Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






БҮЙРЕК ҚЫЗМЕТІНЩ РЕТТЕЛУІ




Бүйректің организмдегі ен. негізгі қызметі — шығару. Соны-мен қатар ішкі орта тұрақтылығын, сілті-қышқыл теңдігін, осмос кысымын, тамырындағы қан көлемін, басқа да ішкі сұйықтық ор-таның көрсеткіштерін қамтамасыз ететін бір топ функциональдык жүйе жұмысын орындатуға қатысады. Бүйрекпен шығарылатын не'сеп құрамы, касиеті және мөлшері, ондағы пайда болған әртүр-лі өзгерістерге байланысты. Осығаң сәйкес, ішкі және сыртқы ор-таның әртүрлі күрт өзгерістерінің әсерінен пайда болған инфор-мация орталық жүйке жүйесіне толып жатқан саны көп әртурлі рецепторлардан мысалы, ноцицептивтік немесе ауру, кысым, хемо-, волюмо-, термо- тағы да басқа рецепторлардан 'барады. Осылардың көмегімен шығару мүшелеріиің жүйкелік және гумо-ральдық реттелу механизмі іске 'қосылады. Реттелу механизмі жалпы диурезді (немесе тәуліктік несеп шығарылуды) өзгерту-меи қатар, зат алмасудың толып жатқан соңғы өнімдсрін, түз-дарды, дәрілерді, суды т. б. заттарды организмнен шыгарады.

Бүйрек вегетативтік жүйке жүйесінің симпатикалық және па-расимпатикалық жүйкелерімен қамтамасыз етілген.

Л. А. Орбели лабораториясының зерттеу қорытындыларынан кезеген жүйкені тітіркендіргенде несеп кұрамындағы хлорлы нат-рий азайғаны, ал осы жүйкені кескенде көбейгені байкалған. Парасимпатикалық жүйкенің мұндай әсері түтікшелердін. кері сінуінің өзгеруінен пайда болады.

Бүйректін. симпатикалық жүйкесі кесілсе, несеппен хлорлы тұздардыц шығарылу мөлшері көбейеді. Симпатикалык, жүйкені тітірксндіргенде негізінен Мальпиги шумақтарының қан тамырлары тарылады да, бүйректе несеп жасалуы бір бағытта өзгер-меііді. Артериола тарылғанда, осы әсерге байланысты несеп шы-ғарылу мөлшері едәуір азаяды. Ал егер де қанды алып кететін тамыр тарылса, сүзілу қысымы жоғарылап, несеп жасалу көбейеді.

Днурездің рефлекстік өзгеруі толып жатқан дене сыртында және ішкі ағзаларда, соның ішінде несеп бөлётін мүшелерде ор-наласқан рецепторлардың тітіркенуінец болады. Несепағардың несепте пайда болған таспен тығындалып қалуы, тек қана ты-ғындалран бүйректе несеп шығарылуын тоқтатып қоймайды, со-нымен бірге рефлекстік жолмен екінші бүйректе де несеп шыға-рылуын төмендетеді.

Несеп жасалу процесі вегетативтік жүйке арқылы орталық жүйке жүйесінің белгілі бір бөлімдерімен реттеледі.

Тәжірибелер жүргізіп, мидың қыртыс кабаты бөлімдерін — мидың төртінші қарынша түбін, сопақша ми, көру төмпешігіне мишықты т. б. әртүрлі әдістермен тітіркендіргенде неоеп жасалу процесі өзгеретіні анықталған. Бүйрек қызметінің реттелуі ве-гетативті жүйке жүйесінің жоғары орталықтары (гипоталамус-тын) паравентрикулярлық, супраоптикалық ядролар және бас мидын, қыртыс қабаты арқылы жүретіні дәлелденді. Орталық жүйке жүйесінің жоғары бөлімдері түскен мәліметтерге байла-нысты, реттелу механизміне өте күрделі гормональдық тізбекті (гипофиз, бүйрекүсті безі т. б. бездер) қосып 'бүйрек қызметін қамтамасыз етеді. Соның нәтижесінде бүйрек өзінің шығару функ-циясын орындап гомеостазды қамтамасыз етеді.

Бүйректің жүйке гуморальдық реттелуінің маңызын, олардың өзара байланысьш 1937 жылы А. Шпуга жүргізген өте қызықты дәлелді тәжірибеден көруге болады. Ол бүйректі өзінің табиғи орнынан ауыстырып тері астына, мойын аймағына тігіп, оның та-мырларын сол жердегі қан тамырларымен жалғайды. Тәжірибе-ден бүйрек жүйкелері бүзылғанмен, жалғасқан қан тамырлары арқылы қан бүйрекке келе бастағаннан бастап несеп жасалу про-цесі жүре бастаран. Бірнеше күннен кейін осы бүйрек пен қалып-ты жағдайдағы бүйректің несеп жасау қызметінде аса көп өзгеріс байкалмаған. Егер организмге су немесе ас тұзын көбірек енгіз-се, орнын ауыстырмаған бүйрек сияқты, ауыстырып тіккен бүйрек-те де жасалатын несеп құрамында су, тұз көбейеді. Жүйкесі кесілген бүйрек қызметі жүйке жүйесінің арқасында әртүрлі ті-тіркендіргіштерге өзгереді. Ауырсыну тітіркендіргіштері әсер ет-кенде, жүйкесі кесілген бүйрек кесілмеген сияқты 'несеп шығару-ды тоқтатады. Жүйкесі кесілген бүйректе тітіркендіргіштердін ау-ырсыну әсері гипоталамус арқылы, ал одан — гипофизге әсер етіп, антидиуретикалық гормон бөлінеді (АДГ).

Бұл гормон рефлекстік механизм қатысуымен бүйректе не-септің жасалуын және онын, құрамын реттейді.

Қанға шамадан көп мөлшерде тұз түссе, оның осмос кысымы жоғарылайды. Соның салдарынан толып жатқаІІ кан тамырлары-ның кабырғасында гипоталамуста орналасқан осморецепторлар тітіркенеді. Осморецепторларда пайда болган сигналдар гипота-ламустың супраоптикалық және паравентрикулярлык, ядросына 'беріледі де, АДГ жасалуын көбейтеді. Гипофиздің артқы 'бөлімі-нен қанға АДГ көп мөлшерде түседі де, несеп жинайтын тутік нефрондарында кері сіңуді күшейтіп, суды ұстап қалады. Соның нәтижесінде көлемі аз, бірақ құрамында тұзы көп несеп жасала-ды, да организм артық тұзды несеппен шығарып, қажетті суды сақтап калады. Егер де организмге мөлшерден тыс артык, су ен-гізілсе, қанньщ осмос қысымы төмендейді. Мұндай жағдайда оо морецепторлардың тітіркенуі нашарлап, АДГ бөлінуі рефлекстік жолменен төмендейді, ал ол диурезді жоғарылатып, организм артық судан кұтылады, қанның осмос қысымы калыпты жағдай-ына келеді.

А. Г. Гинецинскийдің көрсеткіштері бойынша, АДГ гиалуро-нидаза ферментінің белсенділігін арттырады, ал ол жинағыш тү-тіктердің клеткааралық заты гиалурон қышқылын ыдыратып, деполимеризациялайды. Соның нәтижесінде жинағыш түтіктер-дің кабырғасы суды жақсы өткізеді. Патология жағдайында, әсі-ресе гипоталамус-гипофиз жүйесінің дисфункциясында АДГ бө-лінуі едәуір төмендейді. Мұндай жағдайда жинайтын түтіктерде судың қайта сіңуі күрт төмендеп, тәуліктік диурез 20—25 л же-туі мүмкін. Бұл қантсыз (несахарный) диабет ауруында байка-лады. Бүйректің несеп жасалу қызметіне басқа да гормондар әсер етеді.

Адреналин канды алып кететін артериолаларды тарылтып, шумақ нефрондарында сүзілу қысымын жоғарылатып, кәдімгі диурезді_ көбейтеді. Адреналин дозасы көп болса, несеп жасалу-ды едәуір төмендетеді, түздардың шығарылуын жоғарылатады, эмоция уақытында АДГ бөлінуін төмендетеді. Бүйрек қызметіне, бүйрекүсті безінің гормондары да әсер етеді. Қабық қабаты бө-летін альдостерон, дезоксикартикостерон т. б. гормондар нат-рийдың, судың кері сіңуіне, ал калийдің шығуына жәрдемдеседі. Көпшілік кортикостерон гормондары айқын диурияға (несеп көп жасалып, шығарылуы) әкеледі.

Гипофиздің алдыңғы бөлімінің соматотропты гормоны, орга-низмдегі жалпы зат алмасу дәрежесіне әсер ету аркылы диурезді көбейтеді. '

Диссимиляцияның, органикалық заттардың көпшілігі шумақ-тағы сүзілуді көбейтеді. Тироксин де бүйрекке осындай әсер етеді. Инсулин клеткааралық кеңістікте судың үсталуына әсер етеді, ал ол олигурияға әкеліп соғуы мүмкін. Диабет уақытында бай-қалатын полиурия (несеп көп бөлінуі) зат алмасудың және ауру адам ррганизміндегі сұйык. ортаның осмос кысымының өзгерісте-ріне байланысты.

Жыныс гормондары бүйректегі сүзілу, кері сіңу процестеріне әсер ету арқылы судың және натрий тұзының организмде ұсталып қалуына жағдай жасайды.

Бүйректің несеп жасалуының реттелуі, организмнің баска кыз-меттері сияқты, тек кана қыртыс қабатасты және гормондық механизмдерге байланысты емес. Бұл процесс мидың қыртыс кабатының катысуымен шартты рефлекстік жолменен реттеледі. Адамга гипноз аркылы суды өте көп іштің деп сендірсе, несеп шығарылуы күрт көбейеді.

К. М. Быков лабораториясында жасалған тәжірибелер қоры-тындысында шартты диурез рефлексі анықталған. Ол үшін иттін. несепағарына фистула койып, сол арқылы карнына бірнеше рет су енгізген. Су енгізер алдында оған қатысы жоқ, маңызы ша-малы пндеференттік (бөгде) тітіркендіргішті қоса береді (мыса-лы. шам жануы, коңырау т. т.). Осыны бірнеше рет қайталаған-нак кейін, су енгізбей- ақ бөгде тітіркендіргіштің өзін ғана берсе де днурез күшейеді. Бұл тәжірибе диурезді шартты рефлекстік жолмен де шақыруға болатынын көрсетеді. Шартты рефлекстік олиурияны, тіпті анурияны жасауға болады. Итті станокқа енгізіп байлап бірнеше рет кайталап арткы аяғының терісін ауырткан-ша электр тітіркендіргіійін қолданса, рефлекстік жолмен диурез төмендейді, тіпті тоқтап қалуы да мүмкін. Қейін итке ауыртқыш тітіркендіргіш қолданбай, станокқа енгізгенде диурездің азайға-ны байқалған.

Бүйрекке шартты рефлекстік әсер мидың кыртыс қабатындағы жүйке орталықтарына гипоталамус және гипофиз арқылы бері-ліп, антидиурездік гормонның бөлінуін өзгертеді.

Несеп шығару

Несеп бүйректе көп немесе аз мөлшерде үздіксіз жасалады, бірақ оның организмнен шығарулуы белгілі бір уақыт арасында орынлалады. Ересек адамдарда қалыпты жағдайда тәулігіне 2—3 рет, ал балаларда жас ерекшелігіне қарай жиі шығарыла-ды. Несеп Іпығаратын мүшелерге несепағар, куық және несеп шығаратын түтік жатады.

Бүйректе жасалынған несеп жинағыш түтіктерден тостаған-шаларға өтеді, тостағаншалар толып жиырылуынан, бүйрек тү-бегі арқылы несепағарға ауысады. Несепағардың толқынды жи-ырылуынан аз көлемде несеп 2—3 мм/с жылдамдықпен қуыққа кұйылады.

Қуық уақытша несеп жиналатын, іші қуыс, көлемді муше. Несеп куықта ешқандай өзгеріске ұшырамайды, кері сіңбейді, коюланбайды. Оның төменгі жағында несеп шығаратьы түтікте сақина тәрізді бірыңғай салалы ет талшықтарынан тұратын ішкі сфинктер бар. Ішкі сфинктерден сәл төменірек, көлденең жолақ- ' ты ет талшықтарынан тұратын ерекше түрде жиырылатын сырт-кы (екінші) сфинктер бар. Бұл қуық кернеуінен артық несеп жиналғанда, қатты жиырылып несеп ағуына кедергі жасайды.

Несеп шығару уақытында сфинктер рефлекстік жолмен босаңсып, еттері жиырылып, куық босатылады. Бірыңғай сала-лы ет талқыштарынан жасалған ішкі қуыс мушелері сияқты, не-сеп қүйылып көлемі артқанмен куык кабырғасының кернеуі аса өзгермейді. Бірыңрай салалы ет талшықтарынан түратын еттердің бұл қасиетін пластикалык, тонус (кернеу) деп атайды. Сондық-тан да куыққа түскен несеп мөлшері, оның кернеуі артуына дәл-ме-дәл емес. Қуыққа несеп толған сайын, оның алғашкы мезгілін-де қысым өзгермейді. Одан әрі, ересек адам қуығына 250—300 мл шамасында несеп жиналғанда, куық қабыррасындағы еттердің кер-неуі артып, оның ішіндегі қысым 15—20 см су бағанасына дейін көтеріледі.

Мұндай жағдайда, қуық қабырғасында орналаскан баро-ме-ханорецепторлардың тітіркенуінен рефлекстік жолмен арнайы механизм арқылы бір уақытта қуық еттері жиырылып, ал несеп шығаратын түтіктін, сфинктер еттері босаңсиды.

Несеп шығаратын мүшелердің эфференттік (орталықтан тебе-тін) нервтеыуі негізінен вегетативтік, жартылай сомалык. жүйке арқылы (мысалы, төменгі, сыртқы сфинктер уретрасы) орында-лады.

Симпатикалық жүйке несеп ағардың перистатикалық жиыры-луын күшейтіп, қуық қабырғасы еттерін босаңсытады және несеп шығаратын түтік сфинктерінің тонусын жоғарылатады. Бүл жағ-дай қуықта несеп жиналуына мүмкіндік туғызады.

Парасимпатикалық жүйке әсерінен қуық еттері жиырылып, несеп шығаратын түтіктің сфинктер еттері босаңсиды, соның нәти-жесінде қуық несептен босатылады.

Несеп шығару жұлынның бел-омыртқа және сегізкөз бөлімін-де орналасқан жүйке орталықтары арқылы реттеледі. Ондай жүй-ке орталықтары ми бағанында (Варолий көпірі, артқы гипотала-мус) және үлкен ми сыңарларыпың қыртыс қабатында орналаса-ды. Адам өз еркімен несеп шыі;аруды бастап немесе тоқтата алады, бүл несеп шығару ми қыртысымен реттелетіндігіне дәлел. Еріксіз түрде несеп шығару тек бөбектерде ғана болады. Онтоге-незде жүйке құрылымдары жетілуіне байланысты шартсыз реф-лекстік реттелумен қатар, несеп шығарудың шартты рефлекстік реттелуі дамиды.

Бала 1,5—2 жасқа келгенде несеп шығарудың шартты реф-лекстік реттелуі күндіз ғана емес түнде де пайда болады. Кейде 12—13 жастағы балалардың 5%-інде түнде несеп ұстай алмауы байқалады — оны энурез деп атайды.

 


 

· Иллюстрациялық материал:

2. Кестелер

1 кесте Бұрылысты- ағысқа кері жүйе.

2 кесте Нефрон, шумақтық сүзілу

3 кесте Формулалар

 

· Әдебиеттер:

 

1. Адам физиологиясы / оқулық – Сатпаева Х.К., Нілдібаева Ж.Б., Өтепбергенов А.А. – Алматы: «Білім», 2005 ж.

2. Төлеуханов С.Т. Қалыпты физиология (биологиялық жүйелердің мезгілдік құралымдар бөлімі): Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2006 ж. – 140 бет.

3. Дюйсембин Ғ.Д., Алиакбарова З.М. Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасы: Оқулық - Алматы: «Білім», 2003 ж. – 400 бет

4. Нұрмұхамбетұлы Е. Орысша-қазақша медициналық (физиологиялық) сөздік / ҚазММУ – Алматы: «Эверо», 2007 ж. – 904 бет.

5. Керимбеков Е.Б. Физиология атауларының орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. – Алматы: Қазақстан, 1992. – 280 бет

6. Қалыпты физиологияның лабораториялық жұмыстары / студент тер үшін. – Шымкент: Б.И., 1993. – 254 бет.

Бүйректің құрылысы және қызметі. Сыртқа шығару мүшелерінің ішінде бүйрек ерекше орын алады. Адамның бүйрегі жұп мүше. Ол бел омыртқаларының екі бүйірінде, қабырғалардан төмен орналасқан. Оң бүйректің орналасуы сол жақ бүйректен сәл жоғарырақ. Екеуінің құрылысы бірдей. Бір бүйректің массасы 120-150 г. Сырты дәнекер ұлпасы мен қоршалған. Бүйректі қалың бүйрек майы қаптап тұрады.

Бүйректің қыртыс қабаты нефрондардан, яғни бүйрек денешіктерінен қүралған. Бір бүйректегі нефрондар саны 1-1,2 млн. Олардың әрқайсының сырты Боумен капсуласымен қоршалған. Нефронның ішінде Мальпиги шумақтары деп аталатын түйнектеліп шоғырланған қан тамырлары бар. Капсуланың өзі екі қуыс қабаттан тұрады. Ішкі қабаты Мальпиги шумағын қоршап жатады, ал сыртқы қабаты капсула өзегіне айналады. Қыртыс қабатының бойындағы өзектер а алғашқы иірім каналдарына айналады. Олар бүйректің ішкі ми қабатына еніп, иірімдері жазылып, Генле иініне лйналады да қайтадан қыртыс қабатына оралып, е к і н ш і д е ң г е й лі и і р і м каналға айналып несеп ж и н а ғ ы ш түтікке жалғасады. Жинағыш түтіктің ұзындығы 22 мм. Екінші деңгейдегі нефрон иірімдері артерия тамырлар шумағымен жанасып, екеуі құрамындағы заттармен алмасады. Мұны юкстагломерулалық комплекс деп атайды.

Нефронның алғашқы иірім каналының ұзын дығы 12-24 мм, ал екінші деңгейлі иірім каналдардың ұзындығы 5-8 мм.

Бүйректің қызметі қан плазмасын зиянды, қажетсіз заттардан тазартудан басталады.

1-сурет. Нефронның құрылыс ы.

1 — капилляр шумағы, 2 — капсула, 3 — алғашқы иірім канал,

4,5 — Генле иіні, 6 — екінші деңгейлі иірім канал, 7 — жинағыш түтік.

Натрий, калий, кальций иондары сияқты тіршілікке қажетті заттар көп мөлшерде болса, гомеостаз қалыпты деңгейінен өзгере бастайды. Сондықтан олардың концентрациясын бір қалыпта ұстап тұру үшін де бүйректің маңызы зор.

Демек бүйрек электролиттік және қышқыл-сілтілік тепе-теңдікті үйлестіріп, реттеп отырады. Оның Бұл қызметі нефрон мембранасының заттарды сұрыптап өткізу қасиетімен байланысты орындалады.

Бүйрек ұлпасында р е н и н және эритропоэ т и н ферменттері өндіріледі. Ренин артерия қысымын және қан тамырларындағы қанның мөлшерін реттеуге қатысады. Ал эритропоэтин эритроциттердің өндірілуіне әсер етеді.

Несептің түзілуі және құрамы. Несеп нефронда түзіледі. Ол екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде алгашқы несеп, ал екінші кезеңде соңғы несеп түзіледі. Нефрон капсуласындағы тамырлар шумағында қан қысымы жоғары, сондықтан қанның Сұйық бөлігі капсула ішіне сүзіледі. Мұның нәтижесінде а л ғ а ш қ ы несеп пайда болады. Алғашқы несептің құрамы қан плазмасымен бірдей, бірақ оның құрамында белок пен қан клеткалары болмайды.

Екінші кезеңде алғашқы несептің құрамындағы су, глюкоза, амин қышқылдары, натрий, калий иондары т. б. организмге қажетті заттар қайтадан қанға кері сіңеді, ал мочевина, несеп қышқылы, сульфаттар сияқты зиянды және тіршілікке қажетсіз заттар Генле иінінен кейінгі екінші деңгейлі иірім каналдарда қалып, нағыз несептің құрамына кіреді. Соңғы несеп нефронның жинағыш жолдарымен ағып, бүйректің бүртіктеріне, одан тостағаншасына, одан бүйрек түбегіне, содан соң ұзындығы 30 см-дей несеп ағар арқылы қуыққа барады.

Қорытып айтқанда, несептің түзілуі күрделі үш қызметтің нәтижесі: 1. Нефронның капилляр шумағындағы сүзілу (фильтрация). 2. Иірімді каналдардағы кері сүзілу (реабсорбция). 3. Екінші деңгейлі иірім каналдардың эпителий клеткаларының белсенді секрециялық қызметі. Мұнда аммиак, сутегі иондары, креатинин т. б. заттар соңғы несепке қосылады және кейбір улы заттар залал-сыздандырылады.

Тәулік бойы бүйректен 2000 л қан айдалады, одан 150-180 л алғашқы несеп өндіріледі, бірақ соңғы несептің молшері 1,5 л ғана. Мұндай қарқынды сүзілу бүйрек каналшаларының өте ұзын болуына байланысты. Олардың жалпы ұзындығы 120 км, ал сүзілуге қатысатын бетінің ауданы 40-50 м2.

Қуыққа айдалатын с о ң ғ ы несеп сарғыш түсті Сұйық тық. Оның меншікті салмағы 1,010-1,025, реакциясы сол қышқыл. Құрамының негізі — су (98-99 %), қалған 1-2 %-ы көптеген (130-140) химиялық заттар, олардың көбі мочевина, несеп қышқылы, креатинин. Дені сау адамның несебінің құрамында белок пен глюкоза қанты болмауы тиіс. Несептің тәуліктік мөлшері 1300-1500 мл.

Бүйрек қызметінің реттелуі. Бүйрек ұлпаларының рецепторларынан афференттік жүйке импульстері мен ондағы қан құрамындағы өзгерістер орталық жүйке жүйесіне, гипоталамус және ми қыртысы орталықтарына беріледі. Ал эфференттік нерв импульстері нейрогипофизге беріліп, ондағы несептің түзілуін реттейтін вазопрессин гормонын қанға шығарады. Бұл гормон қан айналыс жолымен бүйрек үсті безіне барып, альдостерон гормонының өнімін арттырады.

Альдостерон адреналинмен бірге бүйректегі реабсорбцияны (кері сіңу) реттейді. Вазопрессин гиалуронидаза ферментінің белсенділігін жоғарылатып, несеп жинағыш түтікшелердің клеткааралық заты гиалурон қышқылын ыдыратады. Мұның нәтижесінде жинағыш түтікшелердің қабырғасы суды жақсы өткізеді.

Адреналин артерия қан тамырларын тарылтып, нефрондарда сүзілу қысымын өсіріп, несептің түзілуін жеделдетеді және тұздардың шығуын тездетеді.

Жыныс гормондары бүйрек ішіндегі сүзу, кері сіңу құбылыс тарына әсер ету арқылы судың және натрий тұзын ың мөлшерден тыс сыртқа шығып кетпеуін қадағалайды.

Бүйректің қызметін реттеуге соматотропин, тироксин, инсулин, серотонин, гистамин сияқты гормондардың

қатысы бар деген болжамдар да баршылық, бірақ олардың әсер ету тетіктері әлі толық зерттелмеген.

Бала бүйрегінің құрылыс ерекшелігі. Нәрестенің бүйрегінің массасы 11-12 г, 1 жаста — 36-37 г, 5 жаста — 55-56 г.

Бүйрек ұлпаларының өсу қарқыны алғашқы 3 жыл ішінде, жыныстық жетілу кезеңінде және 20-30 жас аралығында жоғары болып, өсіп жетіледі.

Нәрестенің бүйрегінің сыртқы беті бөліктеніп тұрады. Ол бөліктер 2 жасқа қарай тегістеле бастайды да, 5 жаста жойылып, түгел тегіс болады. Бүйректің қыртыс қабатының қалындығы нәрестелерде 2 мм, ал оның ішкі ми қабаты 8 мм болады.

Нәрестелердің нефрондарының иірілуі аздау. 1 жаста иірімді өзектердің өсу қарқыны күшті, ал 3-4 жаста олардың саңлауларының диаметрі кеңейеді, қабырғасындағы клеткалардың құрылысы мен қызметі жақсы жетіледі.

Бала бүйрегінің қызмет ерекшелігі. Нәрестенің алғашқы 3-4 күнінде несеп өте аз шығады, ал бір аптадан кейін несеп көбейеді. 6 айда баланың несебінің мөлшері екі есе артады. 9 айда несептің құрамы тұрақтала бастайды. Мысалы, несептің құрамындағы хлордың мөлшері ересек адамдардағыдай болады, бірақ мочевина мөлшері аздау, өйткені бұл кезде баланың негізгі тамағы әлі де болса, сүт болады да, басқа жануар текті тамақтардың мөлшері аз болады.

1 жастағы балалар бүйрегінің гломерулалық сүзілу деңгейі өте баяу жүреді, кері сүзілу мен нефрон түтікшелерінде заттардың концентрациясының артуы, яғни қоюлануы жеткіліксіз. Несептің мөлшері 700 мл ғана болады. 4-5 жаста оның мөлшері 1000 мл-ге дейін көбейеді, ал 10 жаста тәулігіне 1500 мл несеп сыртқа шығады.

 

  1. БҮЙРЕК АНАТОМИЯСЫ

Бүйрек бел аймағында ішастардан тыс орналасқан. Сол бүйректің жоғарғы шеті ХІ кеуде омыртқасының ортасына, ал оң бүйректің жоғарғы шеті осы омыртқаның төменгі жиегіне сәйкес келеді. Сол бүйректің төменгі шеті ІІІ бел омыртқасының жоғарғы жиегі деңгейінде, ал оң бүйректікі – осы омыртқаның ортаңғы деңгейінде орналасады (XII кеуде омыртқасымен III бел омыртқасы аралығында). Оң бүйрек сол бүйректен төмен орналасқан. Ересектерде әр бүйректің көлемі 11х6х3см шамасында, массасы-120-170г. Жаңа туған балада бүйректің жоғарғы шеті XI кеуде омыртқасының төменгі қыры денгейінде, екі жасқа келгенде ересектердегі байқалатын денгейге жетеді. Балаларда бүйрек көлемі жасына және дене салмағына байланысты өзгеріп тұрады. Бүйрек тығыз фиброзды қапшықпен қапталған. Май қапшығы жаңа туған балаларда болмайды, 3-5 жасқа келгенде пайда болады. Бүйрек қойнауындада (бүйректің ішкі беткейінде) түбегі, тамырлар және жүйке өрімдері орналасқан. Бүйрек қақпасынан (қойнауқа кіреберісте) бүйрек „аяқшалары” шығады. Ол несепағар, вена және артериядан құралған. Бүйректің көлденең кесіндісінде сыртқы қыртысты және ішкі милы қабатын ажыратады (1-сурет).

А Б

1- Сурет. Бүйрек анатомиясы [8]

А – Бүйрек ішастардың артында ХІ-XII кеуде және III бел омыртқалары денгейінде орналасады.

Б – Милы қабаты 8-18 конус тәрізді милы заттан немесе пирамидалардан құралған, конустың түбі кортикомедуллярлы аймақта орналасқан, ал оның ұшы бүйрек бүртіктерін құрайды. Қыртысты заты қызғылт-сұр түсті, бүйрек пирамидаларының сыртқы бетінде орналасқан және олардың арасынан Бертиний бағаналары ретінде төмен түседі. Бүйрек үлестері бүйрек пирамидасынан және оған жақын жатқан қыртысты заттан тұрады.

Бүйректің қан айналым жүйесі. Бүйректің қанменқамтамасыз етілуі бүйрек артериясы арқылы жүзеге асырылады. Ол арқылы бүйрекке минутына 1 л дейін, тәулігіне 1500 л дейін қан келеді және тыныштық кезінде қан айналу жүрек лақтырыс көлемінің 20-25% құрайды. Бүйрек қақпасында артерия үлесаралық артерияларға бөлінеді, олар пирамидалар арасынан өтіп, қыртысты және милы зат аралығында бүйрек денесіне параллель орналасқан доғалық артериясына ауысады. (2- Сурет.)

2-Сурет. Бүйректің қанмен қамтамасыз етілуі [8]

Олардан қыртысты затқа үлесшеаралық артерия кетеді, олардан көптеген әкелуші (афферентті) артериолалар басталады, әрқайсысы шумақтың капиллярлық өрімін қанмен қамтамасыз етеді. Шумақ капиллярларынан канның кетуі әкетуші (эфферентті) артериола арқылы жүзеге асады. Бұл артериолалар шумақтан шыға берісте жаңа капиллярлар торын құрады, осы нефронның түтікшелер сегментін қанмен қамтамасыз етеді. Кортико-медуллярлы қосылыс аймағында (юкстамедуллярлы нефрондар) эфферентті артериоладан тік артериолалар бөлінеді, олар милы қабатқа терең еніп кері қайтады. Төмендеуші және жоғарылаушы тік тамырлар медулярлық қарсы бағытты-айланбалы көбейтінді жүйенің (медуллярной противоточно-поворотной множительная система) қан тамырлық компоненті болып табылады (төмен жақты қара). Бүйректің веналық жүйесі артериялық жүйемен бірдей (перитубулярлы, венулалар, үлесшеаралық, доғалық және бүйрек венасы).

Бүйректе салыстырмалы бір-біріне бағынышсыз 2 қан айналым жүйесі бар: кортикальді және юкстамедуллярлық. Қыртысты заттың қанмен қамтамасыз етілуі өте жоғары (90% құрады), керісінше милы затта аз (сыртқы милы аймақта 6-8%, ішкіде 1-2%). Кейбір жағдайда қанның негізгі бөлігі юкстамедуллярлық жүйемен айналуы мүмкін. Бұл үшін осы жүйеде көптеген анастомоздар бар. Юкстамедуллярлық жүйемен қанның айналуын Трует шунты деп атайды, бұл кезде қыртысты затта ишемиялық некроз дамуы мүмкін. Бүйректе көптеген реттеуші жүйелер бар, олар өз кезегінде артериялық қан қысымының үлкен өзгерістері (70 тен 220 мм с.б.б. дейін) кезінде де бүйректің қанмен қамтамасыз етілуін қадағалайды. Бұл өзін өзі реттеу қабілеті арнайы морфологиялық құрылымдар арқылы жүзеге асады (юкстагломерулярлы аппарат-ЮГА).

Лимфалық жүйе. Лимфалық тамырлар үлесше аралық, доғалық және бөліктік қантамырлар бойымен, сонымен қатар бүйрек фиброзды қапшық астымен жүреді. Лимфалық капиллярлар диаметрі тамырлық капиллярлардан үлкен. Боумен қапшығы және түтікшелер айналасында капиллярлар анастамоздарымен бірге лимфалық торлар бар, шумақта олар жоқ. Лимфалық жүйе дренаждық қызмет атқарады, түтікшелерден қайта сорылатын заттардың қанға өтуіне көмектеседі.

Бүйрек нервтенуі бүйрек өрімінің симпатикалық және парасимпатикалық талшықтарымен жүзеге асырылады. Бүйрек өрімі жұлынның төменгі үш кеуделік және жоғарғы екі белдік сегментінен, «күн тәрізді» құрсақ өрімінен (чревное сплетение) және белдің симпатикалық бағанынан құралады. Жүйке талшықтары қыртысты және милы затқа еніп, көбіне қан тамырларын және ЮГА-ты, аз көлемде қалған тіндерді қамтамасыз етеді. Бүйрек қызметі α- және β- адренорецепторлармен реттеледі. Бүйректің жүйке талшықтарымен өндірілетін адренергиялық медиаторлар әсері вазопрессин өндірілуімен жүретін простагландиндермен тығыз байланыста.

Несеп шығару жолы – несепағардан бүйрек түбегі 2-3 үлкен тостағаншаға бөлінеді, олардың әрқайсысы 2-3 кішкентай тостағаншаға бөлінеді бүйрек емізікшесі ашылады. Несепағар бүйректен ішастардан тыс шығады және жамбас қуысына сегізкөз-мықын буыны алдынан түседі, әрі қарай несеп қуыққа жалғасады. Осы аймақтың анатомиялық және жастық ерекшеліктері несеп қуықтан несептің несепағарға қайта лақтырылуының (рефлюкс) себебі болуы мүмкін. Несептің несепағар бойымен жылжуы перистальтика көмегімен жүзеге асады. Несепағар бойында үш тарылу аймағы бар, осы аймақтарға тастың тіреліп қалуы мүмкін.

Бүйректің несеп шығару жүйесінің дамуы. Бүйрек және жыныс жүйесі мезодерманың ортанғы бөлімінен дамиды. Эмбрионда алғаш болып мойын аймағында орналасқан пронефрос қалыптасады, кейін айқын төмен орналасқан - мезонефрос, соңында жамбас аймағында метанефрос қалыптасады. Про- және мезонефрос ары қарай даму кезеңінде жоғалып кетеді, бүйрек тіні қалыптасуына қатыспайды. Бүйрек негізін метанефрос құрады, ұрықтың құрсақ ішілік дамуының екінші жартысында қызметін атқара бастайды. Ұрық амниондық сұйықты сіңіріп, оны қорытып, сосын несепті амниотикалық қуысқа шығарады. Бірақ тіршілік өнімдері плацента арқылы жойылады, әрі қарай анасының бүйрегімен шығарылады.

Нефрон

Нефрон – бүйректің құрылымдық-қызметтік бірлігі, ол тамырлық шумақтан, оның қапшығынан (бүйрек денешігі), түтікшелер жүйесінен және жинақтаушы түтіктен құралады (3-сурет). Морфологиялық тұрғыдан жинақтаушы түтіктер нефронға жатпайды.

Адамның әр бүйрегінде 1млн-ге жуық нефрон бар, жас өте келе олардың саны біртіндеп азаяды. Боумен қапшығының париетальді қабаты жалпақ эпителий жасушаларынан құралған. Қуыстың ішкі (висцеральді) қабатын шумақ капиллярларын жабатын эпителий жасушалары, яғни подоциттер құрайды. Боумен кеңістігі тікелей проксимальді ирелеңдеген түтікше кеңістігіне ауысады. Шумақтар негізінен бүйректің қыртысты қабатында орналасқан, олардың 1/10-1/15 бөлігі милы қабат шекарасында орналасады, олар юкстамедуллярлық шумақ деп аталады. Олардың Генле ілмегі ұзын, милы затқа тереңірек енеді және алғашқы несептің тиімді қоюлануына қатысады. Емшек жасындағы балаларда шумақ көлемі кішкентай және оларда ересектермен салыстырғанда сүзу беткейі өте аз.

3-сурет. Нефрон құрылымы [8]






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных