Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Шумақтық фильтрация




Шумақтық фильтрациянесептен түзілудің алғашқы сатысы. Боумен қапшығы қуысына алғашқы несептен немесе плазманың «нәруызсыз ультрафильтраты» түседі. Ультрафильтратқа аз көлемде төмен молекулалық салмақты (50 000 дейін) нәруыздар қосылуы мүмкін, олардың көбі проксимальді түтікшеде қайта сорылады. Шумақта 120-130мл\мин немесе 180л тәулігіне ультрафильтрат түзіледі. Қаннан формалық элементтерсіз және нәруызсыз ультрафильтраттың түзілуі жүрек қызметі арқылы пайда болатын шумақ капиллярларындағы гидростатикалық қысымға тікелей байланысты. Бірақ шынайы ультрафильтрациялық қысымның (тиімді фильтрациялық қысым) денгейі жоғары емес. Барлық шумақ капиллярлары бойында өзгермейтін шумақтағы гидростатикалық қысымға капиллярдағы плазманың онкотикалық қысымы және боумен қапшығындағы гидростатикалық қысым кері әсер етеді. Шумақтық фильтрация жылдамдығының жоғарылауы сүзгіш мембрана өткізгіштігіне және фильтрацияға қатысатын беткей аумағына тікелей байланысты.

Жаңа туған нәрестелерде сүзілу аумағының аздығына байланысты ересектермен салыстырғанда ШФЖ айқын төмен және 20-30 мл/мин шамасында. Ересектерде мүндай ШФЖ бүйректегі ауыр үдемелі үрдісті және бүйректің созылмалы ауруының барлығын (БСА 4 сатысы) көрсетеді. Ары қарай уақыт өте келе ШФЖ жоғарлай береді, емшек жасы аяқталған кезде ШФЖ ересектердікімен бірдей болады. Балаларда ШФЖ креатинин бойншы Шварц формуласымен немесе қандағы цистин денгейі бойынша анықталады (1- кесте).

Сонымен ШФЖ сақталуы қызмет атқаратын шумақтардың санына тікелей байланысты. Шумақтардың склероздануы кезінде ШФЖ төмендейді. Мұның маңызы соңғы уақытта ШФЖ бойынша БСА сатығы бөлетін жіктеудің енгізілуіне байланысты зор. Несептен құрамының патологиялық элементтермен (қанның формалық элементтері, нәруыз) бұзылуы үш қабатты тосқауылдың бұзылуына байланысты. Фильтрациялық тосқауыл өткізгіштігі тесік көлеміне және электрлік зарядына байланысты.

1 кесте. Жасқа байланысты сарысудағы креатинин, цистатин С және шумақтық фильтрация жыдамдығының (ШФЖ) көрсеткіштері (өз зертханаңызда анықтау тәсілін біліп, өз көрсеткіштеріңізді құрыңыз). (Filler G. және соавт., Clin Chem. (1997) 43:1077-1078 бойынша)

.

Жасы Креатинин Цистатин С, мг/л ШФЖ, мл/мин/1.73м2
µмоль/л мг/дл
3 күн 80-130 0,8-1,5 1.2-2,4 20-30
7 күн 30-40 0,4-0,6 1.0-2,2 20-30
1 ай– 1жыл 25-40 0,4-0,6 0.8-1.6 70-100
2-8 жыл 40-60 0,5-0,7 0.6-1.4 90-130
9-18 жыл 50-80 0,6-0,9 0.6-1.4 90-130

Эндотелий тесіктері формалық элементтерді ұстап қалады, ал қалған екі қабат - ГБМ және подоциттер қан плазмасының нәруыздарын ұстап қалады. Қалыпты капиллярлар қабырғасының теріс зарядталуына байланысты аниондар көптеп ұсталып қалады. Генетикалық және жүре пайда болған патологиялар кезінде капиллярлар қабырғасы құрылымының өзгерістеріне байланысты өткізгіштігі жоғарылайды. Мысалы подоцит, саңылаулы диафрагма құрылымының өзгерістері протеинурияға әкеледі (нефротикалық синдром болуы мүмкін) (8-сурет). ГБМ жұқаруы, ГБМ колагенінің генетикалық анамалиясы – эритроцитурия және протеинуриямен (тұқым қуалайтын нефрит, жұқа базальді мембрана ауруы) көрінеді (9- сурет).

8- сурет. Подоциттер нефротикалық синдром кезінде (подоцит аяқшаларының диффузды еруі, цитоплазма ісінуі және микровиллезді трансформация). Сканирлеуші электронограмма [8]

9- сурет. ГБМ жұқа базальді мембрана ауруы кезінде [8]






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных