ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Бүйрек қан айналымы және оның реттелуіБір минут ішінде бүйректен 1000мл-ге жуық қан өтеді, бұл дегеніміз бір минутта жүрек арқылы өтетін қан көлемінің 20% құрайды: бүйрек қан айналымының 45% эритроциттер құрады (гематокрит – 0,45). Бүйректегі қан сарысуы ағысы -550мл\мин. Шумақтық фильтрация жылдамдығы 120 мл/мин жақын. Әкелуші артериола жирылғанда фильтрация төмендейді, ал әкетуші артериола жирылғанда жоғарылайды. Бүйрек қан айналымының реттелуі өте күрделі және қиын. Базальді мембрананың генетикалық зақымданулары да болуы мүмкін (тұқым қуалаушы нефрит). Подоцит нәруыздарының патологиясы нефротикалық синдром. Түтікше-шумақтық кері байланыс – дистальді түтікшеніңmacula densa аймағындағы сұйықтық құрамы өзгергенде ЮГА көмегімен шумақтық фильтрация жылдамдығының реттелуі.Тығыз дақ жасушаларытүтікшеде NaCl концентрациясының жоғарылауы туралы хабар береді, ол ЮГА-та аденозиннің бөлінуін жоғарылатады. Аденозин А1 типті ангиотензин рецепторларына әсер ете отырып, әкелуші артериолалардың констрикциясын шақырады, ал ол өз кезегінде шумақтық фильтрация жылдамдығын төмендете отырып, несеппен көп мөлшерде тұз және судың шығып кетпеуін қамтамасыз етеді. Ренин-ангиотензин II жүйесі. ЮГА-та ренин нәруызы өндіріледі, ол афферентті артериолада қан қысымы кенет түскенде және шумақтық фильтрация жылдамдығы төмендегенде басталады. Жоғарыда айтылған аденозин әсеріне қарағанда рениннің өндірілуі түтікшелерде NaCl концентарциясы төмендегенде өседі, оны тығыз дақ клеткалары анықтайды. Простагландиндер бүйректің интерстициальді жасушаларында өндіріледі және тамырларды кеңейткіш әсер көрсетеді (басымырақ простагландин Е2 және простациклиндер). Тамырды тарылтатын әсері бар заттар (ангиотензин II, вазопрессин, эндотелин, норадреналин) простагландин өндірілуін жоғарылытады. Бүйректе басқа да қан тамырларына әсер ететін вазоактивті пептидтер (брадикинин, допамин, азот тотығы және т.б.) өндіріледі. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|