Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






ТАУ БОЛЫП КЕТСЕМ... 4 страница




Ерегіммен алып жүрмін керегін.

Керегім сол - анам тілі айбыным,

Айбыныммен өмір тінін өремін.

 

Мен қазақпын, басқа маған таңдансын,

Таңдансын да қазақ кімін аңғарсын.

Аңғарған соң маған ұқсап шарқ ұрсын,

Шарқ ұрып қазағымды ән қылсын.

 

Солай досым, мен қазақтың жүзімін,

Жүзімін мен, қол жетпейтін құзымын.

Құзға барар мұзбалағы даламның,

Даламның сол нәр беретін тұзы мың.

 

Анам тілі әруақты тіл, ар тілім,

Ар тілінде өтер менің әр күнім.

Әр күнімде ғұмырымның нәрі бар,

Нәрі бар ғой, онда ғажап бар білім.

ххх

Ана тілім – арым әрі мақтаным,

Бесіктен-ақ мені уатып, жақтадың.

Сен арқылы танып білдім дүниені,

Сондықтанда сені жырлап жатқаным.

 

Ана тілім – қазақ тілім өз тілім,

Абыройым сен арқылы өсті тым.

Сен бар жерде жасырмадым ойымды,

Жақтамадым жамандықтың ешбірін.

 

Көп тіл білу азаматқа мәртебе,

Тіл табысып шығар жігіт төрге де.

Ана тілім асқақтаған асылым,

Сенің орның менің үшін бір төбе.

 

Жүрген шақта ізгілікке қосып үн,

Таусылады кейбір сәтте төзімім.

Осы күні көп қазаққа ұят-ау,

Білмегені ана тілін өзінің.

 

Ана тілін білмегеннен қорқамын,

Түсірді екен оны әкеп торға кім?

Ата-анасы мәңгүрт пе екен әлдебір,

Бөтен тілмен орағытқан ордасын.

 

Ұлт намысы десе келмес шегінгім,

Ұраны ғой тілім шыққан тегімнің.

Мен қазақпын, қазақ болып мақтанам,

Көштен қалмай, озып бүгін жетілдім.

 

Шұғылалы күн көзіндей ашылам,

Өз тілімде шырқай берем ғашық ән.

Сәтін салса атой салып әлемге,

Өркениетті елу елге қосылам.

 

***

 

ОРЫС БОП КЕТКЕН ҚАЗАҚ

Осылай десем өкпелеп жүрме қарағым,

Орыс боп кетсең, не дейді саған қазағың.

Дініңді сатып, өзгеге мойын ырғасаң,

Тәңірдің тартпай қалмаймын деме азабын.

 

Орыс боп кетсең, орыс боп кетсем мендағы,

Не болар күнім деп ойла баурым алдағы.

Өзіне өзі жетеді қалқам орыстар,

Онсызда оның қабуда жұртты қармағы.

 

Орыс боп кетсең, орыс бол десем не етеді,

(Сенсізде қазақ өзіне өзі жетеді).

Олай деу маған күнә ғой баурым, күнә ғой,

Мұстафаларым зарлады неге кешегі?!

 

Орысты жаман деп жатқан бірақ мен де жоқ,

Қазақ боп кеткен орысты көрген мен де тоқ.

Он миллион қандас әлемде тамшы сияқты,

Оралдым бүгін көршілес мынау елде боп.

 

Орыс боп кетсең, бабамның соғар әруағы,

Құлайды туың желбіреп тұрған таудағы.

Онан да биік көтеру үшін туыңды,

Білекті білеп керекті күннен аулашы.

 

Орыстан ғана алдық па қалқам тәлімді,

Қазақ боп таныт дегенде тұрма дарынды.

Алдымен қалқам, қазақтығыңды алға тарт,

Ұмытпай тұрып ұлтыңа деген арыңды.

27.09.07.

***

ҚЫЗЫЛҚҰМ ПЕРЗЕНТІМІН

Мендағы қызылқұмның перзентімін,

Ұрпағым біліп жүрсін ертеңгі күн.

Даладан нәр алғанмын, ақ шағылдан,

Төбеме тұрып алып өртенді күн.

 

Сол ыстық жүрегімді ысқылаған,

Мейірі жаратқанның түсті маған.

Аптапта апталғанмын алпамсадай,

Сексеуіл қарағайдан күшті маған.

 

Қызылқұм ұланымын, құланымын,

Сырғыған танысымын жыланының.

Құмында ізім қалған өрнектеліп,

Ойнағам құлағында құнанының.

 

Қаракөл қойын баққам бұйра жүнді,

Қарайтқан күннің көзі сирағымды.

Түйесін қайырған сәт қырқалардан,

Жыр болып осы күні миға құйды.

 

Құйыны орағытып үрейлеген,

Дауылы қарауытып дүлейлеген.

Сонда да киіз үйдің құтын өріп,

Сексеуіл сайын жұртқа шырай берген.

 

Жылқы мен түйелері маңып жатқан,

Осы де құтты жұртты танып жатсаң.

Қызылқұм менің туған алтын өлкем,

Дарыным осы елде қалыптасқан.

27.09.07.

 

***

АҚЫНДАР ЖОЛЫ

Ақындардың ақ жолында келемін,

Үлгі еттім мен олардың нелерін?

Осы сұрақ мазалайды әрдайым,

Толық ала алдым ба екен берерін.

 

Ақындардың дара жолы түскенім,

Осы жолдың суы татып ішкенім.

Шабытыма қанат берер оқысам,

Үн қосқанда алпауыттай күштемін.

 

Ақындардың жолы маған үлгілі,

Жетілсін деп тоқтамадым бір гүлі.

Сара жолы апарады қай жаққа,

Болжап біліп жатқандар бар кім мұны.

 

Мұқағали, Төлеген мен Мұхтарым,

Сендер салған ой мен шабыт құптарым.

Өмірзақ пен Фариза апа нағыздар,

Сендерсіңдер табынарлық құт-дарын.

 

Неткен ғажап жырларың бар арынды,

Бағаламау нағыз көрлік дарынды.

Аспанда жүр өлеңдерің заңғарлы,

Мен де сосын салдым топқа барымды.

 

Қандай ғажап ақын болу тайпалмас,

Қоймас жырың ел ішінде байқалмас.

Қылыштан да өткір болар өтімді,

Музалы жыр бағын ешкім айта алмас.

 

Ақын жолы асыл жол ғой қайтпаған,

Небір маржан ой түйінін айтпаған.

Назар салсаң рахатқа батырар,

Қалай ғана дейсің мұны айтты адам.

 

Асыл жолдар, арман жолдар, ақ жолдар,

Ақ жолдарда байқалмайтын қатпар бар.

Барлық адам ақын болып кетсе ғой,

Жыр болар ед анау қатпар ақпарлар.

 

Ақындардың жолы дара сайраған,

Осы жолмен келе жатыр қайсы адам?

Қара достым, кімді көрдің қанеки,

Дейді ма ол шындық үшін тайсалам?

 

Тайсалмайды ақын біткен жолынан,

Жыр етеді келсе бәрін қолынан.

Бағалаған біз бармыз ба оларды,

Ақ сезімін шабытына жаныған.

 

Ақын көрсең ақылыңмен сабақтас,

Бола қалсаң тіптен жақсы табақтас.

Ақын жаны жылылықты сүйеді,

Жолдас болмас ондайлармен қауақбас.

4.10.07.

***

ҰЛЫ ЖЫРАУ

Небір ерлер, небір жыршы түлеткен,

Ерейменге өз ұлдары гүл еккен.

Соның бірі Тілеуұлы Үмбетей,

Жырын төккен ақындық шын жүректен.

 

Ұлы дала, орманды тау Ереймен,

Даңқы оның ұлдарымен кеңейген.

Жоңғар шапқан сонау нәубет жылда да,

Кенде болмай тұрды алқап мерейден.

 

Ер Абылай қол бастаса найзамен,

Бөгенбайды нағыз ер деп айтады ел.

Сол ерлікті жырға қосқан Үмбетей,

Бар байлығын деді өзіне байтақ ел.

 

Тілеу ата абыз еді танымал,

Өнері көп қобызшы-тын әні бар.

Көне жырдан мақам іздеп дамытып,

Өз ұлына деді бәрін танып ал.

 

Үмбетей де тек емес-ті дарыннан,

Жастайынан жыршы болды танылған.

Ел басына күн туғанда жау шауып,

Барыс болды жауына тік шабынған.

 

Бөгенбайдың жырға қосты ерлігін,

Қазағымның танытты да елдігін.

Жоңғарларды қыр асырып қуғанда,

Ереймен де танытқан-ды ер кімін.

 

Бұқарменен сырласқан ед кеңесіп,

Ақтамберді жырауменен теңесіп.

Қабанбайға айтар ойын жеткізіп,

Абылайдан күткен жырау төрелік.

 

Би-болыстан жасымады Үмбетей,

Бар борышты мойындағы зіл демей.

Туғанына тура айтып жақпады,

Елі үшін қалғаны жоқ үндемей.

 

Бөгембайдың досы еді бір деген,

Ерлік пенен жырдан жасу көрмеген.

Талай күнді бірге өткізіп, қан кешті,

Сондадағы ел намысын бермеген.

 

Жоңғар жаудың жыртқан мықтап жағасын,

Ер Бөгембай қалай тыным табатын.

Елі үшін оққа ұшты қайран ер,

Елден алған әлдеқашан бағасын.

 

Үмбетейдің сынды сонан қанаты,

Мұңға толды азаматтық санасы.

Мұны айту Абылайға тым ауыр,

Өзіне де тарлық етті қанасы.

 

Бар ерлігін тізіп өтті батырдың,

Кезі келіп қалғаннан соң ақырдың.

Ерлік болған жерде тағы өлім бар,

Деді сонан иманын да шықырдым.

 

Қара Ертістен қуғандығын мақтады,

Алтай таудан асырғанын нақтады.

Енді міне Бөгембайдың жер құшып,

Елі үшін құрбан болып жатқаны.

 

Үмбетейдің бұл жоқтауы қай жоқтау,

Батыр жоқ деп тұрғаны ма айғақтау?

Абылайды шақырғаны сабырға,

Қойғаны жоқ сан тарапты ойлатпай.

 

Жау жығылды, батыр оны жоғалтты,

Барлық қазақ жайын керіп оқ атты.

Мұның бәрін жырмен жайып Үмбетей,

Қосып жатты қуатына қуатты.

***

Сол заманнан ызың келді құлаққа,

Жатқан жылдар түрегелді жырақта.

Үмбетейге тұрғызылып ескерткіш,

Даңқы кетті қайта бүгін ұзаққа.

 

Бас иейік ұлы баба даңқына,

Бар мұрасын сыйға тартқан халқына.

Қанша заман өтседағы пойыздай,

Беретіні рас алға талпына.

 

Мұхаммедке үмбет болған Үмбетей,

Ойлады елін күндіз әлде түн демей.

Жырларының маңызы зор жыраудың,

Тойы бүгін өтсін қалай дүрлемей?

 

***

ҚҰЛАГЕР ШАПҚАН ҚҰБА ЖОН

 

Қарадым айналаға көз жеткенше,

Жырлағым келіп тұрып сөз жеткенше.

Жұртының орны қане Сағынайдың,

Бар қазақ той үстінде іздеп келсе?

 

Бес жүз үй тігелген жон осы ара ма,

Қызықтың қырманына қоса ала ма?

 

 

Үмбетей жырау тойы жалғастырса,

Ереймен тойды - тойға қоса ала ма?

 

Құлагер шапқан алап осы тұс па,

Ұшқаны жануардың өзі құсша.

Құба жон анау тұрған бәйге жол ғой,

Кейіме менде жүрек алып ұшса.

 

Құлагер құлаған жер қане тағы,

Батыраш, Қотыраш па пәле басы?

Айтыңдар қайда тағы Құлагердің,

Керілген аламанда табиғаты?

 

Ор қайда, тұзақ қайда құрып қойған,

Бұрайын мойынымды жүріп тойдан.

Ақанды Құлагерден айыруға,

Қалғаны жаман ойдың келіп қайдан?

 

Ереймен тауы қандай тамсандырған,

Еріксіз ақын жанға ән салдырған.

Ақанша іздеп жүрген Құлагерді,

Жаныма жаймашуақ сән қалдырған.

 

Келген-ді Қызылқұмнан алты тұлпар,

Бұл тойға ығай-сығай бәрі сұңқар.

Айшылық жерден жеткен бабам еді,

Бәріне куә болғын мынау шыңдар...

 

Бас идім Ерейменнің келбетіне,

Ерекше көрік берген жер бетіне.

Ұшырған талай дарын, батырларды,

Бас ием Ерейментау тербетілсе.

 

Құлагер-заман мынау жаңғырыққан,

Абаттық орнады ғой баршылықтан.

Жасасын Ерейментау қазақ үшін,

Миуасы жеміс беріп әр шыбықтан.

 

Жер бар ма Ереймендей қазақ үшін,

Қазақ үшін - Ереймен таза мүсін.

Әруағы Үмбетейдің желесін деп,

Бұл жырды тебірене жаза түстім.

 

Сілемі Сарыарқаның сайындалған,

Жиынға дүйім жұртым дайындалған.

Мүлгісе табиғаты Ерейменнің,

Тауында тұңғыш көрген ойым қалған.

 

Тойлары тойға ұласып Ерейменнің,

Жандары мерекеде мерейленсін.

Заманның заңғарына құлаш ұрған,

Арбасы алға жылжып жөней берсін.

 

 

***

 

ЖАҢА ТАМДЫ

Әсем Ақтау аясында өскен,

Заман ағымымен үндескен.

Еркін елдің сен бір пұшпағы,

Арманымыз көкпен тілдескен.

 

Қ А Й Ы Р М А С Ы:

 

Ахау, жаңа қоныс мекенім –

Жаңа Тамды,

Қарсы аламын өзіңде жаңа таңды.

Болашағың жайнай түссін ата жұртта,

Әннен арнап ұшырдым балапанды.

 

Арман аймақ, ертеңің жарқын,

Құрылысың жүруде қарқын.

Жастарың бар жайдары өскен,

Ертеңіңе сенеді халқым.

 

Қ А Й Ы Р М А С Ы:

 

Тауелібай байлық мекені,

Халқым сені мақтан етеді.

Жаңа Тамдым – береке жұртым,

Нұрланды ғой жерім кешегі.

 

Қ А Й Ы Р М А С Ы:

 




4.Ж ы р м а р ж а н ы



СЕГІЗ АМАЛ – ЖАНЫМНЫҢ

ШАРАЙНАСЫ

Құдайына құл болған мұсылманмын,

Сегіз амал айнасы мұсылманның.

Үмметімін Мұхаммед пайғамбардың,

Шадиярдың досымын, түсін жаным!

 

Құдай жолы - кір шалмас аппақ арым,

Ақ пейілден ешқашан аттамадым.

Мәдинада Мұхаммед сыйынғаным,

Түркістанда Қожахмет сақтағаным.

 

Сегіз амал басында Парыз тұрар,

Алла берген міндетті қарыз тұрар.

Мұны орындау пендеге амал басы,

Ол болмаса қадамы шалыс тұрар.

 

Одан кейін бір амал Сүннет деген,

Қағидалар іске асар міндеттеген.

Пайғамбардың тәлім мен тәрбиесін,

Борышты өтер басынан күнде өткізген.

 

Үшіншісі амалдың Уәжіп болар,

Осы уәжіп жаныңды ашып тұрар.

Мұсылманның міндеті бұл да аса,

Мұны өтеген ұжмаққа ұшып барар.

 

Амалдың бір нұрлысы Мұстахабы,

Оны жөн деп санаймыз ұстағанды.

Кейде істеп, істемей пайғамбарым,

Сондадағы амалдан тастамады.

 

Зейін қойсақ болады Мұхабқа аса,

Орындамау күнә емес мұны аса.

Кейе орындап зияны тимесе егер,

Тиюға да болады ұнатпаса.

 

Тыйым салған амал бар Харам деген,

Мұнан аулақ болады адам деген.

Мұсылмандар харамды ниет етпес,

Жараспайды кімге де жаман деген.

 

Тежеу керек адамға Мәкруһде,

Ойға алып барлығын ақылымен.

Ұстам болса ар болар мұсылманға,

Байланыста жарменен, ашығымен.

 

Мұсылманым ақ жолды ұстамаса,

Батар деймін күнәға сонша аса.

Сегізінші амалдың түрі осы,

Әдепке еш жатпайтын Мұстахара.

 

Мұның бәрі зейінде жүргендерім,

Үлкендерден ұққаным, білгендерім.

Сегіз амал жанымның шарайнасы,

Соны орындап өмірде гүлденгенмін.

 

Имандылық жүректің ұнатқаны,

Жетім көрсем қаладым жұбатқанды.

 

Алла алдында парызды өтей білсем,

Орындалар жанымның мұраттары.

19.11.07.

***

АНАЛАР КҮНІ

Ана деген барша жанның пірі нық,

Пір болған соң болар онда ұлылық.

Бас иеміз ана десе тік тұрып,

Ана барда жаның қалар тынығып.

 

Қартаймайды анасы бар шал-дағы,

Болсадағы қолға ұстар балдағы.

Анасы бар кемпір-дағы қартаймас,

Біл осыдан ананың қай салмағы.

 

Аналардың мейрамы бар күзде де,

Табылады қастер жолын іздесе.

Ана болу ұлық болу дегенің,

Оның нұры күшті күннен жүз есе.

 

Ана деген жұмақтардың бастауы,

Мейлі болсын кәрісі мен жастауы.

Бала емізсе мейірленіп жүрегі,

Достай болып көрінеді қас жауы.

 

Сол үшін де бас иеміз ана деп,

Аналардай қастерлі ұлық дана жоқ.

Мәңгі жасай берсін біздің аналар,

Бар өмірін сарп ететін бала деп.

20.11.07.

***

 

МАҚТА ҚАР

Мақтадай ұлпа жауды биіктерден,

Сиырдай сүтін молдап иіп берген.

Сабалап төпеп жатыр аямастан,

Алланың сыйы сынды үйіп берген.

 

Мақта қар жауа түсті жапалақтап,

Адамдар қорынады қапалақтап.

Мақтақыз ақ мақтасын шашып жатса,

Ал мысық тұрғандай қол шапалақтап.

 

Мақта қар жер әлемді жаба түсті,

Келер деп Аяз атты ата сұсты.

Баршаны қуантатын қар емес пе,

Біздағы күтудеміз атамызды.

 

Ақ қары ақ бояумен тұмшалады,

Бораны бұрқап-бұрқап үн шалады.

Ит пенен бала мәз боп жүгіреді,

Кім бізге сыйлады деп мұнша қарды.

 

Мақта қар қарқынменен көме түскен,

Арылтып жердің бетін көне ізден.

Жер менен аспанды ақпен тұтастырып,

Күзді қыс қуып жатыр ерегіскен.

 

Не етсе де қыс келеді қылышымен,

Дәрменсіз күз күмілжір мұнысымен.

Мақта қар мамыражай жаусадағы,

Аязы састырады-ау бір ісімен.

22.11.07.

***

ҚЫЗЫЛ ІШІК

Барады бір қыз кетіп көз ұшында,

Ұқсайды киікке бір өзі шында.

Жолымыз қатар еді, өкшеледім,

Лезде-ақ жетіп келдім тазы сында.

 

Қып-қызыл түлкі түсті ішікті қыз,

Киімін бір-ақ түстен пішіпті қыз.

Қан қызыл аяқтағы етігі де,

Жолдағы тесіп жатқан ісікті біз.

 

Көмкерген бөрігі де қызараңдап,

Барады от боп жанып қыз алаңдап.

Мен келдім ыстығына күйінуге,

Құр қалсам жаным сірә ызаланбақ.

 

Өртеніп кетердей-ақ жақындаған,

Шабыттап кетті жаным ақындаған.

Болсыншы ай жүзіңді дегендеймін,

Бір көру сыйлайтұғын бағың маған.

 

Киік қыз тастан тасқа орғығандай,

Елемей қиятұғын торды қандай.

Бұрқырап бара жатты иіс суы,

Сұлудың жұрттан ерек парқы бардай.

 

Ішігі жан жылуын таратқандай,

Жігітті тамам әлем қаратқандай.

Тамсану ол да бақыт құралайға,

Сұқ үшін Алла ием жаратқандай.

 

Бөлініп кетті сұлу бағытынан,

Сезімім ақтарылды ағытылған.

Жалтақтап қарай бердім ішігіне,

Айрылып қалатындай бақытынан.

22-23.11.07.

***

ГАЗЕТТІҢ ЖАҢА САНЫ

Қолыма түсті жаңа газет саны,

Газет қой журналистің білсек жаны.

Қараймын қайта-қайта жазғаныма,

Бар ғой деп мұнда мендік жүрек қаны.

 

Газеттің жаңа саны, дана саны,

Дегенмен шектелмейді бала қамы.

Кәсіптің маңызы бар ойып берген,

Жазғыштың жауыр болған алақаны.

 

Газеттің жаңа саны, жаңа жаны,

Қойды емес, ойды әкеп қамағаны.

Төрт парақ айтып берер бар сырыңды,

Өсек те болса жұртқа таратады.

 

Газеттің жаңа саны, жарамдысы,

Май сіңген, оймен тағы қалам, кісі.

Қарлығаш қанатымен тарап жатқан,

Хабардың қолмен ұстар алаңсызы.

 

Газеттің жаңа саны, жасаң саны,

Баспадан бусап шығып босанғаны.

Талайдың көзмайынан алып барын,

Тамсантқан қалыңдықтай жасанғаны.

 

Не десең о дейтіндей жарнамалым,

Жазғаным қарап қалмай барда амалым.

Жұмада жететұғын сауабымен,

Обалын газетімнің арқаладым.

 

Жаңа сан - жаңа бағым бағамдаған,

Абырой әкелетін бағам маған.

Кетейін жақпай жатса оқырманнан,

Қойшыдай отар қойын баға алмаған.

23.11.07.

 

***

 

ШАБЫТ ҚЫСҚАНДА...

Танылмады атым әлде танылды,

Ақын болу оңай емес дарынды.

Көмейімде өлеңім тұр кептеліп,

Қалай оны жыр етпейін жалынды.

 

Жырларыммен қанаттанып кетейін,

Жетеріме кешікпейін, жетейін.

Мезгілінде жазылмаса жыр жетім,

Нөсерлетіп төгіп-төгіп өтейін.

 

Жыр қанатым биіктерге көтерсін,

Қайран өмір зырлауықтай өтерсің.

Соның үшін қыр басына тырбанам,

Осы болсын арманыма жетер күн.

 

Кімдер келіп бұл дүниеге кетпеген,

Мен бақытты жария болып жетсе өлең.

Сағат сайын сайыпқырын атанам,

Биік болмас менде қолым жетпеген.

 

Желіп өтем, жанып өтем оқтайын,

Несіне мен аялдайын, тоқтайын.

Жарап жатсам керегіне елімнің,

Жоғы болса табу үшін жоқтайын.

 

Жыр-жапырақ жайқалады жайылып,

Сырларым мен көңілімнің жайын ұқ.

Тамырлаймын өнеріммен теректей,

Жырқұмардың жандүниесін байытып.

 

Жырлап өтем бойымнан әл кеткенше,

Қыс, жаз, күзде, дабылдаған көктемде.

Толысамын адым сайын ақырын,

Аспандау бар, өркендеу бар тек менде.

 

Бала болам бір сәттерде балдырған,

Кезім болмас көңілдерді қалдырған.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных