Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Ышқылды-сілтілі тепе-теңдік және оның реттелуі




Ағзада метаболизм үрдісі нәтижесінде біраз көлемде қышқылдар түзіледі (14-сурет). Сонымен қоса, тағаммен Н+ионы түседі. Сондықтан ағзадан артық көлемдегі қышқылдарды шығаруға тура келеді.

Көмірсулар аэробты метаболизм → Н20 +СО2 Анаэробты метаболизм → сүт қышқылы Майлар мен фосфолипидтер → Н20+ СО2 Н2РО4 Нәруыздар → Н20 + СО2 Н24 НСL

14-сурет. Органикалық заттар метаболизмі кезінде түзілетін қышқылдар.

Қышқыл- өзінен протон (Н+) ионын бере алатын заттар, сілті- протондармен байланыса алатын заттар. Қышқылдар ұшатын және ұшпайтын болып бөлінеді. Негізгі ұшатын қышқыл- жасушадан тыс сұйықтықтың көмір қышқылы, өкпе арқылы көмір қышқыл газы ретінде бөлінеді. Басқа ұшпайтын қышқылдар (күкірт, фосфатты) бүйрек арқылы шығарылады. Қышқылды-сілтілі тепе-теңдіктің және рН-қалыпты болуының ферменттер жүйесі қызметінің және мембраналар тұрақтылығының сақталуында маңызы зор. Кез- келген рН өзгерісі ауыр патологияға, тыныс алу жеткіліксіздігіне, комаға, тіпті өлімге әкелуі мүмкін. Сондықтан қышқылды-сілтілі тепе-теңдік бұзылыстарынан сақтауға арналған күрделі механизм жұмыс жасайды. рН үнемі тұрақтылығы екі шығарылу механизмі арқылы жүзеге асады: көмір қышқыл газының өкпемен шығарылуы және басқа қышқылдардың бүйрекпен шығарылуы арқылы. Жасушадан тыс сұйықтықта рН-ты тар диапазонда (7,35-7,45) ұстауға буферлік жүйелер қатысады. Буфер – бұл қышқылды немесе сілтілі жаққа рН өзгерістері кезінде қарсы тұруға бағытталған кез-келген жүйе. Олар жасуша ішінде және сыртында кездеседі. Жасушадан тыс ортаның негізгі буферлік жүйесі- бикорбонат жүйесі, жасуша ішінде – натрий фосфаты (Na2HPO4↔NaH2PO4) және нәруыздар.

Өкпе – қышқылды-сілтілі гомеостазды сақтауда бірінші қатарда тұрады, өйткені олар қышқылдың тез арада бөлінуінің реттелуін қамтамасыз етеді. Ағзада көп көлемде көмір қышқыл газының түзілуіне қарамастан СО2суда жоғары ерігіштік және диффузиялану қабілетіне байланысты НСО3--ке айналады, ол эритроциттен тез қан сарысуына ауысады. Сонымен қоса СО2гемоглобинмен байланысады, өкпе арқылы тез ағзадан шығарылады. СО2шығарылуы реттелуі өкпенің желдену көлемі мен жылдамдығына байланысты.

Бүйректік қышқылды-сілтілі тепе-теңдіктің ұсталу механизміне үш негізгі механизм жатады. Біріншіден, бөлінетін сутегі иондары бикарбонаттардың реабсорбциясына қолданылады. НСО3- реабсорбциясыда проксимальді түтікшелердің маңызы зор, онда сүзілген НСО3- 90% кері сіңіріледі. Бұл тікелей тасымалға байланыссыз жүреді, карбоангидраза және Na+\H+- алмастырушы қатысатын арнайы механизммен жүзеге асады (15-сурет). Сонымен, Н+белсенді бөлінуі фильтрациядан өткен бикарбонаттардың қайтарылуына қолданылады.

Базолатеральді Түтікше мембрана қуысы →НСО3-НСО3-H+→ H++ HCO3- ←Na+Na+ H2CO3 H2CO3KA KA CO2+H2O H2O+CO2

15-сурет. Проксимальді түтікшелер жасушаларында бикарбонаттардың реабсорбциясы (КА- карбоангидраза).

Бұл этапта Н+иондары үнемі айналымда болады, карбоангидразамен қамтамасыз етілген Н+несеппен шығарылмайды. Сутегі иондары түтікшелердің барлық бойында бөлінеді. Әрі қарай шумақтың дистальді түтікшелері аймағында қышқылдар экскрециясы екі механизм арқылы іске асады: Н+фосфат және аммиактармен (NH3) байланысуы арқылы. Жинақтаушы түтікшелер маңында Na+\H+алмастырушысына Н+-АТФ-аза қосылады (кейін басымдығы артады). Бұл үрдістер жинақтаушы түтікшелердің қыстырылмалы жасушаларында жүреді.

Фосфаттар және органикалық қышқылдар сутегі ионымен байланысады. Н++НРО4²-→ Н2РО4немесе Н++ органикалық қышқылдар жүйесі. Олардың экскрециясы титрленетін қышқылдарды анықтайды. Қышқылды-сілтілі жағдайдың реттелуіне бірнеше гормондар қатысады. Паратиреоидты гормон фосфаттың проксимальді түтікшелерден реабсорбциясын тежейді және сонымен қоса қышқылды-сілтілі тепе-теңдікті реттеуге қатысады. Жинақтаушы түтікшелер денгейінде реттеуге альдостерон қатысады: Na+және Н+- АТФаза реабсорбциясын жоғарылатады. Титрленетін қышқылдармен Н+шығатын жол шектелген. Сондықтан Н+ – ты шығаратын экскрециясының ең тиімді жүйе аммоний. Бүйрекпен шығатын жалпы Н+жиынтығының 60% құрайды. Проксимальді және дистальді түтікшелерде үздіксіз глутаминнен аммиак (NH3) түзілуі жүреді. Ол Н+–мен байланысып аммоний (NH4) түзеді және несеппен NH4CL түрінде шығады. Несеппен шығарылатын бос сутегі иондарының (буферден тыс) мөлшері өте аз. Жаңа туған нәрестелерде бүйректің қышқылды-сілтілі тепе-теңдікті сақтау қызметі толық жетілмеген және оны сақтау үшін тағамды реттеудің маңызы зор.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных