ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Бүйректің жасқа байланысты қызмет ерекшеліктеріАдамда бүйрек өз қызметін туа орындай бастайды. Бірақта, жас балаларда бүйрек қызметінің бірқатар көрсеткіштері көпші-лік жардайда' төмсн болады, тек бала екі жасқа таянғанда ғана ересек адам деңгейіне жақындайды. Бұл жағдай, ең алдымен бүйрек тканінің жеткіліксіз дамып жетілуіне байланысты (мы-салы, қабық қабаты, иірімді түтікшелер, тамырлар жүйесі т. б.). Балалық шақтың ерте кезеңінде, бүйрек қызметін жүйке-гу-моральдық жолмен реттелуін қамтамасыз ететін көпшілік кұры-лымдар жақсы жетілмеген күйде болады. Бала өмірінің бірінші жылында гломерулалық сүзілу деңгейі өте төмен, сол сияқты кері сіңу және нефрон түтікшелерінде.концентрация (қоюлану) процестері өте жеткіліксіз жүретіндігі дәлелденген. Осыған байланысты еметін бөбектерде несеп жасалу ересек адамдар мен салыстырғанда, барлық денесінің сыртқы көлеміне шаққанда 2—3 есе артық. Бала өмірінің алғашқы айы-ның аяғында тәулігіне 300—350 мл, ал 1—2 жас шамасында 700— 750 мл, 4—5 жаста 1 литрге жуық, 10 жаста 1,5 литрге жуық не-.сеп жасалады. Жасалатын несеп көлемімен салыстырғанда, шы-ғаруы жиі орындалады. Жаңа туған бала несебінін. құрамында белок іздері және сүт канты болады. Мүндай физиологиялық альбуминнурия мен лак-тозурия себебі, бүйрек кан шумақтары мен түтікшелерінің эпите-лий тканінің өткізгіштік касиеті жоғары болуынан. Ересек бала-лардың несеп құрамында белок, қант болмайды. Ересек адамдар, мен салыстырғанда жақа туған балалардың (әсіресе алгашкы айларында) несеп құрамында мочевина, хлорид және фосфат едәуір аз болады. Бұл бүйректің иірімді түтікшелерінде кері сіңу (реабсорбция) процесінің өте жоғары жүруінен. Еметіц бөбектер несебінің құрамында хлорид он есе аз. Бүйректін. осмос және иоц реттейтін қызметі баланың бірінші жылында пайда болып қалыптасады. Бұл кезеңде ересек адам мен салыстырғанда бүйрек қатысуымен сілті-қышқыл тепе-теңдігі аз ауысады. Бүйректің функциональдық даму жеткіліксіздігі, тураннан кей-іигі алғашқы айларда байкалады: егерде өте көп мөлшерде су енгізсе, судан улану пайда болуы мүмкін. Шамадан тыс ас тұзы да ісік пайда етеді, артық тамақтанудан кан кұрамында белок алмасудың соңғы ыдырау өнімдері көбеюі мүмкін (азотемия). Сонымен, ересек адам бүйрегі мен салыстырғанда жаңа туған бала бүйрегі даму ерекшелігіне байлнысты гомеостазды толық камтамасыз ете алмайды. Қартайған адамдардың бүйрегінің қызмет ерекшеліктері на-шар зерттелген. Жас ұлғайған кезеңде бүйрек қызметінің негізгі көрсеткіште-рі төмендейді, себебі бүйректің қанмен қамтамасыз етілу жүйесі бұзылып, қан тамырлар қабырғасы өзгереді, кейбір нефрон тү-тікшелері өзінен өзі жойылады, соның нәтижесінде бірте-бірте қан шумактарыныц сүзу дәрежесі, несептің осмостық қоюлануы (судын кері сіңуі 30%-ке жуық азаяды) төмендейді. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|