Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Бүйрек түтікшелері




Алғашқы несеп бүйрек түтікшелеріне түседі және заттардың секрециясы мен реабсорбциясы нәтижесінде сандық және сапалық өзгерістерге ұшырайды. Проксимальді түтікше -нефронның ең ұзын бөлігі, басында қатты иреленген, Генле ілмегіне ауысарда түзеледі. Проксимальді түтікше жасушалары цилиндрлік қалыпты, беткейінде түтікше микробүртіктері бар („щеточная кайма”). Олар жасушалардың жұмыс аймағын кеңейтеді, жоғары энзимдік белсенділікке ие. Оларда көптеген митохондриялар, рибосомалар, лизосомалар бар. Бұл жерде көптеген заттар (глюкоза, аминқышқылдары, натрий, калий, кальций және фосфаттар ионының) белсенді қайта сорылады. Проксимальді түтікшеге шамамен 180л шумақтық фильтрат түседі, содан 65-80% натрий мен су кері сорылады. Осының нәтижесінде алғашқы несеп көлемі азаяды. Генлеілмегі. Проксимальді түтікшенің тік бөлімі Генле ілмегінің төмендеуші тізесіне ауысады. Эпителийлік жасушалар аласара түседі, микробүртіктер саны азаяды. Ілмектің жоғарылаушы бөлігі жіңішке және жуан аймақтарға бөлінеді, тығыз дақта (macula densa) аяқталады. Генле ілмегінің жуан сегментінде жасушалар ірі болып келеді, көптеген митохондриясы бар, олар натрий ионының белсенді тасымалдануына энергия бөледі. Бұл жасушалардың негізгі иондық тасымалдаушысы NKCC2, фуросемидпен тежеледі. Юкстагломерулярлық аппарат (ЮГА) 3 түрлі жасушалардан тұрады: шумақ жағына жанасатын дистальді түтікшенің эпителийлік жасушалары (тығыз дақ), экстрагломеруллярлы мезангиальді жасушалар және афферентті артериола қабырғасындағы ренин өндіруші түйіршікті жасушалар (7-сурет).

7- сурет. Шумақ жүйесі. ЮГА [9]

Дистальді түтікше. Тығыз дақтан (macula densa) кейін дистальді түтікше басталады, ол жинақтаушы түтікшеге ауысады. Дистальді түтікшелерден алғашқы несептен 5% Na кері сіңіріледі. Тасымалдаушысы диуретиктердің тиазид тобымен тежеледі. Жинақтаушы түтікше үш бөлімге бөлінеді: қыртысты (кортикальді), сыртқы және ішкі милы (медуллярлық). Жинақтаушы өзектің ішкі медуллярлы аймағы кіші тостағаншаларға ашылатын емізікше тәрізді өзекке құйылады. Жинақтаушы түтікшелер екі типті жасушалардан тұрады: негізгі («ашық») және қосалқы («баран»). Қыртысты аймақтың милы аймаққа ауысу денгейіне байланысты қосалқы жасушалардың саны азая түседі. Негізгі жасушаларда натрий каналы бар, олардың жұмысы амилорид, триамтерен топты диуретиктермен тежеледі. Қосалқы жасушаларда Na+/K+-АТФаза жоқ, бірақ Н+-АТФаза бар. Оларда Н+секрециясы және Сl-реабсорбциясы жүреді. Сонымен, жинақтаушы түтікте NaCl-дың соңғы сіңірілуі жүреді.

Бүйректің интерстицийлік жасушалары. Қыртысты қабатта милы қабатқа қарағанда интерстиций аз. Бүйректің қыртысты затында екі түрлі интерстиций жасушалары бар – фагоцит қабілетіне ие және фибробласт тәрізді. Фибробласт тәрізді интерстицийлік жасушалардан эритропоэтин өндіріледі. Бүйректің милы затында үш типті жасушалар бар. Олардың бірінде кішкентай липидті жасушалар бар, онда простагландин өндіріледі.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных