ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Ижреттің екінші жылыЯһудилер мен мұнафықтардың исламға дұшпандығы. Пайғамбардың құрған мемлекетінің Мединеде құрылуы, күн өткен сайын исламды қабылдағандар санының артуы Пайғамбардың мұсылмандар алдында абыройын асыра түсті. Мұны көре алмаған еврейлердің Пайғамбарға деген дұшпандығы да артты. Яһуди ғұламалары арасынан Абдуллаһ бин Саламның ислам дінін қабылдауы еврейлердің исламға деген дұшпандығын одан ары арттырды. Меккеде Құрайш мүшіріктерімен күресіп өткен Пайғамбардың Мединеде еврейлермен алысуына тура келді. Бірақ Пайғамбардың Мединеде еврейлермен күресі өзгеше болатын. Себебі, еврейлер анағұрлым зиялы, ежелгі дәуір пайғамбарлары туралы хикаяларды көптеп білетін. Сондықтан, олар пайғамбарлар тарихына қатысты және басқа да зымияндық сұрақтар қоятын. Исламнан бұрын әулеттер арасында көсемдік қызметтер атқарған кейбір шонжарлар Пайғамбар мен мұсылмандардың алдында мұсылман сияқты көрінуге тырысты. Бірақ, мұсылмандардың бірлігін ыдырату мақсатында қарапайым мұсылмандардың жүрегінде күмән тудыру үшін кейбір сұрақтар қоятын. Осылайша, еврейлер мен мұнафықтар әртүрлі айла-тәсілмен мұсылмандар бірлігін ыдыратуға тырысты. Яһудилердің дұшпандығы құбыланың өзгеруінен соң одан ары арта түсті. Осы кезеңдерде яһудилердің Пайғамбардарға жасаған зұлымдықтары жайлы аяттар түсе бастады және яһудилердің жасаған зұлымдықтары Құран арқылы бүгінгі күнге дейін жетті. Құбыланың өзгеруі. Мединеге һижрет еткеннен соң мұсылмандар намаздарын Құдысқа, яғни, Байт Мақдиске қаратып оқыды. Сонымен қатар, Пайғамбардың Қағбаға сыртын тосып оқуы да қиынға соқты. Оның үстіне еврейлер мұсылманлардың Құдысқа қарап ғибадат жасауын мазақ ететін. Осыған орай, һижреттің екінші жылы Бақара сүресінің 144 аяты түсіп, құбыла Масжид Ақсадан Масжид Харамға өзгертілді: «Біз сенің аспанға қарап, құбыла іздей бергеніңді көріп тұрмыз. Өзің ұнататын тарапты құбыла етеміз. Енді жүзіңді Масжид Харам жаққа бұр. Қайда жүрсеңдер де жүздеріңді солай қаратыңдар». Пайғамбар аталған аят түскен кезде, һижреттің екінші жылы режеп айының ортасында дүйсенбі күні Салама әулеті тұрағында намаздігер намазын оқып жатқан болатын. Аяттың түсуімен ол жүзін Қағбаға қарай бұрды және осы себепке байланысты осы жердегі мешіт «Масжид Қиблатайн» (екі құбылалы мешіт) деп аталып кетті. Құбыланың өзгеруі еврейлерді одан ары ызаландырды және олар мұсылмандарға деген келеке-мазағын үдете түсті. Осыған байланысты олардың келекелеріне жауап ретінде Алладан Пайғамбарымызға аяттар түсті. Нажран христиандарының Пайғамбармен кездесуі. Медине мен Иемен арасындағы бір қыстақты мекендейтін христиандардан 60 адамдық елші Пайғамбармен кездесуге келді. Олар Пайғамбарға өз діндері мен басқа да діндер жайлы сұрақтар қойды. Осы жиынға яһудилердің де қатысуымен діндер арасындағы конгресс сипатында болды. Негізінде иудаизм мен христиан діні пайда болған уақыттан бері өзгеріске ұшырап, негізгі құндылықтарын жоғалтқаны белгілі. Яһудилер Узайрды құдайдың баласы деп санаса, христиандар да үштік сенімді қуаттап, Исаны (Иисус) құдайдың ұлы ретінде есептейтін. Олардың сұрақтарына Құран Кәрімде мынандай жауаптар берілген: «Біз Алла шын иман келтірдік. Өзімізге түсірілгенге, Ибраһим, Исмаил, Исхақ, Яқубтарға жіберілген кітаптарға, оның әулеттеріне түсірілгендерге, Мұсаға түсірілген, Исаға түсірілген, тәңірі тарапынан басқа пайғамбарларға жіберілгендердің барлығына иман келтірдік, біз оларды алаламаймыз. Біз Аллаға сиынушылармыз, - деңдер» (Бақара – 136). Осы аятқа қарай отырып, ислам адамзаттың ортақ құндылықтарын паш ететін дін болуымен ерекшеленетіні байқалады. Нажрандық христиандар өздерінің үштік сенімінен бас тартуды қаламады. Пайғамбар оларды Алладан басқа құдайға табынбау, оған серік қоспау, кейбір адамдарды құдай қатарына қоспау қажет екендігін ұғындыруға тырысты. Соғысқа рұқсат ету. Мұсылмандар Меккеден көшіп кетсе де меккелік мүшіріктердің құрған тұзағынан құтыла алмады. Ислам дінінен сәл-ақ бұрын өзінің билігін паш ету алдында тұрған мұнафық Абдуллаһ бин Убай Пайғамбардың келуімен өзінің аңсаған мақсатына жете алмай қалғаны белгілі. Сондықтан, ол Меккеліктермен құпия байланысқа шықты. Һижреттен соң Құрайштар Абдуллаһ ибн Убайға бір хат жазды: «сендер бізден кеткендерге пана болдыңдар. Құдай біледі, сендер Мұхаммедті өлтіресіңдер яки елдеріңнен қуасыңдар немесе біз сендерге соғыс ашамыз, барлық еркек кіндіктеріңді қырып, әйелдеріңнің намыстарын таптаймыз». Сонымен қатар Әус руының көсемі – Сад бин Муаз умра қажылығын жасау мақсатында Меккеге барған кезде Әбу Жаһил жоғарыдағы тәрізді оны да қыспаққа алды. Бұлар меккелік мүшіріктердің соғыс ашу ниетінде екендігін дәлелдейді. Сондықтан, пайғамбар сақтық шараларын жасандығы баяндалады. Осындай және басқа да себептерге байланысты һижреттің екінші жылы кәпірлер мен мүшіріктерге қарсы соғысуға рұқсат берілген аяттар түсе бастады. Осындай соғысқа рұқсат еткен аяттардың алғашқысы былай: «шапқыншылыққа ұшырағандардың, жәбір көргендердің жауға қарсы күресуіне рұқсат етілді. Оларға жәрдем етуге Құдайдың құдіреті жетеді» (Хадж-39). Ал Табаридің пікірінше алғашқы жиһат жайлы аят Бақара сүресінің 190 аяты болып табылады: «өздеріңе біреу шабуыл жасаса, құдай жолында сендер де соғысыңдар». Соғысқа рұқсат етілгенмен мұсылмандарға «... Тек шектен шығып кетпеңдер. Анығында Алла шектен шыққандарды ұнатпайды (Бақара 190), - деген ескерту жасалған. Ислам діні мұсылмандардың соғысып жатқан кезде қарттардың, әйелдердің, балалардың, ғибадатханада болғандардың, дін адамдарының, соғысқа қатыспағандардың өлтірілуіне тиым салды. Пайғамбардың алғашқы жорықтары Мединені қорғау, Мединенің маңайында мекендейтін тайпалармен келісім жасай отырып, олардың Құрайш мүшіріктерінің ықпалынан алып шығу, Құрайштардың жасап жатқан қоқан-лоқысына және дұшпандығына қарсы Сирияға баратын сауда жолына тосқауыл болу мақсатында болды. Пайғамбар Мекке мен Сирия арасындағы сауда жолын бақылауға алу үшін Хамзаны 30 адаммен, Убайда бин Харис пен Саад бин Әбу Уаққасты 8 және 12 адаммен Қызыл теңіз жағалауларына жөнелтті. Аталған алғашқы жорықтар жай хабар алу мақсатында болғандықтан, олар барған жерлерінде қылыш сермемеді және қан төкпеді. Құрайш қоқан-лоқысына қыр көрсету, сергек болу мақсатында ғана аталған жорықтар жүзеге асты. Абдуллаһ бин Жахш жорығы. Һижреттің екінші жылы Пайғамбар алпыс шақты мухажирмен Абуа ауылына сапарға шықты және онда Бани Дамра тайпасымен келісім жасап, сенімхат берді. Мұнда «олардың малдары мен жандары қорғалады, Алланың дініне қарсы соғыс ашпайды. Оларға қиындық туа қалса көмек беріледі, Пайғамбар оларды көмекке шақырған кезде, олар көмек қолын созады», деп жазылды. Һижреттің екінші жылы Пайғамбар тағы да Бани Мудлиж тайпасымен жоғарыдағы тәрізді келісім шарт жасасты, онда да бірлік пен ынтымақтастық қаралды. Пайғамбардың жасаған бақылау шараларынан соң Абдуллаһ бин Жахшты мухажирлерден құралған он адаммен Құрайштардың жағдайын бақылау мақсатында Мекке мен Таиф арасындағы Нахла алқабына жіберді. Қолдарына екі күннен соң ашу және ондағы бұйрық бойынша әрекет ету мақсатында хат берілді. Екі күннен соң хатты ашқан Абдуллаһ бин Жахш Батн Нахлаға бару, Құрайштың әрекетін бақылауға алу және хабар беру қажет екендігін білгеннен соң сол жаққа бет түзеді. Онда Құрайштың Таифтан Меккеге кетіп бара жатқан Абдуллаһ бин Хадрами басшылығындағы бір керуенге ұшырасты. Мұсылмандар арасындағы бір адам Абдуллаһ бин Хадрамиге жебе атып, оны өлтірді және оның екі серігін тұтқынға алып, керуендегі мейіз бен сафиян тиелген жүкті алып, Мединеге қайта оралды. Бәдір шайқасы. Бәдір Мединеге шамамен 80 километр қашықтықтағы суы мол, жаһилия дәуірінде әр жыл сайын жәрмеңке ретінде қолданылды және жеміс ағаштары көптеп өсірілетін. Пайғамбар Әбу Суфиян басшылығындағы керуеннің Шамнан қайтып келе жатқанын және бағалы тауарлар артылған керуен екендігін, оны қырық адам күзетіп келе жатқанын естіген кезде, керуеннің жолын кесу үшін 313 немесе 305 яки 350-360 жауынгермен жолға шығады. Пайғамбар әскерінде 2 ат, 70 түйе және 6 сауыт қана болды. Мұсылмандардың жорыққа шыққанын білген Әбу Суфиян Меккеге жаушы жібереді. Әбу Суфиян керуеніндегі меккелік байлардың да үлесі болғандықтан, олар бірден даурықты. Онсыз да олар мединеліктермен соғысуға дайын болатын және оған бір себеп іздеп жүрген. Әбу Жаһил басшылығында армия жасақталды. Оның құрамында 100 атты, 100 түйелі қалғаны жаяу әскер болып барлығы 900-ден астам әскерді құрады. Осы арада керуен басшысы Әбу Суфиян Бәдір маңайына жасаған бақылауынан соң жағдайдың қауіпті екендігін аңғарып, Бәдірге соқпастан, Қызыл теңіз жағалауымен жолда бөгелместен екі күн, екі түн бойы керуеннің жүрісін жетелдетіп, мұсылмандардың шабуылынан аман құтылды. Құрайш әскері жолда Әбу Суфиянның керуені аман-есен құтылғанын естігенмен өз бағыттарын өзгертпеді. Утба соғысты қаламағанмен Әбу Жаһил соғыстың болуына құштарлығын білдіріп, Құрайштарды дегеніне көндірді. Олардың мақсаттары Пайғамбар бастаған мұсылман әскерін жоқ қылу болды. Пайғамбар жолда Құрайш әскерінің өздеріне беттеп келе жатқандығын білді. Ол сахабаларымен керуенді қуу немесе Құрайш армиясымен кездесу турасында кеңес жүргізді. Соңында Құрайш армиясымен кездесу және онымен шайқасу шешімі қабылданды. Құрайш әскерінен бұрын әрекет жасап, мұсылман армиясы Бәдірге жетті де су көзі жанынан шайқасқа шеп құрды. Екі жақтың әскері Бәдірде кездесті. Пайғамбар әскерлерін бір жүйе бойынша соғысқа әзірледі және осы шайқаста құдайдан медет сұрап дұға жасады. Сол заманның дәстүрі бойынша шайқас алдымен жекпе-жекпен басталды. Алдымен майдан алаңында Амир Хадрами шықты, оған қарсы Омардың азат етілген құлы Михжа шықты. Амир Хадрамидің оғы Михжаға тиіп олап алғаш болып шаһид болды. Осы кезде Махзум әулетінен Асуад бин Абду-л-Асад атылып, мұсылмандардың су қоймасын құлатпақшы болды. Оған Хамза дер кезінде жетіп, өлтірді. Одан соң Құрайш армиясының қолбасшысы Утба бин Рабия жанына бауыры Шайба мен баласы Уалидті алып ортаға атылды. Олар өздерін таныстырғаннан соң қарсыласын шақырды. Ал мұсылмандар жақтан Нажжар әулетінің Афра атты әйелдің балалары – Муаз бен Муаууаз және Абдуллаһ бин Рауаха шықты. Олар өздерін таныстырғаннан соң, Утба: «бідің сендерде шаруамыз жоқ. Біз өзімізге қатыстылардың шығуын қалаймыз», - деді. Ол Пайғамбардан өздеріне тең келетін қарсыластарды талап етті. Осы сәтте олардың алдына Хамза, Али және Әбу Убайда шықты. Жекпе-жекте Хамза қарсыласы – Шайбаны әп-сәтте жер жастандырды. Али де Уалидті өлтірді. Ал Утба Әбу Убайданы, Әбу Убайда да Утбаны жаралады. Осы сәтте Али Утбаға ұмтылып оны арғы дүниеге аттандырды. Соңында екі жақтың әскері шайқасқа кірісіп, қоян-қолтық араласып кетті. Өзерінің саны және әскери қуаты басым болған Құрайштардың жүрегінде табандылық пен батылдық болмады. Осының нәтиежесінде, құдайдың қолдауымен және мұсылмандардың иман қуаты берік болғанына байланысты Құрайш армиясының қатары сиреп, жан сауғалап қаша бастады. Шайқаста Әбу Жаһил, Утба, Шайба бин Рабия, Уалид бин Утба, Умаййа бин Халаф, Әбу-л-Бухтари, Ас бин Хишам тәрізді Құрайштардың либерлері өлім құшты. 70-тей тұтқын және біршама олжа қолға түсті. Тұтқындар арасында Пайғамбардың немере ағасы Аббас, туыстары және Алидің бауыры – Ақил мен Науфал және Зейнептің күйеуі - Әбу-л-Ас сияқты Құрайштың сыйлы адамдары болды. Осы шайқаста мұсылмандар жақтан 14 адам шахид болды, ал Құрайштар 70 адамынан айрылды. Өлілері мен қалған дүниелеріне және қолға түскен тұтқындарына қарамай, Құрайш әскері тұра қашты. Олардан қалған өліктерді мұсылмандар жерледі. Бәдір шайқасы мұсылмандардың жеңісімен түкте қойылды. Мұсылмандардың қолына түскен тұтқындар кейінірек құнын төлеу немесе кейбірі мұсылмандарға әріп үйрету арқылы бостандыққа шықты. Бәдір шайқасына қатысты аяттар осы шайқас кезіндегі мәлеметтерді айқын түрде баяндадайды. Һижреттің екінші жылындағы оқиғалар: 1. Мединеге һижреттің екінші жылы шағбан айында Бақара сүресінің 183-187 аяттары арқылы Рамазан оразасы парыз болды. 2. Зекет пен садақа беру де әмір етілді. 3. Зилхижжа айының оныншы күні Құрбан айт намазы оқылып, құрбандық шалынды. 4. Али ибн Әбу Талиб пен Фатима үйленіп шаңырақ көтерді. 1. Құбыла Құдістан Қағбаға өзгертілді; 2. Соғысқа рұқсат берілді, тұңғыш Бәдір шайқасы болды; Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|