Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Несептің осмостық қоюлау мен сұйылту үрдістері.




Ағзада су тепе-теңдік жағдайда сақталады, ол үшін байланысты бүйрек гипотониялық немесе гипертониялық несеп шығара алады. Бұл үрдісті қамтамасыз етуге қарсы бағытты-айланбалы-көбейтілу жүйесі қатысады. Бұл жүйе құрамына милы қабатта параллельді орналасқан Генле ілмегі бөлімдері, жинақтаушы түтікшелер және тік тамырлар кіреді (11-сурет). Бұл жүйенің жұмыс жасау принципі сұйықтықтың қарсы бағытта жылжуы нәтижесінде (Генле ілмегінің төмендеуші және жоғарылаушы бөлімдерінде) натрий және судың интерстициальді тін мен Генле ілмегінің қабырғасы арасында екі жақты алмасуына негізделген.

Бұл жүйенің негізгі қызметі екі түрлі сұйықтықтың қарсы бағытта жылжуы кезінде (Генле ілмегінің жоғарылаушы және төмендеуші бөлімдерімен) интерстициальді тін мен Генле ілмегі түтікшелерінің арасында натрий және судың екі жақты алмасуына негізделген. Изотоникалық несеп проксимальді түтікше арқылы Генле ілмегінің төмендеуші бөліміне түседі, оның қабырғасы суды өткізеді, ал тұздарды өткізбейді. Генле ілмегінің жоғарылаушы жуан бөлігі керісінше суды өткізбейді, бірақ белсенді түрде сусыз натрий, хлор, калийді қайта сіңіреді. Сонымен, Генле ілмегінің төмендеуші бөлімінде ілмектің ұшына қарай жылжыған сайын несеп концентрациясы жоғарылай түседі.

11-сурет. Несептің осмоcтық қоюлану схемасы [8]

Ал несеп көлемі азая түседі. Әрі қарай суды өткізбейтін жоғарылаушы бөліммен және дистальді түтікшелермен жоғары жылжыған сайын түтікшелер ішінде осмотикалық концентрация төмендейді. Дистальді түтікшелерде және жинақтаушы түтікшелерде несеп қоюлануының екінші фазасы жүреді. Бұл бөлімде несептің осмотикалықконцентрациясы антидиуретикалық гормонға байланысты (АДГ) (12-сурет).

12-сурет. АДГ қатысуымен осмостың реттелуі [8]

Қалыпты сулық режим кезінде несептің салыстырмалы тығыздығы тәулігіне 1008-1025 (осмоляльдігі -100-900мосм\л) аралығында болады, бұл тәулік бойы суды біркелкі ішпеуге және басқа факторларға да байланысты. Ағзадағы су көлемі жоғарылап кеткен кезде қанда АДГ денгейі төмендейді және жинақтаушы түтікше қабырғалары суды өткізбей қалады, сондықтан көп көлемде гипотониялық несеп шығады. Ағзаның сусыздануы кезінде АДГ синтезі жоғарылайды, ол V2 рецепторларына әсер ете отырып суға өткізгіштікті жоғарылатады. Несеп көлемі азаюына байланысты қоюлана түседі (13-сурет).

13-сурет. АДГ- ның V1 және V2 рецепторларына әсері [8]

Несептің осмотикалық қоюлануына несеп нәрінің маңызы зор. Осмоляльдіктің жоғарылауы милы заттың сыртқы аймағында негізінен натрий тұздарының жиналуымен жүреді. Ал милы заттың ішкі аймағында оған несеп нәрі қатысады. Милы затта несеп нәрінің айналуын және бүйректе ұсталуын қамтамасыз ететін арнайы жүйе қызмет жасайды. Бұл үрдісте негізгі рөлді АДГ атқарады, бүйректің ішкі милы қабатында орналасқан жинақтаушы түтікше бөліктерінің несеп нәріне өткізгіштігін жоғарылатады. Жоғарыда орналасқан түтікше бөлімдеріндегі жинақтаушы түтікше қабырғалары несеп нәрін өткізбейді. Ол жерде судың кері сорылуы нәтижесінде несеп нәрі концентрациясы жоғарылайды, төменде несеп нәрінің көп бөлігі милы затта сіңіріледі, ол интерстиция осмоляльділігін жоғарылатады. Бұл жерден несеп нәрі Генле ілмегінің жоғарлаушы жіңішке бөлімінен өтіп түтікшелер бойымен жылжиды. Әрі қарай несеп нәрі АДГ әсерімен қайта сіңеді, соның нәтижесінде бүйректе үздіксіз несеп нәрі айналымы жүреді. Сонымен несеп нәрінің несептің осмотикалық қоюлануында маңызы зор екендігін түсіндіреді.

Емшек жасындағы балаларда ересектермен салыстырғанда несептің осмотикалық қоюлануы және сұйылуы төмен реттеледі. Оларда дегидратация және гипергидратацияға бағытталған компенсаторлық реакция негізінен шумақтар арқылы жүзеге асады, бүйректің түтікшелік аппараты қатыспайды. Балалар бір жасқа шамасында бүйректің осмореттеу қызметі қалыптасып аяқталады. Милы зат интерстициясының жоғары осмоляльділігін сақтауға тік артериялар (vasa recta) да қатысады. Олар қарсы бағытты алмастырушы қызметін атқарады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных