Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






ТАУ БОЛЫП КЕТСЕМ... 7 страница




 

***

ТАУЛАРДАН АСЫП

БАРАМЫН

Бүгін менің өрлейтұғын кезегім,

Сондықтанда тоқтау болмай кеземін.

Өмірімді жыр етемін желмая,

Арманым тұр қол созымда жететін.

 

Бүгін менің шабыттанған шағым бұл,

Мен патшамын, алтындалған тағым тұр.

Ол тағымнан пайғамбар да тайдырмас,

Шайып кетер жолдағыны ағын жыр.

 

Патшамын мен мойындамас пендені,

Алтыннан да бағалымын кендегі.

Бір-ақ Алла табынғаным алдымда,

Ол қолдаса өлім маған төнбеді.

 

Бүгін жойқын қара дауыл мына мен,

Тауға шығып ұлыларға ұнап ем.

Түсіреді бұл биіктен кім мені,

Қарғысы өтпес дегендердің құлап өл.

 

Шабыт қысты, шалқымалы шашулы,

Келді кезім асатұғын асуды.

Алатау да аласарып қалапты,

Мен келгенде өлең мініп ашулы.

 

Өлеңдімін, өршеленген өрлімін,

Мен тұрғанда иемденер төрді кім.

Мұқағали, Төлегендер тірілді,

Өзімдей боп Өмірзақты көрді кім?

 

Жыр оқыдым, қуаттандым, толғадым,

Демегенмін бұл күнімді толғаным.

Қазақ жыры жаңа ғасыр көгінде,

Қалаймын мен нағыз қожа болғанын.

 

Жаза берсем тоқтамай жыр жазамын,

Тарқатпастан жыр өмірдің базарын.

Таудан асқан мен бір Қорқыт қобызшы,

Толыстырған топ алдында қазағын.

 

27.09.07.

***

 

НЕ БЕРДІМ?

Нелер бердім екен дедім ойлана,

Көлгірсіген бердім бе екен ой ғана.

Кімнен алдым, кімге бердім ақылды,

Қалғаны не санам атты қоймада?

 

Нелер бердім, кім не маған ұсынды,

Кімдер мені бір адамдай түсінді?

Қырық бесте ата болар ер адам,

Байқады ма әлдекімдер күшімді?

 

Нелер бердім, кімге бердім, не алдым?

Қажетіне жарадым ба қоғамның?

Қандай ақын деп түсінер мендейді,

Суындай-ақ болғаным ба тоғанның?

 

Қай биікке шыға алдым өрмелеп?

Кітабымды көрді ме жұрт көрмелеп?

Тағы қырық бес жасасам осылай,

Отырар кез болар ма екен төрге кеп?

 

Мына өмірге нелер бердім жанымнан?

Қай деңгейде екен атым танылған?

Атақ үшін арпалысқан жоқ едім,

Қасқыр емен қой терісін жамылған.

 

Адам болдым, адам болып қаламын,

Қараса жұрт маған бүгін қарасын.

Барым менің осы жырым, жарығым,

Осыларым шартарапқа тарасын.

 

Не бергенім аян тағы айдайын,

Күшім барда бар сырымды айтайын.

Жалықпадым жыр құраудан жалынды,

Кітап болып шықпаса да ай сайын.

 

Бергендерім қабат-қабат өлеңім,

Өсіремін күндер сайын көлемін.

Өлеңімнен өнеге алсын ұрпақ деп,

Кемелденіп кеміместен келемін.

4.10.07.

 

***

 

БИІК ҮЙЛЕР

Биік үйлер таласады аспанмен,

Санасатын түрі де жоқ жас жанмен.

Қанша биік болсадағы бұл үйлер,

Биіктеген тек қаланып тастармен.

 

Адам оны биіктеткен күшімен,

Пәтер салып ұядай қып ішінен.

Аспандайтын бұл үйлердің жөні жоқ,

Не ұғамыз құр сәнденген түсінен.

 

Қымбат үйлер биік-биік тұлғалы,

Кімге керек керіктеніп тұрғаны.

Бір кездерде бұл да құлар жексен боп,

Таусылғанда қызық думан қырманы.

 

Биік үйлер биікпін деп масайрар,

Жалғап жатыр басымызда осы ойлар.

Адам онан пәс пе екен, айтшы өзің,

Өлгені жоқ Бекет ата, Қосайлар.

 

Өлгені жоқ Төлегендер, Мәншүктер,

Ойға алсаң өмір тұрқы мән жүктер.

Биік үйлер, биік болсаң қанеки,

Бабамдайын басы алтын алжып көр.

 

Биік үйлер өсе берсін өскенше,

Қызығы да қызық дәурен көшкенше.

Адам жаны онан биік сірә да,

Ізі қалар арқасында көшкенде.

4.10.07.

 

***

 

БӨЛМЕДЕГІ АҒАШ

Жап-жасыл ағаш өскен бөлмемізде,

Нұр құяр кәдімгідей көзге мүлде.

Қамалған тар бөлмеге тотыдайын,

Өкпе артып тұрғандайын бізге бірге.

 

Жап-жасыл жапырағы сарғаймаған,

Баптайды, күтуменен қорғайды адам.

Сондықтан қыс айында тұра берер,

Қорғалған сауысқан мен торғайлардан.

 

Бөлмеде ағаш тал тұр жайбарақат,

Сыйлайды қарап тұрсаң жанға рахат.

Тыстағы ағаштардың қарындасы,

Назы тұр көркемдікпен таңға тарап.

 

Бөлмеде ағаш тал тұр гүлдейтұғын,

Сырттағы бөгде адам білмейтұғын.

Бөлмеге келгендерді тамсандырып,

Көзіне кезі болмас ілмейтұғын.

 

Бөлмемде ағаш өссе өсе берсін,

Сезімін түрлендіріп өсер ердің.

Су құям күнарадан нәр алсын деп,

Толтырып ернеулерін кеселердің.

 

Бөлмеде өсер гүлім қурамасын,

Гүл қапсын шешек атқан тура басын.

Жаныма жаңалықты әкелетін,

Сезімді сайтан сиқыр уламасын.

4.10.07.

***

БАЗАРЛЫ ШАҚ

Осы шағым базарлы шақ, бал шағым,

Дәмін таттым алма менен алшаның.

Балауыз жыр бар сырымды жаяды,

Қатарлары қатар-қатар қанша мың.

 

Базарлы шақ ақын үшін көктемі,

Күнменен бір шабыттанса көктегі.

Көктем қиял базарынан айырмай,

Қайран өмір, еміреніп өп мені.

 

Базарлы шақ қартаймаған жас кезің,

Жас кезімде той боп жатқан мас сезім.

Қатарыңнан қалып кетпей жортасың,

Қайығың да қайқаңдайды ескесін.

 

Базарлы той өмір деген қайнаған,

Бала бола алмасаң да қайтадан.

Балаларға әке болдық ақылшы,

Сырнай шалып өмір өзі айтады ән.

 

Базар осы оттың басы – отбасың,

Қалай енді күйбең тірлік тоқтасын.

Тоқтамасын бар тірлігің осылай,

Жүрдек жүрек жұдырықтай соққасын.

 

5.10.07.

 

***

 

ЖҮРЕГІМ

О, менің жүрегім!

Сен менің асыл тілегім.

Сенімен өрмелеп көк белге,

Көкпеңбек көктемге,

Өрмелеп жүремін.

Өмір деп білемін,

Тірліктің бір емін.

Сен мені білесің,

Мен сені білемін.

О, қайран жүрегім!

Тоқтамай тынбаған,

Жырымды тыңдаған.

Салмақты мыңдаған,

Көтерген жүрегім,

Қаруым, күрегім

Менімен бір едің.

Ақ таңға асықсам,

Сағынтса ғашық жан.

Сезімді тасытқан,

Өзіңсің, жүрегім!

Жырымды үрлеген,

Шабытты түрлеген.

Іркілу білмеген,

Жабылған жүлдемен,

Оранған бүлдемен,

Сен менің жүрегім.

Жүрегім, жүрегім!

Жүрексіз кім едім?

Батылдық, батырлық

Өзің деп білемін,

О, менің жүрегім!

 

5.10.07.

 

***

 

КЕШКІ ШАҚ

Қып-қызыл сәуле басты айналаны,

Тамаша өрнек сәнін қайталады.

Кешкі шақ мұнысымен қызық тағы,

Шығарып салып күнді қайтарады.

 

Кешкі шақ қимастықтай өтіп жатқан,

Жастығың есеп бермей кетіп жатқан.

Әр кеште есейеміз қарға адымдап,

Тірлік-ай құйын мінез есіп жатқан.

 

Кеш батса тіршіліктен саз кетеді,

Көктемнен соң кешікпей жаз жетеді.

Кештердің қадіріне жеттік пе екен,

Жырлауға оларға қай сөз жетеді.

 

Кеш батса арман бірге жоғалмасын,

Балдәурен таусылардай тоналмасын.

Қып-қызыл күн түсінен қимай жатқан,

Жастықтың сезгендеймін оралмасын.

 

Кешкі шақ маужыратар ойланғанда,

Адамның шеттегені тойдан қалса.

Төрт күндік тіршілікте біздер үшін,

Не мән бар ғұмыр мәңгі байланбаса.

 

Барады базарлы шақ кешке ілесіп,

Жаным тұр жамандықпен кескілесіп.

Кештерді ұнатушы ем таңға ұласар,

Алыстым талайлармен төс тіресіп.

 

Кеш батса бата берсін батқанынша,

Тынықсын жаным таңым атқанынша.

Қызыл күн, ұйықта сен де бір азырақ,

Сарқылар сәулең тынбай ақтарылса.

 

Шығарып салдым күнді көмкерілген,

Қалды аспан алау құшып төңкерілген.

Шым батып келе жатыр айналаға,

Айды алып қанжығаға бөктерілген.

9.10.07.

 

***

 

ЖОҒАЛМАСЫН ЖЫРЛАРЫМ

Неге енді жоғалады жырларым?

Осында ғой маржан ойлы сырларым.

Бәріңе де өтінемін жалынып,

Байлығымды сақтағайсың, ұрпағым.

 

Жоғалмасын жырымдағы, жиғаным,

Жиғандарым көкейдегі иманым.

Иман кетсе мен де бірге кетемін.

Жоғалады ол жоғалса қимасым.

 

Жоғалмасын, жоғалмаңдар бәрің де,

Сөз маңызы жырға қонған нәрінде.

Ешбір дүние бұл әлемде тозбасын,

Тозбайтын жыр айтар ойлы әлінде.

 

Таң да атса, қайта атар күн сайын,

Кеш батқанда байқа оның ыңғайын.

Жоғалмасын жыр сияқты жақсылық,

Майыссам да мен өмірде сынбайын.

 

Жоғалмасын жырымдағы сүрлеуім,

Сүрлеуімде бола ма екен жүрмеуім.

Жүре берем жыр жолменен тым ұзақ,

Шешу үшін тіршіліктің күрмеуін.

10.10.07.

 

БАҚЫТТЫМЫЗ

Бақыттымыз десем сөзім теріс пе,

Даусым кетті шартарапқа, кеңіске.

Егеменді елім қандай бақ құшқан,

Қыраным жүр қалықтаумен көгінде.

 

Жер серігі бізден ұшты ғарышқа,

«КазСатым» жүр көк биікте алыста.

Таңырқаса таңырқасын өзгелер,

Мақтан етем осы жайлы танысқа.

 

Бақыт заман туды кеше елімде,

Оған қосқан үлесім бар менің де.

Неге енді мақтанбайын шарқ ұрып,

Ие болсам ел алдында сенімге.

 

Бақыттымыз, бақ құшатын шағымыз,

Биіктерді иелейміз тағы біз.

Қызғанғандар таңырқайды еліме,

Жанған кезде жер шарында бағымыз.

 

Бақыттымыз, бақытты боп жаралдық,

Шуақ болып сосын көпке таралдық.

Қандай рахат мерейіңнің өсуі,

Басқаларға үлгі-өнеге боларлық.

 

10.10.07.

 

***

 

АРТТА ҚАЛМАҢДАР

Қалып қою қатарыңнан жарамас,

Уақыт солай артқа сірә қарамас.

Тау суындай тасып өтсең өмірде,

Кімдер сені шын дарынға санамас?

 

Қалмағайсың, алға ұмтыл барынша,

Сол бақытты ел алдында танылса.

Пайдаң тисін ең алдымен халқыңа,

Жинай берме бар майыңды қарынға.

 
 


Артта қалма, қолдан келсе елден оз,

Ер жігітті бұзар кейде ерме сөз.

Таза болсаң ешбір кір де жұқпайды,

Кезі келсе дұшпаныңа берме дес.

 

Ұмтылғандар ұлылықтан қалмайды,

Дүние сағым бұлаңдайды, алдайды.

Сыр алдырма, сырды шашпа ретсіз,

Ашықауыз ылғи мәнді болмайды.

 

Оз қатардан, мұңды қуып таусылма,

Ашық шықсын топ алдында даусың да.

Тірлік үшін қадам қойсаң алға ылғи,

Жүрген дұрыс тек халқыңның аузында.

10.10.07.

 

***

 

 

ЖАЗЫЛЫ ТҮЙЕ

Түйе мінген елпеңдеп тербеледі,

Тербелгенін қараған ел көреді.

Менің әкем баптаған буралары,

Қаңтар болса көбіктеп желген еді.

 

Жаз болғанда бураға жазы салар,

Мініс түйе соңында тазы барар.

Жазыағашты ұстаған жас өрені,

Қос аяғын ашалап жазып алар.

 

Жазы деген мап-мамық отырғанда,

Түйе жақсы тойға ел шақырғанда.

Құм кемесі қайраңда қалып кетпес,

Күш алады «бақ!» етіп бақырғанда.

 

Түйе мінген төбеден төніп тұрар,

Желісіне атанның көніп тұрар.

Ұшып түссе малақай ту биіктен,

Сирағына ашуың келіп тұрар.

 

Түйе тұрса орнынан еңкейеді,

Шалқаяды, шөккенде теңкейеді.

Тапырақтап шапқанда қайраң қалып,

Тайраңдаса мазақтар ел түйені.

 

Су тасыдық түйемен алыстардан,

Қызық еді іздері шалысталған.

Мұрындығы мұрнына батқан кезде,

Пысқырынып әреңдеп тыныстанған.

 

Мінген көлік астымда бозаң бура,

Бұйдасыз-ақ тартатын елге тура.

Бар-ау сірә жай мінез бір ұқсастық,

Аумайтындай түйеге менде тура.

 

 

Өңешінен көбігі ақтарылған,

Шабынғанда түк қалмас тоқ қарыннан.

Үлек деген түйенің үлкен басы,

Шашау кетпес келесі қапталынан.

 

Қандай ғажап ақпанда күшенгені,

Көрінеді айбаттан күш енгені.

Жиып қойып мұндайда түйешінің,

Жазыларын орынды түгендері.

 
 


10.10.07.

 

***

 

ҚҰМДАР ҚАЙДА?

Ақ шағылдар қайда қалды толқыған,

Қалай толам кеудемдегі олқыдан?

Ақ құмдарда ізім сайрап жатушы ед,

Күн ыстығы қайда кеткен балқыған?

 

Құмдар қайда өрнектелген, түрленген,

Желім қайда құйын леппен үрленген?

Кесірткелер неге енді жүгірмес,

Асып түсіп бір белден соң бір белден?

 

Сексеуілдер неге енді жырламас,

Селеу қайда сары алтындай сырға бас?

Жусан қайда аңқып жатқан даламда,

Құрбым неге маған қолын бұлғамас?

 

Құмдар қайда көшіп жатқан желменен,

Көшіп бірге кетті ме әлде елменен?

Туған жерім, топырағыңа бас ием,

Кешіре көр мезгіл сайын келмесем.

 

Кешір, құмым, ақ шағылым, торпағым,

Сенсіз қалай алға озып жортамын?

Сен арқылы көктеп өстім әлемде,

Қолдамасаң мен киеңнен қорқамын.

 

Ақ сезімді алыс қалған ақ құмдар,

Ұлың келді сені аңсап бақ құмар.

Сенің даңқың танылсын деп дүниеде,

Бір тұлпарың бәйге сында шапқылар.

10.10.07.

 

***

 

ШАШЫМ

Менің шашым ұзынынан жетілді,

Сөздер айтты сыртымнан жұрт не түрлі.

Айтса айтсын, қақпақ болып қайтемін,

Жан сезімім мән бермеуге бекінді.

 

Шаш өсіру өнерлінің өресі,

Антеннадай қуат алар төбесі.

Шаш болмаса өлең өру қиямет,

Жетістікке жету қиын келесі.

 

Мұны білген пенде мені ұғынар,

Ұзын шашым иығыма жығылар.

Сән үшін деп түсінгендер жаңылар,

Ұзын шаштың осындай мың сыры бар.

 

Шаш өсіру ақын үшін міндеті,

Түсер сонда шабытына күн беті.

Аспандасам қуат алам кәдімгі,

Жыр жинақтау сәті туар күндегі.

 

Шашым ұзын, ал ақылым қысқа ма,

Олай десең қолымнан кеп ұстама.

Жырқұмарға үйір болар жырқұмар,

Тегін адам болмасы анық ұста да.

 

Шашым кімге оғаш болып көрінер,

Тым ұзарса бұрым болып өрілер.

Өріп қайтем, шашақа еркін күн керек,

Ұзын шашты жанның жауһар қоры дер.

10.10.07.

 

***

ҚАЙМЫҚПАН

Жасқанамын неден бүгін бұқпалап,

Кімдер мені түсінумен құптамақ?

Өмірімде арды сатқан емес ем,

Жалақымен келдім «жаным шықпалап».

 

Әлі талай сындар мені ширатар,

Адалдығым қалай сезім қиратар?

Жамандыққа қарсы барам қашанда,

Сыра емес, мендегі сол сыйға – бал.

 

Қаймығатын түгім де жоқ күн үшін,

Жасырынған кездерім жоқ мін үшін.

Мінім болса айтсын бетке жасқанбай,

Аңғартады адалдықты күлісім.

 

Қайқаңдайтын мен емеспін іңгендей,

Ұятынан талай мінін білгендей.

Жақсылыққа жаным құмар жан болдым,

Қолым қалды пайда үшін сілтенбей.

 

Жылдар жөңкіп, төзімділік тарады,

Тарағаны – жаным жаз боп барады.

Тарақпенен таралғандай тағдырым,

Оң көзбенен маған ылғи қарады.

 

Қаймығатын түгім де жоқ жымысқы,

Қайнау ғана шынықтырар құрышты.

Табиғатым тамырымды жалғаған,

Жалғанды - жоқ, туры деймін дұрысты.

11.10.07.

 

***

 

ҚАЙРАН ӨМІР

Қайран өмір, тартыс толы тынбаған,

Міндет артып шаршататын мыңдаған.

Өмір деген осысымен қызық-ау,

Қайрақ сынды айбалтаны шыңдаған.

 

Қайран өмір, қайнап жатқан қазандай,

Келдік бірақ сырын ашып жаза алмай.

Құпиясы бұл тірліктің түгемес,

Саудагері қызуқанды базардай.

 

Думан өмір көшіп жатқан керуендей,

Бергің келер тірлігінде серуендей.

Қайсы жолы кім сапардан қалады,

Осы жағы қалып қояр тергелмей.

 

Қайран өмір – көмір оттай маздаған,

Ақын ба ол өмір жырын жазбаған.

Өмір – сапар қатар ұғым сырғыған,

Тіршіліктің құдығын кім қазбаған.

 

Қайран тірлік ағып жатқан дариядай,

Бастамашыл жабырлаған жанұядай.

Осыменен түгемейтін қарқынын,

Кім бар түгел беретұғын жариялай?

 

Өмір-өмір, тоқтамасын ағысың,

Келе берсін тағы толып, тағысын.

Базар тірлік пенделерді шалқытқан,

Тарқамасын адамзаттың бағы үшін.

10.10.07.

 

***

 

НЕ ІСТЕЙІН?

Не істейін, нені неге қосайын?

Қайда барып сырымды айтып босайын?

Кімнен ғана ала алам есемді,

Кімнің осы тарттырайын сазайын?

 
 


Не істейін, немен енді әуремін?

Қайда апара жатыр екен әуре күн?

Жолым менің қай тұйыққа тірелер?

Қарсы тұра алар дейсің «дәуге» кім?

 

Осы сұрақ күнде мені мазалар,

Қай әрекет маза ойдан жаза алар?

Берерім көп бойымдағы таланттан,

Соны берсем жаным оттан тазарар.

 

Не істейін, кімге сырды айтамын,

Кімге керек өлең менен бай дарын?

Пайдаға аспай жүре берсе бойымда,

Жарайсың деп қолпаштайды сайтаным.

 

Жалғыз жүрмін, кеңесетін пенде жоқ,

Өлең жазып бер дейтін бар емге деп.

Ондайлардан қашып жүрем шошынып,

Шықпасам да тау басына өрмелеп.

 

Қайда қалды, кімде кетті аларым,

Қай қиянға жолаушылап барамын?

Не істейін, жауап бар ма сұраққа?

Айтшы өзің, ей күнәсіз қарағым!

10.10.07.

***

ӘНІМ ҚАЙДА?

Саз төгілтіп, шырқап жүрген шақ қайда?

Сайысатын өлеңменен бап қайда?

Домбырамның жетімсіпеп пернесі,

Саусақтарым ішектерін қақпай ма?

 

Әнім қайда, сәнім қайда ортада?

Осы жұртта жаным әннен қорқа ма?

Неге енді ән салудан қашайын?

Ән айтпасам көңіл шерім, тарқама?

 

Ән бар жерде мен де бірге болар ем,

Сазды үнмен сызылтып бір толар ем.

Сол бабымнан қалды деуге кім сенер,

Тыңда әнді, қолдаушым да бола бер.

 

Әнім осы шартарапты шарласын,

Шарласын да дүйім жұртқа тарқасын.

Мен салғанда әлем әнге бұйысын,

Тоқтатпасын тірлік өмір-арбасын.

 

Ән салуға жаралғанмын, жырлауға,

Ақ көңілім айнымайтын тұрлауда.

Ән мен өмір бір болғанда жаздаймын,

Жаралмаған жаным сөзде тұрмауға.

 

Әнім асқақ, өзім болса шынармын,

Әнсіз қалай ауыз жауып тұрармын?

Туылғанда әнмен бірге туылып,

Өлгенде де жоқтауменен тынарсың.

 

Осыдан соң шошып менен безінбе,

Шындық айтқан жөн емес пе кезінде?

Ән болмаса өмір сірә болмас ед,

Сыйласайық тіршіліктің көшінде.

10.10.07.

***

ҚАРЫНДАСТАР

Қарындастар, қатар жүрген нәзіктер,

Жан сырымды білгің келсе қазып көр.

Сендер барда жігіттерде намыс бар,

Қыз тұрғанда қалай ғана қажыпты ер?

 

Қарындастар, қара көздер, сыршылдар,

Арман болып әр жүректе тұрсыңдар.

Өздеріңнен басталады бар ғажап,

Жазылмаған ақындағы жырсыңдар.

 

Қарындастар, қайран ғана ғажаптар,

Аруларын мәпелеген қазақтар.

Жүректерің жігіттерге сыр сақтап,

Қапылыста тор қапастан босатпас.

 

Қарындастар, қылықтылар, қырлылар,






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных