Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






ТАУ БОЛЫП КЕТСЕМ... 9 страница




Ең алдымен ана тілін білмесе,

Ол қазақтың өз Отанын сатқаны.

 

Сол қазақтың өз Отанын сатқаны,

Қытай, орыс жан-жағымды қаптады.

Одан алам қажетіме керегін,

Құрылмаған тілдің маған қақпаны.

 

Тілден қақпан құрған қазақ өзіне,

Жасырамын бүгін оны несіне.

Орыс болмай қазақ болу ұят деп,

Беделдерін келгендер бар «өсіре».

 

Таяқ болып тиді сойыл маңдайға,

Тіл жабысып қалғаннан соң таңдайға.

Оқытайық мәңгүрт болған қазақты,

Жолын тауып кешіктірмей қандайда.

 

***

 

ҚАЛА КЕШІ

Самаладай жарқырайды шамдары,

Бүрсең қаққан қаланың кіл жандары.

Томпаң қағып бәрі зытып барады,

Дегендей-ақ енді қызық қалмады.

 

Көліктері зырлап жүріп тынбаған,

Бұл әуенді км бар дейсің тыңдаған.

Шым батқанда аяз сорса беттерін,

Томпаң қақпай қайтсін енді мұнда адам.

 

Қала кеші, түрлі шырақ қаптаған,

Түзу көше сәулеткері баптаған.

Ағаштары күзеттегі әскердей,

Қарап қапты қадамдарға аттаған.

 

Қала кеші, әркім зытқан жолымен,

Қарсы өткен оңы менен солымен.

Таныстары басын әрең изейді,

Таныстарға сәлемдеспей қолымен.

 

Қала кеші, ай да көзге түспеген,

Қараңғылық жеңсем дейді күшпенен.

Тек шырақтар оны қуып тастайды,

Ит мінезді шалғайыңды тістеген.

 

Таксишілер жалақтаған кел-келдеп,

Қолжүгіңе жармасады емпеңдеп.

Жаны ашып бара жатқан жарыңдай,

Сүюге де дайын тұрар кемсеңдеп.

 

Қала тірлік бітіп болмас таңғаша,

Сыр ұғады мұнан адам аңдаса.

Қысқы ауа тоңдырады ақшасыз,

Ақшалылар саса қоймас онша аса.

 

Қала осы қаңтарда да ақпанда,

Шілдеде де, мамырдағы ақ таңда.

Ауылдықтар қашып кетер қаладан,

Не жетер деп отауда аунап жатқанға.

 

Қала халқы ауылдардан келгендер,

Несібесін зауыттардан тергендер.

Кештерінде мезі болып кетсеңіз,

Арманыңа шақырады ертеңдер.

9.11.07.

 

***

ҚАРАШАНЫҢ АЯЗЫ

Қар жауып тобық бойы сықырлады,

Бәрінен батты аяздың құтырғаны.

Тон киіп күз айында томпаңдаумен,

Қарашаның қырынан құтылмадық.

 

Қараша күз айы боп тұрсадағы,

Жаныңа суығымен түр салады.

Бүрсеңдеп асып бара жатасыңдар,

Күн күліп сәуле шашып бұрсадағы.

 

 

Қараша қаңтарыңнан пәс түспеген,

Қазаннан қараңғысыз ас піспеген.

Қысқарып күннің жарық шама-шарқы,

Түн түріп айналаны «кіш-кіштеген».

 

Табаның тайып тағы тұсаулаған,

Тұралап жаздағыдай түс аумаған.

Таң атса, күн батады жау қуғандай,

Кешінде күннің көзі қызармаған.

 

Қараша желтоқсанның бастамасы,

Мұнан соң қыс қызығы басталады.

Аяздан тоңазысаң жан бересің,

Тоңбасаң жазылады қас-қабағы.

 

Қараша киіз үйді жұлмалаған,

Жер бетін боранымен сырғалаған.

Адамдар қарашадан қаша бермей,

Бөбектей көндіреді іңгәлаған.

 

13.11.07.

 

***

 

ЖАНЫМНЫҢ ЖАЗЫ

Жаным жаздай ыстық әрі жайдары,

Қыс күнінде жылулымын қайдағы.

От керек пе, алыңыздар тап менен,

Бұзылмаған жанымның пәк қаймағы.

 

Қарашада қарайлаймын қайғысыз,

Шығарып сап түгесілген айды біз.

Соныменен жаз күйінде жас жаным,

Бас білдірген баладаймын тайды бір.

 

Жаздамын мен, қарашада аязды,

Қаламайтын ақыныңмын саязды.

Терең болу мақсатымның шынары,

Серік етіп қайтем, құрбым, ойы азды.

 

Жаздай болсаң жаз пейілмен жақында,

Жолдас болу оңай боп па ақынға.

Соны жырлар оятады санаңды,

Жиғаныңды тыға алмайсың тақымға.

 

Жаз пейілмен жадырайтын шақтамын,

Байлық емес деймін жырдан басқасын.

Жұрт мақтаса масайрайтын мен емес,

Мақтаса егер дұшпандарым мақтасын.

 

Жазда жүрмін, жадыраумен аптапта,

Ақын деймін жырдан мол қып бақ тапса.

Ақша жиған арманына жете алмас,

Жарытпайды жұрт ондайды мақтапта.

14.11.07

 

***

 

ГҮЛДЕЙМІН

Тегі солай, гүлдейтұғын шақтамын,

Сағат сайын алға қадам аттадым.

Қаймықпадым менмендердің ойынан,

Басқаным жоқ былықшының батпағын.

 

Бүр жарғанмын қырықта да қаймықпай,

Жүрек соқты ешбір жаннан шайлықпай.

Алау атып гүлдеп тұрмын аязда,

Түсіндіру қиын мені айтып жәй.

 

Гүлдегенім – ақылымның толғаны,

Көктеп жатыр арша-өмір орманы.

Аға дейді іні менен қарындас,

Құрдастар да төрге сүйреп қолдады.

 
 


Гүл өмірім жеміс берер тұстамын,

Салихалы салтын елдің ұстадым.

Ашсадағы қарным жылап жатпадым,

Илеп жаттым өмір берген пұшпағын.

 

Гүл шағыма жеттім сонан талпынып,

Киіз өмір мығымдалды қарпылып.

Аспандауға жол алатын түрім бар,

Қалмағаным орынды-ау тартынып.

 

Бар ақылым біреулерге бұйырған,

Жыр құрап та берген болам қиыннан.

Мұныменен ұшпаққа да ұшпадым,

Музам ғана тұрды менде сыйынған.

15.11.07.

***

 

ӨМІР ДЕГЕН – ДОМБЫРА

Солай досым, өмір деген – домбыра,

Тарта білсең сені түсер ән қыла.

Ұстамасаң ол да саған қайрылмас,

Ие бола алмайсың еш даңқына.

 

Домбыра-өмір тартылады кезімен,

Қара оған нағыз күйші көзімен.

Ауытқысаң армандарсыз қаларсың,

Қайрылмайды дүниедағы өзі кең.

 

Домбыралы өмір деген базарың,

Тарта білсең тауқыметсіз таза арың.

Ар тазасы - жан тазасы емес пе,

Сонан кейін табылады жазарың.

 

Өмір солай домбырадай шанақты,

Шалмасыншы десең шаңдар балақты.

Күй-өмірде қарап қалма, қамшыла,

Жақтырмайды тірлік өзі салақты.

 

Домбыраны алсаң сөйлер бап болса,

Жылар ол да көрсоқырға тап болса.

Өміріңді өксітпеуің – мақсат қой,

Тұлпар тірлік бәйгесінде шапқыла.

15.11.07.

 

***

КЕШ БАТТЫ

Тағы бір кеш түсті қуып күн нұрын,

Күн нұрынан табатындай мін бұрын.

Тереземнің пердесі де ағарып,

Қараңғының байқатады шындығын.

 

Кеш батыпты, сосын қайту ойда бар,

Үйде бала, әйел бізді ойланар.

Кешкі көше тосып тұрған ұрыдай,

Көлеңкелер көздің алдын байлатар.

 

Тағы кешке кезіккенім күндегім,

Үйге оралу отбасылық міндетім.

Қарашаның аязымен беттесіп,

Өшірмеймін өмір шамның білтесін.

 

Батса батсын, кештен қорқар жайым жоқ,

Тайса табан қайтем оған уайым жеп.

Шынығамын ауыр тонды арқалап,

Жан жылуын тән жылудан айыр деп.

 

Кеші қандай қаламыздың келісті!

Келіп көріп келбетін бір бөлісші.

Таң атқанша қараңғылық билеген,

Кешкі уақыт кеңітердей өрісті.

 

Кеште келем, кештеу келем жұмыстан,

Қандай аяз қыссадағы зымыстан.

Өмір осы күн мен түннен құралған,

Тіршлігі тарқамаған гүлстан!

15.11.07.

 

***

 

АСПАН ТУРАЛЫ ЖЫР

Қандай ғажап аспан деген мына әлем,

Мына әлемге шек бермеген және кең.

Жаратқанның ғажап екен ұғымы,

Өлшенбейді кең ауқымы мұнымен.

 

Аспан, аспан, неткен жауһар жайылған,

Күн жүйесі бір бөлшегі қойылған.

Онан тыс та қанша әлем бар екен,

Шексіздікті кім бар сірә айырған!

 

Миллион жұлдыз, сан тағдырлар қаптаған,

Мұның сырын пенде ешбір таппаған.

Бәрін бақылап, басқарады жаратқан,

Аспан-әлем түзілген сан ғажаптан.

 

Аспан жайлы кім жазыпты ұғымын,

Дүниенің аша алмай тығынын.

Шексіздікте ойым кезген ойқастап,

Түйсігіне бойлай алмай ұлының.

 

Ұлы ием – жаратушы құдайым,

Бас иемін оған құл боп ұдайы.

Аспан-әлем соның ғана меншігі,

Жырлап оны киеліме ұнайын.

16.11.07.

 

***

ЖАҢА КҮН

Бүгін жаңа мына күнім бастаған,

Жолдарым бар ешбір пенде баспаған.

Жаңа күнде жаңа өмір сүремін,

Сырларым бар өзім біліп ашпаған.

 

Жаңа жаным, түсінігім тың тіптен,

Талантым да менен ғажап үн күткен.

Топырлатып жырдың жаңа тобырын,

Келем жан боп жамандықты үркіткен.

 

Жаңа түйсік, таза пейіл жүрегім,

Жүрегіммен жақсы тілек тіледім.

Ғарышта жүр аппақ кірсіз пейілім,

Қуып күннің қаптап жатқан түнегін.

 

Жаңа болу жаңа жігер сыйлаған,

Жаңалықты кім бар маған қимаған.

Өз-өзіңе қожа болмай күн болмас,

Соған жету үшін кейде қиналам.

 

Жаңа болса, болсын жаңа маңайым,

Қарсы алдым таңның алау арайын.

Бар адамға бақыт сыйлап жатырмын,

Босқандардың қосуменен талайын.

 

Тағы келсін таңым жаңа бітпеген,

Міндеттерді аяқтайын жүктеген.

Жыр жазайын қирағанша компьютер,

Жараспай ма мақсаттарды тіктесем.

 

Солай болсын, талпынайын талмастан,

Қылышым бар жаратылған алмастан.

Алмас жырлар алыстарға апарсын,

Тарлан талант өзгелерден қалмастан.

16.11.07.

 

***

МҰНАР КҮН

Мұнар да мұнар, мұнар күн,

Шуындай шулы ұлардың.

Базарлы өмір тірлігі,

Бітпейтін дауым шығарсың.

 

Мұнар да мұнар, мұнарым,

Тарқамай жүрген құмарым.

Қай жерде қалды күтерім,

Биікте қайсы шынарым?

 

Мұнартқан күнім, мұнарлым,

Қай жолда тоқтап тынармын.

Тірлігің сенің бітпесе,

Бітпейтін мен де шығармын.

 

Аспанда ұшар мұнар құс,

Әлемде қаптар мұнар түс.

Сонымен бәрі беттескен,

Бітер ме жұмыс құралсыз.

 

Мұнартқан дала, ми дала,

Барасың оған ширала.

Тіршілік өзі тоқтамсыз,

Симайтын әлем миға да.

 

Мұнарлы күнде тұман бар,

Тұманда сәуле сылаңдар.

Адасып кетпей әйтеуір,

Жүрейік бірге, ұландар!

16.11.07.

 


6. А л т ы н ш ы а с ы л ж ы р л а р ы м

Степногорлық сыйлас достар мен туыстар


КҮНДЕР КЕТІП БАРАДЫ

Күндер кетіп барады тоқтамаған,

Оны обал тұра қап жоқтамаған.

Қайран күндер, кім білген қадіріңді,

Әр сәтіңнен болар ма от таба алған.

 

Күндер зулап барады керуенделген,

Керуенделген күндер-ай ерген серуен.

Оралмайды осы күн қайта айналып,

Қадіріңді біз пенде ертең білген.

 

Күндер шіркін тоқтамас зырлауықтар,

Зырлауықтар алапат шырмауықтар.

Шырмауынан өзің кеп аршып алшы,

Арман күнім, асылым, қым-қуыт жол!

 

Қош, күндерім, келмесең келмей-ақ қой,

Келмей-ақ қой, мәзірің бермей-ақ қой.

Алдан келген күндерден есе алам,

Сен мен ерген керуенге ермей-ақ қой.

24-25. 03. 2011.

 

***

 

МЕНСІЗ ӘЛЕМ НЕ БОЛАР?

Соны білгім келеді, соны білгім,

Менсіз әлем не болар жолы сұр тым.

Адамдарда армандар таусылар ма,

Өзім болып оларға жолығар кім?

 

Менсіз әлем не болар, тоқтамас та,

Тоқтамаса тоқтамас, жоқтамас па?

Менсіздағы зырлайды-ау мынау ғалам,

Ұмытады-ау осылар, жоқ талас та.

 

Жоқ, қарағым, мен жайлы ойланар жұрт,

Ойланар жұрт жыр оқып тойланар жұрт.

«Тойдың соңы әлі ашық» деп сүйгенім,

Тілде амал қалмайды байланар түк.

 

Әлем солай дөңгелек зырлай түсер,

Зырлағанда жылдарды ұрлай түсер.

Бірақ мен де бір сәтте жоғалмаймын,

Несібемнің қалғанын құдай берер!

 

25.03.2011.

***

 

ӨМІРІМ МЕНІҢ, ӨМІРІМ!

Өмірге қонақ болдық келген сәл кем,

Несібе жинап жаттық мынау елден.

Ешкім де әкетпейді арқаға сап,

Дүниесін, мал мен мүлкін жиған ертең.

 

Адамның жан-дүниесі тұнған әлек,

Әлекпен гүл атады жайып пәлек.

Өмірдің бір сәттігін кейін біліп,

Алладан жалынады бер деп көмек.

 

Өмірдің қаншалығын кім біледі,

Жастығы өткеннен соң түңіледі.

Қарттық та өздігінше толысқан шақ,

Мәуелі бәйтеректей төңірегі.

 

Өмірім, өзіме тән өз өремсің,

Несібе, таралғыңмен өсіргенсің.

Өкпем жоқ еш күніме титтейдағы,

Дарынмен жұрттан озып көсілгенмін.

 

Өмірдің қаншасы бар, қаншасы жоқ,

Мен бір жан ақшасы мен мансабы жоқ.

Сонда да ешбір жанға жалынбадым,

Мен бір нар талпыныста шаршары жоқ.

25.03.2011.

***

АСЫЛТАС

Ай ма едің, әлде күн бе, біле алмадым,

Жұлдыз ба ең, айналақтап шыға алмадым.

Затыңның асылдығын білгеннен соң,

Бұл әнді өзіңе арнап шығарғаным.

 

Асылтас, Асылтас!

Сен деп көңіл басылмас.

Емін өзің айтпасаң,

Жүрек дерті жазылмас!

 

Хор қызы өзің бе едің қиялдағы,

Жүрегім сен дегенде ұялмады.

Арман ба ең қол жетпейтін еңлікгүлдей,

Ішке шер аласұрған сия алмады.

 

Жарасқан тал бойыңа киген киім,

Өзіңмен құлпырады той мен жиын.

Жігітте арман бар ма сені сүйген,

Сезімге алып-ұшқан қой деу қиын.

18. 03. 2011

***

ҚАЙТА ТҮЛЕДІМ

Оралдым жастығыма, мастығыма,

Бағынышты емеспін бастығыма.

Сүйемін деп айта алам сүйгеніме,

Өкінбеймін от басып күйгеніме.

 

Мен оралдым, жастығым, баяғыша,

Баяғыша жүремін сая құша.

Таулар менен өзеннен бір-ақ аттап,

Қанатымды керемін жая ұша.

 

Мен баяғы он сегіз жасымдамын,

Сол алғашқы қаракөз қасындамын

 

Дірілдейді жүрегім сөз таба алмай,

Басымдағы жоқ қылау, шашымда мін.

 

Сол тұстамын, балғынмын, балаусамын,

Енді қолға алынған жалаушамын.

Бойжеткендер қарайды маған ынтық,

Отпын, жанған жалынды алаудамын.

 

Той ма, кеш пе, бәрібір ордасымын,

Он сегіздің бәрінің құрдасымын.

Тек шешемді ойлаймын алаңдайтын,

Құрткөжесін сақтаған жыл басының.

25.03.2011.

***

ЖАҢА ТЫНЫСЫМ

АШЫЛДЫ

Толыстым, толдым тағы жетілдім де,

Жетіліп бекінердей бекіндім де.

Арқаға шегінетін жол қалмады,

Керегі жоқ қайтарға көпірдің де.

 

Тыныстың ашылғаны жаңасынан,

Тудырды айтылмаған жаңашыл ән.

Елуді бетке алып келе жаттым,

Жастықтың жаңа шығып қаласынан.

 

Толыссам, жұрттар маған тосырқай ма,

Болар-ау ел ағасы осындай да.

Сұраса ақыл айтам інілерге,

Ойға ой өреленіп қосылмай ма.

 

Тынысым жаңа қырдан ашылады,

Ал көңіл сол баяғы жасын әлі.

Ешкімге есе берер мен емеспін,

Қайратым қарсыласты қашырады.

 

Жастықтан кеткен жоқпын мүлде алыс,

Қадамды бастым ба екен әлде шалыс.

Шықпаған тауларым бар тіршілікте,

Бұл әлем алақандай маған таныс.

 

Берікпін, бұталымын, мәуелімін,

Ұрпағы өзім едім Тауелінің.

Келемін жоқтаушысы, күйшісі боп,

Сан құбылған замана әуенінің.

 

25.03.2011.

 

***

 

ТАҒЫ БІР КҮН КЕТІП

БАРАДЫ

Қайтейін, күн өтеді күнді қуып,

Қараймыз өткен күнге көңіл суып.

Уақыт тоқтамаған неткен қатал,

Жолаушы сияқтанған жүрген суыт.

 

Күн бітті, ертең тағы күн келеді,

Өзгелер мағандағы үндемеді.

Қадірін білмеген кез жан ауыртар,

Қай кезде адам мінін мін деседі?

 

Күн өтті, қызарады батар шақта,

Таң ғажап алаулайды атар шақта.

Осымен біз алданып келе жаттық,

Мәз болып қарын тояр, жатар шаққа.

 

Күн кетіп бара жатыр жылыстанып,

Мен тұрмын сөз таба алмай қалыс қалып.

Қимаймын күндерімді артта қалған,

Құрбымен жүрген кез-ай қол ұстасып!

 

Өтсе өтсін, күн де кетсін өкпе айтпай,

Жыр жаздым үйге бүгін текке қайтпай.

Өмірді жырдан құрап шығарамын,

Бола ма жаратқанға мақтау айтпай?!

30.03.2011.

 

***

БАҒАМДЫ КІМ БЕРЕДІ?

Осындай сауал тұрды көкіректе,

Дарыным жауап берер не керекке.

Алмастан медаль менен ордендерді,

Жатамын орағытып көп ілікке.

 

Ешкімге жаман ойды тастамадым,

Ырымды оңбайтұғын бастамадым.

Сыйладым үлкендерді шама келсе,

Нанына телмірмедім басқалардың.

 

Шықпады кітабым да том-том болып,

Жүгірдім елуде де томпаң қағып.

Есемді жібермедім жыр жазуда,

Өзіме өзім тұрдым аң-таң қалып.

 

Торқалы тон кимедім оқаланған,

Өлеңім есесіне жоталанған.

Бір бастап кетсем болды шабытымды,

Жырларым тоқтамастан боталаған.

 

Бағамды кім береді шындығында,

Замана мынау тұрған мың құбыла.

Күні үшін маза бермес жандайшаптың,

Көнетін мен болмадым құлдығына.

 

Алланың өзі берді несібені,

Тәңірім жолымды ашып өсіреді.

Арқалап жүрген Алла аманатын,

Кім білген ием қашан өшіреді.

 

Ешкімге берешек те болмағанмын,

Сүрінсем қолтығымнан қолдаған кім.

Анамның алдында тек парыз қалды,

Қадірін білмей жүріп қолда бардың.

 

Кім білген ана солай өтерлігін,

Бар тірлік осы жолда бекер бүгін.

Бақпадым жан анамды байлап неге,

Алады көңіл шіркін секем бүгін.

 

Басқадай шатағым жоқ ешкімге де,

Кешірім болар ма екен кеш білгенге.

Әкемін ұл мен қызға өрімдейін,

Оларды бәйгеге әкеп қостым бірге.

 

Мен жайлы баға айтар кімдерің бар,

Борышты өтейтұғын күндерім бар.

Ақшамен бағалайтын тауар емен,

Ақынмын жыр жазатын күнге құмар.

31.03.2011.

***

 

АЛЫСУ

Сын жазып сынға душар болдым, жаным,

Сонан соң білдім заңның солқылдағын.

Журналист журналист пе сынамаса,

Кім сүртер маңдайдағы сордың дағын?

 

Тіл үшін сөзге келдім тоғышармен,

(Қаруым болса егер соғысар да ем.)

Айтқаным ақиқатын жақпады да,

Көкпарға болмаса да жабысар тең.

 

Тіл үшін тілге келдім түйсіксізбен,

Мәтінге шыдай алмай қисық тізген.

Онсыз да бұратылған тілім тұрды,

Қоңсыған қойыртпақтан жидіп біткен.

 

Жылдардың ерітпек боп тоңын тептім,

Келіспес кесір сөзді кебіндеттім.

Жағамнан алып тұрып жандайшаптар,

Жөн деді өз жараңды жеңілдеткен.

 

Мен жеңдім, мойындады алысқанда,

Сол байыр болғанымен қалыс қалса.

Айырылып қалсамдағы айлығымнан,

Бармадым қадамдағы шалыстарға.

 

Сыйлайды екен адам қорыққанын,

Тіл үшін ел бар жерде торықпадым.

Орнатып салтанатын, мәртебесін,

Басқарып келем жеңіс жорықтарын.

31.03.2011.

***

КЕДЕРГІ КЕЛТІРМЕҢДЕР!

Қолбайлау болмаңдаршы шабытыма,

Түскенде бунақ өлең ағытыла.

Аспаннан жауып жатыр құдіреттер,

Алланың бергені сол бақыты ма.

 

Кідіртпе ойларымды ағып жатқан,

Алқам бар өлең-тұмар тағып жатқан.

Заманға арнап жырлар тізіп келем,

Малшыдай саулық қойын бағып жатқан.

 

Тоқтайтын кезім емес бүгін менің,

Бунақтан толып жатыр менің теңім.

Жыр-жасау сыйлап жаттым қызыма да,






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных