Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Заттардың түтікшелерде тасымалдануы




Түтікшелерде заттардың белсенді және белсенді емес тасымалы жүреді. Белсенді реабсорбция энергия жұмсалуымен жүреді, көбіне АТФ түрінде (Na+/K+-АТФаза жұмысы) концентрациялық градиентке қарсы. Электрлік немесе химиялық теңдік болған жағдайда иондар мен молекулалар пассивті, жәй диффузия көмегімен тасымалдана алады.

Глюкоза реабсорбциясы. Проксимальді түтікшелерде глюкоза толық қайта сіңіріледі. Оның несеппен экскрециясы көбіне гипергликемиямен байланысты, түтікшелердің тасымалдау мүмкіншілігінен асқан жағдайда. Тасымал нәруыз-тасымалдаушысымен жүзеге асырылады және ол натрийдің алғашқы белсенді тасымалымен қосарласа жүреді.

Нәруыз реабсорбциясы. Несеппен шығатын нәруыздар сүзілген нәруыздардың өте аз мөлшерін құрайды. Сүзілген нәруыздардың негізгі бөлігі просимальді түтікшеде эндоцитоз көмегімен қанға қайта сорылады. Қайта сіңген нәруыздар вакуольде аминқышқылына немесе пептидттерге дейін ыдырайды. Қалыпты несепте β2 – микроглобулин, лизоцим, α1 и α2 – микроглобулиндер қалады. Соңғы несепте 40-150мг нәруыз болады, олардың 40%-ын альбумин құрайды, 10% IgG, 5%- жеңіл тізбектер және 3% IgА, қалған бөлігін басқа нәруыздар құрайды, негізгі бөлігін түтікшелерде түзілетін Тамма- Хорсфалль нәруызы құрайды.

Амин қышқылдарының реабсорбциясы. Проксимальді түтікшелерде қайта сорылатын амин қышқылдарын тасымалдау үшін кем дегенде төрт белсенді тасымалдау жүйесі бар. Олардың кемшілігінен әртүрлі типті тұқым қуалайтын аминоацидуриялар дамиды (10-сурет). Сонымен қатар проксимальді түтікшелерде кальций, фосфор, натрий және т.б. заттар кері сіңіріледі (ары қарай қараңыз). Фанкони синдромы кезінде проксимальді түтікшелерде көптеген заттардың кері сіңірілуі бұзылады (аммиак, глюкоза, фосфор, карбонаттар және т.б.), соның нәтижесінде ацидоз дамиды (қышқылды-сілтілі тепе-теңдік бөлімін қараңыз).

10-сурет. Амин қышқылдарының тасымалы [10]

Түтікшедегі секреция сүзілуі қиын (нәруызбен байланысқан) немесе толық сүзілмейтін заттарды несеппен шығаруын қамтамасыз етеді. Секреция әдісімен көптеген әлсіз қышқылдар мен негіздер, кейбір дәрілі, контрастық заттар, көптеген эндогенді медиаторлар мен нейротрансмиттерлер шығады. Несеп қышқылы қайта сорылуға да және секрецияға да ұшырайды. Подаграмен ауыратын науқастарда қан сарысуындағы несеп қышқылы денгейі жоғарылайды, ол секреция арқылы шығып, олар көп түзіледі. Несеп қышқылы тұздарының жоғарылауы жаңа туған балаларда дегидратация салдарынан өмірінің алғашқы күндері байқалуы мүмкін.

Нефронда натрий тасымалдануы. Су-тұз алмасу тепе-теңдігінде бүйректің атқаратын маңызы зор. Бүйректе жоғары тиімді натрий тасымалы жүреді. Натрий- жасушадан тыс ортаның негізгі катионы және оның концентрациясы тұз алмасу тепе-теңдігін сақтау үшін қатаң бақыланылады. Бірақ 99% фильтрациядан өткен су және 99% NaCl реабсорбцияға ұшырайды, тек 1% несеппен бөлінеді. Бұл көбіне проксимальді түтікшеде (70%) және Генле ілмегінде (25%) жүзеге асады. Дистальді түтікшеде және жинақтаушы түтікшеде 2-5% Na+қайта сорылады. Натрий перитубулярлы плазмаға шумақты эпителидің базолатеральді мембранасында орналасқан Na+/K+-АТФ-аза ферменті көмегімен сіңіріледі. Иондық каналдар және тасымалдаушылар көмегімен түзілген концентрация градиенті нәтижесінде басқа да иондардың пассивті тасымалдануы жүреді. Проксимальді түтікшелерде котранспорттық үрдістер жүреді: Na++HCO3-, Na++аминқышқылдар, Na++глюкоза, Na++органикалық молекулалар; және де Na++- алмасуы мен Сl-тасымалы жүреді. Натрий реабсорбциясы болған кезде онымен су эквивалентті көлемде сіңіріледі. Соның салдарынан проксимальді түтікше құрамының осмоляльділігі сарысумен бірдей (изотониялық) болып қалады. Проксимальді бөліммен салыстырғанда қалған түтікшелерде натрий және судың сіңірілуі бір-біріне байланыссыз жүреді. Дистальді түтікшелерде және жинақтаушы түтікшелерде реабсорбция гормондармен реттеледі.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных