Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






ТАУ БОЛЫП КЕТСЕМ... 12 страница




Көлігің «Тойотамен» шаба бердің.

 

Мақтауын келістіріп мадақтайық,

Медальды бос сөзбенен қадатпайық.

Еңбегін ағамыздың елеп жүріп,

Үлгісін азаматтың сараптайық.

 

Болса ағам генералмен теңгерілген,

Штабта бензин үшін теңге деген.

Біздерді таңдандырар штабтағы,

Қорқатыны Майраштай жеңгемізден.

 

Қимылы ширақ аға болмысынан,

Өмірдің басып өттің жартысынан.

Әлі де берері көп ел-жұртына,

Кім қалған бұл Тоқаңның талқысынан.

 

Өмірің ұзақ болсын тәңір берген,

Бір адам Сіздей болар өмір көрген.

Жастықта қиындықтың бәрі қалды,

Жеңісің құтты болсын жеңілмеген!

 

75 құтты болсын шыққан тауың,

Құттықтап келіп отыр тойшы қауым.

Және бір он бес жасты жасасаңыз,

Игеріп шығар едің ғасыр тауын.

 

***

НҰРКЕН МЕНЕН ПЕРНЕШКЕ!

Сыйластықты дұрыс енді білгенің,

Сыйлықтың да күт осындай үлкенін.

Туған күнің құтты болсын Пернешжан,

Туылған күн құтты болсын Нұркенім!

 

Ақ қыраулы ақпан айы келгенде,

Аяз қысқан Степногор өлкеңде.

Туылған күн келер екен қос-қостап,

Шаттық сәті басталатын Нұркенде.

 

Неткен ғажап осы ақпан ақ айы,

Таңырқатқан сәті осы талайды.

Әсем қызың, Мұхаммедтей ұлың да,

Шаттықпенен мейіріңе қарайды.

 

Ұзақ болсын қуаныш күн таусылмас,

Ешқашанда болмағай де даусың пәс.

Ата жұртта арта түссің мерейің,

Досы көпті ешқашанда жау қумас.

 

Туған күндер шаттық қана әкелсін,

Саулығыңды Аллам қолдап, көтерсін.

Жылмен бірге өздерің де толысып,

Алдан күткен бақытыңа жеткерсін!

 

***

ҚАНАТ ШАЙХАНҰЛЫНЫҢ

ЖАСЫНА

60 деген – тау тұлғаның бастамасы,

Азаматты рас та ол жасқамасы.

Сол алпысқа толды Қанат ағамыз,

Бейне елдің елордадай - Астанасы.

 

Астана – аға, Қанат аға қомақтым,

Құзға қонған нағыз мұзды балақтым.

Ғылым жолын басып өткен жасынан,

Көзі өткір қыраным шын қарақтым!

 

Салмақтым да, туа біткен даралым,

Аспандаумен абыройы баратын.

Өмір өзі ширатып бір шыңдаған,

Қанат аға, марапатта бар атың.

 

Қанат десе, нағыз қанат самғайтын,

Биігінен төмен ұшып танбайтын.

Қазағымның атын жайған әлемге,

Алтын аға, ғасыр көштен қалмайсың.

 

Жылдар өтер, жыл артынан ай қуып,

Жақсы адамдар жүрер ылғи айтылып.

Елге берген елі үшін қадірлі,

Келбетінен тұрған Күн мен Ай күліп.

 

Алпыс деген қартайғандық демегін,

Сол арқылы кемелденіп келесің.

Алпыс арман талайларға қол созар,

Осыдан соң талай қызық көресің.

 

Ата болу алпысыңа жарасқан,

Атағыңа кімдер тең кеп таласқан.

Сыр бермейтін нар мінезді маңғазым,

Өзіңдей-ақ тусашы ұл Алаштан!

 

Кеніштердің кеңейткен кең алтынын,

Қызметпен толастамай әр күнің.

Болашаққа баражатқан поездай,

Ұрғылайсыз тіршліктің сартылын.

 

Қазақ үшін бизнес нәрін түлеткен,

Алтын қазып жүрген қазақ күрекпен.

Сіз арқылы өз байлығын молайтты,

Қайлаларды көтеріп сом білекпен.

 

Стволдар бой көтеріп шақырған,

Кеншілер тұр алтын нәрін сапырған.

Шахталарда шахтёрлер жүр тынымсыз,

Ырызығы қазынаға тасылған.

 

Бестөбе мен Жолымбетте кеніште,

Қызған еңбек Ақсуыңда, бәрі іште.

Берекенің орнағаны осы ғой,

Байқалады жетістіктер әр істе.

 

Елден асып кеткен атақ-даңқыңыз,

Мақтанады Сізді айтып халқымыз.

Жетім көрсең желей жүрдің қол созып,

Көмектесу еді ұстанған салтыңыз.

 

Сол арқылы таныды ел жомартын,

Өзіңіздей берекеге барар кім.

Марусия апа өмірдегі тірегің,

Ол адамнан шыққан рас сары алтын.

Көңіл солай көктем күйі паңдансын,

Пейіл ылғи кең болуға қамдансын.

Өзіңізге Алла беріп қуатын,

Үйелменнің берекесі жалғансын!

 

Құтты болсын, Қанат аға, алпысың,

Өткізгенмен өмірдің бір жартысын.

Алда әлі бағындырар асқар көп,

Ұл жалғайды, ол өмірдің салты шын.

 

Қартаймадың, ата болып тұрғанмен,

Кім теңесер өзіңіздей сұлтанмен?!

Қанат жайып басталды ғой көрерлік,

Қызықтарың алпыс дабыл ұрғанмен.

 

Сөз бітер ме ақын жырлап созатын,

Өзіңіздей болсын ерлік, озатым.

Арамызда Сіз жүргенде біз мәзбіз,

Өмір емес, тондар болсын тозатын!

Степногорск қаласы, 2008 жылдың қыркүйегі.

***

ҰЛЫ КҮН ҒОЙ МАРУСИЯ

ТӘТЕ ТУҒАН КҮН!

Көкте - Күн мен аспанда - ақ Ай тұрды,

Соған лайық Марусия апай сай тұрды.

Біздер үшін Жер-әлемде ғажап күн,

19-ы қарашаның айтулы!

 

Он тоғызы қарашаның – ғажап күн,

Уайымсыз, той тойлайтын азат күн!

Барша ғалам шаттанатын бұл шақта,

Туған еді Марусиясы қазақтың!

 

Жыл бойына жалғыз рет келетін,

Жанымызға жылулығын беретін.

Мұндай күнді аңсауменен күткенбіз,

Сол себепті тілеулестер елесін.

 
 


Он тоғызы қарашаның ұлы күн,

Ұлы күннің бағасы асқақ кім үшін?!

Тәтейіміз Маралқызы Марусия,

Еңбек еткен қазақ үшін, ел үшін!

 

Қарашада қар жауса да қатпаған,

Айналасы мейірім толы қаптаған.

Жан жүрегі жылу сыйлап тәтенің,

Кемтарларға көмек берген, жатпаған.

 

Талай дарын ашты бойда талантын,

Екендігін көрсетерде сара алтын.

Қолдау берді Марусия апа деуменен;

Қазағымның қажетіне жарарсың.

 

Бар байлығын кемтарлармен бөліскен,

Достар тапқан жер-әлемдей өрістен.

Дүниенің төрт бұрышын аралап,

Небір ғажап көріністі көріскен.

 

Алла алдында құл екенін ұғынған,

Сол үшін де құдай жолда жығылған.

Денсаулығы ең бірінші байлығы,

Пірі – ері, бағы – оты бұрыннан.

 

Саф алтынын елі үшін шығарған,

Даңққа бөлеу жан қазағын ұлы арман.

Алпысқызы Сара апай секілді,

Жанжүрегі мейірімнен құралған.

 

Мақсаттар бар алда әлі жететін,

Өтесе апа міндеттерін өтесін.

Бар адамға шашып жүрген шуағын,

Құтты болсын, туған күні тәтенің!

16.11.07.

 

***

АҚЫЛШЫСЫ АНА МЕНЕН

БАЛАНЫҢ

(Марусия Шайханкелініне)

Жаны жайсаң, көңілі пәк асылым,

Ақылыңмен тау суындай тасыдың.

Қамқор болып кемтарларға қарасқан,

«Бөбек» қорға елімдегі қосып үн.

 

Жаны жаздай жаймашуақ, көпшілім,

Маралдайын жан қызысыз тектінің.

Шайхандайын асыл ата келіні,

Пәсеймесін, Марусия апа, екпінің.

 

Пәс түспесін, абыройың өрлесін,

Таңырқасын жұрттар Сізді көргесін.

Көмекті де аямаған мұқтажға,

Еңбегіңіз өрге қарай өрлесін.

 

Тау-тау етіп жиған елдің алтынын,

Танылуда әлемге де қарқының.

Жалау болып Қанат аға жанына,

Еңбекпенен жалғасуда әр күнің.

 

Жетім көрсең желей жүрдің қол беріп,

Қамқорыңды бағалауда ел көріп.

Алпысқызы Сара апайдан үлгі алып,

Келе жатсыз борыштарды меңгеріп.

 

«Қазақалтын» жұмыс орның орнықты,

Рызықты ел байлығы жер құтты.

Талайлардың табан тірер ортасы,

Танылуда еңбегімен бар мықты.

 

Ақылшысы ана менен баланың,

Панасысыз біле білсек қаланың.

Үлес қосып Қазақстан даңқына,

«КазСат» сынды өрге өрлеп барасың.

 

Жаманшылық жоламасын еш саған,

Бар мейірін төксін деймін жасаған.

Немереге әже болған жан әпке,

Жас өссе де қартаймаңыз ешқашан!

***

БИІК ЕДІ

КӨКШЕТАУДАЙ ТҰЛҒАЛЫ

(Масүғұт Нәбиевке)

Замананың заңғарына өрлеген,

Қиындықты бұйым құрлы көрмеген.

Жау жағадан алған кезде бел шешпей,

Еңбекте де бір адамдай терлеген.

 

Масүғұт ата адал жан-ды біз білген,

Жол табатын қиындықтан кез-келген.

Ұлты үшін жанын аяп қалмады,

Пейілі де жоқ еді еш өзгерген.

 

Сым-құрсаудың көрді талай зұлматын,

Тамақ жемей күндер көрді бір татым.

Оқ боранда аман қалды ел үшін,

Дегені жоқ бірақ «шықсын өз атым».

 

Мұстафамен кездесті сол жылдары,

Бір болсақ деп мұсылманның ұрпағы.

Сол арманы орындалды бертінде,

Атамыздың топтасты сан жырлары.

 

Ұстаздықтан айнымады әуелден,

Баталары елге бақыт әкелген.

Тоқсан асып, жүзге жақын барғанда,

Жарлық келіп кетті ата тәңірден.

 

Бақи дүние пейішіне шақырды,

Ақылынан адасқан жоқ ақырғы.

Жұмақ болсын атамыздың мекені,

Ардақтаймыз ел ағасы асылды.

 

Биік еді Көкшетаудай тұлғалы,

Талай сында иілсе де сынбады.

Масүғұт ата Ақсуының мақтаны,

Естен кетпес елдің мұндай ұлдары.

***

ӘНШІ РОЗА ОТАРОВА

АПАМЫЗ 50 ЖАСТА!

 

Әнмен таңын қарсы алып,

Әнмен кешін батырған.

Ел алдында ән салып,

Жұртты тойға шақырған.

 

Бала жастан әнімен,

Дүйім елге танылған.

Жастық жалын сәнімен,

Сахнадан табылған.

 

Ән айтпаса булығып,

Тұсауланған дарыны.

Ән өнерін ту қылып,

Сәуле шашқан жалыны.

 

Бар базары - әні бұл,

Өнерменен қайнаған.

Жан анасы Сәнігүл,

Қыздың жайын ойлаған.

 

Жанынан жыр түлетпей,

Бақыт сірә таппаған.

Мерекесіз күн өтпей,

Әнсіз таңы атпаған.

 

Тауелібай бұлбұлы,

Мерекенің әрі-тін.

Атанып ел жұлдызы,

Мойындатты дарынын.

 

Розасыз кеш өтпей,

Мереке де базарсыз.

Жүректерге гүл екпей,

Қалай әнсіз қаларсыз.

 

Отырыстың базары,

Болды тәтей Роза.

Ауданының ажары,

Болды жайын сұраса.

 

Зарафшан да таныды,

Әніменен апаны.

Шарпып көкке жалыны,

Жерді жарды атағы.

 

«Замандастың» төрінен,

Сырлы әнін төгілтті.

Ташкенттен көрінген,

Дидар шарпып өңірді.

 

Эстрада алғыры,

Өзі болды лауреат.

Елдің берген алғысы,

Алды апаны баурап.

 

Сонан бері 50 жыл,

Өтті арадан жөңкіген.

Елеп өтер елу бұл,

Жан жылуын желпіген.

 

Апай үшін елуің,

Толысқандық, тек осы.

Сол елуге келуің,

Белес қана келесі.

 

Әуелеген ән қуып,

Бұлбұлменен таласқан.

Наурызбенен бір туып,

Көктемменен жарасқан.

 

Елемейді мұны кім,

Атап өтер думан тақ.

Құтты болсын ұлы күн,

Роза апа туған шақ!

 

Немереге әже өзі,

Әлди айтар әнімен.

Терең тәте өресі,

Әні мәнді сәнімен.

 

Елу жасы апаның,

Еленбей бір қалмайды.

Жұртқа таныс атағың,

Жүзің нұрлы таңдай-ды!

30. 07. 2010.


Т А Ң Д А У Л Ы М Е К Т Е П

(Степногорск қаласындағы №5 Сәкен Сейфуллин атындағы КМЛ туралы)


 

Білімнің нәрін сепкен өреніне,

Бұл мектеп қаламызда төре міне.

Танылды аты оның шартарапқа,

Айналып шәкірттері өреліге.

 

Қазақтың өз мектебі, білім жұрты,

Сәкенді бүкіл қазақ біліп жүрді.

Есігін ашқан мектеп Сарыарқадан,

Қазақтың кім екенін ұғындырды.

 

Бұл маңда қазақ мектеп болмаған-ды,

Жалғаған осы ұя арман-әнді.

Танылды элиталы мектеп болып,

Сүйсінтіп ісіменен барша жанды.

 

Степногор жас шаһарым, кенді өңір,

Нұрланып көтерілді енді көңіл.

Түлегі түлеп ұшты шет елдерге,

Тән алды сенің бүгін өрнегіңді.

 

Ғалия еді Бәтиқызы директоры,

Үлгісі топ ішінде ерекше еді.

Тән алды басқа мектеп бұл ұжымды,

Толысты жетістікке деректері.

 

Алтыннан алқа алды түлектері,

Дүрсілдеп ел деп соғып жүректері.

Келеді көшін бастап жақсылықтың,

Жарыста көшті бастап шәкірттері

 

Таңдаулы мектеп бар ма осы сынды,

Заманға тұрған ылғи қосып үнді.

Көшбасшы мектеп болу нағыз бақыт,

Танысын әлем енді есіміңді!

11.07.2011

 

 

ИРИНА – ҚАЗАҚСТАН МАҚТАНЫ!

Білегіне тасқын күші толысқан,

Қарсыласын жыға білген алысқан.

Ирина қыз батыры ғой қазақтың,

Даңқы шыққан аспан асты алыстан!

 

Ирина қыз, арыстан қыз азулы,

Ордан аттар нағыз елік қазулы.

Зіл темірді бұйым құрлы көрмеген,

Мақсат еткен кеудеге сый тағуды.

 

Күміс медаль алған алқа таңдаулы,

Жұрттан озу, ойлаған-ды қалмауды.

Осы шыңды бағындырды Ирина,

Самғаудай-ақ көрсетті ғой самғауды!

 

Небір тұлпар қалып кетті жарыста,

Зіл темірге болғанымен бәрі ұста.

Қазағымның Иринасы топ жарды,

Степногор қолдаған соң алыста.

 

Бөгенбайдай баба жүрген жер еді,

Балуан шолақ әруағы да жебеді.

Нұрағаңның қолын алған Ирина,

Айға қарай ақ білегін біледі.

 

Дем берді ме Қажымұқандай атасы,

Бұйым құрлы болмады «тау» жотасы.

Зіл темірлер мақтадай-ақ майысты,

Кездеспей бір жатқан кезде қатесі.

 

Сергей еді Иринаның бапкері,

«Тапжылма еш, алға қарай тарт» деді.

Соның өзі қуат болып жанына,

Самғап ұшты Степногор кептері.

 

Қазақ үшін алғаш медаль әперген,

Батпан зілді толғанып бір көтерген.

Ирина қыз Отанымның жұлдызы,

Өлшенбейді сенің күшің пәтермен.

 

Пәтер алсаң, ол да сенің еңбегің,

Өзіңді айтып қуанбады елде кім!

Болашағын жарқын болсын, қарағым,

Көп қой алда көргеніңнен көмегің.

12.07.2008.

***

АЯПБЕРГЕН АТАҒА!

 

Кезің жоқ жаудан оқты аяп көрген,

Атамыз Әзірбаев Аяпберген.

Жеңістің ұлы күні құтты болсын,

Мерекең мамырдағы таяп келген!

 

Тоқсанды атамызсыз саяқ көрген,

Қарт солдат жауын жыққан Аяпберген.

Ниетіңіз бүгінгі қабыл болсын,

9-мамырда той өткерген!

 

Теңгерем өзіңізді саяткермен,

Атамыз ақсақалды Аяпберген.

Құлдық етсек жарасар өзіңізге,

Елдің қамын жеуменен ой өткерген.

 

Өттіңіз сексендейін бай өткелден,

Ақылгөй, асқаралы Аяпберген.

Ақын боп жыр жаздыңыз жорғалатып,

Сөз маржанын терумен мәйектерден.

 

Келдіңіз Кенимехтай саят жерден,

Тауелібай тарланы Аяпберген.

Тәңірдің өзі қолдап тағдырыңды,

Жасты да емес екен аяп берген.

 

Жәмила апай жетілген ниеттермен,

Жағдайыңды жасарда бәйек көрген.

Оттың басын меңгерген сол апамыз,

Балаларға әке тек Аяпберген.

 

Қанағат деп тұрмайды шай апкелсең,

Жүретұғын мұндайда аяқ берген.

Стаканы қасынан қалған емес,

Жүз грамын құяды «маяк» берсең.

 

Күндеріңді кезің жоқ жай өткерген,

Еңбексүйгіш азамат Аяпберген.

Тыным алмай тоқсанға тоқтамастан,

Жарасады жүзге де таяп келсең.

 

Кезі де жоқ мінезін бояп көрген,

Бастығына жан емес тай өткерген.

Тура тартып жүретін қақыратып

Жауынгері елімнің Аяпберген.

 

65 жыл мамырлап май өткерген,

Медаль алып халқымен той өткерген.

Ниетіңіз, атамыз, құтты болсын,

Арманына еріскен Аяпберген!

2010 жылдың 9 мамыры

 

***

Степногор нұрлы қала даңқты,

Талай ұлы елді әлемге танытты.

Атажұртқа келгендер бар оралып,

Көбейтем деп қазақ деген халықты.

 

Өз Отаным, өз өлкеміз Сарыарқа,

Үлесім бар ел ішінде аларға.

Отан бізге, біз Отанға сіңістік,

Алмас ешкім бізге көзін аларта.

РИММА НҰРЛЫҒАЙЫМҚЫЗЫНА

 

Қайратың ер жігіттен кем демедім,

Ерге тән қызметте ерлегенің.

Қазақтың қарақат көз қарлығашы,

Намыс ед қолдан жұртқа бермегенің.

 

Тұлғалы әрі жайсаң қарындасым,

Мақтаймыз сендей бір жан табылғасын.

Аймақтың Сарыарқадай ақбөкені,

Ниетті Алла-ием жарылқасын.

 

Шаһарда Степногор арулар бар,

Алатын асқар-асқар асулар бар.

Биікте өзің тұрсаң тұлғаланып,

Келетін алмағайып ашуды алар.

 

Мекені Паң атамыз Нұрмағанбет,

Аймаққа құт дарыған тұрмаған тек.

Ордасы Қарабұлақ бетегелі,

Қай батыр аттың басын бұрмаған кеп.

 

Қызысың осы өңірдің қаракөзді,

Айтатын жүйеменен дана сөзді.

Басқарып комбинатты Сіз тұрғанда,

Түйткілдер шешіле сап қалар енді.

 

Түсінген сөз төркінін өреліміз,

Халқыңа аз емес қой береріңіз.

Ақынды түсінеді түйсіктілер,

Ғұмырда аз болмасын көреріңіз.

 

Мұнан да биік болсын абыройың,

Толысқан осы шақта ақыл-ойың.

Отбасың аман болып ұрпағыңмен,

Алланың нұры жаусын, бағы дәйім!

7.07.2011

 

РАХИЛА ЖЕҢГЕМЕ!

Кім ескерер жыл он екі ай қай күнді,

Қайсы күні ақ тілектер айтылды?

Қайны үшін ол да тәуір той екен,

Жеңгесінің 40 жасы айтулы.

 

Рахилаш жеңгем толды қырыққа,

Жарияладым жырды сосын жұртқа.

Ақ тілекті ала келдім алдыңа,

Қала алмастан жыр оқымай сыртта.

 

Жанжолдасың Абат ағам ақкөңіл,

Сүріп жатсың жанұяңмен жақсы өмір.

Осы жолмен талай тауды басып өт,

Көтеріліп абыройың көкке бір.

 

Ақ тілекті келмес бүгін жасырғым,

Ал, жеңеше, өзің гүл боп ашылдың.

Тоқалардың санын беске өсіріп,

Арамыздан құрметіңді асырдың.

 

Тоқа үшін отқадағы түстің сен,

Дүниедегі сен күштісің күштіңнен.

Молшылықтың рызығы сияқты,

Нанның исі аңқып жүрсін үстіңнен!

 

Ақ тілекті алып келдім жырдағы,

Бәйтеректей бойды түзеп тұр тағы.

40 жасың құтты болсын, жеңеше,

Жайнап жүргін қызғалдақтай қырдағы!

19 желтоқсан, 2009 жыл.

***

ЖЕҢГЕЛЕРІМЕ

Ай менен күндей менің жеңгелерім,

Мәлика, Оразгүл, Науат ең керегім.

Ұлманай, Мейрамкүл, Ғалия, Меруерт те бар,

Бәрің де қыр гүліндей көркем едің.

 

Жеңгенің орны бөлек қайнысына,

Зор баға берем енді қайсысыңа?

Бәрі де «сен тұр, мен бір атайындар»,

Ағамыз оларды алған жай кісі ма.

 

Қайнылар жеңгелерін әзіл етер,

Болмаса сөздің аса назы кетер.

Ретпен сөз қағыту ол да жөн-ау,

Әп сәтте керуен-дүние жазы кетер.


8. Б а л л а д а л ы – п о э м а л а р т о б ы

 
 







Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных