ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Ағзада су-тұз алмасу тепе-теңдігінің реттелуіСу адам ағзасының негізгі бөлігі және ересектердің дене салмағының 60% құрайды. Жаңа туған нәрестеде судың денгейі одан да жоғары, 75% құрайды, бір жасқа таяған кезде дене салмағының 60% жақындайды. Ағзада су екі кеңістікте кездеседі: жасуша ішілік және жасушадан тыс. Соңғысы тамыр ішілік (сарысу) және жасуша аралық (интерстициальді) болып бөлінеді. Жасуша ішілік сұйықтық көлемінің салмағы (30-40%), жасушадан тыс сұйықтықпен салыстырғанда (20-25%) жоғары. Ұрықта және жаңа туған балада жасушадан тыс сұйықтық көлемі ересектермен салыстырғанда жоғарылау, сондықтан олар гипо-, гипергидратацияға тез ұшырайды. Ағзада су-тұз алмасу тепе-теңдігінің реттелуі екі көрсеткіш бойынша реттеледі: осмоляльділік және айналымдағы қан көлемімен. Негізінен натрий тұздарымен түзілетін жасушадан тыс сұйықтықтың жалпы осмоляльдігі 290 мосмоль/кг тең. Жасушалардың қалыпты қызмет атқаруы сарысу осмоляльдігі мен тамыр ішілік қысымның өте аз өзгерістері кезінде ғана мүмкін. Осмоляльділік. Дененің барлық бөліктері осмотикалық тепе-теңдікте болады. Осморецепторлар судың қажеттілігін реттейді, оның бүйрекпен экскрециясы натрий тұздарының концентрациясына байланысты. Ағзада натрий құрамының бұзылыстары кезінде осмоляльділікті реттеу жүйесі сулық тепе-теңдікті жылжытады, сөйтіп осмотикалық тепе-теңдікті қалпына келтіру үшін денедегі тамыр ішілік көлемді өзгертеді. Көлемнің өзгеруіне сезімтал күрделі волюморецепторлар жүйесі бар. Көлемнің өзеруі (гипо-, гиперволемия) натрий экскрециясының өзгеруін шақырады. Бірақ гиповолемия кезінде алғашқы болып тамыр ішілік көлемнің қалпына келу механизмі қосылады. Осмоляльділік ол кезде бірден қалыпты болмауы мүмкін. Натрийдің бүйрекпен шығуының реттелуі. Натрий тепе-теңдігі бүйрек денгейінде реттеледі. Натрийдің тамақпен түсуі әртүрлі болады, ол нақтылы реттелмейді. Тұздардың жұмсалуының тез өзгерістеріне тек бүйрек бейімделеді. Натрий экскрециясы нольге дейін төмендеуі мүмкін және сондай жылдамдықпен көтеріле алады. Бүйрек арқылы шығатын натрий көлемі шумақтық фильтрация жылдамдығымен анықталады. Шумақтық фильтрация жылдамдығының азғана өзгерістері сүзілген натрий көлеміне айтарлықтай өзгеріс енгізуі мүмкін. Шумақтық фильтрация жылдамдығы адамда өзгеріп тұруына байланысты ағзада бүйрек арқылы натрий бөлінуін реттейтін механизмдер болуы керек. Сыртқы және ішкі реттеу факторлары бар. Сыртқы факторларға гормональді факторлар жатады, ал ішкі факторларға бүйрек ішілік механизмдер жатады. Соңғысына шумақтық-түтікшелік тепе-теңдік жатады. Соған байланысты натрий реабсорбциясы жоғарылауы немесе төмендеуі шумақтық фильтрация жылдамдығының жоғарлауымен не төмендеуімен тікелей байланысты. Натрий тасымалы бірнеше гормондармен реттеледі. Олар- альдостерон, жүрекшелік натрийуретикалық пептид, ангиотензин II, норадреналин, простагландиндер, допамин, вазопрессин. Калийдің бүйректе тасымалдануы. Калий- жасушалық цитоплазманың негізгі катионы, оның концентрациясы жасушадан тыс сұйықтыққа қарағанда бірнеше есе көп. Бұндай потенциалдар айырмашылығының болуы жүйке, бұлшық ет тіндері мен миокард тіндерінің қызметі үшін маңызы зор. Калий еркін сүзіледі, әрі қарай ол толығымен (95% ға дейін) қайта сорылады. Егер натрий түтікшелердің барлық бойында сіңіріле келе, оның қайтып үлгермегені несеппен шығарылатын болса, ал сүзілген калий жинақтаушы түтікшеге жеткенше толық қайта сорылады. Несеппен шығарылатын калий жинақтаушы түтікшелерде секреция арқылы шығады. Калий секрециясы негізінен жинақтаушы түтікшенің жасушаларымен жүзеге асады. Диуретикалық заттар амилорид, триамтерен калий секрециясын тежейді, ол оларды калий сақтаушы диуретик ретінде қолдануға мүмкіндік береді. Калий тасымалы Na+/K+- АТФ-аза және калий каналдарымен реттеледі. Альдостерон Na+/K+- АТФ-аза тасымал қызметі жұмысымен қоса калий каналдары жұмысын реттейді. Ол натрий реабсорбциясы мен калий секрециясын жоғарылатады. Спиронолактон альдостерон рецепторларын тежейді, калий сақтаушы әсер көрсетеді. Бүйректен басқа калий асқазан-ішек жолдарымен және термен шығады. Калийдің жасушалық таралуына әртүрлі гормондар (инсулин, катехоламиндер, қалқанша безі гормондары, альдостерон) және де қышқылды-сілтілі жағдай, жасушалардың зақымдануы әсер етеді. Жасушалардың ыдырауы гиперкалиемияға әкеледі. Ацидоз жасушадан калийдің шығуын жоғарылатады (Н+жасуша ішіндегі К+ге алмасады), ал алкалоз кері әсер көрсетеді. Катехоламиндер гипокалиемия шақырады. Инсулин бөлінуін гиперкалиемия жоғарылатып, гипокалиемия төмендетеді. Осы негізде инсулин калийдің жасушаға енуіне әсер етеді, глюкозо-инсулинді ертінділердің гиперкалиемияға әсері осыған байланысты. Бүйректе кальций, фосфаттар мен магнийдің тасымалдануы. Кальций – адам ағзасының екі валентті негізгі катионы. Екінші орын алатын екі валентті катион ол- магний. Негізгі екі валентті анион – фосфат. Бұл үш элементтің көп бөлігі сүйек тінінде. Қан сарысуындағы Са²+ және НРО4²- (аз көлемде Мg²+) концентрациясы сүйек тінінен тез босауы нәтижесінде ұсталып тұрады. Қан сарысуындағы Са²+ және НРО4²- концентрациясы тығыз байланысты. Са²+ х НРО4²- туындысы белгілі бір денгейде ұсталып тұрады. Бұл көрсеткіштің сәл жоғарылауы сүйек тінінде жиналатын еруі қиын кальций фосфатының түзілуіне әкеледі. Бұл тұздардың минеральді-сүйек алмасу бұзылыстары кезінде жасушадан тыс тамырларда, бұлшық еттерде шоғырлануы аса қауіп тудырады. Кальцийдің қан сарысуындағы денгейі қалыпты мөлшерде ішектен сіңірілуі және сүйектен босап шығуы нәтижесінде ұсталып тұрады. Магний денгейі несеппен шығарылу жылдамдығына байланысты, ал фосфаттар үш әдіспен де ұсталып тұрады. Кальций. Кальцийдіңішекпен сіңірілуі Д витаминімен күшейеді.Ішекпен барлығы25-30% кальций сіңеді. Қан сарысуында жалпы Са²+көлемі 2,5 ммоль\л құрады, олардың ішінде 50% бос күйінде (ион) болады, 45% нәруыздармен байланысқан, 5% - басқа иондармен байланысқан. Бүйрек шумақтарында тек бос иондар ғана сүзіледі. Кальций түтікшелердің барлық бойында сіңіріледі: олардың ішінде 70% - проксимальді түтікшелерде, 20% - Генле ілмегінің жоғарылаушы бөлігінің жуан сегментінде. Бұл бөлімдерде реабсробция жасуша аралық саңылаулар арқылы белсенді емес жолмен жүреді. Диффузияға натрийдің белсенді реабсорбциясы көмектеседі. Дистальді түтікшелерде Са²+-дің белсенді реабсорбциясы жүреді. Ол нәруыздармен байланысқан түрде Са²+-АТФаза көмегімен жүреді, және бұл үрдіс Д витамині мен паратиреоидты гормондар арқылы реттеледі. Кальцийдің проксимальді түтікшелерде қайта сіңуі белсенсіз сипатта болғандықтан және натрий реабсорбциясына байланысты болғандықтан осы бөлімде натрий тасымалына әсер ететін барлық дәрілік заттар (мысалы фуросемид) кальций реабсорбциясында тежейді. Керісінше, дистальді түтікшелерде натрийдің кері сіңірілуін тежейтін тиазидтер кальцийге әсер етпейді. Керісінше кальцийдің қайта сіңуін сәл жоғарылатады, сөйтіп Са²+-урияны азайтады. Бұл клиникалық жағдайда несепте кальцийді азайта отырып тастың түзілуін төмендетуге көмектеседі. Фосфаттар. Тамақ арқылы түскен фосфаттың 65% ішек арқылы сіңіріледі. Қан сарысуындағы 55% фосфат бос күйінде болады, олар еркін сүзіледі және кейін түтікшелерде қайта сіңеді. 80% проксимальді түтікшелерде жасуша аралық жолмен NaPi²-тасымалдаушысы көмегімен кері сіңеді. Оның белсенділігі паратгормонмен тежеледі. Әрі қарай 10% фосфат аниондары дистальді түтікшелерде, 2-3%- жинақтаушы түтікшелерде кері сіңіріледі. Магний негізінен тіндерде болады: 55% сүйек тінінде, 45%- жұмсақ тіндерде, тек 10% ғана жасушадан тыс болады. Мg²+ионы қаннан еркін сүзіледі, кейін түтікшелерде қайта қанға сіңіріледі (30% проксимальді, 65%- Генле ілмегі тізесінің жоғарылаушы жуандаған бөлімінде, 5% - дистальді түтікшелерде). Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|