Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






ТАУ БОЛЫП КЕТСЕМ... 5 страница




Сол бағытпен қарызымды өтеймін,

Ризамын сосын барып шал қылсаң.

 

Жырларым жүр құйын сынды оралып,

Кетпесін де шалқар шабыт жоғалып.

Кешегі өскен түйешінің баласы,

Болып алды осы күні қалалық.

 

Жырым-өзен қияндарға бастаған,

Арман қалам шақырады Астанам.

Сенде жүрсем мерейімнің өскені,

Ту биіктен тұрып сосын мастанам.

 

Жырым шалқар толқындаған теңізім,

Құшақтар кең ашылғандай мен үшін.

Қамшылаймын тұлпарымды толымды,

Туған жанмын деп ойлаумен ел үшін.

 

Жыр құрығын кең құлашпен атамын,

Тұлпар-өлең менің байлық, атағым.

Өркендеймін, өртенемін, өрлеймін,

Жанымда бар жалындаған от ағын.

12.07.06.

***

БҰЛТТЫ АСПАН

Бұлтты аспан мұнарған, қоңырланған,

Қорғасындар ап-ауыр шоғырланған.

Көк теңбілді көрсетпей заңғардағы,

Жылжымастай жазылмай ауырласқан.

 

Бұлтты аспан бұлыңғыр түнереді,

Күн шыққанда нұр шашып күлер еді.

Шілдеде де жасырып сәулелерін,

Кошқыл бұлт қасқайып түрегелді.

 

Сұп-сұр болып еңсені басады ауыр,

Бейкүнә күн еріксіз тасада тұр.

Тамшысын да шашпайды сараң бұлт,

Тұйық жандай мінезі аса ауыр.

 

Қаптай қалып аспанды көрсетпеген,

Көрсетпеген күн көзін, өртетпеген.

Шілдедегі бұлттың сиқы осы,

Терлейтұғын кезіңде терлетпеген.

 

Аспаныма жабылған қолшатырым,

Қарайлайды биікке барша бүгін.

Жауыны жоқ, шуағы, дауылы да,

Сыр бермейтін тұйықсың мұнша бүгін.

 

Мейлі, болсын осылай күндеріңіз,

Өтеледі сонда да міндетіміз.

Тек соғыстың бұлты торламасын,

Тұра берші тапжылмай түн бе, күндіз.

12.07.06.

***

ТАҒЫ ДА ЕМХАНАДА

Түстім кеше тағы да емханаға,

Емделмесе кісіге ем қона ма.

Палатада жатырмын жеке қалып,

Бұйырсын деп ем-домы жанға дауа.

 

Емханада жатырмын жалғыз ғана,

Шабыт па ол дүлей жыр жазғызбаса.

Тән жарасы не етер ед, кетеді да,

Жан жарасы бойымды алғызбаса.

 

Емханада жатырмын ине күтіп,

Инесінен келеді емі кіріп.

Ауырды деп тәнімді шошымаймын,

Шошынатын кезім бе сүйретіліп.

 

Емханада тәртіп бар бірсыдырғы,

Тентектің де жуасыр сырқы тұрды.

Ақын да бар, шофер да, шопан да бар,

Мейіркеш кеп бәріне дәрі ұрды.

 
 


Әзіл қуған мұндағы шалдар да бар,

Көзін салған етекке алды ашылар.

Кемпірлер де қоймайды шалды кертіп,

Жатқан дейді байғұсты жорта осылар.

 

Емханада емделген жазылады,

Өмір-тартыс өзінен жазылады.

Ауырмасын еш адам кеселденіп,

Дәрігерге сонда да іс табылады.

11-12.07.06.

 

***

ОРМАНҒА КЕЛГЕНДЕ

Қарағайлы орманның ішіндемін,

Орман сырын білмедім, түсінбедім.

Көкке ұмтылып кетіпті кекілдері,

Ал мен болсам балақай пішіндемін.

 

Ормандамын, жап-жасыл желектемін,

Осылайша болар деп елеп пе едім.

Сексеуілді тоғайдың баласы едім,

Бұл орманға сірә мен керек пе едім.

 

Қарағайдың қылқаны қошқылданған,

Биігіне мендегі қосылды арман.

Қазағымның даласы орманды да,

Топырақ жоқ жерінде жасылданған.

 

Орман осы арманды арқалаған,

Құс қиқуы мұндағы тарқамаған.

Мен де келдім ортаңа, құшағыңды аш,

Адастырма нуыңмен қоршалаған.

11.07.06.

 

***

ЖАН ЖАРЫМ

Асылым, жан жарым,

Өзіңсің таңдарым.

Қарызбын алдыңда,

Қалмасын арманым.

 

Асылым, жарқыным,

Өзіңмен әр күнім.

Бақытты өтуде,

Алаңсыз жан-жағым.

 

Асылым, жан жарым,

Алтыным, ардағым.

Сыңарым өзіңсің,

Өзіңді таңдадым.

 

Қарағым, қалқаным,

Балауыз бал дәмім.

Өзің деп өмірде,

Қатардан қалмадым.

 

Бақытым, байлығым,

Сен барда жайлымын.

Қарызбын өзіңе,

Жарығым, Ай-Күнім!

11.07.06.

 

***

АРМАНҒА АТТАНУ

 

Арман қуып барамын алыстарға,

Алыстарға, білмес бейтаныстарға.

Бағым ба әлде сорым ба, соны білмен,

Құр қауқарсыз қалмаспын намыс барда.

 

Арман қуып барамын көзкөрмеске,

Талантымды халықым ескермес пе.

Аман болсам шығармын топты жарып,

Қырықта да қаймықпай бес белеске.

 

Арман қуып барамын айшықтылып,

Шағылатын түрім жоқ қайтып қалып.

Қазақтығым қанымда-қасиетім,

Өлеңменен ойымды айтып қалып.

 

Қырдан асып барамын қыраттарға,

Қыраттарға, шықпаған жырақтарға.

Орыным бар білемін ол жақта да,

Жауабым бар қойылар сұрақтарға.

 

Шалдығатын шағым ба, айтшы қане,

Мені күтіп тұр екен қайсы мәре?

Армандардың алайын асуларын,

Той етейін көңілім той тілесе.

11.07.06.

 

***

ЖЕРЛЕСТЕРІМЕ

 
 


Бәріңе де ынтықпын, жерлестерім,

Білем еш жан сендерге теңдеспесін.

Әрбіріңді құшақтап сүйер едім,

Қадіріңді жырақта енді ескердім.

 

Жерлестерім, бауырым, туғандарым,

Өздеріңмен бірге өтті думандарым.

Итермедің кеудемнен ешбірің де,

Сол арқылы жүректе туды арманым.

 

Жаным десем жарасар алдарыңда,

Елден ұзап, көз жазып қалғаным ба?

Сенде сүйдім асылым, ардағымды,

Базарладым балды өмір жас шағымда.

 

Жерлестерім, жарқыным, жомарттарым,

Қатеме де қапа боп, көз алартпадың.

Өздеріңнің ортаңда құсың болдым,

Өздеріңмен ұшталды талаптарым.

 

Қызылқұм мен тастағың толыстырды,

Талайменен бәйгеде жарыстырды.

Қуанған да өздерің бәйге алсам,

Сүйгеніммен тағдырым таныстырды.

11.07.06.

 

***

 

АТОМ ҒАСЫР

 

Кеудесі де сияды басы сиса,

Нелер кіріп шықпайды осы миға.

Бар адамның тірлігін осы күнде,

Оңайлатып берді ғой техника.

 

Бас қатыру, білмедім жан күйгенін,

Дискасына сияды ән-күйлерің.

Шым-шытырық есепті бір секундта,

Шешіп берер бадырақ компьютерің.

 

Күнді қолдан жасадық шақырыйтып,

Неге керек мисызға ақыл айтып.

Кіммен кімнің сөйлесіп тұрғандығын,

Көрсетеді айнадан бадырайтып.

 

Бар кәсіптің тетігі адамда тұр,

Планета дегенің табанда тұр.

Техника бұл өзі жақсы болды,

Қарыштасын ғарышқа атом ғасыр!

11.07.06.

 

***

 

БАРЛЫҚ АДАМ АҚЫН БОЛСА

Жаралған ба ақының жыр құрауға,

Өлең десе шабытым бұрқырауда.

Әр сәт сайын аунатып парақтарды,

Тұлпар өлең өрісте шұрқырауда.

 

Өлеңдерім өрілген өмірлікке,

Өлең барда бағалы өмір тіпте.

Бар әлемді жыр етіп, гүл етейін,

Баламағын мұнымды жеңілдікке.

 

Өмір деген қазаның қайнап жатқан,

Қайнап жатқан тірлікті ойлап жатсаң.

Арпалысы ғұмырдың бейне керуен,

Опық жейсің абайсыз ойнақтасаң.

 
 


Өлең-өмір екеуі егіз ұғым,

Қосылғанда екеуі нағыз мығым.

Біреуінсіз біреуі ақсап жатар,

Көрсете алмас мықты да ақындығын.

 

Ақын деген халықтың төл баласы,

Адалдық пен пәктікке жол салады.

Барлық адам дүниеде ақын болса,

Планета осімен қозғалады.

Атом бомба дегеннің аты өшсін,

Әйтпесе өмір адасып, қор болады.

11.07.06.

 

***

ҚЫС АЯЗЫ

Қыс аязы қысады бетті шымшып,

Бүрсиеді, тоңады байғұс шымшық.

Саршұнақ бұл аяздың аяры жоқ,

Қып-қызыл боп қызарды бет пен тұмсық.

 

Күтірлейді ақ қары аяқ бассаң,

Мұнарады төбеде күмбез аспан.

Табан асты көктайғақ жүргізбейді,

Жығыларың ол анық шәлкес бассаң.

 

Ақ қырауы жабады телпегіңді,

Тоңдыруға дайын боп көрсе кімді.

Арқа қысы қысады талайларды,

Көз алдыңа келтіріп ертегіңді.

 

Қыс аязы бітпеген қытымырлы,

Сондадағы қысының құты тұрды.

Мұзқалада шулайды бала біткен,

Сырғанақта мәз болып құтырулы.

 

Қыс аязы шапанын желбіреткен,

Сонда адам тоңазып дір-дір еткен.

Бұрқасыны бұрқады толастамай,

Ұрып жатыр, таңданам бұл бір неткен.

 

Қыс мінезі тым асау қарағанда,

Бура сынды қайратты жарағанда.

Қырды қымтап алыпты аппақ көрпе,

Ақ пейілін сепкендей бар адамға.

 

Қыс аязы қатқақты, тайғанақты,

Сондадағы ойға арам ойламапты.

Қысса қыссын аязы, ол да керек,

Жыл маусымы қыс деген салтанатты.

18.01.08.

 

ДЕМАЛЫСТАМЫН

Демалыста жүргенім тыныққаным,

Сондадағы өлеңді ұмытпадым.

Жыр жазамын отырып компьютерге,

Лақтырып шабыттың құрықтарын.

 

Жыр тоқимын өрмектей қиыстырып,

Ойларымды тоғытып жиыстырып.

Маржан ойлар тізіліп келе берер,

Махаббатты ғашықтай сүйістіріп.

 

Демалыста жыр жазу шабыттайды,

Шабыттайды ақының, қалықтайды.

Айтылмаған ойларды тауып алып,

Қалтарыстың қатпарын анықтайды.

 

Демалыста ағаңыз өлеңдетер,

Тыңнан тауып керегін елеңдетер.

Жырың болса өміршең, өзің бассың,

Көсегеңді көгертіп кемелдетер.

 

Демалыста тынығу - қайралуың,

Арзан менен қымбатты айыра алуың.

Ессіз жырды қайтемін санға қосып,

Алыстарға бастайды айта алуым.

 

Шабытты жыр жыраққа бастай берген,

Шабытымның арынын ашпай білгем.

Мен өлеңмен егізбін, соны білем,

Көтеретін биікке алып бірден.

 

Неткен ғажап шақтамын, шалқарлымын,

Қозып келе жатқандай арқам бүгін.

Түймешеге тимесе саусақтарым,

Жыр құралмас даламдай дарқанды тым.

 

Демалыста отырмын шабыттанып,

Түйдек-түйдек жыр жазып анық-анық.

Ұшып бара жатқандай ғарышына,

Ғарышкердей деймін бір шарықталық.

 

Армандымын алысты алқымдаған,

Не болсада жыр үшін тартынбаған.

Бар байлығым өлеңім болғаннан соң,

Алмастайын өзімді жарқылдатам.

 

Мазақ ет те, сүйсін де, өзің білгін,

Бұрай салдым мен бүгін сезім кілтін.

Жаным жайсаң, пейілім аққу қаздай,

Қияндарға бастайды тылсым шіркін.

 

Ақын біткен осылай дүркірейме,

Бұл мінезін өзгелер күлкілейме?

Демалыста осылый ой еледім,

Жауын-жырсыз құр аспан күркірей ме?!

20.01.08.

***

ҚАРЛЫ ДАЛА, АРЛЫ ДАЛА

Ақ қарлы дала жатыр айрандалып,

Адам тұр мінезіне қайраң қалып.

Жауған қар тағы жауып үсті-үстіне,

Бораны жатыр сосын ойран салып.

 

Қар қаптап кең даланы бүркеп алған,

Үрген қар құлардайын түрте қалсаң.

Ағаштар ауыр қанат тағып апты,

Қолшатыр сияқтанып бейне қалқан.

 

Қатқақты жердің жүзі жұтынардай,

Қыстың да өзіне сай құты бардай.

Демалып қайта жауар аппақ қары,

Әйнектей дала тоңды шытынардай.

 

Аспанның барлық қары құлап жатыр,

Жауған қар балаларға ұнап жатыр.

Көк мұзда тайғанайды мәшинелер,

Көбісі автокөлік тұрақта тұр.

 

Қар мінез адамы да арқа қырдың,

Құлы емес қарабастың ғана құлқын.

Өр мінез қазағы бар Сарыарқаның,

Өзіне татитұғын сарбаз жырдың.

 

Қар жауса құты бірге жауатындай,

Ашылған балапанның сауатындай.

Ақ қарда ізім қалды әріп болып,

Табылған осы өлкеде тағатымдай.

 

Қар дала сүт көбіктің дәл өзіндей,

Созылған жырау жырдай әні үзілмей.

Келемін маң далада жатсынбастан,

Бураның тайсалмаған жүрісіндей.

 

Қарындай пейілім бар тазаланған,

Жырларым толысады жаза алған.

Тағы көп жазатұғын дүниелерім,

Пәк дүние бар ма артық таза қардан.

22.01.08.

***

МАНДОЛИНА

Сегіз ішек төрт қатардан жұптасқан,

Әнге бассаң қолдай кетіп құптасқан.

Мандолина менің жақын бір досым,

Өзі ықшам пернелерін нық бассаң.

 

Мандолина менің сүйген саз басым,

Қалап жүрмін оның ұзақ тозбасын.

Ән салғанда соны қосып шырқаймын,

Салам сонан өлеңге ән жазғасын.

 

Мандолина жұртты таңырқататын,

Маған тиді сенің сәулең, шапағың.

Сен бар жерде менің қолым ұзындау,

Аспабымсың сүйе-сүйе тартатын.

 

Даусың анық, үнің сондай сыңғырлы,

Ойнай қалсам ән әуелер мың түрлі.

Жастайымнан серік еткен досымсың,

Домбырадан кем емессің күмбірлі.

 

Шағын аспап шапшаң ойнай салатын,

Биіктерге алып ұшар қанатым.

Жұрттар білмей жүрседағы бағаңды,

Бағаладым санам болған санатым.

 

22.01.08.

***

ҮЙДЕМІН

Үйдемін, үйімдемін дамылдаған,

Кезі жоқ жырдың сірә жазылмаған.

Ой елеп жаттым маржан елегінен,

Арнама тоғысуда асылзадам.

 

Үйдемін, ордамдамын, қанамдамын,

Қалай жыр жаңа-жаңа қаланбасын.

Күмбезін құрып жаттым жыр отаудың,

Байлығым шалқып жатыр таланбаған.

 

Үйден жыр топтағаным толтырғаным,

Шабытты тұлпарым бар ер-тұрмандым.

Талай қыр, белестерге көтерілем,

Шалқарға шыққаннан соң жәй тұрмадым.

 

Үйіңнен жыр толтыру қанарыңа,

Қанатты қозғау салу талабыңа.

Мен сонау жолда тұрмын тұлпарланған,

Ілесіп көтерілдім қанатыма.

 

Үй толы өлеңдерім қабатталған,

Шығады биігіне талаптанған.

Арманды қуып барам сағымдағы,

Жайым жоқ шабыт қысса қарап қалған.

 

Өлеңім кімге керек осы менің,

Алғыр ой, уа, халқым тосып едің.

Ойыңнан шыға алмасам - осалдығым,

Қамшыңдай толысамын тоғыз өрім.

 

Үйдегі ойды жалғап түзде тағы,

Жетістік жеткерсін деп бізге тағы.

Келемін айтылмаған жырды жалғап,

Бабалар салып берген ізбен-дағы.

22.01.08

 

***

 

ҚАҢТАР

Қыстың айы бұл қаңтар қаңтарылған,

Омбы қары сыйлайтын аңға құрбан.

Шыршаларды жабады ұлпалары,

Қорғасындай ап-ауыр таңда тұрсаң.

 

Қаңтар осы қатқақты, тайғанақты,

Аяз әнін күн сайын қайталатты.

Боранында бұрқады бұршақтарын,

Ақпан барын алдында ойламапты.

 

Қаңтар айдың суығы, аяздысы,

Ақ бетімді қызартып аяз қысты.

Сондадағы қорқатын мен де жоқпын,

Жыр жалауы желбіреп ой ап ұшты.

 

Қабатталған қар қыртысы күртілдер,

Оңтүстіктен қалай келіп жүрсің дер.

Бізге айтқан осы ойы мазалап,

Тоңған сәтте осы ғана күрсінтер.

 

Қаңтар тұрса ауыздықпен алысып,

Мен келемін шаңғыменен жарысып.

Сыр бермеймін кәнігі ұл сияқты,

Сырғанақта балалармен тағы ұшып.

 

Қаңтарымда аңтарылып тұрмаспын,

Қыстың айын қатар тұрып жырластым.

Қыс келгенде қысылмайтын болайын,

Сол үшін де қаңтарменен сырластым.

 

22.01.08.

 

***

ҚЫСҚЫ АСПАН

Қысқы аспан жаздағыдан тым бөлек,

Түнгі түнек тұрғанымен дөңгелеп.

Жұлдыздары шақырмайды жыраққа,

Саудагердей жылмаңдайды теңгелеп.

 

Бұлт қаптап тұрмасада аспанын,

Тоңазиды қарағанда жас жаным.

Шілдедегі масасы жоқ болғанмен,

Беттеріңді аяз шымшып тастасын.

 

Қысқы дала шыршалары сұстыдай,

Шалқып-шауып жүре алмаймыз біз былай.

Барша әлем түнереді жымысқы,

Жауырныңнан алақанмен ысқылай.

 

Қары жауып жатпасада мезетте,

Танауыңа қылау тұрып мезі етсе.

Өкпелейтін түрің де жоқ мұндайға,

Құлап қалмай жетуің тұр кезекте.

 

Қысқы аспан алыс кеткен жұлдызды,

Қолтықтап ап жүре берсең бір қызды.

Сонда ғана қыс аязы тоңдырмас,

Жаның күндей жадырайды күндізгі.

22.01.08.

***

ҚҰРБЫЛАРДЫ САҒЫНУ

Сағыныштың сазындамын шықпаған,

Дос бола ма достың жанын ұқпаған.

Жырақ қалған құрбыларды аңсаймын,

Орны бөлек көңілдерді жықпаған.

 

Сағынысу кереметтің бөлегі,

Кімдер мені өздеріңдей еледі.

Қарайлаймын ойға алып бәріңді,

Деп жүремін іздеп бірде келеді.

 

Достың бары қандай жақсы іздейтін,

Өмір тінін тартатұғын, үзбейтін.

Бала болып кеткің келер бір сәтте,

Алысуға жаралғанбыз біз дейтін.

 

Кештер қайда бірге тойлап, шырқаған,

Гүл теруші ек белеңдерден, қырқадан.

Жусан исі аңқып тұрар тұсынан,

Туған жер-ай, не жетеді бір саған!

 

Құмдар қайда, тасы қайда Ақтаудың,

Орны бөлек оны ойға сақтаудың.

Құрбылар ше, достар қайда дарақы,

Күндер қайда масайраған мақтаулым.

 

Бейнелерің көз алдымнан өтеді,

Бәрі-бәрі есте тұр ғой кешегі.

Қырық беске келгеніме сенбеймін,

Өмір неге сонша тез-тез өтеді?

 

Кім ұғады жан сырымды айтпаған,

Балалығым бара жатыр қайтпаған.

Қол бұлғаймын құрбыларға тұрып ап,

Неге сонда тұра алмадық, айт маған?!

22.01.08.

 

***

 

ГҮЛСЕЗІМДЕР СОЛМАСЫН

Жастық жыры түгесіліп қалмасын,

Жастық жыры тіршілікті жалғасын.

Арман асу шыңдарына көтеріп,

Тарта берсін қызық өмір арбасын.

 

Гүлсезімдер көктей берсін жайқала,

Бақ әкелсін кеткен күнді қайтара.

Жапырақтар сыбдыр қағып тоқтамай,

Ашсын бізге есіктерін айқара.

 

Балғын шақтар балғұмырын жалғасын,

Сезім толқын семіп сірә қалмасын.

Аққу өмір айдынында қалықтап,

Жігіттік шақ салсын суға қармағын.

 

Гүлді дәурен бүрін жарсын бүгін де,

Жастық жыры шырқалардай үнінде.

Арманына жетіп барсын жүректер,

Маза болмай қиқулаған түнінде.

 

Гүлсезімдер тарқатпасын базарын,

Жазып болған жоқ та шығар жазарын.

Өмір өзі өбектесін, өртесін,

Махаббаттың жазбасын тек азабын.

 

Алда күндер көктемдермен көктетсін,

Кеткен күндер сол қалпында кеп жетсін.

Арман болмас барлық жанда жайнаған,

Демейтіндей болса өмірі текке өттің.

 

Гүлсезімнің солатұғын шағы жоқ,

Көктем сайын көктейтіні тағы көп.

Сонда өмір мәңгібақи жалғасар,

Көктем ғұмыр адамзаттың жағы боп.

22.01.08.

 

***

ҰЙҚЫДАҒЫ АҒАШТАР

Жапырағын жоғалтып ап жаздағы,

Ағаштар тұр жабырқаулы аз сәні.

Сыбдырламас сом денесі керіліп,

Осы дейді тәңірінің жазғаны.

 

Ұйқыдағы ағаш қаңқа серейген,

Базарлары тарқап шуы кемейген.

Торғайлар да ұшып барып қонбайды,

Қалтырайды атырабы үрейден.

 

Өткен-кеткен қарап оған тұрмаған,

Өлеңі жоқ жазда айтып жырлаған.

Қарғаларда қарайламай кетіпті,

Тым болмаса ұя сала тұрмаған.

 

Қаңтарында қалтырайды бұтағы,

Бұл кейіппен енді нені ұтады.

Көктем келсе ертерек деп тосады,






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных