ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
ТАУ БОЛЫП КЕТСЕМ... 6 страницаЖаным дейді бір азырақ шыдашы.
Ағаш біткен тап осындай сыңайда, Қарағайлар жасыл болып тұр ойда. Қайыңдар мен теректерден сән кеткен, Биігінен түскені жоқ алайда.
Ұйқыдағы ағаштарды кім ұғар, Терек біткен тап осындай тынығар. Аялайық ұйқыдағы ағашты, Ағаштардың айтып-айтпас сыры бар.
23.01.08.
*** ЖАЗ КЕЛДІ ЖАДЫРАП
Жаз да келді былтыр кеткен кідірмей, Осы күнге келгеніміз жүгірмей. Тамаша бір уақыттың жылдамы-ай, Бел де тұрса жарар еді бүгілмей.
Жазым осы ыстық күні күйдірген, Ақылымды түйіншекке түйдірген. Даналардың жолы жатыр бұрынғы, Сүйіктісі мұнда да бар сүйдірген.
Жаз да келді жадыраулы, шырақты, Кім баптаса сол иелер пырақты. Пырақ-өмір бара жатыр желдіріп, Кім мәңгілік етер дейсің тұрақты?!
Жаз келгені күздің хабар бергені, Көрмегеннен көп болар ма көргені. Жаздың гүлі көркем болар тым әсем, Жарасады жаздың жайлап келгені.
Маусым келсе мамыражай боламыз, Шілде келсе шідерленіп қаламыз. Тамыз сайын тағаттарды тауыспай, Жаз күнінен аласыны аламыз.
Күндер осы жүрдек пойыз сықылды, Естіреді темір жолы тықылды. Сағаттары апарады қиырға, Тазартатын өмір өзі сыпырғы.
Жаз келгенде маса тірлік шағады, Кімдер келіп кімге кінә тағады. Тіршілікте қадір білмей жүргендер, Қорымдарда қатар ғана жатады.
Жаз өмірі – мәз өмірі баратқан, Есейген шақ арқасына қаратқан. Күзден қорқып қысқа қалай барамыз, Көктем кетті бар қызығын таратқан.
Жаз мезгілі жанға сыйлар қуатын, Қызықтар көп бұл маусымда қаутын. Барлық адам жаздан алсын аларын, Күн төккенде молынан кеп шуағын. 2.06.08.
*** НАУРЫЗ КЕЛДІ Жер бедері жанданып, түлегенде, Жайқалғанда жауғазын гүл екен де. Көктем келді, көктеммен Наурыз келді, Бүкіл тірлік ұйқыдан түрегелді.
Құстар келді былтырғы кеткен ұшып, Дихан терлеп үй көрмес кетпен құшып. Қозылары маңырап малшылардың, Нұрландырды нұр суы көктен түсіп.
Наурыз келді жасыл да қызыл түсті, Әжем менің айранды күбі пісті. Арып жеткен көктемге тайлақ тұрып, Талғап жатыр жап-жасыл шөпті күшті.
Ағаш біткен ақ-сары гүлге бөкті, Айыра алмай бала жүр көбелекті. Қарағайлар қасқайып қоюланып, Жаңартуда демімен көне лепті.
Сарыарқаға саз келді самарқаулы, Ұйқысынан оятып орман-тауды. Күннің өзі күледі таңырқаумен, Жерден білу керек деп армандауды.
Алла ием мейірін иіп берген, Далам осы сән көйлек киіп келген. Наурыз келсе құты да бірге келген, Абыройы қатталып биіктеген.
Құт дегенің Наурыздан басталады, Ашылғанда ықылым қас-қабағы. Наурызкөже піскенде дастарқанға, Ұсынылар мәзірдің бас табағы.
Барлық бақыт, байлық та осы айда, Неге керек беріліп тосын ойға. Құтты болсын Наурызың, қалың елім, Қуану да бір бақыт осындайда! 17.03.08. *** АҚКӨЛІМ – БАҚ КӨЛІМ!
Ақкөлден ұшқан аққулар, Сағынтып неге жетпейді? Жігітті көрмес баққұмар, Елесі естен кетпейді.
Ақкөлім – асыл ардағым, Өзгертер кім бар қалпымнан?! Көлінде қалып арманым, Балапан ойым талпынған.
Сағынтып құрбы құшағы, Уақыт тоқтап тұрмады. Ақ парақ жырлар ұшады, Ақкөлге сонау қырдағы.
Мүмкін бе сырды ашпауым, Жанымды қарып бораны. Үнқағаз болып бастауым, Қағазға жырым толады.
Толғанған сәтте мені көр, Өзіңді жаным іздедім. Аруы - айнай, ері - өр, Ақкөлде қалды іздерім.
Жұпары аңқып исінің, Арқама қайта қарадым. Балауса болып түйсігім, Балапан болып барамын.
Жетіліп пісіп, қайнауым, Қалған жоқ сезім тонаусыз. Жанымның тауып жайлауын, Ақкөлден кеттім амалсыз.
Сағынып сені кейде тым, Шығамын түнде еліктеп. Үнқағаз сол бір бейнетім, Пісірген мені көріктеп.
Нәзік бір жанмын ұққанға, Кімім бар менің сендердей? Жүзінші саны шыққанда, Қалайын қалай тербелмей?
Көзімнің жасын сыққанда, Келерме тағы құштарым. Жүзінші саның шыққанда, Жолдайын өлең құстарын.
Тілектер ойға тығылды, Келгенде жазар кезегім. Еліне сондай жұғымды, Ғұмырлы болсын газетім. 18.03.08.
*** ӨКІНБЕЙМІН ӨМІРІМЕ Неге енді өкінейін тірлікке, Масайрадық, мақтанып та жүрдік те. Жастық шақты базарладық балдайын, Алыс болған емес сонда шың тіпте.
Өкінетін түгі де жоқ жалғанның, Қызығына ұрпақ батсын қалғанның. Әлі талай есейгенді тойлармыз, Қайтарармыз еселерін алғанның.
Өмір өзі өлең менен өктемдік, Қыс келгенде орын берер көктемдік. Балаларым бақытты боп жүрсе деп, Дәурен сүріп жалған күнді өткердік.
Өмір көші бізді алып асырар, Біз кеткенмен ұрпаққа ұрпақ қосылар. Жаратқанның заңы осы бұзылмас, Реті жоқ құтын күйттеп ұшырар.
Қызық өмір ешкімді де шеттетпес, Тоғышарды, тоқтамсызды көктетпес. Өмір деген беріледі не үшін, Ақың болса оны Аллам жеп кетпес.
Жаратқанның жазуынан аспайсың, Бұйрық болмай бір қадам да баспайсың. Өмір деген алып теңіз шарқ ұрған, Құрығынан құтылам деп қашпайсың.
Келші достым, өмір жайлы толғашы, Өкпелеме сылтау іздеп болмашы. Келмей кетсем, келмей кетсең іздейміз, Бәрі бұйрық, бәрі өмір олжасы. 18.03.08.
***
АҚШАЛЫ-АҚШАСЫЗ Ақшам жоқ қос қалтамда қомпаятын, Орнына ақылым бар томпаятын. Ақшалы масайраса менменсініп, Оны аяп жабырқаумен ортаямын.
Ақшам жоқ алақанда шауытталған, Ақшалы ит сияқты қауып та алған. Қорғаштап байлықтарын ырылдаса, Иттен де айнытпаймын, тауықтардан.
Ақшам жоқ сандығымда сақтап қойған, Ақшалы өз байлығын мақтап қойған. Аяймын ондайларды сорлайды-ау деп, Қабыры сол ма екен деп тақтап қойған.
Ақшам жоқ қоржынымда бүктетілген, Ақшалы алтындалған жүкке мінген. Аяймын ондайларды қу тірліктің, Қадірін емес деумен түкке білген.
Мастанса, масайраса байлығымен, Мендағы толысамын айлығыммен. Аяймын қалталыны сорлайды-ау деп, Опасы болмағанда қайырымымен.
Ақшалы бүгін басса алшаң қадам, Мендағы саулығыммен талтаң қағам. Ол ойлап ақшаларын жаратуды, Түнімен ұйқы көрмей тарбаңдаған.
Ақшаның тояттатар түрі болмай, Тоқтамас тойымсызым ірі болмай. Мендағы ондайларды аяй беріп, Жырлының тоқтамаспын пірі болмай. 18.03.08.
*** МӘУЛІТ ТҮН Бұл түннің орны ерек басқалардан, Қасиет осы түннен бастау алған. Мұхаммед пайғамбарым туылған түн, Тұрады аппақ болып асқан ардан.
Мәуліт түн мағыналы қасиетім, Өзіңсің құрмет тұтып бас иерім. Бұл түнде ұлылық бар біз байқайтын, Назарға алып жүрген өсиетін.
Мәулітім – меніңдағы сиынғаным, Шешетін мағыналым қиындарын. Алдыңда бас иемін құлың болып, Алланың орындаймыз бұйырғанын.
Мәуліт түн маржан толы моншақталған, Арманың орындалса қанша ақтарған. Таңданып отырарсың киесіне, Мешітке келгеніңде аңсап барған.
Мәуліт түн мәуе бағым тірліктегі, Орының бөлек сенің бірліктегі. Сәждеге бас қоямын тәубе етіп, Жұлдызға қарап алыс түндіктегі.
19.03.08.
***
КӨКТЕМ КЕЛДІ Жылғалардан су ақты, жер бусады, Бой көрсетті жауғасын, жер жусаны. Ұшып жетті қарғалар күзде кеткен, Ұйқысынан оянды сақ сусары.
Ақсу ақты қайтадан мұзын қуып, Шаңыраққа шыншылды ұзын уық. Бұлттар көшіп барады әлдеқайда, Қыран көкте қалықтар қызыл қуып.
Көктем келді оралып былтыр кеткен, Бәйшешек тұр сығалап дір-дір еткен. Мұздың-дағы мазасы кетіп жатыр, Күннің көзі ерітіп селдіреткен.
Арналарға су толды тасынардай, Жаяу адам саз басып батына алмай. Айналады жолдарды із таба алмай, Бассаң балшық жабысар ақы бардай.
Көктем келді қалаға, айдалаға, Таусылмайтын қызыққа айнала ма. Көктем келсе демалыс бірге келер, Бала ма ол мәз болып ойнамаса.
Күн күркіреп, найзағай қылыштасты, Қозықұйрық қалқайды күміс басты. Тал-теректер жасылдан көйлек киіп, Ақ гүл тағып келбетін дұрыстасты.
Көктем осы әлемді оятатын, Жер-жаһанды сан түрге боятатын. Құтты болсын, баршаға ұлы күні, Көктемнің де жырлайық саясатын. 26.03.08.
*** ХАЛҚЫМ-АЙ! Халқыммен бірге өсемін, Мақтансам бірге мақтанам. Жетілді ну боп кешегім, Гүлдеді далам ақтабан.
Армандар алып ұшырды, Биікте жүрмін шарықтап. Ордаңа келдім құзырлы, Айбарым кеткен алыптап.
Биікке ұшсам қаншама, Алдыңда пәспін, кішімін. Құмарым жырға қанса да, Келеді қайта пысығым.
Халқыммен бірмін еншілес, Төбем бір жетсе көкке де. Бауырым өзің көршілес, Наз артам айтқан өкпеңе.
Ауылға келсем жыл салып, Араға талай сағынам. Жазылмай жатса жыр қалып, Хандаймын қалған тағынан.
Арманшыл күндер көгертіп, Өсірді мені өрлерге. Аулына келсе егер кім, Ақысы бар ғой төрлерге.
Таулар мен шағыл сағынтқан, Байтағым неткен керім-ді! Кие бар мені табынтқан, Бәрі де от боп көрінді.
Сағына жетсем сарғайып, Қарсы алар текке өздерің. Есімде жүрген әрдайым, Балдәурен бала кездерім.
Халқымнан жырақ жүрерге, Жібермес арым адамдық. Келмей де кетсем егерде, Түсімде жүрер алаң қып. 10.01.08. *** ТАМСАНСЫН МАҒАН ТАМСАНАР Жұлдызша жанып әуселем, Алыстан тартам көздерді. Дәу дей бер мейлі дәу десең, Сойылым бүгін өзгерді.
Алыстан тағы алпауыт, Бұлттар көшіп келеді. Барады күнмен таң да ауып, Кептіріп ерін кенебі.
Тамсанар жұрттар қарасын, Ақынның бүгін кімдігін. Емдеймін жанның жарасын, Кесемін сәби кіндігін.
Алатау, Ақтау бір өзім, Биік жоқ менен асатын. Келгенде бүгін кезегім, Мен емес жаудан қашатын.
Тұлпарлы бүгін тақымым, Бәйгенің бәрі менікі. Адуындасын ақының, Балақта мұзы еріді.
Тамсанса егер тамсансын, Қарап отырар мен емес. Арасын жарып шаңдардың, Шындық боп кетер көп елес.
Оқ болып кетем атылып, Мылтығым миым бастағы. Жауымды суға батырып, Қуатым алға бастады.
Таңдарым күтіп талғажу, Қайраған сондай сенімдер. Мақсатым ылғи алға озу, Мұқалсам егер көріңдер.
Құрығым бүгін бос емес, Тайбурыл атым зулайды. Аттансам жолға кеш емес, Жүрек те тайдай тулайды.
Есейдім рас қырдамын, Бала деп маған қарама. Өмірдің жықпай ырғағын, Ауылдан кеттім қалаға.
Жолдамын бірақ, жолдамын, Қалғам жоқ тоқтап тиылып. Алда көп алар арманым, Мақсат боп тұрған жиылып. 8.04.08.
***
АҚМОЛА ЖҰЛДЫЗДАРЫ Насихат болар ұл-қызға, Қалдырар іздей артына. Ақмолам толды жұлдызға, Еңбегі сіңген халқына.
Сәкендей сері ақыным, Біржан сал елден ерегім. Ғазиздің биік аты тым, Ұғады халқым керегін.
Балуан да шолақ атамыз, Күш пенен өнер иесі. Паң Нұрмағамбет бабамыз, Бас иер әруақ киелі.
Алтыншаш Жаған ұрпағы, Өңірдің осы қызы еді. Руханият тобын құрғалы, Түйсігін елдің түзеді.
Бестөбе кенті тумасы, Рысты болар жазушым. Рамазан сазгер думанды, Хакімім актер азулы.
Есімжан тегі Рәбиға, Бұлбұлдай әнші көмейлі. Қасымжан, Роза, Майра да, Осал ғой ешкім демейді.
Целина кезі тыңдағы, Дүбірлі науқан болатын. Елімнің қыз бен ұлдары, Кеңірек жайған қанатын.
Ақмолам жайлы, жамиғат, Жұлдызды көптеп білейік. Еңбегін етіп насихат, Мадақтап әр кез жүрейік. 13.03.08.
*** КҮН ЖЫЛЫДЫ Жазды күтіп көктем келді көгершін, Көк қылтиды қар астынан сығалап. Енді міне қызғалдақ та көрерсің, Қызғалдаққа қызу жаным құмар-ақ.
Күн жылыды, көктем бүгін көктеді, Мұз құрсауы бусап жатыр қатталған. Осы екен ғой өмір шіркін өткені, Жылдар жылжып көктем сайын аттанған.
Қарғаларым келді қайтып қарқылдап, Дала дуға бөленуде тынбастан. Көңіл шалқып күйі бірге тартылмақ, Жазады деп компьютер тұр кім дастан.
Бұлттар жөңкіп бара жатыр тоқтамай, Тоқтап тұрмын қарап оған ой тоқып. Болады ма балалықты жоқтамай, Күндер қайда айғайлап ән айтатын?
Күн күледі сол баяғы қалпымен, Мені есейтіп күндерім тұр есепсіз. Домбырамды шертіп-шертіп тартып ем, Ән төгілі көмейімнен өсексіз.
Күн жылыса жаным бірге жылыған, Әлі ысыр жаздай болып шілделі. Не түсінер жастар менің мұнымнан, Өмір өзі біле білсек күрделі.
Жылыдым мен, жаным енді жайнаған, Көктем сондай көз тоймайтын бір бағым. Бақытты сәт қарай қалсам айналам, Өз орнымды басып жатыр ұрпағым. 8.04.08. *** БҰЛБҰЛ Бұтақтағы бұлбұлды, Үркітпеймін сайраған. Әнін салып ол тұрды, Тыңдай бердім қайтадан. Бұлбұл әлем әншісі, Тыңдау деген бір бақыт. Зейін қойса әр кісі, Бүкіл әлем шырқатып.
Бұлбұл маған таңсық-ты, Зейін қойдым жалықпай. Тап қасымнан ән шықты, Ұшпай тұрып қалықтай.
Шөкімдей-ақ әнші құс, Даусы сондай жағымды. Сондай болса құлшыныс, Нұрландырған бағымды.
Бұлбұл болу құсқа бақ, Ән айтуы тым бөлек. Салсаң торға ұстап ап, Сені зұлым, сұм демек.
Бұлбұл еркін әншідей, Сахнасы бақтары. Жаны жақын көршідей, Мені де ол жақтады.
Бұлбұлсыз ән сазды емес, Тарғыл дауыс қарғашыл. Мендегі шақ мәз де емес, Бұлбұлсыз күй тартатын.
Ұзамашы, бұлбұлым, Әуеніңе батайын. Жиып берсем қыр гүлін, Деші исін жұтайын. 8.04.08. *** ЖАНАРГҮЛ ҚАРЫНДАСҚА Жанарында қазаққа тән иба бар, Пейіліне имандылық жиналар. Өзіңіздей қарындастан айрылса, Әріптес бұл мендей ағаң қиналар.
Көз алдымда қарақат көз – жанар тұр, Келбетіңнен қазақы нұр тарап жүр. Бір жылдай-ақ қалам тарттық ел үшін, Қош есен бол, амал бар ма, Жанаргүл!
Амал бар ма тағдыр жазса осыны, Жұмыс қайнап күннен-күнге тасыды. Бәрінде де жауынгердей ерледің, Демеймін мен Жанагүл қыз жасыды.
Жақсы атың жаңғырықтай тарасын, Сызаттама сыйластықтың арасын. Жолың болсын, әріптесті ұмытпа, Қайта ұшып Тайыншаға барасың.
Қыр гүлі ең, тап өзіңдей кім болар, Ұмытылмас еңбексүйгіш тұлғалар. Жас келеді қимастықтан жанарға, Өзіңе арнар арқаңызда жыр қалар.
Өтсін жылдар, апта артынан ай қуып, Осы өлеңім жүрсін ылғи айтылып. Ақын ағаң жан сезімін жеткізсе, Аллам берсін жанұяңа қайтымын.
Қимастықты қайтем енді меңдеген, Сағынамыз мезгіл сайын келмесең. Ол жақта да елден озып ерекше, Тайыншаның тұлғасы бол мен деген. 30.04.08 *** АЛАУЛАЙМЫН Жыр тұлпарға міндім бүгін ерттеп, Шабыт шоғын жандандырып көріктеп. От керекке қызуымды беремін, Мұз болсаңыз тап осы сәт еріп кет.
Мен алаумын, шоғым жатыр маздаған, Ақын ағаң ермекке жыр жазбаған. Сезімдерді серік қылып тулаған, Сәтім осы сонардан жыр бастаған.
Шауып кетіп барамын алыстарға, Қарамаймын жат па әлде таныс бар ма. Қазақ үшін қазақтың таңсығы жоқ, Күлмейме жұрт туғаның қалыс қалса.
От күректі қолдарым шоқ ұстаған, Шоқ ұстасам бола ма толыспасам. Кімдер келіп кетпеген мына әлемге, Неге мәзбін бәйгеде жарыспасам.
Маздап тұрмын, мәз боп тұрмын тап қазір, Қауыз жарды мен үшін де бақта гүл. От беремін баршаға жылынатын, Сырым болса деймін іштен ақтарыл. 5. Ө р і л г е н ө л е ң ө р н е к т е р і
Астанаға қонаққа барғанда Абдулла жиен мен Ахмет досым
КӨРШІ ҚЫЗ Көрші қыз, кербез ханым алтын шашты, Көргенде сені жүрек отын шашты. Өтесің олай-былай сылаң қағып, Қай ақын мендей сенің бағыңды ашты?
Дегенмен келер ме едің жақындашы, Жігіттің қандай едің қарындасы. Бөліп тұр арамызды жалғыз ғана, Құрығыр бөлмелердің қабырғасы.
Жырларым сен дегенде ұйып, тасып, Кетемін сені қалай қиып, қашып. Қабырға арадағы болмағанда, Отырар едік қатар иықтасып.
Көрші қыз, есімің кім сұрамадым, Сонда да тағат тауып тұра алмадым. Қараңды көру маған нағыз бақыт, Болған соң өзіңе деп жыр арнадым.
Көрші қыз, әлі қанша көрісерміз, Бәлкім біз өмір сырын бөлісерміз. Қалайда алыс кетсең алаңдаймын, Кездесу кездерінде келісерміз.
Өмірдің тоймай жүріп базарына, Таңдандым қауыздан гүл ашарыңа. Көңіл бөл, біз де сендей сылқым едік, Ағаңның қырықтағы назарына. 4.07.07. *** СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ Көктемнің бітсе мәз айы, Қоштасар сәтің тым ыстық. Жақындап келсе жаз айы, Мектепте орнар тыныштық.
Сынып та енді дамылдап, Шығарып салар баланы. Ақырғы рет дабылдап, Қоңырау сыңғыр қағады.
Түсірсең бәрін есіңе, Жылдам ба уақыт, апыр-ау. Мамырдың жиырма бесінде, Соғылар соңғы қоғырау.
Ұстазы ұлық адамға, Шәкіртке қиын тарары. Ғарышкер сынды ғаламға, Түлектер ұшып барады. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|