштың, Алдында қарсы отырған мен бір пақыр.
Кім білген, аты қандай, сыры нешік, Кім табар құпиясын жолын кесіп. Сағыздай ол шайнаған болмадым-ау, Ерінін аймалайтын өліп-өшіп.
Шашында алтындалған арман толы, Құлазып қалай қалар көрген оны. Қолдары басатұғын перне болсам, Көрер ем қауышумен көрмегенді.
Пәк жаны кімді сүйген, сүймеген бе, Таңырқап тұрмын мен де күйге ене. Ұялы телефоны хабар беріп, Тұрды да кетті сәті именерде.
Не деген сұлулық бұл ақ білекті, Көргеннен жан-дүниемді шаттық етті. Ибасы қандай нәзік, көзқарасы Тулатпай қойғаны жоқ пәк жүректі.
Кіршіксіз элиталы қарындасым, Толысқан он төртінші шағыңдасың. Қасыңнан алыстамай қарай беріп, Заманға мені ұзатқан шағымдандым. 7. 06.2011
***
ЖАҢБЫР Мұздай тамшы тамады, Жаздың ыстық күнінде. Суға бөккен қаланы, Үйлестік бар үнінде.
Салқын тамшы жауады, Қара бұлттар моншағы. Тазарта сап ауаны, Жанымды жаз қоршады.
Жаңбыр жауып аулада, Көк көйлегім су болды. Нұрын төгіп бауға да, Жылғалардан су келді.
Сабалаған тамшылар, Ақ бетімді жуады. Жауын бейне ән шығар, Тамшыдан ән туады.
Төксе мейлі шелектеп, Жаным оны сүйеді. Нәр тартады желектер, Жердің кәрі сүйегі.
9.06.2011 *** АЛАШ – АСТАНА Елдік үшін ерге қонған қазақпын, Қазақпын сол татқан уын азаптың. Азаптың да серпіп ашып түндігін, Түндігімнен бүгін күлген азат күн.
Азат күнді бабам еді аңсаған, Аңсағаны орындалды-ау қаншадан. Қанша жолда қаны менен тер төгіп, Терін төгіп апамдағы шаршаған.
Шаршағаны бейнеті еді ұрпақ деп, Ұрпақ десе қайсы қазақ тұрмақ тек. Текті қазақ отарланды зұлматта, Зұлмат жылда тура жолдан бұрмақ көп.
Көп қазақты қайғы бұлты торлады, Торлағаны - алашымды қорлады. Қорлығына шыдамады өрлерім, Өрлерімнен алаш туын көргенім.
Көргендігім – қазағымның ұлдары, Ұлдары сол Әлихандай сұңқары. Сұңқар еді Міржақып пен Ахмет, Ахметтей көп еді-ау ел тұлпары.
Тұлпарлардың бірі Ілияс қайсарым, Қайсар ұлым Беймбет деп айтамын. Айтатыным Сәкен, Мағжан ақындар, Ақындарын қастерлейтін қайда күн?
Қайда арманы Мұхамеджан айтатын? Айтатыны еді жинау аймағын. Аймақтағы мұсылманды топтатып, Топтастырар қазақ елім қайдасың?!
Қайда күн деп жүріп өтті ғұмыры, Ғұмырлар-ай қиылған сәт жұлыны. Жұлын кетсе,- қалды артта арманы, Армандардың өсе берді тұлымы.
Тұлымдылар қазақ деді ұрандап, Ұранынан қашты жұрттар сыр аңдап. Аңдап басып отаршылдар бұлтарды, Бұлтарғанмен бермес опа ылаңдар.
Ылаң деген саясаты кеңестің, Кеңеспенен неге қазақ теңестің? «Теңестің» сен бодан болып басқаға, Басқа жолда нағыз қазақ емессің.
Қазақ емей кім боласың, қарашы, Қарасайшы, батты зары, жарасы. Жарасынан туды сонда желтоқсан, Желтоқсанда шықты қазақ баласы.
Балалары қазағымның қайратты, Қайраттанып «қалқандарын» жайратты. Жайрады-ау өздері де Қайраттай, Қайрат батыр қазақ қамын ойлады.
Ойлары мен ерліктері қомданды, Қомданғаны ашуының толғаны. Толғағынан туды тәуелсіздігім, Тәуелсіз ел еді менің арманым.
Арман-атқа қонды нұрлы Нұраға, Нұрекеңнің өзін айтпай бола ма. Болады ма ер тұлғалы патшамды, Патшам салды назарды Ақмолаға.
Ақмоламыз елордаға айналды, Айналды да гүлдей болып жайналды. Жайнай түсіп Астана деп аталды, Атағында мақтаны көп айтарлы.
Айтулы орда толды жасқа он деген, Он дегенің бақыт бұрын көрмеген. Көрмегенді көрсетумен таңдантты, Таңданамын Бәйтерекке өрлеген.
Өрлегені осы қадым алаштың, Алашыммен бүкіл әлем санассын. Санассын да мерейтойын тойласып, Той үстінен көрсін қазақ баласын.
Баласымын қазағымның жыр қуған, Жырды қусам – Ақордамда ту тұрған. Тұрған туым елдігімнің белгісі, Белгісі ол - сүйген ұлы Нұрсұлтан.
Нұрсұлтаным, Алаш тағы Астана, Астанамыз алашыма бас қала. Бас қаламыз шарықтады ғарышқа, Ғарышта жүр өзгелерге бас бола!
Бас болатын кезің осы, Алашым! Алаш десе Астанама қарассын. Қарасын жұрт ұлы қазақ халқына, Қазақ халқы даңқы әлемге тарасын!
Тарасын даңқ той үстінде торқалы, Торқалы той думандатсын баршаны. Барша жұртқа құтты болсын мереке, Мерекеде орта толсын алқалы! 4.07.08 7. А р н а у ө л е ң д е р т о б ы Кімге қандай жыр арнауға болады немесе болмайды? Осы сауал мені мазалады. Арнау өлеңдер де аз емес еді. Оның бәрі топтамаға сыймайды. Мен тек жақындарымды бетке алып кетпедім, кім маған осы жинақ үшін қол береді, көбінесе соларды көрсетуге тырыстым. Одан басқа өнер, мәдениет, әдебиет өрендері аз болмайтын. Ел тәуелсіздігінің 20-жылдығы қарсаңында жарық көретін осынау аздаған жиған-тергенім қолдарыңызға тисе, менің басты көздеген мақсатыма еріскенім. Әрбіріңіздің отбасыңызда той болсын, Алла жаманшылықтан аулақ етсін!
(Қуаныш, Нұрділлә, Данияр, Ғабит, Шәрібек, Шойынбек, Бақытжан, Абат, Жәнібек)
(Б ұ л Ө м і р б е к а ғ а м) БАЛАЛАРЫМА Манасжан, сен бәрінің үлкенісің, Жақсылық болсын қалқам білген ісің. Ешкімнен жаман деген сөзді алмай, Жұмыстың меңгере түс күрделісін.
Заңгердің міндеті зор атқаратын, Шенді бол топты елде басқаратын.
Қарайла інің менен қарындасқа, Қырағы болсын дәйім қас-қабағың.
Қарашаш, сен гүлісің жанұяда, Қыз жақсы болса егер әр ұяда. Жамандық естілмей атағыңда, Аға бер сарқылмайтын дарияша.
Қосағың Нұрболменен баққа жеткін, Жарыңның көтер сонан мәртебесін. Елші боп екі арада сен жүргенде, Биігін меңгеремін әр төбенің.
Нұрсұлтан, кенжетайы отбасының, Анаңның мәртебесі, мақтанысың. Әкенің сенімі бар кіші ұлда, Нақ өзі болар дедім топ басының.
Ата-ана кенже ұлға болысады, Жанында болғаннан соң жан ошағы. Әрбірің біздер үшін бір төбесің, Тірліктің көп қой білер мәнісі әлі.
Ұл-қызын ата-анасы бағып-қағар, Талпынған мақсатына бақыт табар. Жаратып бере алмасам жағдайыңды, Кінәлі заман менен уақыт шығар.
Ағайын, туыспенен сыйласыңдар, Дос деген бауырыңдай қимасың бар. Көрші мен таныстар да жақын деген, Бәрімен қолдан келсе сыйласып ал.
Әкеңнің осы, жаным, аманаты, Әлемнің шығар алдан ғаламаты. Заманға лайық бол, артта қалмай, Әулеттің тарамасын жаманаты.
***
БАУЫРЛАРЫМА Атадан алтау едік о басында, Алланың нәсіп еткен тобасына. Бұл күнде бесеу болып тірі жүрміз, Тірлікте түгемеген жол ашыла.
Шойынбек үлкен ағам, жолбасшымыз, Басқарып атажұртқа жол таптыңыз. Оралдық Степногор шаһарына, Сізбенен байланысты бар жақсымыз.
Ағаның айтқанының бәрі мақұл, Жаныма азық болған айтқан ақыл. Өмірі қысқа болды, біз қайтейік, Өмірбек жан ағашым болсын бақұл.
Жалғыз қыз отбасында бар болатын, Қыз деген жанұяда салтанатың. Тілеулес Алмагүлдей апам еді, Қиналсақ жездемізбен жол табатын.
Әкенің таяғына ие болған, Баққаны жалпақ табан түйе болған. Балғабай шаруадағы қалған ағам, Әулеттен осы үйде кие қалған.
Балтабай қалада өскен ағам еді, Қиыннан шығар жолды табар еді. Олдағы қоныстанып Теміртауға, Арманын өзіменен ала келді.
Алланың арқалап ап аманатын, Өмірдің татып жүрміз қанағатын. Ешкімге өкпем де жоқ айтатындай, Шүкірлік етем болса саламатым.
Ағайын, туыс, бауыр аман болсын, Той-думан, қызықшылық заман көрсін. Алланың нұры жауып осындайда, Бәйгеден оза шауып балаң келсін! 15.06.2011 *** ТУЫСТАРҒА Бар адам бір болады жақсы болсаң, Қол берер қандай затқа тапшы болсаң.
(Алмагүл апам мен Балғабай ағам) Жігіттің жүрген жері Мысыр-шаһар, Өнеге алған мақұл жақсылардан.
Туыспыз бәріміз де, бөтен емен, Азамат жетіледі өскен елмен. Бәріңе құшағымды ашып жүрем, Өздерің мені алға жетелеген.
Оралдық атажұртқа қайта айналып, Қалайша енді бақтай жайқалмалық. «Ағайын бір өлі мен бір тіріде», Меселін еш адамның қайтармалық.
Келіп ек Қызылқұмның төскейінен, Жайластық Сарыарқаның беткейінен. Туған жер, ата жұрт та бөтен емес, Өсеміз, өркендейміз кең пейілмен.
Туыстар, бөтен емес ешбіріңіз, Елемей кетсем егер кешіріңіз. Құшағым барлығыңа жетер ме еді, Алладан болсын адал несібеміз.
Көңілі жақындарды бауыр дедім, Мінезім кей тұстарда ауыр менің. Елемей қалсам егер сөкпеңіздер, Сыйласқан тіршілікте қауым-елім!
Тойым да өздеріңмен дүркіреген, Ойым да өздеріңмен бір түлеген. Бөтен деп ешбіріңді айырмаймын, Кей күнім өтті-ау құры күлкіменен. 24.06.2011. *** СТЕПНОГОРЛЫҚ ТУЫСТАР «Ағайын тату болар ат көп болса, Абысын тату болар ас көп болса». Деген сөз бізге арнап айтылғандай, Ертеңің нұрланады жас көп болса.
Шәрібек үлкен аға қаладағы, Туған бар оған тағы баламалы. Бөтен деп өзге руды айырмайын, Сыйласқан жақыным көп санадағы.
Аяптай ата бар ма арамызда, Молдабек ол бір Қожа данамызда. Киікбай Балқы ата басшысындай, Шобдарда Тұрдыбек бар ағамыздай.
Жолайдан Жеңіс аға қалай қалар, Кетеде Досеке аға қолай болар. Тұрсындай Қаратамыр ол да ұлық, Телеуде Асан-Үсен орай болар.
Көнекте Жарылқасын бар тағыда, Жалайыр Әлмахан ед, болды марқұм. Орнында Рахымдай інісі жүр, Кәрібек Қошқаралы қажы жарқын.
Қалмасын нағашымыз Егем аға, Сыйласым Кәдірберді, Тұрақ аға. Темірхан, Қанат, тағы Оспан ақын, Нұрлыбай, Әлдебайға жетпес баға.
Тоққожа Нұрназар мен Әбсатым бар, Тама мен Жетірудан тағы кім бар. Байұлы 12 ата, Аспан, Әлім, Бәріңнен алатұғын тағылым бар.
Бәріңді қалай таусам ағаларым, Түгелдей көкте тұр ғой бағаларың. Мен қалдым дегендерді алда тағы, Борышым кезекпенен атамағым. 7.07.2011 *** ТУҒАН КҮНМЕН! Келдің бүгін, жаным, қырық жетіңе, Өткен күнді алшы бір сәт есіңе. Есейгенің – тауға биік шыққаның, Жастық жайлы қамығасың несіне.
Қырық жеті, осыншама белесің, Көштен қалмай ілгерілеп келесің. Отбасының берекесі сен ғана, Біз қоштаушың қолпаштаумен келетін.
Анасың сен, ең бастысы осыны ұқ, Қалғаның жоқ қиындықтан тосылып. Тайсалмадың отбасы үшін тартынып, Көшіп келдің елді тастап қосылып. Сен анасың, біздер болсақ сарбазың, Ана – ұлық, ана – бақыт, жардасың. Туысқандар, анаң қалды артыңда, Бізбен бірге гүлдей түсті бар бағың. (Манасты әскерге шығарып салу рәсімі)
Осыныңмен батыр әрі ұлықсың, Жар алдында мөлдір әрі тұнықсың. Сен қуансаң, бізде бірге шат болдық, Пейіліңмен қай істе де шынықтым.
Бүгін қай күн, сенің туған мерзімің, Оны атап өтетұғын келді күн. Үш перзентің – үш бақыт қой біз үшін, Отбасының жарастырған елдігін.
Сен анасың, ал мен болсам әкемін, Сен арқылы жетістікке жетемін. Сен болмасаң не бітірем мен байғұс, Аты шықпас қайдадағы жекенің.
Туылған күн құтты болсын көктемгі, Құр мадақтап жатқаным жоқ текке енді. Манас пенен Қарашаш һам Нұрсұлтан, Екеумізді мақсаттарға жеткерді. 15 сәуір 2011 ***
ШӨКЕҢНІҢ 60 ЖАСЫНА! Өмірдің көп біз білмейтін талқысы, Содан өтсе бақытты ғой бар кісі. Құтты болсын деп айтамыз бүгінгі, Ағамыздың шығып отқан алпысы!
Алпыс жасқа тағы 60 қосылсын, Ақ таңдары арайланып ашылсын. Жығагүлдей жеңгемізбен әрдайым, Міндеттерін жүзесіне асырсын!
Мерейтойды тойлау деген ғажайып, Көрер қызық кетпесін тек азайып. Біздің Шөкең ата болсын сақалды, Ақсақалдан жақсы игілік тосайық.
Келін алып шаттық күні өрлесін, Тойдың кезі ретімен келгесін. Ағайындар қуануда осы күн, Абыройға жеткізіп тұр еңбегің.
Қыздар менен күйеу балдар тірегің, Қуаныш пен Серікжаның – жүрегің. Енді осы ұрпағыңнан қызық көр, Туысқандық осы болсын тілегім.
Баласы ең әжеміздің киелі, Өскен едік ауылда сол түйелі. Сіз тұңғыш та, ал мен болсам кенже ем, Жаным ылғи пәктікті тек сүйеді.
Ән қанаты аспанымда қалқысын, Өткіздіңіз өмірдің бұл жартысын. Ұзақ жасап жеңгемізбен баққа жет, Құтты болсын, Шөке, бүгін 60-ың! 15 қаңтар 2009 жыл
*** ЖЕҢЕШЕМНІҢ 55 ЖАСЫНА! Жыр арнап бүгін кезім толғанатын, Жетілді жаныңдағы қолғанатың. Не айтсам жарасады өзіңізге, Мерейлі құтты болсын салтанатың!
Елу бес жас – барлық жастың төресі, Оған жетер кімнің болса өресі. Жеңешеміз Жыға келіп бұл жасқа, Көкке тиді ұрпағының төбесі.
Бұл елу бес қартайғандық жас емес, Көрсетілер осы жаста қошемет. Қандай бақыт ұрпағыңмен бір болу, Көріп тұрсыз бүгін сондай керемет!
Алты балаң, алты бақыт, мәртебең, Қыз дегенің өрісің ғой, әр төбең. Немерелер сүйіп жатсыз олардан, Аз емес қой бұл қызықты көрмеген.
Келін алдың, ене болдың үлгілі, Ата-ененің орны сондай белгілі. Шөкеңменен бірге қартай осылай, Тіршіліктің осы болар шындығы.
Бақыт таңы отбасымен атады, Адам өсіп ұрпағымен жатады. Осы жолдан Аллам сірә аздырмай, Кемпір-шал бол салихалы, баталы.
55 жас өміріңнің қыр, белі, Жалған дүние осындай-ақ күрделі. Саулық берсін жаратқаным өзіңе, Бала бағу ата-ананың міндеті.
Жас ортасы осы жас деп айтады, 55-ің маңызды өмір қаймағы. Ұрпақтарың, туыстарың құрметтеп, Мерейтойға құтты болсын айтады. 2.06.2011 *** Інім Қуаныш пен келінім Жаңылайға!
Шаңырақ көтерілді бастарыңда, Бақыттың өзі келіп қастарыңа. Отауың құтты болсын, қарақтарым, Ойнап-күл мерзімімен жас шағыңда.
Босаға берік болсын үйелменде, Тіреу бол бір-біріңе сүйенгенде. Үй болу қиын рас үйленуден, Келінмен мадақтаулы күйеу де елде.
Кереге кеңге жайсын көсегесін, Үйіңде бөбек толы өсе берсін. Ұрпағын ата-баба жалғаңыздар, Болыңдар мақтаулысы өсер елдің.
Тұрмайды сыңғырламай қазан-ошақ, Сол кезде кетпеңіздер бірден босап. Ашуға тоқтам беріп ретімен, Түйсікті болыңыздар адамға ұқсап.
Үй болу оңай емес ол айтқандай, Үйленіп алғанменен азаптанбай. Сынайды өмір талай екеуіңді, Шығыңдар сол сынақтан мазақ болмай.
Көрсетер тірлік талай көрер күнді, Қиындық батпан сынды нелер түрлі. Аяла жан-жарыңды сол сәттерде, Қондырған қолыңдағы көгершінді.
Тілекті аппақ-айдын ағызайын, Бал айың неке құрған нағыз айың. Шаңырақ биік болсын сендер құрған, Бауырым Қуаныш пен Жаңылайым! 7.07.2011
ТОҚТАМЫС СЕРӘЛІҰЛЫНА! Өмірдің басып өтіп белестерін, Көрінер биік таумен теңескенің. Жетпістің бесеуіне келіп тұрсыз, Жастықтың жоғалтпастан елестерін.
Қу дүние қуғанменен жеткізбес те. Тоқтамыс – Тоқаң толды 75-ке, Мерейтой құтты болсын, асыл аға, Той етіп оны қалай өткізбеске.
Ақ қырау шалды шашты қоюланған, Шал болдың шапан киіп оюланған. Майраштай жеңешеміз баптағанда, Ел ағасы атыңыз жойылмаған.
Не айтсақ өзіңізге жарасады, Кім Сіздің мәртебемен таласады. Ел үшін туған жансыз тумысынан, Жұрт Сізге өнеге деп қарасады.
Ұлттың намысы үшін жаралғансыз, Ел үшін тәуекелге бара алғансыз. Алдына министрдің кіріп барып, Мектепті аштыруға жол алғансыз.
Мұсылман мешітін де аштырғансыз, Достығын ұлттардың бас қылғансыз. «Мирасты» қаламызда қайта құрып, «Қазақ тіл» қоғамына бас болғансыз.
Зиратты бөлектетіп салдырғансыз, Ел үшін білегіңді талдырғансыз. Басқарып милиция бөлімшесін, Жемқорды орынынан алдырғансыз.
Құрметің арта түсті қаламызда, Өзіңе ұқсап туған балаңыз да. Әрбірі қадірменді маман болды, Ақыл мен кеңес бердің шамаңызша.
Өзгеге қамқор болған аға едің, Халқыңа еңбегіңмен жаға бердің. Шақырған той-жиыннан қалмай жүріп, Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|