ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Бүйректің секрециялық қызметіБүйрек түтікшесінің эпителиі секрециялық қызмет те атқара-ды: түтікше қуысына шумақ эпителиінен өтпеген, алғашқы не-септе болмаған коллоидты бояулар, пенициллин сияқты дәрілер соңғы несепте пайда болады. Қазіргі ғылыми әдебиеттерде, бүйректің қызметіне тоқтаған-да секреция деген.сөзге екі түрлі мән беріледі. Бірінші түсінік — секреция — қандағы заттардың бүйрек түтікшелеріне өзгер-меген күйде өтуі. Олар әртүрлі концентрациялық және электро-химиялық көрсеткіштеріне қарамастан белгілі бір «тасымалда-ушылардың» көмегімен өтеді. Мұндай жағдайда олардың өту жылдамдығы артады. Екінші түсінік бойынша бүйрек түтікшеле-рініц клеткалары органңкалық қышқылдар мен негіздерді ғана секрециялап қоймайды, олар кейбір бейорганикалық заттарды синтездеп шығарады. Мәселен су және калий ионы интерстишія-дан түтікшелерге жай өтеді (секрецияланады). Бүйректің шумак-тық бөлімінен сүзілген калий ионы нефрондық проксимальдык бө-лімінде кайта сіңеді. Егерде организмде калий ионының мөлшері^ шамадан тыс көп болса, бүйрек түтікшелерінің дистальдык бөлімі мен несеп жинайтын түтіктеріиің ішіне қарай өтеді (секрецияла-нады), сөйтіп соңғы несептің құрамымен сыртқа шығарылады. Бүйректе креатинин синтезделіп, фосфаттар қайта пайда бола бастайды. Академик Л. П. Орбелидін, лабораториясында алынған дерек-терге қарағанда бүйрек түтікшелері қа-нда мочевина мөлшері көбейсе, осы мочевинаны сыртқа бөліп шығара алатыны анық-талды. Бүйректе мұнымен қатар кейбір канда жоқ заттар түзіле-ді. Мәселен, қанда бар гликол мен бензой қышқылынан түтік-шелер эпителиінде гиппур қышқылы түзіледі, ал аммоний тұзда-ры аммиактан синтезделеді. Бүйрек сілті-қышқыл тепе-теқдігін (гомеостазасын) бір қалыпта сақтайды. Сілті-кышқыл гомеоста-засы негізінен организмде жүретін өте күрделі секреторлық және синтездеу процестеріне байланысты. Несептің белсенді реакциясы (РН ортасы) адамда әр уақыт өзгеріп тұрады. Ол адамның ішкен тамағының құрамына, қасиетіне мөлшеріне, кызметіне, қимылына, ортаның температурасына т. б. жағдайларға байла-нысты. Қейде несептің реакциясы (рН) 4,5-ге дейін төмендеуі не-месе 0,8-ге дейін жоғарылауы мүмкін (басқаша айтқанда, несеп-тің рН реакциясы — қышқыл немесе сілтілі болады). Бірақ қан-ның рН реакциясы әр уақыт салыстырмалы тұрақты 7,36—7,40 (сәл сілтілі) деңгейде болады. Өйткені бүйрек артық сілті және кышқыл заттарды несеппен бірге сыртқа шығарып тұрады. Бүйрек қанның (рН) реакциясын тұрақты сақтауға да қаты-сады. Бұл жағдай бүйрек түтікшелерінің клеткасында жүретін ацидогенез және аммонигенез процестеріне өте тығыз байланыс-ты. Ацидог_ен£_з — күрделі иондардың алмасу реакциясы арқылы карбоангидраза, фосфатаза және басқа ферменттердің қатысуы-мен, бүйрек түтікшелерінде бос су ионы, қышқылды және сілтілі фосфор қышқылының тұздары пайда болып әрі шығарылатын процесс. Аммониегенез — глутамин, глутаминаза ферменттер жүйесінің катысуымен түтікшелер клеткасында аммиактан (1МН3) және аммоний тұзынан синтезделіп шығарылатын процесс. Бұл өте күрделі процесс, биохимия оқулықтарында жан-жақты әрі толық берілген. Бүйрек функциясын зерттейтін әртүрлі әдістер, оның жұмы-сының сапасын, санын толық қарастырады. Қазіргі кезде нефрология әдістері көп әрі санқилы. Бұл әдіс-тер адамның бүйрек қызметін толық және жан-жақты зерттеуге мүмкіндік береді. Тәжірибе жүзінде де, клиникада да әртүрлі геморенальдық индекстер арқылы бүйректің функциональдық жайы мен несеп түзілуін, механизмін зерттеуге болады. Бүйрек-тегі қан айналысының деңгейін, шумақтагы сүзілу шамасын, тү-тікшелердегі қайта сіңу және секреция дәрежесін, бүйректің концентрациялау, несеп жасау қызметін зерттеуге 'болады. Бүй-ректің түрлі қызметін зерттеу әдістерінің көбінің негізінде Маль-ниги шумақтарында еркін сүзілетін, ал түтікшелерде түрлі өзгерістерге ұшырамайтын және қаннан несепке секрецияланбай түгелімеи несепке өтетін заттарды енгізу жатыр. Қан плазмасы-на енгізілген түрлі сүзілетін заттардан тазалану коэффициентін анықтайтын әдіс — клиренс тәсілі. Тазартылу коэффициентік немесе клиренс деп бүйректегі сүзілу процесі кезінде белгілі бір уақыт ішінде канға енгізілген заттан тазартылған плазма мөлше-рін айтады. Қлиренс әдісімен бүйректің сүзілу дәрежесін анык-тайды. Қанға инсулинмен және маннитол деген полисахаридтерді еигізеді, иттерде креатининді қолдануға болады. Бүйректегі қанағыс шамасын анықтау үшін қанға параами-" ногиппурлы қышқыл (ПАГ) немесе диодрастты енгізеді. Қайта сіңу шамасы қанға бір затты (глюкоза, мочевина) енгізу, ол заттың қандағы, несептегі концентрациясын анықтау және шы-ғарылатын несеп мөлшерін өлшеу жолымен анықталады. Түтік-шелердің секреторлық қызметі диодраст, фенолды қызыл, пара-аминогиппур қышқылынын натрий тұзы т. б. қанға енгізу арқылы тексеріледі. Бұл әдістердің негізінде енгізілген заттардың қанда-ғы, несептегі мөлшерін өлшеп, салыстыру жатыр. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|